Әлеуметтік жұмыстың этикасы.

  • Кәсіби жұмыстың моральдық адамгершілік негіздері.
  • Әлеуметтік көмекті талап ететін әлеуметтік топтар.
  • Әлеуметтік жұмыстағы мамандардын мінез-құлығы.
  • Әлеуметтік жұмыс этикасының негізгі мақсаттары мен міндеттері.
  • Әлеуметтік жұмыстың қалыптасуындағы моральдың алатын орны.
  • Әлеуметтік жұмыстың этикасы философиялық білім ретінде.

 

«Әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздері» курсы әлеуметтік жұмыстың кәсіби этиканың ғылыми негізі, оның мәні, принципі, мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері ашылады. Тақырыптар әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздерірін дәлелдейді; қазіргі кездегі этиканың мәнін ашып қарастырады. Бұл курс мамандарды педагогикалық, әлеуметтік жағынан дайындау жүйесінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық ой-өрісін дамыту, педагогикалық заңдылықтарға сәйкес шешім таба білу, этикалық принциптерін іске асыруда шешуші орын алады. Студенттердің болашық кәсіптік мамандықтарының бағытын анықтауға, әсіресе олардың ыңтасын қалыптасуда осы курс зор ықпал жасайды.

Пәнді оқыту мақсаты: Кәсіби этикалық негіздері әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыты ретінде олардың кәсіби әрекеттерінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасын беру.

Пәнді оқыту міндеттері:

– әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этиканың ғылыми теориямен қаруландыру;

– әлеуметтік жұмыстың кәсіби-этикалық негіздерінің принциптерін білу болашақ мұғалімдердің әлеуметтік қызмет пен педагогика ғылымына қызығушылығын дамыту;

– әлеуметтік жұмыстың кәсіби міндеттерін анықтау;

– әлеуметтік жұмыстың әдістері мен құралдарың тәжірибеде қолдану, оларды әртүрлі педагогикалық ситуацияларға қарап талдауға үйрету.

Клиенттермен жұмыс жүргізуде әлеуметтік өмірдің түрлі жақтарын ескере отырып тиімді жолдарын құрастыру. Әртүрлі категориядағы клиенттермен жұмыс барысындағы дифференциялық жолдарын сандық-сапалық тұрғыдан талдап баяндау.

Курстың міндеттері:

-Студенттерді әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздері пәнінің ілімімен, оның білім беру саласындағы ролімен, әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы ғылымының жүйесімен таныстыру;

– Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздері пәнінің теориясының ғылыми таным дамуындағы методологиялық қызметін, оның жалпы ғылыми және арнайы қолданбалы әдістерінің ролін үйрету;

– Әлеуметтік жұмыстың кәсіби этикалық негіздерінің педагогикалық-психологиялық мәселелерін (клиентпен жұмыс жасау кезеңдерінің сапасын бағалаудағы талаптары және олардың түрлері; балалар-жасөспірімдер және жастар бірлестігі мен топтардағы әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік өмірдің түрлі жақтарын ескере тиімді жолдарын құрастыру, т.б.) анықтай білуге үйрету;

 

Этика – бұл философиялық ғылым, қоғамдық сананың формасы, қоғамдық қатынастардың түрі. Этика (грекшесі, қазақшасы-әдет, мінез-құлық) – мораль туралы, оның шығуы мен дамуы туралы, адамның өмір сүруі салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын адамгершіліктің түрлі қоғамдық құрылыстарға сан алуан формалары мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Этика нормативті этика (этикалық норма) және мораль теориясы кіреді.

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген.

Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады.

Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Этикалылық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.ЮмныңАдамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.

Этикалық норма – адамдардың ұқсас қылық-мінездерін жалпы ережелер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеп отыратын адамгершілік қағидалар формасы. Этикалық норма – ешкімнің жарлығымен немесе үкімет шешімімен болмайды, дәстүр, қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс. Этикалық норма жалпы адамзаттық, таптық сипатта болады. Бұл қоғамдық-экономикалық формацияның ауысу кезеңде ескі этикалық норма жаңа этикалық нормамен күреске түседі. Этикалық норма және мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа тәрбиелеуде, адамгершілік тәрбиесі теориясы мен тәжрибесін дамытуда елеулі орын алады. Этикалық норма ен мораль теориясының негізіндегі моральдың түрлері: ұжымдық, гуманистік, қарекетлил, белсенді мораль болып бөлінеді.

Кеңес дәуірінде ұжымдық мораль бірінші орында болатын. Қазір бірінші орында белсенді, қаракетшіл мораль. Ол жеке адамды еңбектегі және күнделікті тірліктегі іс-әрекетімен белгіленеді. «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар», деген қағида осыдан шыққан. Қаракетшіл моральдың екі жағы бар: өзім үшін, ұжым үшін. Әрбір өнегелі азамат қоғам өміріне қайшы жағымсыз құбылыстармен (мансапқорлық, алдау, сөзінде тұрмау, кертартпалық, нысапсыздық, әділетсіздік т.б.) тікелей күресіп, жағымсыз қылықтарға тосқауыл қоюы керек.

Мораль (латыншасы маралис, қазақшасы-әдет-ғұрып) – әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізгіліктілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып тағы басқа) бейнелейтін қоғамдық сананның бір түрі. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмірсүру ережелерінің, адамдардың мінез құлықтары нормаларының жиынтығы. Моральдің сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір топтың, әлеуметтік, топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр түрлі көз қарас болағандықтан, мүдделер де қарама-қайшы болады, әр түрлі моральдар қатар өмір сүреді.

Бүгінгі жағдайда бұрынғы кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерді. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында – еңбекте, тұрмысты, саясатта, ғылымда, отбасында, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланысты.

Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.

Гуманистік мораль шынайы адамгершілік қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты, ізеттілікті, адалдықты, кішіпейілділікті, қарапайымдылықты, қайырымдылықты қуаттап уағыздайды. Ұжымдық мораль. Моральдың бұл түрі бүгінгі кішігірім ұйым, қоғам, серіктестік, жеке қожалық т.б. кездеседі. Шынайы ұжымдық моральдің ұраны «У жесең де руыңмен же», немесе «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін». Мұндай принцип өзімшілдікпен, менмендікпен, пайдакүнемдікпен сыйыспайды, жалпыхалықтық, ұжымдық мүдделерді ұштастырады. Әр қоғамда бүкіл адам баласына тән ұзақ уақыт өзгермейтін моральдық этикалық нормалар бар. Бұл халықтың ұлттық әдеп-ғұрыптары, қалыптасқан дәстүрлер. Осылар ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастарға үлкен әсер етеді, ықпал жасайды.

Моральдың құрылымы:

Моральдық сана: а) рационалдық деңгейі: этикалық қағидалар, құлық ережелері туралы білімдер, сенімдер. Сенімдер адамның моральдық ұстанымдарын білдіреді; б) эмоционалды деңгейі: сезімдер, қатынастар, эмоциялар.

Моральдық құлық (поступок), іс-әрекет адамгершілік сезімдер, сенімдер негізінде іске асады.

Адамдардың бірлесе өмір сүру тәжірибесінен, мәдениеттің дамуынан Моральдық нормалар шыққан және оның орындалуын қоғамдық пікір қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын қалыптар Мораль ережелері болып қабылданады. Жеке тұлға қоғамның әдеп мәдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға Моральдық баға бере алады. Нәтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта алатын субъектіге айналып, оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді жоғары Моральдық, кісілік қасиеттер қалыптасады. Моральдық сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана әрекет етеді. Мәжбүрлеп істелген іске Моральдық баға беру қиын. Сондықтан Моральдық санада мотив, пиғыл, мақсат мәселелері алдыңғы қатарға шығады. Моральдық сананың үш сатысы болады. Біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін, яғни Моральдық қажеттіктер мен қабілеттерді, эмоциялар мен сезімдерді, т.б. қамтиды. Әдептік сананың екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен Моральдық түсініктер жатады. Рационалды Мораль, әдетте әр түрлі әдептілік ережелерінен, адамгершілік туралы этик. теориялардан тұрады. Моральдық сананың үшінші сатысы Моральдық интуиция (түйсік) болып табылады. Моральдың негізгі бөлігіне іс-әрекет, мінез-құлық жатады. Моральдық мінез-құлықта мотив-мақсатты, құрал мен нәтижені айыра білу қажет. Әлеуметтік қатынастардың түрлі салаларына сәйкес кәсіптік, отбасылық, тұрмыстық, т.б. Мораль түрлері айқындалады.

 

Идеологтар моральдың мәнін білімділік деңгейінің мәнінен әлде қайда төмен екендігін және қазіргі заманда бұл құбылыстың әрі қарай дамуы күшеюде деп түсінеді. Сонымен қатар, олар білімділік пен адамгершілік арасын жіктеп, сәйкессіз санаттарға жатқызған. Әрине, жеке білім моральды дамыта алмайды, ал мораль білімнің орнына жүре алмайды. Қоғам дамуының теориясы бойынша білім, ғылым мен мораль сананың және іс-әрекеттің әр түрлі аясына жатады және әртүрлі әлеуметтік қажетсінуден пайда болған. Ғылым қоршаған ортаны танып-білудің, оны адам қажетіне сәйкес өзгертудің амалы болса, мораль – қарым-қатынасты реттеуші, жеке адамның қылықтарын басқалардың қылықтарымен, белгілі бір қоғамның немесе таптың мүдделерімен сәйкестендіретін әлеуметтік күш. Сонымен қатар, әрбір кәсіп адамның жан дүниесіне әсер етіп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, қабілеттерінің дамуына шарт түзеді. Сондықтан әрбір мамандықтың кәсіптік моралі, деонтологиялық сипаты бар деуге болады. Мораль – адамның өзін-өзі, өзінің табиғатын білуі, дейді философтар. Мораль – күнбе-күндік көпшіліктің дүниетанымының формасы. Қоғамдық сана формасына жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалар, ұстанымдар және ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың қатынасын белгілі мөлшерде қалыптастырады, яғни олардың өз ортасына және басқа орталарға, мемлекетке, Отанға, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді.

Мораль – қоғамдық сананың ең көне формаларының бірі, өйткені адам қоғамдық жан ретінде қалыптасып, қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан, өзара белгілі бір моральдық қатынас формаларын сақтауы тиіс. Мораль ұстанымдары мен ережелерін орындау қоғамдық парыздылыққа негізделген. Күнделік өмірде оның ұстанымдарын бұзғаны үшін ешкім оны заң бойынша жауапқа тартпайды. Бірақ оның әсері құқық талаптарынан кем емес. Адам санасы дамыған сайын моральдың тигізер әсері күшейе бермек. Келешекте адамға көпшіліктің мадақтауынан, қолдауынан, не олардың наразылығы мен лағынетінен артық әсер ететін еш нәрсе болмақ емес. Қазір де кейбір қылмыс жасаған адамдар өзін көпшіліктің талқысынан гөрі заңмен сотталғанын оңай көретінін айтуда. Біздің елімізде заң жүзінде жазаланған адамдар, мораль жағынан да қолдау таппайды. Олай болса, бұл құбылыс екеуінің арақатынасының жақындап бара жатқандығының айғағы. Педагогикалық мораль ұстаздың барлық іс-әрекеттеріне енушi адамгершiлiк қатынастың көрiнiсi болып табылады. Ол мұғалiмнiң қылықтарын педагогикалық іс-әрекеттің сипатына сәйкестендірудің объективтi қажеттiлiгі ретiнде пайда болған. Баланың өмiрлiк тәжiрибесiнiң жоқтығынан ол үлкендер тарапынан әдiлетсiздiк құрбаны болып қалуы мүмкiн. Оның жаны мен тән әлемiн сақтап қалуға деген қоғамның ұмтылысынан педагогикалық мораль туындап отыр. Сонымен қатар, мектепте үлгiлi жұмыс атқарудың ең маңызды шарты ретiнде мұғалiм беделiн қорғау, парыздылық санасын, яғни деонтологиялық нышанын арттыру талабы да педагогикалық моральда орын алған. Сөйтiп педагогикалық моральда ұстаз еңбегiнiң дәстүрлерi мен өзінділік ерекшелігін ашатын, онсыз оқу-тәрбие үдерісі бола алмайтын ережелер мен нормалар бекiтiлген. Педагогикалық моральдың басқа кәсiптік мораль түрлерiнен ерекшелiгi – жоғары белсендiлiгi. Педагог өзiнiң адамгершiлiкті тәжiрибесiн балалар мен ересектерге, яғни осы тәжiрибеден сусындағанын басқа бiреуге қалдырады, олар – басқаларға т.с.с. Егер осы алып-беру тiзбегi қысқа болса, педагогтың моральдық әсері шамалы дегендi бiлдiредi. Бiрақ моральдық реакция тiзбегi күрделенген сайын педагог моралiнiң белсендiлiк деңгейi жоғарылайды. Бұл – педагогикалық этиканың құбылыстарының өзара байланысқан диалектика заңдарының әсерi көрiнетiн арнайы кәсiби ерекшелiгi.

Негізгі моральдық категориялар: шарапат, кесепат, ар-ождан, міндет, парыз, абырой, әділеттілік, адамгершілік, әдептілік, өмір мақсаты және т.б.

Моральмен қатар адамның мінез-құлқы мен қоғамдық қатынастарын әлеуметтiк тұрғыда бақылап, реттеудің амалы – құқық. Мораль құқықтан бұрын пайда болды және онсыз да өмір сүре береді.  Құқық та, мораль да заттардың әділетті тәртібі туралы түсінік қалыптасқан қоғам қалауын білдіретін нақты талаптар мен қағидалардың, ұйғарымдар мен ережелердің жиынтығы болса да, қалыптасу жолдары мен жүзеге асыру тәсілдерінде айрықша айырмашылыққа ие. Негізінен, «құқық мемлекетпен заңдастырылып, бекітіліп, қамтамасыз етіледі». Құқықтық нормалар қатаң түрде нақты құжаттамалық пішінмен бекітіледі. Құқыққа қарағанда мораль «қоғамдық өмір барысында бей-берекет пайда болады».

Мораль құндылықтары мен талаптары қоғамдық пікір күшінің, адамның жеке сенімінің қолдауына иеленеді. Олар ешбір жерде тіркелмеген, тек қоғамдық санада өмір сүреді, кейде насихаттау мен белсенді түрде ендіру мақсатында түрлі «Кодекстерде» сызба түрінде жазылады. Оған қоса мораль талаптары мәжбүрлеу арқылы іске аспайды, себебі оның міндеті негізінде жазалау қорқынышы емес, ерікті қабылдау жатыр. Моральдың құқықтан басты айырмашылығы уәжділік сипатында анық көрінеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, құқық адамның мінез-құлқын сырттай реттеуші болса, мораль оның өзін-өзі реттеуші ішкі күші болып табылады. Яғни құқықтан моральдың ерекшелігі – «бірнеше элементтерден тұратын, күрделі жүйелі, сан алуан құрылымды құбылыс». Зерттеушілер (Г.Н.Кузьменко, И.Т.Фролов және т.б.) моральдың екі өзара дербес құрылымдық элементін бөліп қарастырады: сана және адамгершілікті мінез-құлық. Олардың теорияларына сәйкес, сана – идеалдық, ал адамгершілікті мінез-құлық – заттық іс-әрекетті білдіреді.

Адам санасы дамыған сайын моральдың тигізер әсері күшейеді. Сонымен, егер келешек өркениет дамуымен елестесе, онда моральдық ұстанымдар заңнан гөрі күшті бола бермек. Осыдан адамгершiлiктi-этикалық сана сезiмсiз, моральсыз ешқандай заң, тағы басқа қарым-қатынасты әлеуметтiк бақылаулар, құқық қорғаушылар адамдар арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя алмайды.

Моральдың синонимы ретiнде тәжiрибеде «этика» деген сөз қолданылады. Ал этика шындап келгенде, мораль туралы, оның теориясы туралы ғылым. Бұл ғылымның рөлi әлеуметтiк-практикалық қолдану аясында өте маңызды, өйткені, ол адамға өнегелi тәрбие беру мәселелерiн қамтиды. Этикаға қоғамдағы белгілі бір топ, не белгілі бір саладағы мамандар, кәсіпкерлер ұжымының моралi, олардың мiнез-құлық, жүрiс-тұрысын және әдептiлiгiн анықтайтын тәртiп ережелерiнiң жиынтығы жатады [21].

Қ. Жарықбаев пен Ә. Табылдиевтың «Әдеп және жантану» атты оқу құралында «әдептану (этика) – адамгершiлiк пен имандылықтың сан алуан түрлерi мен нормалары туралы iлiмдер жүйесi. Ол (әдеп) әр этностың қоғамдық санасының бiр құрамдас бөлiгi ретiнде адамгершiлiктiң қоғамдық қатынастар жүйесiндегi орнын анықтайды, оның табиғаты мен iшкi құрылымына талдау жасап, әлеуметтiк құқық ережелерінің жиынтығы түрiндегi қызметiн айқындайды, өркениет тарихындағы адамгершiлiк принциптерiнiң пайда болу, даму жолдарын зерттейдi, оның әртүрлi жүйелерiн теориялық жағынан негiздейдi» деп, кеңінен анықтама берген [15]. Ұ. Асылов пен Ж. Нұсқабайұлының «Әдеп: инабаттылық дәрістері» атты еңбектерінде «Әдептанудың түпкі мақсаты: адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіріп, оның шырмауынан құтылуды үйрету, жас буынға тура жолды – әдептілік жолын көрсету; қоғамдағы ең жақсы адам – әдепті адам, әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі екенін ұғындыру. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ» деп, әдеп үдерістерінің тарихына тереңінен тоқталып, алғашқы қауымдық құрылыстың мүшелерінің мінез-құлық, мүдде, тілек және т.б. сияқты бір-бірімен санасу қажеттілігінен бүгінгі күнгі тәрбиенің тарихы-ұлттық, жалпыадамзаттық негіздерін имандылық тұрғыдан қарастырған [21].

Сонымен жоғарыда келтірілген ғалымдардың ой-пікірлеріне сүйеніп, мораль – этиканың зерттеу объектісі деп қорытуға болады. Диалектикалық және тарихи философиялық пайымдау заңдарын қолдансақ, онда этика моральдың пайда болуын, оның адамзаттық сипатын, қоғам дамуындағы рөлін ғана ашып қоймай, жеке тұлғаның адамгершілікті санасын қалыптастыру жолдарын да көрсетеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Медведева Н.О. Этика социальной работы. М., 2010.
  2. Социальная работа: теория и практика: Учеб. пособие / Отв. ред. д.и.н., проф. Е.А.Холостова, д.и.н., проф. А.С. Сорвина. – М: ИНФРА – М, 2009. – 427 с.
  3. Теория социальной работы: Учебник / Под. ред. проф. Е.И Холостовой. – М: Юристъ, 2010 – 334 с.
  4. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д.Павленок. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: ИНФРА – М, 2012. – 395 с.
  5. Тетерский С.В., Введение в социальную работу: Учебное пособие. – М.: Академический Проект, 2011. – 496 с.

Похожие записи

математика

Разработка урока по геометрии на тему “Сумма углов треугольника”

Класс  7    Предмет геометрия Учитель  Кажкенова Раушан Батаевна,                 учитель математики ГУ «Окжетпесская средняя школа                 отдела образования Бурабайского района» Тема урока:  Сумма  углов треугольника. Тип урока: урок изучения и первичного закрепления новых знаний. Подробнее…

Пәндер / Предметы

Жарық. Жарық көздері. Күн – жұлдыз. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Көлеңке және жартылай көлеңке. Күннің және айдың тұтылуы.

Сыныбы: 8 пәні : физика және астраномия Тақырыбы: Жарық. Жарық көздері. Күн – жұлдыз. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Көлеңке және жартылай көлеңке. Күннің және айдың тұтылуы. Мақсаты: Жарық, жарық көздерінің түрлері мен адам өміріңе Подробнее…

%d такие блоггеры, как: