Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар

Опубликовано Опубликовано в рубрике Психология
Назар аударыңыз!
Материал авторлық! Көшірме жасаған кезіңізде, авторды мен сілтемені көрсетуіңіз керек!
   Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті , №110 мектеп-лицейінің психолог-логопеді Аметова Инкар  Касымхановна

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар  

Педагогика ғылымының негізгі қағидасы бойынша мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бала ең алдымен сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды мейлінше жатық,өте айқын және мүлтіксіз таза айта білуді міндетті түрде меңгеруі тиіс. Сондықтан да кез келген мүкістік  сөйлеу тілінде тұрақталып түзелуі қиын күрделі кемістіктерге айналып кетпей тұрғанда міндетті түрде мектеп жасына дейін түзетіліп,жойылуға тиіс.Өйткені, баланың сөйлеу тілінің үдемелі қарқынмен дамып  тез жетілетін шағы дәл осы мектеп жасына дейінгі кезеңі екенін ескеру қажет.

Сонымен қатар,бұл кезеңде баланың сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттері уылжыған жас,балбырап тұрған жұмсақ,түзетуге икемді,созылып,иілгіш келеді.

Психикалық дамуында тоқырауы бар балалардың сөйлеу тілінде мынадай ақаулықтар болады:жалпы тіл кемістігінің ІІІ және ІV деңгейі,фонетика-фонематикасының толық дамымауы,дислекция,дизграфия.

 ЖТК-есту қабілеті мен өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық,мағыналық жағына қатысты сөйлеу тіл құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әр түрлі күрделі тіл кемістігі.ЖТК- ІV деңгейі болады.

  ЖТК ІІІ  деңгейіндегі сөйлеу тілінің бұзылуы:

-Ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейді,дұрыс қолданбайды.;

-Тілдің грамматикалық жағынан дамымауы;

-Сөйлегенде тек жәй сөздерді қолданады;

-Дыбыстық талдау,жинақтау әдісін меңгеруде қиналады.

Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа оқу және жазу тілінің бұзылуы болады.

Сөйлеу тілінің түрлі мүкістіктері бар балалар жазуды және оқуды меңгеріп кетуге шамалары келмейді.

 Дислексия-оқи алмау,дауыстап оқудың қиналуы,оқу процесінің бұзылуы.

 Дизграфия-жазу қабілетінің бұзылуы,грамматикалық ережелерді білгенімен сөздерді,сөйввлемдерді қате жазады.

 Дизграфиялық қателердің ерекшеліктеріне жататындар:Ерекше фонетикалық алмастырулар,Бұл қателер сөйлеу мүшелерінің және әуезінің нәзік белгілерімен ғана айыруға болатын бір топқа жататын дыбыстарды дыбыстарды айыруының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған ысқырықжәне ызың,ұяң және қатаң,жуан және жіңішке, Р және Л дауыссыз дыбыстарды алмастыру және орындарын жаңылыстыру,сонымен бірге дауысты дыбыстарды да алмастыру жатады.

Сөздің буындық құрылысының бұзылуы.

Бұған дыбыстарды ажыратуды және бөлуді ғана емес, сонымен бірге олардың жүйелілігін анықтауды да білмеуі жатады.Бұнда жекелеген дыбыстарды және тұтас буындарды түсіріп қалдырады,дыбыстардың немесе буындардың орынын ауыстырады,бір сөзді бөліп ,екі сөзді қосып жазады.

Грамматикалық қателері.Бұл қателер жазылуының грамматикалық жағының қалыптасу барысының жеткіліксіздігін көрсетеді.Бұл жалғаулардың,көмекші сөздердің,септік жалғауларының түсіп қалуы немесе қолданылмауы.

Дизграфияға ілеспелі қателер.

Орфографиялық қателер.

Екпін түспейтін дауысты дыбыстарда ұяң және қатаң  дыбыстар әріпін сөздің аяғында дұрыс жазбау.

Графикалық қателер.

Әріптердің жазылуындағы ұқсастықтар.(И-дің орнына Ш жазу,Л-әрпінің орнына М жазу және жазылуындағы белгілері бойынша Б-ның орнына Д жазу,т.б)

Дизграфия мен дислексиясының пайда болуы фонематикасының толық дамымауының есебінен екендігі ғылыми түрде дәлелденген.

Сонымен, балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлеу тілінің дамуынан,фонематикалық түйсігінің толық қалыспағандығынан немесе сөйлеу тілінің барлық сыңарларыФонетика –Фонематикасының және лексико-грамматикасының толық дамымауының нәтижесінде пайда болатындығы дәлелденген.

Мектепте оқитын ересек және орта жастағы балалардың арасындағы ең көп тарағаны дыбыстарды бұзып айту ақаулықтары.Бұл топқа жататын есту қабілеті дұрыс балалар жеке дыбыстарды.бір немесе бірнеше топтағы (мысалы: ызың және ысқырық,ызың және африкаттар)дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы байқалады.Бұл балалардың сөйлеу тілінің дыбыстар жағын мұқият тексерген кезде солардың ішіндегі кейбіреулерінің дыбыстарды айтуы.сөздің құрамындағы буындық ырғақтың,дыбыстық түсінігінің барлық элементтерінің жиынтығының қалыптаспағандығын көрсетеді.Бұл сияқты ауытқулардың ерекшеліктері оқу мен жазу дағдыларын меңгеруіне қауіпті.

    ФФТД-ол қабылдау туйсігі мен дыбыстардың айтылуындағы ақаулардың салдарынан болған сөйлеу тілінің әр түрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылуы жүйесіндегі қалыптасу барысының бұзылуы.

    ФФТД-ың сипаттайтын негізгі көріністер:

Жұп немесе топ дыбыстардың айтылуын ажырата алмауы.Мұндай жағдайда бір дыбыс екі немесе тіпті үш дыбысты да алмастыра береді.Мысалы:Т дыбысы С,Ч,Ш дыбыстарының орнына айтылады.

Бір дыбыстардың басқалармен алмастырылуы. Баланың сөйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар,айтылуы қиын дыбыстарды алмастырады. Мысалы:Лдыбысы Рдыбысына, Ф дыбысы мен Ш дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.

Осы балалардың ана тілін меңгеріп ,дұрыс, сауатты сөйлеуінде логопедиялық жұмыстардың маңызы зор.