Сади Карно
1796 – 1832

Карно, Сади (Carnot, Sadi) (1796-1832), өнертапқыш, термодинамиканың негiзiн салушылардың бiрi, Лазар Карноның үлкен баласы. Никола Леонар Сади 1796 жылы 1 маусым айында Парижде туылған. 1814 жылы Политехникалық мектептi бiтiрiп, инженерлiк әскер қатарына жолдама алды. 1828 жылы демалысқа шыққаннан кейiн ғылыми зерттеулермен айналысты. Жылу алмасу, газдың кеңу заңдарымен, будың механикалық пайдалануын оқып зерттедi. Энергияның жылуға алмасуы температуралары әртүрлi екi (жылу беретiн) көздiң көмегiнсiз мүмкiн емес екендiгiн түсiндiретiн әйгiлi Карно теоремасының авторы. Ол өзiнiң зерттеулерiн – Оттың қозғалту күшi мен осы күштi жасауға қабiлеттi машиналар туралы ой толғамдары (Reflexions sur la puissance motrice du feu et sur les machines propres a developper cette puissance, 1824) – атты жылу туралы жарыққа шыққан атақты эссесiнде баяндалады. Энергияның сақталу принципiн зерттедi.

Сади Карно 1832 жылы 24 тамыз айында Парижде қайтыс болды.

%d такие блоггеры, как: