Мария Склодовская
1867 – 1934

Мария Склодовская 1867 ж. 7 қарашада Варшавада дүниеге келедi. Мария ғылыммен айналысу құрметтелетiн жанұясында тәрбиеленедi. Ол мектептi үздiк бiтiредi.

1891 ж. Польшадан кетiп, Мария Париж университетiне (Сорбонна) жаратылыс ғылымының факультетiне түседi. 1893 ж. Мария Сорбоннаның физика саласында лиценциат дәрежесiн алады (магистр дәрежесiне эквивалент). Сол 1894 ж. Мария Пьер Кюридi кездестiредi. Физикаға деген қызығушылықтарының нәтижесiнде жақындасып, бiр жылдан кейiн үйленедi.

1897 ж. М. Кюри өзiнiң магнитизмге байланысты зерттеулерiн бiтiредi.

1896 ж. Анри Беккерель уран қоспалары терең енетiн сәулелену шығаратындығын тапты. М. Кюри урандық қоспада тағыда бiр ашылмаған радиоактивтi элемент бар деген пiкiрiн айтты. Ыдырау және трансмутация терминдерiн енгiзген Марияның өзi болды.

1898 ж. маусым және желтоқсан айларында Мария және Пьер Кюри полоний мен радий деп өздерi атаған жаңа элементтердiң тауып ашқандығын айтады.

1902 ж. қыркүйек айында Кюрилер бiрнеше тонн уран қоспаларынан оннан бiр грамм мольшерiнде радий хлоридын бөлiп алғандығы жайлы хабарлайды. Марияның «Радиоактивтi заттардың зерттеулерi» тақырыбына жазылған докторлық диссертациясы Сорбоннада 1903 ж. маусымында ұсынылды. 1903 ж. желтоқсанында Швед Корольдiк ғылым академиясы физика саласы бойынша Беккерель мен Кюри жұбайларына Нобель сыйлығын бередi.

Кюри жұбайлары, радий iсiк ауруларын емдеу мақсатында қолданылуы мүмкiндiгiн айтып кеткен. 1910 ж. ол радий химиялық элемент екендiгiн дәлелдеп бередi.

Бiрнеше айдан кейiн Швед Корольдiгiнiң ғылым академиясы химия саласы бойына Мрия Кюриге Нобель сыйлығын бередi. Сөйтiп Мария Кюри алғаш Нобель сыйлығын екi рет иеленген ең бiрiншi лауреаты болып танылды. Жиналған тәжирибейелерiн ол 1920 ж. «Радиология және соғыс» атты монографиясында жалпылайды.

Мария Кюри 1934 ж. 4 маусымында лейкемия ауруынан қайтыс болады.

%d такие блоггеры, как: