Әлеуметтік жұмыстың ізгілік мазмұны. Адамгершілік нормалар моральдың құрылымды негізі ретінде. Моральдық нормалар, принциптер, мұраттар, критерийлар туралы жалпы тұсінік. Әлеуметтік жұмыстағы әділдік, жауапкершілік, мейірімділіктін орны. Әлеуметтік жұмысты моралдық реттеу негіздері. Әлеуметтік жұмыстың моральдық ережелері. Әлеуметтік жұмыстың принциптері мен нормаларының тарихи даму тенденциялары.

 

Ізгілік (латынша Нumanitas — адам табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды. Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.

Ізгілік — әдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді, моральдық-қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке қарама-қарсы ұғым — зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік қызметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады — жақсылық, қайырымдылық, әділеттілік және т.б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды; бұлар игілікпен теңдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді. Бірсыпыра жағдайларда жеке және жалпы мүшелерді қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдар арасындағы, өткінші жағдайлардың ықпалымен жасалған бағамдаулар мен жалпы адамзаттық негізі бар пайымдаулар арасындағы, субъективтік тілектерден не сол сәттегі көкейкесті қажеттіліктерден туындаған шешімдер мен мұрат жолындағы құлшыныстан туыңдаған шешімдер арасындағы шектерді дұрыс анықтау қиынға соғады.

Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну — мұратқа ұмтылған адамның өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысын бейнелейді.

Ізгілік зұлымдыққа антитеза ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаның іс-әрекетінде, қасиеттерінде бейнеленеді. Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі бағыттылыққа ие болады. Адам ізгілікті таңдағанда зұлымдыққа қатысып анықтап алуға, оны жою қажеттігін, ізгілік пен зұлымдықтың осы қарама-қарсылығын туғызған себептерді жеңу керектігін ұғынуға тиіс. Ізгілік идеясы зұлымдыққа қарама- қарсы болғандықтан ғана емес, адамның басқа алдындағы және өзінің алдындағы міндеттері жүзеге асырылғанда өзінің әлеуметтік нақты мәніне ие болады. Ізгілік пен парыздың қатынасы проблемасьін сонау классикалық философия қойған болатын. Бұл ұғымдар идеялық түрде адамдардың мінез-құлқын реттеу амалдарының әр алуан, өзара тәуелді сәттерін бейнелейді. Ізгілік мақсат ретінде адамдардың мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасайды да, осы арқылы әлеуметтік талап, міндеткерлік түрінде көрінеді.

 

Әлеуметтік жұмыс мамандығы ресми түрде ХХ ғасырда пайда болды, бірақ та мұқтаждарға қамқор болатын, көмек беретін адамдар ежелгі заманнан бері өз ісін атқаруда. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінен бастап туыстастарына көмек беру, жолаушыны қонақ ретінде құрметтеп, оған сый сыйлау, соғыс кезінде жаралы жауынгердің жарасын тану, жесір-жетімдерді асырау, сол сияқты кез келген мейірбандық көрінісі әлеуметтік жұмысқа жақын, оның құрам бөлігі болып табылады. Сол көмекті жүзеге асыратын адамдардың барлығы әлеуметтік жұмысты өзектендіріп, бүгінгі таңда оның дербес мамандыққа айналуына ат салысқан адамдар. Өзімізге әлеуметтік жұмыскер кім, және қандай қызмет атқырады деген сұрақ қойсақ, мынадай жауап алар едік:

Ерекше лауазымға ие, қоғамның әлеуметтік денсаулығын қамтамасыз ететін маман. Әлеуметтік қызметкердің құқықтары мен міндеттері қазіргі заңнамаға сәйкес болып табылады. Әлеуметтік қызметкерге қойылатын талаптар мен міндеттер әр қилы, себебі әлеуметтік жұмыс бірнеше ғылымдармен ұштасып жатқан универсалды ғылым. Әлеуметтік жұмыскер жұмысқа тұру үшін мамандығы сәйкес келетін әлеуметтік сферадағы жұмыс берушімен келісімшартқа отырады, ал олардың көмегін алу үшін адамдар арыз жазып, сол жұмыс орынының бастығымен келісімшарт жасалынады.

Ең басты әлеуметтік жұмыскер бауырмалдық пен аяушылық қасиеттеріне ие болуы тиіс, себебі әлеуметтік жұмыс көмегіне тек өмірлік жолында көптеген қиындықтар көрген, бақытсыз адамдар жүгінеді. Олардың көбі өмірден түнілген, үнемі пессимистік көңіл күйде болады. Әлеуметтік жұмыскердің коммуникативтілігі жоғары болуы керек, себебі ол жұмыс барысымен көптеген адамдармен араласуы, әр алуан мекемелермен байланыс орнатуы тиіс.

Әлеуметтік жұмыскер абсолютті шыншыл болуы тиіс, себебі ол біреудің ақшасымен жұмыс істеуі мүмкін, ал деңсаулығына тоқталсақ, қамқорлыққа алынған адамдарға кез келген уақытта, ауа-райына қарамай шықырылуы мүмкін, және ауыр сөмкелерді көтеруі де мүмкін, сондықтан денсаулығы мінсіз болуы қажет. Жинақылық пен мұқияттылықтың да маңызы зор. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыскердің еске сақтау қабілеті жоғыры болуы тиіс, қамқорлығына алған адамдардың түрлерін, өмірлік хикаяларын, тұрмыс жағдайын біліп, есте сақтауы керек. Соған байланысты көмек көрсету жоспарын құрап, жоспар бойынша көмек көрсетуі тиіс. Демек, әлеуметтік жұмыспен айналысу үшін, әлеуметтік жұмыскердің тұлғалық қасиеттерінін маңызы зор.

Оқу барысында профессионалдық қасиеттер қалыптасады. Оларға әлеуметтік жұмыстың әдіс-тәсілдерін білу, сөйлеу этикетін меңгеру, сөз арқылы психотерапия жүргізу, т.с.с көптеген аспектілерді білуі тиіс. Алайда, тек қана профессионалдық дағдылар мен білімділіктіліктерге сүйеніп әлеуметтік жұмыспен айналысу мүмкін емес, солай болған жағдайда әлеуметтік жұмыс химия немесе информатика сияөты техникалық мамандыққа айналып кетеді Адамда міндетті түрде эмпатия қасиеті болуы тиіс.

Тұлғалық және профессионалдық қасиеттері қосылып әлеуметтік жұмыскердін профессионалдық сана сезімін қалыптастырады.

 

1.Әлеуметтік жұмыстағы философиялық концепциялар.

2.Әлеуметтік жұмыстың адамгершілік-гумандық сипаты.

3.Тұлғаны әлеуметтік түсіндірудегі гуманистік психология (А.Маслоу, К.Роджерс, К.Гольдштейн).

Әлеуметтік жұмыс клиентін зерттеу ХІХ ғасырдан басталады. Адамның жеке әрекеттерін, оның мінез-құлқын, эмоционалды реакциялармен түсіндіруде әлеуметтік жұмыс мектептері мен бағыттары З.Фрейд, К.Юнг, К.Роджерс, А.Mаслоу, Э.Эриксон және тағы да басқа психологтар мен психиатрлардың идеясы мен концепциясына сүйенеді.

«Клиент» толық қызмет атқаратын адам болуы үшін клиентке деген эмпататияға, адалдыққа негізделген теорапиялық шарттарды жүзеге асыруға қатысу керектігін көреміз.

Мінез-құлық, жеке сапалар, әлеуметтік статус, пайда болған немесе жоғалған әлеуметтік рөлдер – бұл адамның өмір позициясының өзгеруіне және клиент рөлін игеруге әсер ететін маңызды доминанттар болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, адамдардың өзі, олардың отбасы мүшелерінің біреуі болса да, достары, көршілері, тіпті басшылары да клиент ретінде ерекше клиентәсіптегі мамандар – әлеуметтік қызметкерлерді қажетсінеді.

Жалпы, клиентке қолданылатын барлық төмендегі тәсілдерді:

  • теориялық;
  • психологиялық;
  • психодинамикалық, гуманистік тәсілдер жан-жақты пайдаланады.

Әлеуметтік қызметкерге өз проблемасын шешуге көмектесу өтінішімен барған және ынтымақтастық туралы сәйкес келісім-шарт жасаған субъектілер – клиентура жүйесін толығымен қарастырамыз.

Әлеуметтік жұмыскердің клиентпен жұмыс істеуіндегі кәсіби дайындығы мен оның біліктілігі. Бұл тақырып әлеуметтік жұмыс теориясының маңызды ажырамас бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары елімізде қалыптасып келе жатқан «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

 

Дәріске әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар:

Материалдарды меңгеру барысында әлеуметтік жұмыстың қоғамдық-философиялық феномен екеніне көңіл бөліп, адамды түсінудегі гуманистік подходтарға, оның негізгі бағыттарына салыстырмалы талдау жасау керек.

Гуманистік психология өкілдерінің (К.Юнг, А.Маслоу, К.Роджерс, К.Гольдштейн) пікірлеріне қосыла отырып, әлеуметтік жұмыстың тұлғаны түсінудегі гуманды бағыттырын меңгеруге болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Медведева Н.О. Этика социальной работы. М., 2010.
  2. Социальная работа: теория и практика: Учеб. пособие / Отв. ред. д.и.н., проф. Е.А.Холостова, д.и.н., проф. А.С. Сорвина. – М: ИНФРА – М, 2009. – 427 с.
  3. Теория социальной работы: Учебник / Под. ред. проф. Е.И Холостовой. – М: Юристъ, 2010 – 334 с.
  4. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д.Павленок. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: ИНФРА – М, 2012. – 395 с.
  5. Тетерский С.В., Введение в социальную работу: Учебное пособие. – М.: Академический Проект, 2011. – 496 с.

 

Похожие записи

Әлеуметтану

Әлеуметтік жұмыстың мұраттары мен моральдық құндылықтары

  Әлеуметтік жұмыскер іс-әрекетінін негізгі категориялары: адалдық, мейірімділік, борыш, қайырымдылық, жауапкершілік, т.б. Әлеуметтік жұмыс кәсіп ретінде. Қайырымдылық туралы түсінік. Әлеуметтік жұмыскердін кәсіби кодексі. Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын моральдық талаптар. Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыру құралдары мен Подробнее…

Әлеуметтану

Әлеуметтік қызметкердің профессиограммасына қойылатын талаптар

  Заманауи қоғамның адамгершілік қатынастар жүйесінде кәсіби моральдың атқаратын рөлі мен алатын орны. Әртүрлі кәсіптерде қойылатын талаптардың мазмұны мен ерекшеліктері. Кәсіби моральдың түрлері. Заманауи әлеуметтік жұмыскердін кәсіби этикасы. Әлеуметтік жұмыскердін кәсіби этикасының негізгі ұғымдары және Подробнее…

%d такие блоггеры, как: