ЭЛЕКТР ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Опубликовано Опубликовано в рубрике Электр және магнетизм

Электр тогы тұрақты болу үшін өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы (немесе кернеуі) тұрақты болуы керек. Өткізгіштердің тұрақты кернеуін болдыру үшін белгілі бір энергия қоры қажет. Осындай тұрақты кернеуді әдетте ток көздері немесе кернеу көздері деп атайды. Ток көздерінде энергияның басқа түрі электр энергиясына айналады. Мысалы: электр машиналарында механикалық энергия,гальвани элементі мен аккумуляторда химиялық реакция кезәнде бөлініп шығатын энергия,фотоэлементтерде жарық энергиясы, ядролық реакция кезіндегі тізбекте реакцияның энергиясы және тағы басқа энергиялардың түрлері электр энергиясына өзгеріп отырады.

1797 жылы Вольта екі түрлі металл алып, оларды біріне-бірін түйістірген. Сонда бір металдың оң, екіншісінің теріс зарядталғанын байқаған. Екі металдың арасында потенциалдар айырмасы пайда болады. Бұл құбылыс былайша түсіндіріледі. Айталық, бірінші металдың шығу жұмысы А1, екіншісінікі – А212 делік. Сонда шығу жұмысының шамасы аз металдың электрондары шығу жұмысының шамасы көп металдарға қарағанда тезірек өтіп кетеді. Электронынан айырылған металл оң зарядталады да, электрон қабылдаған металл теріс зарядталады. Біздің мысалымызда 2-металл оң зарядталады да, 1-металл теріс зарядталады.

Көптеген тәжірибелердің нәтижесінде Вольта екі заң тұжырымдады: 1) металдарды түйістірген кезде пайда болатын потенциалдар айырмасы металдардың химиялық табиғатына және олардың температурасына байланысты; 2) бірнеше металды түйістіргенде пайда болатын потенциалдар айырмасы тек екі шеткі металдың табиғаты мен температурасына байланысты болады да, ортадағы металдардың саны мен табиғатына байланысты болмайды.

Екі түрлі металдан істелген өткізгіштен тұйық тізбек жасап, оның бір жапсарын қыздырып, екіншісін суытсақ, онда ол тізбектен ток жүргенін байқауға болады. Бұл термопараның жұмыс істеу принципі болып табылады. Тұйық тізбектің бір жапсарын қыздырып, екіншісін суытқанда Зеебек эффектісі байқалады.

Термопара көмегімен өте жоғары немесе өте төмен температураны өлшеуге болады. Ол үшін екі түрлі өткізгіш алып олардан тұйық тізбек  жасайды. Тізбектің бір жапсарын (b) еріп тұрған мұзға салады да, екіншісін (а) температурасы өлшенетін затқа салады.

Температуралары бірдей екі түрлі металл өткізгіштен тұйық тізбек жасап, одан ток жіберсек, тізбектің бір жапсары қызады да, екіншісі суиды, бұны Пельте эффектісі деп атайды. Бұл эффект тоңазытқыштарда қолданылады.