Толық нұсқасын жүктеу

Кездейсоқ оқиғалар және олар жөніндегі ұғымдар.

-Ықтималдықтар теориясы- кездейсоқ құбылыстар заңдылығымен айналыстан математика саласы.

  • қимыл әрекеттердің жиыны сынау (тәжірибе, эксперимент).

  • Ыдыстағы суды қайнататын болса, ол буға айналады. Судың буға айналуы — оқиға болса, бу пайда болғанға дейінгі барлық әрекеттер жиыны – сынау болады.

  • Оқиғалар: кездейсоқ, ақиқат, мүмкін емес деп үшке бөлінеді.

  • Сынау кезінде оқиғаның пайда болуы да, немесе пайда болмауы да мүмкін оқиғаны кездейсоқ оқиға д.а.

Сынау жүргізілгенде оқиға міндетті түрде пайда болатын оқиғаны ақиқат оқиға деп атайды. Оны U әрпімен белгілейді.

  • Сынау жүргізілгенде пайда болу мүмкіндігі жоқ оқиғаны мүмкін емес оқиға д.а. Оны V әрпімен белгілейді.

  • Сынау жүргізілгенде А мен В оқиғаларының бірінің пайда болуы екіншісінің пайда болуын жоққа шығармайтында болса, онда А мен В оқиғалары үйлесімді оқиғалар деп атайды.

  • Сынау жүргізілгенде А мен В оқиғаларының бірі пайда болып, екіншісі пайда болмайтын болса, онда А мен В оқиғалары үйлесімсіз оқиғалар деп аталады.

  • Сынау нәтижесінде А және В оқиғаларының пайда болу мүмкіндігі бірдей болса, онда олар тең мүмкіндікті оқиғалар деп аталады.

  • Егер тәжірибе жүргізілгенде оқиғалардың біреуі сөзсіз пайда болсағ, онда оқиғаны жалғыз ғана мүмкіндікті оқиға деп атайды.

  • Кез келген екі оқиғасы үйлесімсіз болатын оқиғалар жиынын қос-қостан үйлесімсіз оқиғалар д.а.

 


0 комментариев

%d такие блоггеры, как: