Штерн Отто

Опубликовано Опубликовано в рубрике ғалымдар

Штерн Отто
1888 – 1968

Штерн Отто (Stern Otto) (1888-1968) немiс физик-экспериментаторы.1888 жылы 17 қаңтарда Силензинде (Польша) астық сатушысының жан ұясында дүниеге келген. 1906 жылы Бреслауда (қазiргi аты Вроцлав) орта мектептi бiтiредi. Әкесi баласына бiлiм алу қажет деп есептегендiктен, Отто Бреслау, Фрейбург, Мюнхенде ғылым саласында бiлiм алады. Теориялық физикаға қызықтырушылық туғыздырған А. Зоммерфельдпен және әйгiлi физиктер-экспериментаторлар Э.Прингейм және О. Луммермен танысады. Бiрақ та Л. Больцман, Р. Класиус және В. Нерст еңбектерi бұл жас баланы физикалық химия саласына деген қызығушылық тудырып, 1912 жылы Берслауда Штерн осы сала бойынша докторлық диссертациясын қорғайды.

Докторлық диссертациясын қорғаған соң Отто Прага қаласында А. Энштейннiң ассистентiнiң бiрi болады.

Штерн молекулярлы-кинетикалық теориясының эксперименталді дәлелдемесiн алуды алға қояды; ол үшiн молекулярлық шумақ методын ойлап табады да 1920 жылы күмiс атомдары үшiн жылдамдық бойынша үлестiру функциясын алады. Осы эксперименталды методиканың арқасында 1922 жылы Штерн және В. Герлах атомның магниттiк моментiнiң бар екендiгiн дәлелдеп, кванттық теориясының бар екендiгiн эксперименталдi түрде көрсеттi.

1929 жылы Штерн және И. Эстерманмен гелий атомының фторид-лития кристалл дифракциясын қарастырады да, атом сияқты ауыр бөлшектердiң толқындық қасиеттерi бар екендiгiн эксперименталдi түрде дәлелдейдi, протонның магниттiк момент теориясының жобалануынан екi есе үлкендiгiн көрсетедi.

1933 жылы Штерн Эстерманмен бiрге Карнеги атты Технологиялық Институтының физика факультетiнiң шақыруымен Питтсбургке келедi де молекуларлық шұмақ лабораториясын құруға ат салысады.

1969 жылы 17 тамыз айында Штерн өмiрден кетедi.