Хейке Каммерлинг – Оннес
1853 – 1926

Голландия физигi Хейке Каммерлинг – Оннес Нидерландының солтүстiгiнде Гронингенде туылды.

Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Каммерлинг – Оннес 1870 ж. Гронинген университетiне түседi, онда математика мен физиканы оқиды. 1871 ж. ол кандидат атағын алады. Үш семестрдi Каммерлинг- Оннес университетiнде (Германия) өткiздi, оның оқуына химик Роберт Бунзен мен физик Густав Кирхгов жетекшiлiк еттi. 1873 ж. Каммерлинг – Оннес Гронингенге қайтып оралды. Алты жылдан кейiн ол докторлық диссертация қорғады. Диссертациясында Каммерлинг – Оннес жердiң айналуының жаңа дәлелдеуiн ұсынды.

1878 – 1882 жылдары Каммерлинг – Оннес Дельфтегi Политехниалық училещесiнде (кейiн Техникалық университетке өзгертiлген). Каммерлинг – Оннестiң назарын қысым, температура және көлем арасындағы қатынасты анықтайтын Йоханкес Ван – дер – Ваальстың газдар теориясы аударды. Осы теория нақты және идеал газдар құбылыстарының айырмашылығын ескерудi мүмкiн қылады.

1882 ж. Каммерлинг – Оннес 29 жасында Лейден экспериментал физика университетiнiң профессоры қызметiне тағайындалды, ол осы университетiнiң физика лабораториясын басқарды. Каммерлинг – Оннес ойы бойынша физикалық лабораториялар сандық өлшеулер жасап, сапалық эксперименттер қою керек; теориялық сипаттамаларды дәл өлшеулермен нығайту керек. . Каммерлинг – Оннес төмен температурадағы газдардың күйiн зерттеу Ван – дер – Ваальстың газдар теориясын тексеруге маңызды информация беруi мүмкiн деп есептеген. Төменгi температураларға жету үшiн газдарды сұйылту керек. Каммерлинг – Оннес криогениканың саласын – төмен температуралар эффектерiн зерттеу мен айналысты. Ол төмен температуралы сұйқтарды көп көлемде алу үшiн газдарды сұйылтатын үлкен завод салды. 1909 ж. Каммерлинг – Оннес механиктер мен шыны үрлеушiлер үшiн училище ашты. Оны бiтiрген мамандарды дүние жүзiндегi физикалық лабораторияда кездестiруге болатын едi. Каммерлинг – Оннес лабораториясы ХХ ғасырдың ғылыми – зерттеу институттарына үлгi болды.

%d такие блоггеры, как: