Пьер Кюри

Опубликовано Опубликовано в рубрике ғалымдар

Пьер Кюри
1859 – 1906

Пьер Кюри (1859 – 1906) ж. Парижде дәрiгерлер жан ұясында туылды. Он алты жасында Сорбоннаның бакалавр дәрежесiн , ал екi жыл өткеннен кейiн физика ғылымының лиценциат дәрежесiн алады. 1880 ж. Кюри(ағасы Жакпен бiрге) пьезоэлектрлiк эффекттi ашты. 1883 – 1895 жылдар аралығында Пьер Кюри кристалл физикасының саласында үлкен сериялы еңбектерi жарық көрдi, негiзiнде, сонымен қатар, кристалл қырларының беттiк энергиясы терминiн енгiздi, кристаллдардың өсуiнiң жалпы принципiн тұжырымдады, қандайда бiр әсердiң ықпалында тұрған кристаллдың симметриясын анықтайтын принциптi ұсынды (Кюри принципi).

1890 жылдан 1895 жылға дейiн Кюри әр түрлi температура кезiндегi заттардың магниттiк қасиеттерiн зерттеген, бұл зерттеулерiнiң арқасында Кюри заңы ашылған, сонымен қатар темiрдiң температурасы белгiлi бiр мәнiнен асқаннан кейiн темiрдiң ферромагниттiк қасиетi жоғалатындығын және меншiктi электр өткiзгiштiк және жылу өткiзгiштiк қасиеттер секiрмелi түрде өзгередi. (Кюри нүктесi)

Пьер Кюри және Мария Кюри 1988 ж. полоний және радий деп өздерi атаған жаңа радиоактивтi құбылысты, 1901 – радиоактивтi сәулеленудiң биологиялық әсерiн ашты да, радий препараттары iсiк ауруларын емдеуге пайдасы болуы мүмкiн деп тұжырымдайды, 1903 ж. радиоактивтiлiктiң деңгейiнiң төмендеуiнiң мөлшерлiк заңын және радиоактивтi элементтердiң жартылай ыдырау периодының түсiнiгiн енгiздi, радиоактивтi ыдырау теориясын ұсынды.

1903 ж. Швед Корольдiгiнiң ғылым академиясы Кюри жұбайларына Нобель сыйлығын бердi.

1904 ж. қазан айында Пьер Кюри Сорбоннада физика профессоры болып тағайындалды. 1906 ж. 19 сәуiрде Пьер Кюри қайғылы оқиғада қайтыс болды.