Н.Г.Басов
1922 ж. туылған

Н.Г.Басов – орыс физигi, кванттық электрониканың негiзiн құраушылардың бiрi. 1950 ж. Москва инженерлi-физикалық институтын бiтiрiп, СССР ғылым академиясының физика институтында қызмет еттi. 1963 ж. бастап Москва инженерлi-физика институтының профессоры болып iстедi.

Ол сәуле шығаруды кванттық жүйелермен күшейту және генерациялау принципiн ашты, жиiлiк стандартының физикалық негiзiн құрды.

1954 ж. А.М.прохоровпен бiрге аммияк молекулаларының шоғында алғаш кванттық генератор құрды. Осы жұмыстары және американ физигi Ч.Таунс зерттеулерi кванттық электрониканың дамуына ықпалын тигiздi. Басов лазерлерде жартылай өткiзгiштi қолдану идеясын ұсынды.

1961 ж. лазердi термоядролық синтезде қолдану мүмкiндiгiне көңiл аударып, оның жұмыстары лазернлiк термоядролық синтез әдiстерiн құруға алып келдi.

1963 ж. лазер жүйелерiнiң жылулық қозуының жаңа тәсiлдерiн орнатып, кейiнiрек химиялық кванттық генераторлары бойынша зерттеу циклiн бастады.

Похожие записи

Атомдық физика

Элементар бөлшектер. Бөлшектер мен электромагниттiк сәулелердiң өзара түрленуi

Физиканың даму барысында элементар бөлшектер ұғымы бiраз өзгерiске ұшырады. Алғашқы кезде элементар деп iшкi құрылымы жоқ, басқа құрамдас бөлiктерге ыдырамайтын бөлшектердi түсiндi. Бүгiнгi күннiң түсiнiгi бойынша элементар бөлшектерден олардың iшкi құрылымының болмауы талап етiлмейдi. Элементар Подробнее…

Атомдық физика

Радиоактивтi сәулелердiң биологиялық әсерi. Биологиялық қорғаныс

Радиоактивтi сәулелер өздерi түскен затқа, әсiресе тiрi тканьга өте күштi әсер етедi. Радиоактивтi сәулелердiң организмге әсерi оларда бос химиялық радикалдардың пайда болуымен және клеткадағы мутациямен байланысты. Ал бұл өте қатерлi. Ол сәуле ауруына немесе қатерлi Подробнее…

Атомдық физика

Ядролық реактор. Термоядролық реакциялар

Ядролық жарылыстың энергиясын бейбiт мақсатта қолдану мүмкiн емес. Сондықтан ядролық реакция кезiнде бөлiнетiн энергияны пайдалана алу үшiн тiзбектi реакцияны еркiмiзше басқара алатындай болуымыз қажет. Мұндай басқарылатын тiзбектi реакцияны ядролық реакторлар немесе атомдық қазандықтар деп аталатын қондырғыда жүзеге асырады. Ядролық Подробнее…

%d такие блоггеры, как: