Юнг, Янг Томас

Опубликовано Опубликовано в рубрике ғалымдар

Юнг, Янг Томас
1773 – 1829

Юнг,Янг [Young] Томас (13.06.1773, Милвертон, Сомерсет графствосы, -10.05.1829,Лондон) – ағылшын физигi,дәрiгер және астроном, жарықтың толқындық теориясының негiзiн салушысының бiрi. Лондондың корольдiк ұйымның мүшесi (1794), 1802-29 оның хатшысы. Жан-жақты құштарлық пен қабiлеттiң арқасында Юнг 8 жасында геодезия және математикамен айналысады, 9 жастан бастап тiлдердi үйренiп (соның iшiнде латын, грек, еврей, араб ), тарих пен ботаниканы оқыды.

1801- 03 жылдары Лондондағы Королдiк Институттың профессоры. 1811 жылдан бастап өмiрдiң соңғы күнге дейiн Әулие Георгий ауруханасында дәрiгер болып жұмыс iстедi. Сонымен қатар “Nautical Almanac” газетiнiң редакторы болды. Юнгтың ғылыми қызығушылығы жан-жақты, оның жұмыстарының ең маңызды бағыттары- механика, оптика, филология, көру физиологиясы. Юнг өзiнiң опиткалық зерттеулерiнiң нәтижесiнде, сол кездегi үстемдiк еткен жарықтың корпускалық теорисының дұрыс емес екендiгiне көзi жетiп, ол өз даусын жарықтың толқындық теориясына бередi. 1800 жылы оптика және акустика туралы ” Дыбыс және Жарық саласындағы тәжерибелер мен қиыншылықтар ” атты трактатында жарықтың толқындық теориясына қайта оралып, алғаш рет толқындардың суперпозиция принципiн қарастырады; бұл проблеманы зерттеу нәтижесiнде Юнг интерференция принципiн ашады. 1801 жылы Юнг королдiк ұйымға оқыған “Жарық және түс теориясы ” атты баяндамада (1802 жылы басылған) интерференция негiзiнде Ньютон сақиналарына түсiнiктеме берiп, жарық толқынын ұзындығын анықтау тәжерибелерiн көрсетедi. 1803 жылы “Физикалық оптикаға қатысты тәжірибелер мен есептеулер” атты жұмысында дифракция құбылысын қарастырған.

1807 жылы “Натуралды философия мен механикалық шеберлiгiнiң лекция курсы” атты еңбегiнiң екiншi томында Юнг өзiнiң физикалық оптика бойынша теориялық және эксперименталды жұмыстарының қорытындыларын берiп, өзiнiң ығысу деформация туралы зерттеулерiн баяндады және созылу мен сығылу болғандағы серпiмдiлiк сандық сиппатамасын еңгiздi. Ол Юнг модулi деп аталады.