Уильям Томсон
1824 – 1907

Уильям Томсон (Thomson, william), лорд Кельвин (1824 – 1907) – ағылшын физигi, термодинамиканы қалаушыларының бiрi. 1824 ж. 26 маусым айында Белфастта (Ирландия) дүниеге келдi. Глазго университетiн бiтiрiп, Кембридж университетiне оқуға түседi. 1846 ж. Глазго университетiнiң жаратылыстану кафедрасын иеленедi. Физика кафедрасын 53 жыл бойы басқарып, өмiрiнiң соңғы жылдарында университеттiң президентi болады.

Томсон көзқарасына термодинамика, гидродинамика, электромагнетизм, серпiмдiлiк теориясы, жылу, математика, техника салалары кiрдi. Студенттiк кезiнде Томсон Фурье қатарының физика салаларында қолданылуы жайлы бiрнеше статьяларды жариялады. Парижде стажер болып жүрiп, «айналы бейнелеу» атын алған, электростатиканың есептерiн шығару әдiсiн тапты(1846). 1851 ж. (Р.Клаузиустан тәуелсiз) темродинамикның екiншi бастамасы теориясын тұжырымдады. Энергияның диссипациясы түсiнiгiн енгiздi. Электромагниттiк тербелiс теориясының негiзiн және 1853 ж. контурдың өзiндiк тербелiсінiң периодының оның сыйымдылығы мен индуктивтiлiгiнен тәуелдiлiгiн қалады (Томсон формуласы). 1856 ж. үшiншi термодинамикалық эффектiсiн ашты (алғашқы екеуi – Электр Қозғаушы Күшiнiң (ЭҚК) пайда болуы мен Пельтье жылуының бөлiнуi), температура градиентi бар кезiндегi өткiзгiш бойымен тоқтың өтуiнiң нәтижесiнде «Томсон жылуының » бөлiнуiнен тұратын, Томсон эффектiсi.

Алғашқы трансатлантикалық кабельдердi төсеуде бас ақыл берушi ғалым болды. Бiрқатар электрометрлiк құралдарды ойлап тапты: «кабельдiк» гальванометр, квадратты және абсолютты электрометрлер, мареограф (теңiздер мен өзендер суының биiктiгiн тiркейтiн құрал).

1892 ж. Томсонға барон титулы берiлдi. 1896 ж. Санк-Петербургтағы Ғылым Академиясына мүше болып сайланды.

Уильям Томсон Ларгсте (Шотландия) 1907 ж. 17 желтоқсанда қайтыс блады.

Похожие записи

ғалымдар

Вильсон Чарлз Томсон Риз

Вильсон Чарлз Томсон Риз 1869 – 1959 Ағылшын физигi Р.Р.Вильсон 1869 ж. Гленкорседе туылған. 1892 ж. Кембридж университетiн бiтiредi. 1900-1934 ж.ж. Кембридж университетiнде жұмыс iстейдi. Оның жұмыстары молекулалық, атомдық және ядролық физикаға арналған. 1897 ж. Подробнее…

ғалымдар

Нильс Бор

Нильс Бор 1885 – 1962 Данияның ұлы физигi Нильс Бор атомның бiрiншi кванттық теориясын жасап, соңынан кванттық механиканың негiзiн қалауға көп еңбек сiңiрген. Нильс Бор 1908 ж. Копенгаген университетiн бiтiрген соң Кембриджте Дж. Томсонның қолында Подробнее…

ғалымдар

Менделеев Дмитрий Иванович

Менделеев Дмитрий Иванович 1834 – 1907 Орыс ғалымы, Петербург ҒА-ның мүше-корреспондентi (1876 жылдан) Менделеев Д.И. Тобольскiде туылып (1834ж.), Петербургтегi Бас педагогикалық институтты (1855ж.) тәмамдады. 1855 – 1856 жылдары Одессадағы Ришельевский лицейi жанындағы гимназия мұғалiмi. 1857 Подробнее…

%d такие блоггеры, как: