Алкиндер

Н.М.Бейсенаева

2 санатты химия

пәнінің оқытушысы,

Қарағанды  жоғары

политехникалық колледжі

 

 

Оқытушының химия сабағында қолданылатын «Ақпараттық комуникативтік технологиясы» кәсіби білім беру жағдайында химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мен ынталандыруға негізделген.

В данной статье нашла отрожение технология комуникативный информационного подхода на уроках химии, которая повышает профессиональную мотивацию и интерес студентов к изучению дисциплины.

This article is about using technology of communication information at chemical subjeet, which rising professional motiration and interest of students feoehing subject.

 

Сабақтың тақырыбы: Алкиндер

Сабақтың мақсаты:  а) білімділік: оқушылардың алкиндер туралы білімдерін қалыптастыру.

б)дамытушылық: қанықпаған көмірсутектер туралы білімдерін кеңейту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зейінін, танымдық белсенділігін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.

в)тәрбиелік: сабақ уақытын үнемді пайдалана білуге үйрету; бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу , мамандыққа баулу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: АКТ әдістері,тест, сұрақ-жауап, ішінара  іздену,

деңгейлік  тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,интербелсенді тақта, үлестірмелер, каучук пен резеңкеден жасалған бұйымдар,молекулалардың шар өзекті модельдері

Пәнаралық байланыс: физика,  математика, география,қазақ тілі

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау

а) үлестірмелермен жұмыс

б) тақтаға жаттығуларды жазу,тексеру

в) шығармашылық жұмыстармен таныстыру

г) егер  мен…

III. Үй тапсырмасын қорытындылау

Сәйкестендіру тесті.

IV.Мақсат қою кезеңі

  1. Жаңа сабақты түсіндіру
  2. Бекіту

а) оқулықпен жұмыс

б)топтық тапсырма

VII. Сабақты қорытындылау

Химиялық диктант

VIII.Үйге  тапсырма беру

Оқушылардың білімін бағалау

 

 

 

І.Ұйымдастыру кезеңінде сәлемдесіп, сыныпты түгендеп, оқушыларға бағалау парағы таратылады.

ІІ.Үй тапсырмасы: Каучук пен резеңке,7,9-жаттығу,топтық тапсырмалар.  Үй тапсырмасын тексеру барысында №7,9 жаттығуларды оқушылар тақтаға орындайды; 4 оқушыға үлестірме беріледі; 4 топ өздеріне берілген шығармашылық тапсырмалар бойынша өз жұмыстарын таныстырады (кітапша, хабаралама, модель құрастыру, сурет салу); егер мен айдары бойынша әр топтан бір оқушы шығып, электрик, сантехник, ақын, автокөлік слесарі мамандықтарын тақырыппен байланыстырады.

 

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау кезінде сәйкестендіру тесті беріледі.

Каучук                           Вулканизация

Эбонит                           Бензинде ерімейді

Дивинил                        (C5H8)n

Күкірт қосу                   Оқшаулағыш

Резеңке                           Н2C=CH–CH=CH2

ІV. Мақсат қою кезеңінде оқушыларға сабақ барысында  қанықпаған көмірсутектер туралы білімдерін кеңейтіп, алкиндер, олардың гомологтық қатары, атаулары мен изомерлері, алынуы туралы жаңа білім қалыптастырантындығы айтылады.

            V.Жаңа тақырыпты түсіндіру. 

Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер-алкиндер. Алкиндер – құрамында бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnН2n2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екендігін байқауға болады. Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:

С2Н6 этан,  С2Н4 этен,  С2Н2 этин

Ацетиленнің шар өзекті және масштабты пішіндеріне  назар аударайық.

 

Байланыс сипаттамасына тоқталсақ

Гибридтену түрі –       sp

Валенттілік бұрышы –   180°

Байланыс ұзындығы   С = С –   0,120 нм

Байланыс энергиясы – 962 кДж/моль

Молекуласының кеңістіктегі пішіні ─  сызықтық

Байланыс түрі –  3δ және  2π

VІ. Бекіту кезінде оқулықтағы 6-жаттығу мен 13-есеп тақтаға  орындалады.

 

Әр топқа тапсырмалар беріледі .

1 – топ. Ребус құрастыру.Тақырыпқа қатысты ребус құрастыру

2 – топ. Модель құрастыру.Ацетиленнің шар өзекті моделін құрастыру.

3– топ Сөз сыры.Сөздердің антонимін,синонимін  табу керек

4 – топ. Сандар сөйлейді. Берілген сандарды  тақырыппен  байланыстыру.

 

 

VІІ.  Сабақты қорытындылау. Химиялық диктант жазу.

  1. Алкиндердің құрамында … байланыс болады.
  2. Алкиндердің жалпы формуласы …
  3. Ацетилендегі байланыс ұзындығы …
  4. Ацетилендегі байланыс энергиясы …
  5. Пентин – 2-нің изомері …
  6. Пропиннің гомологы …
  7. Ацетиленді лабораторияда  және тұрмыста … алады

VІІІ.  Үйге тапсырма  беру: § 4.5 Алкиндер,21-22 сурет  № 3, 9 жаттығу.

Алкиндер тақырыбына презентация  жасау

Оқушылардың білімін бағалау.

 

 

 

 

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели