ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ
Шардаралық спорт чемпиондарымен кездесу

1 МАҚСАТЫ

Шардаралық спорт чемпиондарымен студенттерді таныстыру. Студенттердің денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

2 КӨРНЕКІЛІГІ

Слайд, шарлар, гүлдер

3 ӘДІСІ

Кездесу

4 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

4.1 Кіріспе сөз
1 – жүргізуші Құрметті ұстаздар мен студенттер! Сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, білікті маман дайындап, облыс республика көлемінде үздік атанып жүрген колледжіміздің «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты Шардаралық спорт чемпиондарымен кездесуге қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Құрметті бүгінгі Шардаралық спорт чемпиондарымен кездесуге жиналған қауым, қашанда қай жерде қай елде болмасын өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін!
1 – жүргізуші Атажұрт бабаларымыздың жерімізді көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында сайын дала бізге жетіп отырса, бүгінде сол бабалардың ұрпағы алып батырларымыз спортшыларымыздың арқасында елімізді әлем танып отыр.
2 – жүргізуші
Баяғыда бір кісі баласының жайсыз қылықтарын көрген сайын кейіп «Әй, сен адам болмайсың!» – деп ұрса беретін көрінеді. Әкесінің қайталап айта беретін әлгі сөзіне іштей ерегескен баласы бар ынтасын оқуға салып, өскенде бір аймаққа әкім болуға жарапты.
Әкемнің аузына енді құм құйылар деп ойлаған ол креслода шалқып отырған күйі қызметкерлеріне ауылдағы әкесін алдына алып келуді бұйырыпты. Әкімнің бір сөзін екі етпестен жіберген қызметкерлері жайбарақат егінін егіп жүрген шалды әй-шайға қаратпай дедектетіп қалаға ала жөнеліпті.
1 – жүргізуші «Әкімге апарамыз» дегенге есі шыққан қарт креслода шәнтиіп отырған өз баласын көргенде ғана жүрегі орнына түсіпті.
Аяғын бір-біріне айқастырып, ауыздағы темекісін тұтатқан баласы әкесіне қарап миығынан күле:
– Әке, баяғыда маған «адам болмайсың» деп ұрса беруші едіңіз, енді ол ойыңнан еріксіз қайтқан боларсың. Адам болмайды деген ұлың анау-мынау емес, дардай әкім болған жоқ па?! – депті.
2 – жүргізуші
Сонда әкесі баласының мына қылығына тағы да күйініп:
– Әй, балам, мен саған «әкім болмайсың» деп емес, «адам болмайсың» деп ұрсатынмын. Сен әкім болсаң да, әлі адам бола алмапсың деген екен.
1 – жүргізуші Сол сияқты чемпион болу оңай, адам болып қалу қиын. Чемпион болудан гөрі, чемпиондық атағыңды сақтау қиын дейді. Біздің чемпион жерлестерімізге қашанда адамгершілік қасиеттің чемпион деген сөзден жоғары тұрғанын тілейміз!
2 – жүргізуші
Ендеше сол спортшыларымызға құрмет көрсету кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Құрметті ұстаздар, студенттер! Бүгінгі мерекелік кешіміздің қадірлі қонақтары әнұранымызды әуелетіп жүрген Шардаралық әлем чемпиондарымен таныс болыңыздар!
қонақтармен таныстыру
Енді саған жыр арнауға талмаспын.
Мықтыларды шаң қаптырып кеттің сен,
Шардаралық спортсмен, алғашқым!
1 – жүргізуші
Шаршадың-ау, арғымағым, ал тыным,
Енді тірлік тигізбесін салқынын.
Қолда барда қадіріңді ,
Қола да емес, күміс те емес… Алтыным!
2 – жүргізуші
Жимағы көп болғанмен жиғанынан,
Барлығы адамзаттың иманынан.
Сырда туған сымбатты сырбаз ұлдар
Шағалалы Шардарадай жер бағынан
1 – жүргізуші
Әлемді бағындырса бағыланым,
Мен қалай әуенімнен жаңыламын.
Көк туымды көтеріп көк жүзіне
Әуелетті барша жұртқа Әнұранын!”
2 – жүргізуші
Қаншақ мақтау, қанша мадақ айтсақта жарасады бұл азаматтарға! Қане, әлем назарын өздеріне қаратқан Шардаралық әлем чемпиондарына қол соғып, қошеметтеп қойайық!
1 – жүргізуші
Бүгінгі мерекелік кешімізді бастамас бұрын назарларыңызға Шардарада туып өскен чемпиондар жайындағы бейнебаянға назар аударайық.

БЕЙНЕБАЯН
(Шардаралық спортшылар)

2 – жүргізуші
Желбірейді шалықтап
Қазақстан жалауы
Көкке қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.

СПОРТ ТҮРЛЕРІ (би)

1 – жүргізуші
Бүгінде армрестлинг спорты Шардара ауданының брендіне айналып кетті. Тіпті, шетелдіктер Шарадараны дәмі тіл үйірер балығымен немесе айдыны аспанмен жалғасқан суқоймасымен қатар қол күрес шеберлерімен танитын болды.
2 – жүргізуші
Ұлы жетістік деп әсірелеп отырған жоқпыз. Шындығында да осы. Құрметті чемпиондар мен қонақтар, өздеріңізге арнап 16 колледж жатақхана студенттері дайындаған мерекелік кешті назарларыңызға ұсынамыз. Сахнада колледж жастарының Флеш-мобы. Қабыл алыңыздар!
БИ. Флешмоб

ПОЭЗИЯ
1 Студент
Уа, сүйінші, Қазақстан… күллі ауыл!
Қол күрестен өткен талай сын ауыр
Барша әлемді жалт қаратып жасындай,
Шардаралық спортсмен, тұр бауыр…
Төрткүл дүние жапырылды қоғадай,
Күн күлімдеп,
қолымызға қонады Ай.
Шырқау шыңын бағындырған бар елдің,
Шардарада туған бұлар Толағай.
2 студент
Әнұранын әуелетіп Алаштың,
Абыройың ақша бұлттан әрі ассын.
Бас игіздің бес құрлық, төрт мұхитқа,
Менменсіген енді өзіңмен санассын.
Бос кетпеді төккен терің Ел үшін,
Ертегіден болмады кем ер ісің.
Тау көтерген Толағайға төр ұсын,
Құтты болсын, Қазақстан, жеңісің!!!
3 студент
Туғанда тартысты шақ, талас күні,
Даламның сеніменен жарасты үні!
Оңыңнан айың туған шығар сенің –
Қолыңда тұрғандықтан Алаш туы!
Өзің боп өлеңменен өріліп гүл,
Өртейсің өн бойыңнан төгіліп нұр!
Киесін қарасаңшы топырақтың –
Көзіңнен қазақ руһы көрініп тұр!
Үмітін арқалаған құт мекеннің,
Бұдан соң, айтшы, сенен мықты екен кім?
Төріне Азияның шығып алып,
Көгіңе Алаш атын тік көтердің!!!
4 студент
Сен енді дүйім жұрттың ардағысың,
Шарықта!
Шартарапқа самға құсым!
Жерімнің қасиеті дем берген-ау,
Елімнің арқаласаң ар-намысын!
Қазақи бояу көрем сырт-өңіңнен,
Жанардан жасты қалай іркемін мен?!
Кеудемнің жарты шерін жұлып алдың-
Ол жеңіл емес еді зілтемірден!
Бойыңа боз Даламнан тарап тылсым,
Алашқа адамзатты қараттың шын!
Жалғасы Қажымұқан, Мұстафаның
Деуіме шынымен жарап тұрсың!!!
5 студент
Алла деп тағы алтынға ұмтыламыз,
Болсыншы естен кетпес бұл күн аңыз.
Армспорттан алдына жан салмаған,
Талай алтын әперген, тағы алтын алыңыз
Күні кеше еді ғой аттанғаны,
Алтынға дөп бұйырып хақтан бағы.
Апырай, қандай бақыт жеңімпаз боп,
Есімің дүние жұртқа жатталғаны.
Көп тілеуі көл деген атам қазақ,
Басыңа осы екен ғой бақ қонғаны.
Алтын алған Шардараға
Хабар да ел атынан хат жолдады!!!
6 студент
Қазақтың ойсырамай ұлы арманы,
Алла деп атқа қонсын ұландары.
Елімнің көк байрағын желбіретсін,
Қанатынан күн сүйген қырандары.
Жақсылық балуандай чемпион боп,
Көбейсін кіл қазақтың қуанғаны.
Ермахан мен Бекзаттай атой салып,
Биікті бағындырсын шынардағы.
Бақтияр мен Бақыттай бар қазақтың,
Арманын іске асырсын шығандағы.
Тәубесінен жаңылмай дүлділдерім,
Жадынан шығармасын бір Алланы!
Көсілсе қолтығын кең жаза алатын,
Балуандар мен Спортсмен азаматым.
Алла қолдап барлығың алтын алып,
Әлемге танытыңдар қазақ атын!!!
7 студент
Көтер қане!
Ел үмітін арқалаған екенсің,
Сен -жігерлі, сен -қайсарлы бекемсің.
Қарсыласты сен асырсаң бойыңнан,
Өзге елде көк туымды көтерсін.
Есе берме!
Ер емес пе ең алып жыққан атанды,
Көкіректен үзіп алма отанды
Қарсыласың құласа егер жер сүзіп,
Жерден биік көтергенің Отанды!!!
8 студент
Сілте қане!
Сермеп жібер қара күшті қолдағы,
Жеңіс алсаң туған елдің ол бағы.
Есіңде тұт асқақтатар дөп тисе,
Әнұранды боксшының қолғабы.
Желдей жүйткі!
Саған қарап таңдай қақсын әлемде,
Ізің қалсын алтын болып әр елде.
Қозғалтқышың тоқтамасын бас алға,
Көк туыңның рухы жатыр мәреңде.
1 студент
Көрсет қане!
Қайтпас қайсар бойда жігер көптігін,
Алтын түсті күн сәулеңді төк бүгін.
Алтын қолда, күміс белде, қола бар,
Ал желбіре көкте биік көк туым!!!
2 – жүргізуші
Тәуелсіз елдің чемпиондары, біздің жерлестеріміз спорт чемпиондары, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтарына сөз кезегін береміз.

ҚОНАҚТАРҒА СӨЗ

1 – жүргізуші
Қадірлі қонақтар біздің студенттеріміздің өздеріңізге қоятын сұрақтары бар екен.
2 – жүргізуші
Рұқсат берсеңіздер, сол сұрақтарға кезек берейік?!
CҰРАҚТАР:
Алғаш рет жеңіске жеткен кездеріңіз естеріңізде ме? Сол кезде қандай сезімде болдыңыздар?
Сіздің сабақ үлгеріміңіз қандай болған? Қандай сабақтарға қызығатын едіңіз?
Сіздер алғаш рет жаттыққанда арнайы спортзалдарыңыз болды ма?

Жеңіске жетіп, чемпионы атанғаннан кейін мінез-құлқыңызда өзгеріс болды ма?
Спортшылардың мықты спортшы болуы алдымен өзіне байланысты ма ия оның бапкеріне де байланысы бар ма?
Сіздердің шәкірттеріңіз бар ма?
Өз балаларыңыздың сіздер сияқты спортшы болғанын қалайсыздар ма?
Бала кезіңізде кім болғыңыз келетін?
Осы кезге дейін қанша жекпе жек өткіздіңіз? Қаншасында жеңіске жеттіңіз? Қайсы жекпе-жегіңіз ерекше есіңізде қалған?
Сіз ең алғашқы жаттықтырушыңыз жайында айтып берсеңіз
1 – жүргізуші
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
2 – жүргізуші
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. Осы ағаларымыздың ізін жалғастырушы біздің де жатақханамыздың жастары бар. Сол студенттеріміз өздерінің өнерін ортаға салып, күш сынаспақшы. Өздеріңіз осында әділ бағасын берсеңіздер:
1 – жүргізуші
Ортаға қол күреске менмін деген жатақханамыздың студенттерінен 60 кг дәрежесінде 3 студент шақырамыз.
2 – жүргізуші
Енді осы күш сынаспақ болып тұрған студенттерімізге өзінің бағасын беріп, төрелік ететін төрешіні қонақтарымыздан шақырайық. Ортаға келсеңіз
1 – жүргізуші
Рахмет, барлықтарыңызға. Орындарыңызға жайғаса берулеріңізге болады.
2 – жүргізуші
Чемпиондар бүгінгі кешіміздің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр, өлең мен күй,
Сіздер үшін алуан өнер шашулары
Сахнада сіздерге арнап орындалатын би Чемпиондар биі қабыл алыңыздар!

5 ҚОРЫТЫНДЫ

Құрметті ұстаздар, студенттер және қадірлі қонақтар! Осымен бүгінгі біздің «Біздің мақтанышымыз спорт жеңімпаздары» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.
1 – жүргізуші
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ер азаматтарымыздың айбыны арта берсін
2 – жүргізуші
Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
1 – жүргізуші
Белсене араласып, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

6 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • Интернеттен алынған материялдар
  • Сыныптан тыс жұмыстар
  • Спорттық газет – журналдар

«Біздің мақтанышымыз спорт жеңімпаздар» атты Шардаралық чемпиондарымен кездесу кешінің бағдарламасы

1 Ашылуы
2 Қонақтармен таныстыру
3 Бейнебаян
4 Би: Флеш-моб
5 Би: Спортсмендер
6 Поэзия
7 Қонақтарға сөз
8 Сұрақтар
9 Спорттық ойын. Қол күрес
10 Ән. Чемпиондар әні

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели