Менделеев Дмитрий Иванович
1834 – 1907

mendeleevОрыс ғалымы, Петербург ҒА-ның мүше-корреспондентi (1876 жылдан) Менделеев Д.И. Тобольскiде туылып (1834ж.), Петербургтегi Бас педагогикалық институтты (1855ж.) тәмамдады.

1855 – 1856 жылдары Одессадағы Ришельевский лицейi жанындағы гимназия мұғалiмi. 1857 – 1890 жылдары Петербург университетiнде (1865 жылдан профессор) дәрiс оқыды, сонымен бiр мезгiлде 1863 – 1872 жылдары Петербург технология институтының проессоры. 1859 – 1861 жылдары Гейдельбергте ғылыми iс-сапарда болды. 1890 жылы оқу-ағарту министрiмен келiспеушiлiктен кейiн университеттен шығып кеттi.

Ғылыми жұмыстары негiзнен химия саласына және одан басқа физика, химиялық технология, экономика, ауылшаруашылығы, метрология, география, метеорология салаларына қатысты.

Изоморфизм құбылысын (1854-1856 жылдары) және элементтер қасиетiнiң олардың атомдық көлемiнен тәуелдiлiгiн зерттедi.

1860 жылы “сұйықтың абсолюттiк қайнау температурасын” (немесе дағдарыстық) ашты.

“Органикалық химия” – атты бiрiншi орыс оқулығының авторы (1861ж.). “Химия негiздерi” еңбегiмен жұмыс кезiнде (1869ж. февраль) химиялық элементтердiң периодтық заңын ашты. Ол ашқан периодтық заңы кейiнгi химиктер мен физиктерге атом құрылысын зерттеуге, периодтық себептерiн талқылауға және заңның физикалық мағынасын зерттеуге жол ашты.

1859 ж. сұйық тығыздығын анықтайтын құралды – пикнометрдi құрастырды. 1865 – 1887 жылдары қопалардың гидраттық теориясын жасады.

Газдарды зерттей келе (1874ж.) 1834ж. физик Клапейронның алған (Клапейрон-Менделеев теңдеуi), газ күйiнiң температурадан тәуелдiлiгiнiң жеке жағдайы болатын, идеал газ күйiнiң жалпы теңдеуiн тапты.

Ол көптеген ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдардың мүшесi. Орыс физика-химия қоғамын (1868ж.) құрушылардың бiрi.

Оның құрметiне N101 – менделевий элементi аталған.

Химия және химиялық технология саласы бойынша үздiк еңбектер үшiн КСРО ҒА-сы (1962ж.) Д.И.Менделеев атындағы премия және алтын медаль тағайындады.

Похожие записи

ғалымдар

Вильсон Чарлз Томсон Риз

Вильсон Чарлз Томсон Риз 1869 – 1959 Ағылшын физигi Р.Р.Вильсон 1869 ж. Гленкорседе туылған. 1892 ж. Кембридж университетiн бiтiредi. 1900-1934 ж.ж. Кембридж университетiнде жұмыс iстейдi. Оның жұмыстары молекулалық, атомдық және ядролық физикаға арналған. 1897 ж. Подробнее…

ғалымдар

Нильс Бор

Нильс Бор 1885 – 1962 Данияның ұлы физигi Нильс Бор атомның бiрiншi кванттық теориясын жасап, соңынан кванттық механиканың негiзiн қалауға көп еңбек сiңiрген. Нильс Бор 1908 ж. Копенгаген университетiн бiтiрген соң Кембриджте Дж. Томсонның қолында Подробнее…

ғалымдар

Джеймс Максвелл

Джеймс Максвелл 1831 – 1879 Джеймс Максвелл 1831 ж. 13 маусым күнi Эдинбургте дүниеге келдi. Джеймстi Эдинбург академиясы атты мектебiне оқуға бередi. Максвелл академияны бiтiрiп Эдинбург Университетiне түседi. 1856 ж. күзiнде Максвелл Абердиндегi Маришаль – Подробнее…

%d такие блоггеры, как: