Ньютонның динамиканың үш заңын дәне төртінші заң- Бүкіләлемдік тартылыс заңын беруіненжарты ғасырдай бұрын неміс астрономы Иоганн Кеплер (1571-1630) өзінің астрономиялық еңбектерінде Күн системасындағы планеталардың қозғалысын сипаттайтын заңдарды берген болатын. Кеплер өз заңдарын астроном Тихо Брагеннің планеталардың қозғалысын ұзақ жылдар бойы бақылаудың нәтижелеріне сүйене отырып ашқан болатын. Осындай өз зерттеулерінің нәтижесінде қазір планеталар қозғалысының Кеплер заңдары деп аталып кеткен үш заңын берген болатын. Оларды былайша тұжырымдауға болады.
Кеплердің бірінші заңы. Әрбір планетаның Күнді айнала қозғалысының траекториясы (орбитасы) эллипс болып табылады, әрі оның бір фокусындаКүн орналасады.

Кеплердің екінші заңы. Әрбір планета өзін Күнмен қосып тұрған түзу бірдей  уақыт аралықтарында бірдей аудандарды сипап өтетіндей түрде қозғалады.
Кеплердің үшінші заңы. Күнді айнала қозғалып жүрген кез келген екі планетаның айналыс периодтарының квадраттарының қатынасы олардың Күннен орташа қашықтықтарының кубтарының қатынасына тең болады. Бұл дегеніміз егер Т1 және Т2 -планеталардың күнді бір рет айналып өтуге  қажетті уақыты, ал r1 және  r2 – планеталардың Күннен орташа қашықтықтары болса, онда
Қойшыбаев Н. Жалпы физика курсы І том! Механика 93-бет.

Похожие записи

Механика

Энергия мен массаның өзара байланыс заңы

Қозғалыстағы дененiң энергиясының болатындығы белгiлi. Дене массасының оның жылдамдығынан тәуелдiлiгi масса мен энергияның арасында қандай да бiр байланыстың бар екенiне нұсқайды. Бұл байланысты алғаш рет салыстырмалылық теориясын пайдалана отырып, А.Эйнштейн тағайындаған. Ол өрнек мынадай: (5.9)   Бұл Подробнее…

Механика

Массаның жылдамдықтан тәуелдiлiгi

Егер денеге ұзақ уақыт тұрақты күш әсер ететiн болса, онда классикалық физикадағы Ньютон заңдарына сәйкес оның жылдамдығы шексiз өсуi тиiс. Ал релятивистiк физика тұрғысынан қарағанда жарық жылдамдығы мүмкiн болатын ең үлкен, шектiк жылдамдық. Кез-келген массасы Подробнее…

Механика

Жылдамдықты қосудың релятивистiк заңы

Әдетте арнайы салыстырмалы теория түсiндiретiн құбылыстарды релятивистiк құбылыстар (relativus – латынша салыстырмалы дегендi бiлдiредi) деп атайды. Арнаулы салыстырмалы теориядағы жарықтың жылдамдығының тұрақтылығы жөнiндегi постулат жылдамдықтарды қосудың классикалық заңына түбегейлi қарама-қайшы. Сондықтан, релятивистiк физикадағы жылдамдықтарды қосудың заңы классикалық Подробнее…

%d такие блоггеры, как: