Сабақ тақырыбы Электр кернеуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) кернеудің физикалық мағынасын ашу және  формуласын есептер шығаруда қолдану;
Сабақ мақсаттары Оқушылар кернеу мағынасымен танысу;

Кернеудің формуласын есептерді шығару кезінде қолдану;

Кернеудің физикалық мағынасымен танысу,

Қарапайым тізбектегі кернеуді анықтау;

Жетістік критерийлері Кернеудің физикалық мағынасын түсінеді;

Кернеудің формуласын есептерді шығару кезінде қолданады;

Қарапайым тізбекте кернеудің мәнін анықтайды.

Тілдік  мақсаттар

 

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Кернеудің физикалық мағынасын сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Кернеу, Вольт, тізбек

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Кернеу дегеніміз…

Кернеудің өлшем бірлігі…

Құндылықтарды дарыту

 

Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілеті.

Топта жұмыс істей білуге, сондай-ақ рольдік ойындарды жүргізе білуге көмектесетін дағдыларды дамыту

Пәнаралық байланыстар Математика: бөлшектермен амалдар;

Еңбекке баулу: электр сұлбалар.

АКТ қолдану дағдылары Интерактивті видеоны қарастыру;
Бастапқы білім

 

Физика 8 сынып: потенциалдар айырымы /кернеу.

 

 

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар
Сабақтың басы

0-3 мин

 

Оқушылармен сәлемдесу

Сабаққа дайындығын тексеру

Үй жұмысын тексеру  / журналға қою/

Сабақтың ортасы

3-5 мин

 

 

5-15 мин

 

 

 

 

 

 

15-20 мин

 

 

20-30 мин

30-37 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37-45 мин

 

 

 

45-55 мин

 

55-65 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

65-78 мин

 

 

Өткен тақырыпты еске түсіру: Фронталды сұрақ қою

–          Электр тогының пайда болу шарттары?

–          Ток күшінің формуласы?

–          Электр сұлбаны салу (қарапайым)

 

Қалыптастырушы бағалау жұмысы.

Өтілген тақырыптар бойынша қалыптастырушы бағалауды жазу:

ОМ: электр тогының пайда болуы және  бар болуының  шарттарын түсіндіру

ОМ: ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдану

 

Қосымша ақпарат: Ток күшін өлшеу  – Амперметрмен таныстыру. Оқушыларға амперметрдің жұмыс істеу принципін түсіндіру және сұлбаларда шартты белгіленуін көрсету.

Амперметрді қолданып, ток күшін өлшеу.

Қызығушылықты ояту

Проблемалық ситуация туғызу:

Оқушыларға ток көзінен,  шамнан, кілттен және амперметрден тұратын қарапайым тізбекті жинатқызу.

Екінші топқа батарейкадан, кілттен және амперметрден тұратын қарапайым тізбекті жинатқызу.

Осы жерде, ток күшінің бірдей болатынын қадағалау.

–          Неліктен батарейкаға қосылған шам қатты жанбайды?

Оқушыларға токтың неден тәуелді екенін қайталау. Жаңа шаманың барын айту

 

Мағынаны ашу(Теория)

Кернеудің мағынасын ашу: Формуласы және сұлбаларда шартты белгіленуі.

 

Ақпаратты бекіту

Есептерді шығару.

Екі шамнан, ток көзінен, кілттен, амперметрден, вольтметрден және өткізгіш сымдардан электр тізбегін құрып, екі шамның және әр шамның кернеуін өлшеңдер.
Оқушылар берілген құрал – жабдықтарды пайдаланып, электр тізбегінің әртүрлі бөліктеріндегі кернеуді өлшейді.

Зертханалық жұмыс. Электр тізбегінің әртүрлі бөліктеріндегі кернеуді өлшеу. (10 минут)
1. Ток көздерін, 2 қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаңдар.
2. Тізбекті тұйықтаңдар, U1, U2 кернеулерді және U кернеуді өлшеңдер.
3. Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
4. U1 +U2 есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар.
5. Қорытынды жасаңдар.
Сабақ басында мұғалім қойған сұраққа оқушылар жауап береді. Тізбектей жалғанған шамның біреуінің жарық болуының себебі берілген тізбек бөлігіндегі электр өрісі көбірек жұмыс жасайтындығында.

Ақпаратты жалпылау

1) Шамдағы токтың шамасын өлшеу үшін оқушы қателесіп, амперметрдің орнына вольтметрді жалғаса не болады (Шам жанбайды немесе оның жарығы азаяды)?
2) Есеп. Шамның кернеуін өлшеу үшін оқушы қателесіп, вольтметрдің орнына амперметр жалғағанда не болатынын түсіндіріңдер (Амперметр жанып кетеді).
3) Тізбек бөлігі ұштарындағы кернеу 2 В, ал өткізгіштегі ток күші 0, 4 А. Осы өткізгіштегі ток күші 0, 8 А болу үшін кернеу қандай болуы тиіс? (4 В)

 

 

 

 

 

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

https://twig-bilim.kz/film/glossary/electric-current-5257/

 

 

 

 

Ток көзі, батарея, шам, кілт, амперметр

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

https://twig-bilim.kz/film/glossary/volt-v-5161/

 

 

 

 

екі шам, вольтметр, кілт, ток көзі

Сабақтың соңы

78-80 мин

Рефлексия:

Не үйрендім, не қиын болды, сұрақ

Үй жұмысы:  параграф соңындағы жаттығуды орындау.

стикерлер
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар кернеудің физикалық мағынасын түсінеді.

Оқушылардың көбі есептерді шығару кезінде формуланы қолданады

Кейбір оқушылар қиындығы жоғары есептерді шығара алады.

 

(1)   Өзін-өзі бағалау

(2)   Қалыптастырушы бағалау

(3)   Топпен жұмыс

(4)   Топтардың бағалануы

(5)   Есептерді шығаруы

Физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Электростатикалық өрістің техникаға қатер туғызбауын қадағалау.
Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели