ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ

 

Бағалау – оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты санат. Осы санат бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативтік бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқыту үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.

Модуль мұғалімдерге:

  • бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
  • бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
  • бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;
  • әрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын/жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.

 

Заманауи түсінік

 

Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі нысаны да білім беру жүйесіне қажет-ақ. Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі (яғни, анықтайтын мәнге ие) мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкіндіктерін, осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау формативтік бағалау, басқаша айтқанда, оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.

 

Бағалаудың мәні

 

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән. Бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

  • қадағалау;
  • алынған мәліметтердің интерпретациясы;
  • бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

 

Қадағалау

Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.

 

Интерпретация

Интерпретация қызығушылық тудыратын, яғни, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрліне қатысты жүргізіледі. Мұндай параметрлерді көбінесе өлшем деп атайды және оларды оқыту мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау бөлігі ретіндегі бақылау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпынуға болады немесе интерпретацияны логикалық тұрғыдан мінез-құлықтан шығаруға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның санамен ойлауының нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде логикалық қорытынды деп атайды.

 

Қорытынды

Мәліметтерді интерпретациялау негізінде бағалауды қамтитын қорытынды жасалады. Бұл кезеңде бағалау үдерісі ол қызмет ететін түрлі мақсаттарға және ақпарат қолданылатын тағайындауларға сәйкес түрліше ұсынылған.

 

Оқуды бағалау

Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанда жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы.

 

Оқыту үшін бағалау

ОүБ кезінде бақылау, интерпретация және өлшемдер оқытуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды және шешім басқа сипатта болады. Негізінен, ОүБ балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Осылайша, ОүБ қорытындысы бұдан әрі дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.

Бағалау Реформасының Тобы (2002а) оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді:

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді.

 

Жиынтық мәліметтерді формативті пайдалану

Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер әдетте «мәліметтер» деп аталады. Жинақталған жиынтық мәліметтер жұмыс үлгісін сәйкестендіруді және күтілетін деңгейден жоғары немесе төмен дәрежеде жұмыс істейтін топтарға мұғалімдерден ерекше назар аударуды қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жөніндегі Халықаралық бағдарлама (PISA) ОЭСР сияқты Халықаралық зерттеулер қатысушы-елдерден оқушылар міндетті оқыту курсын аяқтаған соң игерген қоғам өміріне толыққанды қатысу үшін қажетті білім мен икемділік қаншалықты дәрежеде екендігі туралы «мәліметтерді» жинақтауға бағытталған. Дегенмен, мұндай «мәліметтердің» қалай жиналатындығын анықтап, келтірілген қорытындыларға қайтадан талдау жүргізу қажет.

Мектептер бұдан әрі «мәліметтердің» алыну себептерін білу мен бұдан кейінгі іс-әрекеттерін жоспарлау үшін «мәліметтерді» жинайды. Осылайша, жеке оқушы деңгейінде жиынтық бағалау жетістіктер деңгейін және оқушының әрі қарай дамуы үшін мақсат ретінде берілетін кейінгі деңгейлерді анықтау үшін қолданылады. Бірақ, бұдан кейінгі кезеңдерде оқушыларды қолдауды қамтамасыз ету басты міндет болатын болса, онда балл мен деңгейлерді анықтау үшін ұсынылатын негіздемелер мен өлшемдер міндетті түрде аса мұқият зерделенуге тиіс. Орындалған тапсырманың негізгі аспектілеріне қатысты сапалы ақпарат оқушылармен кері байланыс үшін қолданылу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Мысалы, егер балаға оның белгілі деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Осы тұрғысынан жиынтық бағалау (сандық түрде) басты болып табылмайды және мұғалім олар негізделген мәліметтерге (бақылау және интерпретация) қайтып оралады. Одан кейін мұғалім бұл мәліметтер оқушының оқу деңгейін қалай анықтайтындығы туралы, оған қандай деңгейге жету керек және мұны қалай жасау керек екендігі туралы формативті бағалау (ауызша түрде) құрады.

Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқуды бағалау оқыту үшін бағалауға ауыстырылуы мүмкін. Бірақ бұл тікелей оқытуға үлес қосатын мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, ол оқыту үшін бағалауды ескере отырып жоспарланған бағалаумен салыстырғанда, бұл мақсат үшін онша сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін жиынтық бағалауға қарағанда сыртқы тестілер анағұрлым проблемалы болып табылады, себебі мұғалімдерде балдар мен деңгейлерге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді, оның үстіне мұғалім жиі кездесетін қателер талдауын қолдана алады.

 

 

Мұғалімдер үшін маңызы

Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиісті, яғни бұл ретте: дәрісханада тек емтихан өткізуді ғана емес, сонымен бірге емтихан неге және кім үшін өткізілетінін білуге тиісті. Бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесі төменде қысқаша айтылған.

Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және арифметика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстары қайталап өткізуге болады.

Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін). Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.

Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.

Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы (жоғары) оқыту немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте оқушылар топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейінгі бағалаудың белгілі нысаны болады.

Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талдауы халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған, одан басқа стандарттың микро және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікке бақылау үшін ұлттық және жергілікті тестілер қолданылады.

Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.

 

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:

  • Оны әзірлеудегі және тәжірибеде қолданудағы бірінші басымдық оқушылардың оқуына көмектесу мақсатына бағындыру болып табылады.
  • Бағалау мұғалімдер және оқушылар өзін-өзі және өзара бағалау үшін кері байланыс ретінде пайдаланатын ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады.

 

Блэк пен Уильямның түпнұсқалық зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік» сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болды (10-сурет). Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс алдамшы қарапайым бес түйінді фактормен байланысты екендігін көрсетті:

  • Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.
  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.
  • Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
  • Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

фывфыв

10-сурет. Оқушының өзін өзі бағалауын дамыту

 

 

  Пайдаланылған әдебиет 

 

Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Мәдениет пен педагогика] Wiley-Blackwell

Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным] University of Cambridge Faculty of Education.

Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning. [Тестілеу, қызықтыру және оқыту] University of Cambridge Faculty of Education.

Black, P. and Wiliam, D. (1989a) Assessment and Classroom Learning, Assessment in Education: Principles, Policy and Practice [Бағалау және сыныпты оқыту, білім беру саласындағы баға: ұстанымдар, саясат пен практика]. 5 (1): 5-75.

Black, P. and Wiliam, D. (1998b) Inside the black box: raising standards through classroom assessment [Қара жәшіктің іші: сыныпты бағалау арқылы стандарттарды арттыру]. King’s College London, School of Education (now available from NFER/Nelson).

 

%d такие блоггеры, как: