Заманауи қоғамдағы практикалық әлеуметтік жұмыс

Опубликовано Опубликовано в рубрике Әлеуметтану, Пәндер / Предметы
  1. Практикалық әлеуметтік жұмыс туралы ұғым.
  2. Әлеуметтік жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
  3. Әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби іс-әрекеттерінің мақсаты.
  4. Әлеуметтік жұмыстың мамандықтары. Кәсіби іс-әрекетте әлеуметтік жұмыскерлердің әрекеттесуы.

 

Әлеуметтік–бағдарланған нарықтық экономика жағдайларында өндіріс тиімділігі мен халықты әлеуметтік қорғалуы мәселелері қызмет саласын шаруашылықтандыру механизмін жетілдіруін талап етеді. Сонымен экономикалық өсімнің субьективті факторы – адамның, адам капиталының рөлі мен мәні өседі. Кеңес одағынан кейінгі кезеңнің барлық мемлекеттерінің арасында Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ең түбегейлі реформалары жүзеге асырылады. Әлеуметтік–нарықтық экономиканы құруға бағыт алып, біздің мемлекеттегі реформалардың басты мақсаты етіп халықтың тұрмыстық жағдайын арттыруды белгіледі.

Қазіргі кезедегі кеңінен етек алып бара жатқан еліміздіегі қоғамдық үрдістердің бірі ғылымда депопуляция деп атау алған, яғни бұл дегеніміз дүние жүзіндегі халықтың өсуі, ұлтаралық және діни қатынастардың шиеленісуі, экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өз ара күрделенуі, жер асты қазба байлықтардың азайып бара жатқаны адамзаттың әлеуметтік жағадйына әсерін тигізбей қоймайды. Соңғы жылдар ішінде еліміздің тәуелсіз алғаннан бергі уақытта республикамызда халықтың өсу саны күрт азайып кетті, табиғат ресурстарына бай емес аймақтағы халықтың басқа жаққа қоныс аударуы, кәсіпорындар мен өндіріс орындарының қысқартылуы, жабылуы, т.б. келеңсіз жақтар әлеуметтік үрдістердің кеңінен кезең алуына әкеп соқтырады. Әлеуметтік жұмыстың Қазақстанда жеке бір сала болып қалыптасуына көңіл аудара отырып, осы жұмыстың басты мақсаты етіп алдым.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Балалар үйінің жарғысы», «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, «Бөбек» республикалық қоры, Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы», Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы», ҚР «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары жарық көріп, түрлі бағдарламалар, тағы да басқа әлеуметтік маңызы бар шаралар жүзеге асып жатыр. Бұл қабылданған заңдардың тиімді жүзеге асырылуы нәтижесінде әлеуметтік педагог, өзін-өзі тану мұғалімдерінің қызметі дұрыс ұйымдастырылуда. Осы тұста айта кетейін, негізі, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімі мамандарының кәсіби іс-әрекет саласына жоғарыда аталған мемлекеттік заңнамалар бағытталған білім беретін ұйымдар, арнайы білім ұйымдары, пеницитарлық типтегі мекемелер, сауықтыру орталықтарындағы әлеуметтендіруге арналған әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жатады.

Қазіргі дайындалып жатқан болашақ әлеуметтік педагог мамандарының жұмыс істейтін орындарына мемлекеттік құрылымдар, яғни ҚР Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті, әлеуметтік бағыттағы мекемелер мен әлеуметтік қамсыздандыру, атап айтсақ,

– жұмыссыздарға, жағдайы жоқтарға, еңбекке жарамсыздарға, еңбек ету мүмкіндігі шектеулілерге, қарт-қарияларға қолдау көрсету мен көмектесу органдары,

– мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелері (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білім беру мекемелері),

– қоғамдық ортада тәрбиелеу проблемаларымен, айналысатын мекемелер,

– қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагерлері сияқты балалардың бос уақыттарын ұйымдастырумен, қолдаумен, толыққанды әлеуметтенуімен, дамуымен айналысатын мекемелер т.б әлеуметтік институттар жатады.

Бұдан түйетін ой мынаған саяды: сөз болып отырған елдерде әлеуметтік педагогтер мемлекет тарапынан мықты қолдау табуда, әлеуметтік іс-шаралар дұрыс жолға қойылып, оның дамуына барлық жағдай жасалуда, тіпті мемлекеттің өзі мүдделі болуда. Сол себепті де бұл саланың қоғамдағы рөлі сөз болған елдерде айрықша әрі сұраныстағы мамандық иелері қатарында.

Практикалық әлеуметтік жұмыс дегеніміз – қайғылы жағдайларға душар болған адамдарға көмек көрсету. Әлеуметтік жұмыстың негізгі құндылықтары жақын адамға деген сүйіспеншілік, жан ашу, қиыншылықта бірге болу, ниеттестік, жағдайды өзгертуге деген мүмкіндікке сену,көмек жасау ниеті мен жәрдемі жатады.

Әлеуметтік жұмыс – әрекеттің ерекше бір түрі. Егер құрылысшы үй салса, жөндеуші машиналарды жөндесе,ал әлеуметтік қызметкер «адамды» құрады. Ол өзінің адамымен(клиентімен) әңгімелеседі,оның психикалық стресін кетіреді,оны күнделікті өмірдің ырғағына енуге көмек көрсетеді. Үйінен шыға алмайтын адамдарға дүкеннен азық-түлік алып келуге көмек береді. Әлеуметтік жұмыс – бұл өз бетімен өмір сүре алмайтын, өзінің өмірлік мәселелерін шеше алмайтын, адамға көмек ретінде бағытталған іс-әрекет.

Әлеуметтік көмектің обьектісі болып:

– мүгедектер,

– қарт адамдар,

жалғыз басты және ауру адамдар

– көп балалы отбасылар,

– жетім-жесірлер,

– жалғыз басты аналар болуы мүмкін. Кейде балалар нашар топқа түсіп,есірткі сатушылардың торына түсіп қалуы мумкін. Осы жағдайлардың оң шешімін табуда әлеуметтік жұмыстың орны мен дәрежесі зор.

Көмекті қажет ететін адамдарға көмек төмендегідей жағдайларды бастарынан өткерген кезеңде керек болады:

  • әлеуметтік және психологиялық қақтығыстар, стресстік жағдайлар;
  • алкоголизм мен нашақорлық;
  • зорлық – зомбылықпен алдау;
  • этникалық және, ұлттық мәселелер;
  • қылмыс жасау және құқық бұзушылық;
  • жұмыссыздық пен мамандық адаптация;
  • мүгедектік және жалғыз қариялық;
  • пәтер мәселесі;
  • қамқорлыққа алу, бала асырау;
  • ата – ана қатігездігі және тағы басқа.

Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі объектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуына бағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процестердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әр түрлі факторлар динамикасы жатады.

Біз әлеуметтік жұмысты халықтың әлеуметтік саналылығына қызмет ететін мамандықпен байланыстырамыз, әлеуметтік жұмыс сферасының жылдан жылға кеңеюде, дегенмен, бүгіннің өзінде әлеуметтік қызметкердің қызметі әр түрлі орындарды қамтуда:

– үкіметтік денсаулық сақтау ұйымдары,

– мектептері,

– денсаулық сақтау орталықтары,

– отбасын және баланы қорғау агенттіктері, психологиялық денсаулық орталықтары,

– бизнес және өндіріс түзету орталықтары.

Әлеуметтік қызметкер нәсіліне, этникалық тобына, әлеуметтік–экономикалық деңгейіне, дініне байланысты кішкентай баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға өз қызметін ұсынады.

Әлеуметтік жұмыстың кәсіби сала ретінде мақсат-міндеті қиын жағдайларға тап болған адамға немесе адамдар тобына көмек көрсету, адамның өзіне-өзі көмек көрсете алуын тәрбиелеу, қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастың үйлесімділігін орнықтыру. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмысты мемлекеттік мекемелер мен діни ұйымдар жүзеге асырады. Бүгінде қайырымдылық көрсетумен айналысатын мың бес жүзге жуық қоғамдық бірлестіктер бар, олардың біреулері айықпас дертке шалдыққандарға көмек көрсетумен және  оларды әлеуметті оңалтумен айналысса, екіншілері әсери қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асырады, енді біреулері балаларға, жұмыссыздарға, қаңғыбастарға әлеуметтік қорғау мен  көмек  көрсетеді және т.б.

Сонымен қатар қайырымдылық ұйымдарының бірнеше типтері қалыптасты:

1) жергілікті орталық билік органдары жанындағы қорлар;

2) ірі өнеркәсіптер мен ведомствалар жанындағы қорлар;

3) ірі банктер немесе коммерциялық фирмалар жанындағы фондтар;

4) жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдары.

Әлеуметтік жұмысты дамытуда экономиканы реттеу аса маңызды,өйткені көптеген әлеуметтік проблемалар осы қаржы проблемасының салдарынан шешілмейді,әрі қарай күрделі проблемалардың өршуіне алып келеді.Қоғамның,ондағы әрбір азаматтың сапалы әрі бақытты өмір сүруі әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты болғандықтан елде ең алдымен әлеуіметтік мәселе бірінші кезекте тұруы керек.

Әлеуметтік жұмыс іс-әрекеттің бір формасы ретінде, әлеуметтік өзгерістерді бағыттау жетістіктері болып табылады.  Осы позициямен әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік котализм және дау-дамайдың ұстанатын құралы ретінде құнды.

Әлеуметтік жұмыстың негізгі мақсаты: тұлғаның, отбасының, қоғамның нормадағы әлеуметтік қызметінің жағдйына  және қабілетіне қамқорлық немесе қайырымдылық ету.

Әлеуметтік  жұмыскерлер адамзаттың мүмкіндігінше бақытты өмір сүруіне, өз міріне көңілінің толық болуына (отбасы, жұмыс, білім беру, денсаулық сақтау, жалақы, тұрған үй, демалыс т.б.) өз шамалары жеткенінше қызмет етеді.

Мақсатқа жету жолдары:

  • Клиентпен танысу («клиент»- ол адам, қоғам мүшесі және әлеуметтік топ болуы мүмкін), мәселелерді қарастыру, диагностикалау.
  • Қажеттілігін мүмкіндігінше дифференцациялау.
  • Мәселені шешуге көмектесу, мүмкіндігінше қарастыру.
  • Бақылау және қамқорлық жасау.

Әлеуметтік жұмыстың спецификалық құндылықтары:

  • Жақыныңа мейірімді, жанашыр, қайғысына ортақ болу.
  • Қарым-қатынас жасау.
  • Клиенттің ішкі күшіне сену, жағдайды мүмкіндігіне қарай өзгерту.
  • Көмектесу тілегі.
  • Тәжірбие алмасу.
  • Әлеуметтік шығарма.

Әлеуметтік жұмысты іске асыратын әлеуметтік қызметкер клиентке көмек көрсету барысында келесі қызметтерді (функцияларды) орындайды:

– диагностикалық – яғни, қызметкер а) «әлеуметтік диагноз» қояды, б) клиенттің психологиялық, жас ерекшеліктерін, қасиеттерің, қызығушылықтарың, мүдделерін, өмір сүру жағдайын зерттейді, в) жағымды және жағымсыз әсерлерін, проблемаларын анықтайды;

– ұйымдастырушылық қызмет – қызметкер а) әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастырады, б) клиенттін бос уақытының мазмұнын құруға, жұмысқа орналасуға, кәсіби бағдарлануына және бейімделуіне, медициналық, білім беру, мәдени, спорт құқық ұйымдар мен мекемелермен байланысуға көмектеседі;

– болжамдаушылық – қызметкер нақты микросоциумның (ауыл, қала, шағын аудан) әлеуметтік даму үрдістін болжауына және бағдарламалауына қатысады;

– алдын алу және әлеуметтік-терапиялық қызмет – а) жағымсыз әсерлерді болдырмау және алдын алумақсатында әлеуметтік, құқық, психологиялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, б) қамқорлыққа мұқтаж адамдарға әлеуметтік-терапиялық көмек көрсету, в) қоғамда құқықтарын көрғауды қамтамасыздандырады, г) әлеуметтік, кәсіби өзіндік анықтау кезенде жасөспірім мен жастарға көмек көрсетеді;

– ұйымдастыру-коммуникативтік қызмет – қызметкер а) адамдардың әлеуметтік жұмысқа қосылуына, бірлесіп әрекет жасауға, демалуға көмектеседі, б) іскерлік жіне жекедара қатынастарды орнатуда әрекет жасайды, в) клиентпен жұмыс жасауда әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың өзара әрекеттесуыне әсер етеді;

-қорғау қызметі – қызметкер а) клиенттің құқық нормалары мен мүдделерін қорғайды, б) клиеттке қатысты заңбұзушылық әрекеттер жасаған адамдарды құқық жауапкершілікке тартуға көмектеседі.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Медведева Н.О. Этика социальной работы. М., 2010.
  2. Социальная работа: теория и практика: Учеб. пособие / Отв. ред. д.и.н., проф. Е.А.Холостова, д.и.н., проф. А.С. Сорвина. – М: ИНФРА – М, 2009. – 427 с.
  3. Теория социальной работы: Учебник / Под. ред. проф. Е.И Холостовой. – М: Юристъ, 2010 – 334 с.
  4. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д.Павленок. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: ИНФРА – М, 2012. – 395 с.
  5. Тетерский С.В., Введение в социальную работу: Учебное пособие. – М.: Академический Проект, 2011. – 496 с.