Оңтүстік Қазақстан облысы. Шардара ауданы . № 16 колледждің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы: Марина Тұңғышбаева Акилбековна

Пәні : Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: : Білім алушыларды ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, қазақ халқының ұмытылған ақын-жазушылары туралы өз беттерімен ізденіс жасауға ынталандыру
2.Тәрбиелік мақсаты: Білім алушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

3.Дамытушылық мақсаты Сабақ барысында білім аушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру

Сабақтың түрі, әдісі: Аралас сабақ, сыни тұрғыда ойлау оқыту әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, ойын әдіс тәсілдері

Пәнаралық байланыс: тарих,этика

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі ( 2 минут)
    1 Студенттермен сәлемдесу
    2 Студенттерді түгендеу
    3 Студенттердің оқу-құралдарын тексеру
  2. Үй тапсырмасын тексеру (12 минут)
    ” Миға шабуыл әдісі”арқылы тест сұрақтары қойылады.
    Ахмет Байтұрсынов туралы сұрақтар
    1,. А. Байтұрсынов кім? әдебиет зерттеуші,иғалым тілші, ақын аудармашы
    2 . Ахмет Байтұрсыновтың туған жері?1873 жылы. Қостанай облысы,Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылы.
  3. Ахмет қандай қызмет атқарды? Ағартушылық, ауыл мектепте мұғалім, екі сыныпты училищеде меңгеруші, Қазақ газетінің редакторы, Алаш партия басшыларының бірі болып қызмет атқады.
    4.А. Байтұрсынов мысалшы дегенге өз идеяң? Ол Крылов мысалдарын аударады, 1909 жылы Петербург қаласында ” Қырық мысал” деген атпен басылып шығады. Аударма пішіні жағынан ғана емес, түпкі идеясымен қазақ еліне таныс бейне суреттерін көрсету арқылы ерекшеленеді.
  4. Ақынның өлеңдер жинағы қай жылы қай атпен жарық көреді? 1911 ж Орынбор “Маса”.
  5. “Маса” жинағының негзгі мазмұны? Елдің көзін ашу, көкірегін ояту, басты мақсаты.
  6. Абай -қазақтың бас ақыны деген мақаласында нені білуіміз керек деді? 1914 ж жазылған Абай қазақтың бас ақыны деген мақасында. Абайдан асқан ақын жоқ дей келіп, Абайды барша халық білу керек өнегелі өрнекті сөздерін көпшілікке таныту болды.
  7. Ақынның тұңғыш ғылыми жұмысы? “Тіл құралы” деген атпен үш кітаптан тұратын еңбек қазақ тілінің фонетикалық грамматикалық құрылымын талдаған жұмыс.
  8. Ахметтің өмір кредосы? Қазақ жұртына не болған, Неге ұйқыда? Неге оянбайды? халқымды оятсам деген тілек мәңгілік кредосы.
  9. А. Байтұрсынов нені зерттеген ғалым? Тіл мен әдебиетті зерттеген ғалым.
    “Зымыран”ойыны дәптермен жұмыс. Ия, жоқ деп жауап береміз.
    1.1917 жылғы көтеріліс Ақпан көтерілісі ма? жоқ.
    2.Патша әмірі тарылды Абай жазды ма? жоқ
  10. “Қалың мал” романы С. Көбеевтікі ме? ия
    4.С. Торайғыровтың “Қамар сұлуы” повесьпе? жоқ
    5.” Оқып жүрген жастарға” С. Торайғыровтікі ма? ия
  11. “Таныстыру” поэмасындағы бірі ай, бірі күн, бірі жұлдыз соның ішінде ай Міржақыппа? жоқ
  12. Абайдың аяқталмай қалған поэмасы ” Масғұтпа?жоқ
  13. Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады Абайдың 17 қара сөзі ма? жоқ
  14. Ильминский Ыбырайдың досы ма ? ия
  15. Абай 1902 жылы қайтыс болды ма? жоқ
  16. Жаңа тақырыпты түсіндіру (14 минут)
    Алыстан Алаш десе аттанамын,
    Қазақты қазақ десе мақтанамын.
    Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ –
    Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!

Балалар бүгін сендермен Міржақып Дулатов өмірі жайлы таныс боламыз.
Бейнероликтен ақынның өмірі жайлы білім алушыларға көрсету.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты “Қызбел” ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.

«Алаш» партиясының басшылары, сол жағында Ахмет Байтұрсынұлы, ортасында Әлихан Бөкейхан, оң жағында Міржақып Дулатұлы, 1917 жылғы сурет
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан “Серке” газетіне “Жастарға” деген өлеңін, бүркенпік атпен “Біздің мақсатымыз” деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының “Оян, қазақ!” атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre “Қазақ” газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол” газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Шығармалық мұрасы
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — “Оян, қазақ!” деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда “Азамат”, ал 1915 жылы “Терме” атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы “Оян, қазақ!” жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы “Бақытсыз Жамал” романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл – қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын “Есеп кұралы” оқулығын бастырады. “Балқия” пьесасын жазады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
Өлеңдері
Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш “Оян, қазақ!” атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, “Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі”, “Таршылық халіміз хақында аз мінәжат”, “Сайлаулар хақында”, “Жастарға”, “Қазақтың ру басшыларына”, “Атқамінер сұмдарға”, тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — “Шағым” өлеңі.
…Бір қарағанда “Шағым” өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің соңында: “Әділдік аста қалған еш күні жоқ”, — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі —
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты—халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, “Таршылық халіміз хақында аз мінәжат” өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттелш, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.
Міржақьш қаламынан туған көркем де күрделі туынды — “Алашқа” өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.
Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.
Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,
Толықсып жүрген кеше күнің қайда? —
деп келш, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артык болмақ
Бірақ өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағьш қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес,
— деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің “Шәкірт”, “Насихат ғумумия” тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.
Оқулықпен жұмыс.Білім алушыларға ақынның өмір жайлы оқып шығуыа 2 минут уақыт беріледі.
Жаңа сабақты пысықтау(12 минут).
Білім алушылардың есте сақтау қабілетін байқау үшін “Айналмалы бекет” ойынын ойнату.Ақынның 6 әдеби туындысын жазып шығу керек.
Енді балалар “Таным дерек” айдарына өтейік.Көп адам біле бермейтін, тіпті менде білмейтін тым деректер тауып келіңдер деген болатынмын.Білім алушылардн сұрау.
Дәптермен жұмыс.
Ақын шығармашылығы жайында сұрақтарға жауап жазу .
1.Ақын қай жерде қай жылы туылды? 1885ж Қостанайобл
2. Ақынның Уфа қаласында қандай өле кітабы шығады? ” Оян қазақ”
3.Ақынның қандай романын білесің?”Бақытсыз Жамал”
4.Ақынның 1913-1915ж қандай өлеңдер жинағы шығады? ” Азамат”, “Терме”
5.А. Байтұрсыновпен бірігіп қандай газет шығарады?”Қазақ “газет.
6.Міржақып кім? қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Сабақты қорытындылау: ( 5 минут)
Бүгінгі сабағымызды БББ кестесін толтырумен қорытындылаймыз.
Білдім, Білемін, Білгім келеді.
4-топтан нені білгісі келетінін сұраймын.
Бағалау: (2 минут)
Сабақта белсенділік танытып, тапсырмаларға дұрыс жауап берген студенттерді бағалаймын.
Үй тапсырмасы: ( 2 минут)
1. Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели