Жоғары құндылықтар туралы мораль теориялары. Сократ пен Платон этикасының құндылықтары. Аристотель этикасының құндылықтар жүйесі. Эпикур этикасының құндылықтары. Утилитаризм құндылықтары. Кант этикасындағы құндылықтар.

 

Адамгершілік тәрбиенің күретамыры – мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді баланың жас кезінен бастап санасына құя беру керек. Бірақ мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытысында түсіндіріп отрығаны жөн.

Мораль адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау, сөзде тұрмау, жауыздыққа бару т.б. Мораль – қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың арақатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Немесе біз оны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз.

Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегілілік сана, өнегілілік идеал деп бөлінеді. «Өнегелі немесе адамгершілікті сана-адамның қарым-қатынасынан, оның эмоционалдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. өнегелілік баланың жас күнінен бастап, ата-ананың үлгісінен басталып ағайын-туыстың, жора-жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге – адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы» өнегелік сезімнен, ұяттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұяты бара адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашан да өнегелі болуға тырысады. Ондай адамның өнегелі идеалы (мұраты, мақсаты) болады. Сол идеалға жетуге тырысады, жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа адамда жігер, ерік болуы керек. Сол ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім арқылы) білуі керек. Өнегесіздікке, жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін сезім, ар, ұят, ерік, жігерден басқа өнегелі дағды керек. Өнегелілікке дағдылану керек. Сонымен бірінше сұрақ бойынша қорытынды.

Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

  • Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
  • Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
  • Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
  • Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.

Бізді өзіміздің ең көне тегімізден алшақтататын уақыт аракашықтығына орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адамның қалыптасуының тарихи кезеңін тұтас жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің «өз есімізді білген» тарихи уақыт болып табылады. Яғни адамзаттың мақтан тұтар бес-алты мың- жылдық мерзімдегі мәдени-өркениеттік кезеңі оның алдындағы адамзаттың қапастағы “тарихымен” салыстырғанда түкке тұрмастай шамада. Ол — бізге таңсық, түсінгенімізден түсінбегеніміз көп уақыт мерзімі.

 

Қазақ мәдениеті түркілер өркениеті мен араб-мұсылман өркениетінің тоғысуында дүниеге келген. Қазақ халқының адамгершілік туралы ой-толғаныстарын осы екі мәдени кеңістіктің ықпалын өз бойында тоғыстырған қазіргі исі түріктердің ұстазы әл-Фарабиден бастаған жөн. Мәдениет тарихына қысқаша шолу жасап өтер болсақ, ортағасырлық Шығыстың, Батыс Еуропаның мәдени дамуынан әлдеқайда алда тұрғандығын білеміз. Орта ғасырлардың өзінде-ақ араб-мұсылман өркениетінің аймағында ренессанстық сипаттар пайда болған: біріншіден, қалалық мәдениет өркендеген; ғылым-білімге басты назар аударылған; антикалық мұра қолға алынып, аудармалар жасалынып, грек философтарының жолын қуушылар (перипатетиктер, неоплатониктер) пайда болған. Шырыс перипатетизмінің немесе Аристотельдің жолын қуушылардың бірі, дүние жүзі ғалымдарының “екінші ұстазы” атағына ие болған әл-Фараби этиканы —жақсылық пен жамандықты, ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Әл-Фараби грек этикасының орталық ұғымы — эвдемонаны өзінің этикалық шығармаларына арқау етіп алады. “Бақытқа жол сілтеу” трактатында ұлы ұстаз о дүниенің баянсыз бақыты туралы емес, тірі адамның шынайы өміріндегі бақыты туралы сөз қозғайды. Оған жету үшін адам өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Бір сөзбен айтқанда, әл-Фараби адамдардың өзі көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы тиіс. Адам ақиқатқа, айналадағы дүниені танып-білу арқылы ғана жетеді деп түйін жасайды.

Әл-Фарабидің этикалық көз-қарасты танытатын тағы бір шығармасы — “Қайырымды қала тұрғындарының көз-қарасы”. Онда философ полистің тұрғындары бақытты болуы үшін оны жақсы әкім басқаруы керек деп ұғады. Жақсы әкім сипаттамасы мынадай: әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны құмар, батыл, жомарт жан. Жеке адамның бақыты жалпы қоғам бақытына ұласады деп есептеген Фараби эвдемоналық күйі де мүмкін.

Жүсіп Баласағұни — данышпан, ойшыл, философ. Оның шілік ұстанымдарын, түркілер дәуірінің талап-тілектері тұрғысына жататын “Құтты білік” поэмасының басты идеясы деген. Біріншісі — мемлекетті дұрыс, әділеттік ұстанымы; екіншісі — баққонсын деген тілек; үшіншісі — ақыл; ал төртіншісі — қанағат-ынсап мәселесі. Жүсіп аталған ұстанымдардың прототиптері патшаны әділдіктің бейнесі деп; оның уәзірі бақ-дәулет тұрғысынан; ақыл-парасат көрінген — Ұғдүлміш бейнесі; ал қанағат-ынсап мәселесін Дәруіш Одғұрміш арқылы көрсетеді. Дидактикалық, яғни тәлім-тәрбиелік сарында жазылған бұл “Құтты білік” шығармасында әдеіттілік, мораль мәселесі көп қозғалады.

Абай этика тақырыбын қозғағанда, иман мәселесіне көп көңіл аударады. “Иман” термині қазақ санасына мұсылманшылық арқылы енген. Ол арлылық синонимі болып табылады.

«Ұят кімде болса, иман сонда» деген мақалды Абай өзінің отыз алтыншы сөзіне негіз етіп алып, ұят түсінігін талдайды. Ақын ұятты екі түрге бөледі: надандықтан туындайтын ұят; иманға қатысты шын ұят. Олардың айырмашылығы ұяттың пайда болуының себептерінде. Біріншісі — не шариғатқа, не ақылға терістігі жоқ болса да өзінен-өзі қысылатын жалқаулық, жалтақтық, қорқақтық, жігерсіздік, жауапсыздықтан туындайды. Екіншісі — не шариғатқа, не ақылға, не адамгершілікке кесел тигізетін, не нәпсінің жолында абыройға нұқсан келтіруден басталатын, өзіңе ішкі жаза тарттыратын жоғары сезім. «Ұят деген адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігілді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қысымның аты», — деп анықтайды Абай.

Бастапқы мағынасы тұрғысынан болсын, санаға ену жолынан болсын иман ұғымында діни мазмұн басым екендігіне қарамастан, Абай иманды адамшылық өлшемі ретінде қабылдайды. Абайдың түсінуінше, білуге құмарлықты шектеу, талаптанбау, өз әрекетіңе салғырт қарау — имансыздық. Абай өз халқының бойындағы оң қасиеттермен қатар оғаш қылықтарды, теріс мінездерді қатты сынға алған. Оның бәрімізге жастайымыздан белгілі:

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ…

өлең жолдарында қазақ бойындағы, тұрмысын тоқ санап, жайбарақаттыққа салынған надандық кейпі іш ашитындай туралықпен берілген.

Абай отыз төртінші қара сөзінде “Адам баласына адам баласының бәрі — дос” дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра, бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсе қызарлық жасап, жауласудың адам жанына берері шамалы деп тұжырымдайды. Абай өз ұрпақтарына “Адам бол!” деп уағыз айтып кеткен жан.

Шәкәрім — Абайдың жолын қуған інісі, ол өз өмірін жамағатының болашағына арнаған. Шәкәрімнің «Үш анығында»:

Еңбекпенен, өрнекпен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, қайнар өмір

Ар ілімі оқылса.

Моральды “ар ілімі” деп танитын Шәкәрім адамгершілік құлық хақында көп ой қозғайды. Ол адам жолы дегеніміз — адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам өз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп өз ар-ұжданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі керек. Ар-ұжданның мазмұнын ынсап, әділет, мейірім құрайды деп түсінетін автор оларды адамптылық ұғымымен байланыстырады. Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар:

Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек.

Бұл үшеуі біріксе, сорды жоймақ

Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ

дей келе Шәкөрім жоғары құндылықтарды атап өтеді.

Ар-ұждан тіпті о дүниеде де бар нәрсе деп есептейді. Оның бар екеніне дәлелсіз сену қажет. “Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ар-ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол — осы мұсылман жолы сияқты!” — дейді Шәкәрім “Үш анығында”:

Кісіге адамшылдық неге керек?

Адамдық — өзге айуаннан артық демек.

Ит талаған төбеттен қалай дейсіз,

Аямай әл келгенін жұлып жемек.

 

Моральқоғамдық сананың бір формасы. Дін, құқық, өнер сияқты мораль да қоғамдық сананың бір формасы ретінде көрініс береді. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық нормаларының шығу төркіні бір.

Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды. Әсіресе діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы рөлі орасан зор. Діни сезімдер адамдардың басын біріктіруде маңызды орынға ие. Ғибадаттардың көпшілігінің жамиғатпен жасалуы дінде қоғамға қаншалықты мән берілетіндігін көрсетеді. Құлшылық сәті – адамдардың біріне-бірі ең жақындасатын кезі. Сондықтан діни рәсімдер қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады, олардың етене араласуына септігін тигізеді. Сонымен қатар жалпы дүниежүзілік діндердің қай-қайсысы болсын, адам қоғамындағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады. Діннің моральды қалыптастырудағы орнының маңыздылығын сол діндердегі адамгершіліктің, түрткі бола білгендігінен көреміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Медведева Н.О. Этика социальной работы. М., 2010.
  2. Социальная работа: теория и практика: Учеб. пособие / Отв. ред. д.и.н., проф. Е.А.Холостова, д.и.н., проф. А.С. Сорвина. – М: ИНФРА – М, 2009. – 427 с.
  3. Теория социальной работы: Учебник / Под. ред. проф. Е.И Холостовой. – М: Юристъ, 2010 – 334 с.
  4. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д.Павленок. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: ИНФРА – М, 2012. – 395 с.
  5. Тетерский С.В., Введение в социальную работу: Учебное пособие. – М.: Академический Проект, 2011. – 496 с.
%d такие блоггеры, как: