Дизель Рудольф
1858 – 1913

Дизель Рудольф(18 наурыз 1858 – 29 қазан 1913) – немiс инженерi, өзiнiң атымен аталатын iштен жанатын қозғалтқышты жасаған (1897). Дизель францияға қоныс аударған немiс жанұясында туылды. Ол германияда бiлiм алды – алдымен Аугсбугте, сосын Мюнхендегi Жоғарғы Техникалық мектепте, оны Рудольф үздiк дипломмен бiтiредi. Атақты инженер Карл фон Линденнiң қамқорлығы ол үшiн үлкен сәттiлiк болды. Ол 1880 ж. Дизельдi өзiнiң фирмасының Париждегi бөлiмiне жұмысқа орналастырады. Дизель жылу машиналар теориясының негiздерiмен танысып, бу машнасының пайдалы әсер коэффициентiн көбейту идеясына берiлiп кеттi.

Көп жылдар бойы Рудольф iшiндегi ауа мен отын қосылғанда, ауаның қысымы от алуға жеткiлiктi температура туғызатын қозғалтқыш жасаумен айналысты. 1890 ж. Линденнiң фирмасы Дизельдi берлиндегi бөлiмшеге ауыстырады. Мұнда ол өз идеяларының есебi мен теориялық негiздеуiн ұсынады. Ол 1892 ж. Патент алды. Осы ойларын Дизель «Тиiмдi жылу қозғалтқыштың теориясы мен конструкциясы» деген еңбегiнде жариялады (Theorie und Konstruktion eines rationellen Warmemotors, 1893). 1897 ж. қуаты 25 л.с. болатын қозғалтқышты демонстрациялады. Жоғары эффективтi қозғалтқыш Круппаның фирмасын, Аугсбургтағы машина жасайтын завоттарды және т. б. қызықтырды. Рудольф Дизель үлкен коммерциялық табысқа жеттi, бiрақ бiраз уақыттан кейiн конструкторлық қатеге байланысты лицензиялық қаржылар («ройялти») тоқтатылды. Жiберiлген қателердi кейiнгi өнертапқыштар жөндейді.

Рудольф Дизель 1913 ж. 29 қазанда қаза болды.

Похожие записи

ғалымдар

Вильсон Чарлз Томсон Риз

Вильсон Чарлз Томсон Риз 1869 – 1959 Ағылшын физигi Р.Р.Вильсон 1869 ж. Гленкорседе туылған. 1892 ж. Кембридж университетiн бiтiредi. 1900-1934 ж.ж. Кембридж университетiнде жұмыс iстейдi. Оның жұмыстары молекулалық, атомдық және ядролық физикаға арналған. 1897 ж. Подробнее…

ғалымдар

Нильс Бор

Нильс Бор 1885 – 1962 Данияның ұлы физигi Нильс Бор атомның бiрiншi кванттық теориясын жасап, соңынан кванттық механиканың негiзiн қалауға көп еңбек сiңiрген. Нильс Бор 1908 ж. Копенгаген университетiн бiтiрген соң Кембриджте Дж. Томсонның қолында Подробнее…

ғалымдар

Менделеев Дмитрий Иванович

Менделеев Дмитрий Иванович 1834 – 1907 Орыс ғалымы, Петербург ҒА-ның мүше-корреспондентi (1876 жылдан) Менделеев Д.И. Тобольскiде туылып (1834ж.), Петербургтегi Бас педагогикалық институтты (1855ж.) тәмамдады. 1855 – 1856 жылдары Одессадағы Ришельевский лицейi жанындағы гимназия мұғалiмi. 1857 Подробнее…

%d такие блоггеры, как: