Сабақ тақырыбы Әлемде және Қазақстанда электр энергиясын өндірудің мысалдары.

Қарапайым электрондық операциялар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) әлемде және Қазақстанда электр энергиясын өндірудің мысалдарын келтіру ; электр сұлбаларын графикалық бейнелеуде электр тізбектерінің шартты белгілерін қолдану  және олардың маңызын түсіндіру

Электр тогының пайда болуы және  бар болуының  шарттарын түсіндіру;

Ток күшінің формуласын есептер шығаруда қолдану;

Сабақ мақсаттары Электр тогына анықтама беру;

Электр тогының пайда болуы шарттарына назар аудару;

Электр тогының қоршған ортаға әсерін зерттеу;

Электр энергиясының өндірудің түрлерін қарастыру;

Ток күшіне анықтама беру және формуланы қолдану;

Жетістік критерийлері Электр тогының физикалық мағынасын түсінеді;

 

Тілдік  мақсаттар

 

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Зарядталған денелердің қозғалысын сипаттайды және электр энергиясын өндіру процессін қарастырады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Иондар, электрондар, ток көзі,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Электр тогы дегеніміз…

Өткізгіштерде…қозғалады

Электр энергиясы … өткізіледі.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Сынды құрметпен және байсалды қабылдай отырып, басқалардың жұмысын сынай білу қабілетін дамыту.

Жұптық жұмыс: оқушылардың өзара сыпайылығын дамыту.

Есептерді шығару: оқушылардың еңбексүйгіштігін арттыру және проблемаларды шешуге деген талпынысын арттыру

 

Пәнаралық байланыстар География: электр энергиясын өндіретін станциялардың орналасуы;

Химия: оң және теріс иондар

АКТ қолдану дағдылары Ғаламтормен жұмыс істеу: ақпаратты табу
Бастапқы білім

 

Жаратылыстану; Атомның құрылысы.

 

 

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар
Сабақтың басы

0-5 мин

Оқушылармен сәлемдесу

Сабаққа дайындығын тексеру

Сабақтың ортасы

 

5-10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10-20 мин

 

 

 

 

 

20-25 мин

 

 

25-35 мин

 

35-40 мин

 

 

 

40-50 мин

 

50-60 мин

 

60-70 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

70-76 мин

 

 

76-78 мин

 

 

Өткен тоқсандағы тақырыптарды еске түсіру.

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Оқушылармен жауаптары қарастырылады.

Қызығушылықты ояту(Сократтық диалог)

–          Күнделікті өмірде, егер де үйімізде жарық жоқ болған кезінде, біз «ток өшіп қалды» деп айтамыз, сіздер оны қалай түсінесіз?

Оқушылар ток туралы өздерінің ақпаратын айтады.

Бізге, электр энергиясы электр станцияларынан сымдар арқылы келеді. Онда бұл сымдар өткізгіштер бола ма?(Йа)

-электр өрісін бізде қандай бөлшектер тудырады? (Зарядталған)

– Демек, бұл сымдардың ішінде зарядталған бөлшектер қозғалады.

Сонымен:

–          Электр тогы – зарядталған бөлшектердің реттелген(бағытталған) қозғалысы

 

Мағынаны ашу.

–          Сіздердің ойларыңызша, ток бір бағытта жүру үшін, не керек? (электр өрісі)

Оқушыларға ток көздері бойынша анықтама беру.

Демонстрация – электрофор машинасы?

 

Токтың пайда болу шарттарымен таныстыру

Электр тогының бағытымен таныстыру.

 

Электр сұлбаларды графикалық түрде бейнелеу.

 

Электр сұлбаларын графикалық бейнелеуде электр тізбектерінің шартты белгілерін қолдану  және олардың маңызын түсіндіру

Тапсырмалар: электр сұлбаларды жинау.

 

Ток күші. Ток күшінің өлшемі. – интерактивті презентациялар

Тапсырмалар: есептерді шығару

 

Топтық жұмыс:

Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-      Қазақстандағы энергетика

2-      Әлемдегі энергетика

Оқушылар берілген тақырыптар бойынша постер/презентация жасайды

1 – Электр энергиясының өндіретін түрлерін қарастыру

2 – Жаңашыл технологиялар

3 – Экологияға әсері

4-Картада көрсету (неге сол жерде орналастырылған түсіндіру). Бір станция бойынша

Оқушылар берілген тақырыптар бойынша өздерінің жасаға постерлерін қорғайды. Регламенті – 2(3) минут.

 

Ақпаратты жалпылау (Видео)

https://twig-bilim.kz/film/what-is-electricity-5805/

 

 

Қосымша 1

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

Электрофор машинасы

 

 

 

Слайд

 

https://twig-bilim.kz/film/glossary/electric-current-5257/

 

Сабақтың соңы

78-80 мин

Рефлексия:

Стикерлермен жұмыс жасау; 2 жұлдыз 1 тілек.

Үй жұмысы:  Электр тогының әрекеті(химиялық, магниттік, жылулық)

Стикерлер.
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар электр тогының пайда болуы шарттарын біледі. Ток күшінің мағынасы мен өлшем бірлігін біледі. Ток күшінің формуласын есептерді шығару кезінде қолданады.

Оқушылардың көбі электр сұлбаларын сыза алады және көрсете алады.

Кейбір оқушылар жоғары деңгейлі есептерді шығарады.

 

(1)   Өзін-өзі бағалау

(2)   Топпен жұмыс

(3)   Топтардың бағалануы

(4)   Есептерді шығаруы

Физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау. Электростатикалық өрістің техникаға қатер туғызбауын қадағалау.
Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели