Фотоэффект құбылысы техникада және өндiрiсте әртүрлi үрдiстердi автоматтандыруда кеңiнен қолданылады. Осы құбылыстың негiзiнде жұмыс iстейтiн құралдарды фотоэлементтер деп атайды. Фотоэлемменттердiң өздерiне жарық түскенiн, немесе түскен жарықтың интенсивтiлiгi аз ғана өзгерiсiнiң өзiн лезде сезе алуы оны фотореле деп аталатын аса сезiмтал құрал ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бередi.

(6.3)

 

6.3 – сурет

 

Жартылай өткiзгiштердегi тундылайтын iшкi фотоэффект құбылысы онда қосымша электрондар мен кемтiктердiң пайда болуына алып келедi. Бұл жартылай өткiзгiштiң ток өткiзу қабiлетiн елеулi арттырады. Оны әдетте фотоөткiзгiштiк деп атайды. Осы фотоөткiзгiштiк құбылысына негiзделген құралдарды фотокедергiлер деп атайды. Қарапайым фотокедергiнi әдетте изолятор пластиналарға жартылай өткiзгiштiң жұқа қабатын жағу арқылы жасайды. Мұндай пластиналарға жарық түскен кезде фотоэффект салдарынан туындылаған электрондар мен кемтiктердiң арқасында тiзбекте фотоөткiзгiштiк пайда болып, ол арқылы ток өте бастайды. Өтетiн токтың шамасы кедергiден тәуелдi болғандықтан бұл құрал жарық ағынының өзгерiсiн тiкелей электр сигналдарына айналдыруға мүмкiндiк бередi. Мұндай фотокедергiлер дыбысты кинода, теледидарда, автоматтандыру мен телемеханикада кеңiнен қолданылады.

Фотокедергiлер адамдар тiкелей бақылай алмайтын жердегi өтiп жатқан өндiрiстiк үрдiстердiң қалыпты өтуiн жiтi бақылай алады. Бұл үрдiстердiң қалыпты өтуi бұзылатын болса сәйкес фотокедергiге түсетiн жарық ағыны өзгередi де бiз оны фототоктың қалыптан тыс өзгерiсi арқылы сезiп, үрдiске сәйкес түзетулер жасаймыз.

Фотокедергiлер сонымен қатар әртүрлi халық тұтынатын заттарды өлшемдерi мен түрлерiне қарата iрiктеуге мүмкiндiк бередi. Қарапайым фотокедергiлер метро стансаларына кiре берiсте жолаушылардың жолақыны дұрыс төлеуiн қадағалайды.

Похожие записи

Атомдық физика

Бор постулаттары. Бор жасаған сутегi атомының моделi

Атомның ядролық моделi α-бөлшектердiң жұқа алтын фольгадан шашырауын дұрыс түсiндiргенiмен екiншi жағынан басқа қиындыққа жолықты. Оның мәнiсi мынада болатын. Классикалық электродинамика заңдары тұрғысынан атомның планетарлық моделi тәрiздес жүйелер орнықты болмауы тиiс едi. Себебi, электрон ядроны Подробнее…

Кванттық физика

Элементар бөлшектердiң толқындық қасиеттерi. Корпускулалы-толқындық дуализм. Зат және өрiс

Жоғарыдағы қарастырылған құбылыстар жарық қасиетiндегi екiжақтылықты көрсетедi. Бiр жағынан интерференция, дифракция және диперсия тәрiздi құбылыстар жарықтың толқындық қасиетiн дәлелдесе, екiншi жағынан шымқай қара дененiң сәуле шығаруы, фотоэффект тәрiздi құбылыстар жарықтың фотондар деп аталатын бөлшектерден (корпускулалардан) Подробнее…

Кванттық физика

Жарық қысымы. Лебедев тәжiрибелерi

Максвеллдiң электромагниттiк теориясынан жарық толқындары қандай да бiр бетке жұтылып немесе одан шағылған кезде оған қысым түсiретiндiгi шығады. Бұл теория беретiн ол қысымның мәнi мынаған тең p=(1+R)ωорт (6.4)   Мұндағы R – толқынның өзi түскен беттен шағылысу Подробнее…

%d такие блоггеры, как: