Заманауи қоғамның адамгершілік қатынастар жүйесінде кәсіби моральдың атқаратын рөлі мен алатын орны. Әртүрлі кәсіптерде қойылатын талаптардың мазмұны мен ерекшеліктері. Кәсіби моральдың түрлері. Заманауи әлеуметтік жұмыскердін кәсіби этикасы. Әлеуметтік жұмыскердін кәсіби этикасының негізгі ұғымдары және принциптері.

 

Әлеуметтік қызметтер – ізгілік пен теңдік қағидаларына, адам өмірінің түрлі салаларындағы білімге, әлеуметтік мәселелерді бағалау және қиындықтарды басынан кешкен адамдарды қолдау икемділігіне негізделген, адамдар мен қызметтердің түрлі топтары арасындағы жаңа қарым-қатынас моделінде қалыптасқан маңызды кәсіби қызмет.

Әлеуметтік қызметкерлер Халықаралық Федерациясының анықтамасы бойынша әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге, адамдар өзара қарым-қатынастарындағы мәселелерді шешуге және адамның бостандық пен лайықты өмірге құқығына себепші болады. Адамның мінез-құлқы мен әлеуметтік жүйелер тағылымына негізделе келе, әлеуметтік жұмыс адам қоршаған ортамен өзара әрекеттестікте болғанда үдеріске қосылады. Адам құқықтары мен әлеуметтік әділеттік – әлеуметтік жұмыстың іргелі қағидалары.

Нормативтік-құқықтық базаға сай: 29.12.2008ж. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы негізгі заң», 25.11.2009ж. «Әлеуметтік қызметтер стандарттары», 10.04.2009ж. №134 «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлеріне кәсіби талаптар мен оларды аттестаттау ережелерін бекіту туралы» бұйрық.

Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылған кәсіби талаптарға сай әлеуметтік қызметкерлерінің екі тобы болады:

– мұқтаждықты бағалау және анықтау бойынша әлеуметтік қызметкер;

– үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер.

Қарастырылатын мәселелер:

  1. Әлеуметтік қызметкердің әсіби «Мен-концепциясы».
  2. Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің әлеуметтік өзараәрекеттестігі.
  3. Әлеуметтік жұмыстағы кәсіби тәуекелділік.

Әлеуметтік қызметкердің кәсібінің және әлеуметтік қызметжүйесінің дамуы және жігерлік кіріспесі әлеуметтік басқару органдарының және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері жетекшілерінің алдына халықтың қысым көрсетілген категорияларына көмек көрсетуде қажетті құрылымдық тез темппен білікті кадрлармен қамтамассыз ету үшін осындай қиын мәселе қойды. Басқа жағынан өндірістік және ауыл шаруашылығындағы ұзаққа созылған құлдырау, көптеген соның ішінде қала құраушы, жоғары технологиялы өндірістердің ұзақ қолапсы, ірі өндірістермен байланысты бастысы дамыған әлеуметтік инфраструктураның қысқаруы жұмыссыздыққа немесе көптеген білікті мамандардың жұмыссыздыққа ұшырауына алып келді.

Нәтижесінде әлеуметтік орта жоғары білімді, коммуникативті әрекетінің жақсы тәжірибесімен, жағымды тұраұқты мотивациялы, бірақ, өкінішке орай, білімдері техникалық немесе әлеуметтік профильден алшақ кадрлармен толықты. Мамандандырылған дайындықпен қазіргі әлеуметтік технологияны қолдану мүмкіндігі, әлеуметтік жұмыс қызметінің тиімді жағдайымен байланысты. Өз ісіне жауапты, адал ниетті, кермет адамгершілік бағдары бар, қызметкерлер, сонда да отбасына, мүгедектерге, ақыл – есі кем балаларға және тағы да басқаларына арнайы көмек көрсету мүмкіндіктерінің бар екенін өте аз біледі және едәуір адамгершілік  және физикалық шығын кетсе де, қарапайым ғана нәтиже алады.

Кәсіби біліктілік мәселесінің қоғамдық маңыздылығынан басқа, тұлғалық маңыздылығы да елеулі болып келеді. Кәсіби білім туралы құжаттың жоқтығы қызметкердің лауазымының өсуіне қиындық туғызады, әділетсіз төмен еңбекақының өсуіне үміттенуге жол бермейді. Сонымен қоса, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері лицензиялау бойынша, әлеуметтік қызметкерді аттестациялау бойынша айналған жұмыс қызметкерді арнайы білімсіз жағдайға қоюы мүмкін.

Әлеуметтік қызметкер кадрын даярлау және қайта даярлауды кең жүйеде күшейту қажеттілігі объективті болып келеді. Бірақ, қазіргі уақытта жұмыс жасап жатқан жоғарғы оқу орнының күшімен әлеуметтік жұмыс мамандарының тапшылығын он жыл ішінде ғана ликвидациялауға болады. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс курсына жататын пән жүйесіндегі білімді тез жетілдіру кадрларды жүйелі түрде кәсіби қайта даярлау және біліктілігін жоғарлату қажет екенін ескертеді.

Осы заманға сай әлеуметтік жұмыскер өз саласын жақсы меңгерген, психологиялық мән жайды, өмірдің тіршілік әрекетін заңды игерген дәрігерлік – психологиялық құзіреттілік ықыласпен көмектесетін, мейірімді, жоғарғы өнегелі қасиеттері бар болуы керек. Қазіргі кезде бірде – бір дамыған мемлекет әлеуметтік жұмыскерлерсіз болған емес. Әлеуметтік жұмыскерлер кез – келген мұқтаж болған адамға түйінді мәселесін шешуге көмектеседі. Оларға қарт адамдар, мүгедектер, маскүнемдер,нашақорлар, СПИД пен ауыратындар жатады. Олар тек қана әлеуметтік жағынан көмек көрсетіп қана қоймай, заңды түрде көмектесуге ат салысады.

Әлеуметтік қызметкерді дайындаудағы негізгі міндеттер:

  • баланың мамандарды әлеуметтік жұмыстарына, кәсіптілігіне қарап таңдап алу;
  • құрылымның біртұтас жүйесін таңдап алу, маманның кәсіптілікке деген базалық дайындығын, біліктілігін жоғарылату;
  • білім қорытындысы, мазмұны функционалды толық болуы әлеуметтік белсенділікті қамтамасыз ету, кәсіптік жете білушілік, дүниетанымы кең, жауапкершілігі жеткілікті, тәжірибелік іскерлігі басым болуы тиіс;
  • мамандарды білім аралық, методологиялық, мамандық психо – педагогикалық жағынан дайын болуы;
  • ең қажетті кәсіптік өзін – өзі жетілдіру үшін ойлау стилін қалыптастыру қажет;
  • маманның басқару сапасын дайындау;

Кадрлар – бұл әлеуметтік жұмысты құрушы негіз. Әлеуметтік жұмыс кадрлары әлеуметтік жұмыскерлер және әлеуметтік жұмыстағы мамандар деп бөлінеді.

Әлеуметтік жұмыскер – әлеуметтік жұмыс бойынша орта маманданған, оқу орнын бітірген адам.

Әлеуметтік жұмыстағы маман – әлеуметтік жұмыс бойынша жоғарғы оқу орнын бітірген адам. Әлеуметтік жұмыс мамандарын белгілі бір құрылым мен білімдегі еңбек іс-әрекетіне байланысты мынандай классификацияға жіктейді:

  1. Әлеуметтік қорғаудың республикалық, облыстық органдарының аппараты: әлеуметтік қорғау органдарының басшылары және олардың орынбасарлары; бөлімдердің басшылары; әр түрлі бөлімдердің мамандары;
  2. Зейнетақы және жәрдем ақы бөлетін орталықтардың аппараттары: орталық басшылары мен олардың орынбасарлары; бөлімдер басшылары мен мамандары;
  3. Әлеуметтік қорғаудың аудандық және қалалық органдарының аппараты: әлеуметтік қорғаудың аудандық және қалалық органдарының басшылары мен орынбасарлары және бөлім мамандары мен басшылары;
  4. Әлеуметтік қызмет көрсетудің стационарлық мекемелері: басшылары – директор және оның орынбасары; мамандар – дәрігерлер, психологтар, мед. Бикелер, фельдшерлер, есепшілер, еңбек инструкторлары, тәрбиелеушілер, мұғалімдер,.
  5. Дәрігер – еңбектің эксперттік комиссиялар: басты эксперттер; дәрігер эксперттер: психологтар; реабилитациялау мамандары; програмистер;
  6. Әлеуметтік көмек қызметтері, соның ішінде: әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары – орталық басшысы мен орынбасары, бас есепші, инспектор, әлеуметтік жұмыс маманы.
  7. Күндізгі әлеуметтік көмек бөлімі – бөлім басшысы, медбике, мәдени ұйымдастырушы, еңбек терапиясы бойынша инспектор.
  8. Жедел әлеуметтік көмек қызметі – қызмет басшысы, психолог, заңгер, әлеуметтік жұмыс маманы, әлеуметтік жұмыскерлер;
  9. Үйге әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері – бөлім басшысы мен әлеуметтік жұмыскерлер.

Басқа іс – әрекет аймағындағы мамандар сияқты әлеуметтік жұмыс мамандарының міндетті қасиеттеріне физикалық және психикалық денсаулығы, білімділігі, кәсібилігі.

Денсаулық міндетіне келетін болсақ, әлеуметтік жұмыс мамандары әртүрлі қиын жағдайлар мен проблемаларға кезігеді. Ол қиын жағдайларда әлеуметтік жұмыс маманы өзін ұстай білуі қажет. Сондықтан практикада маман денсаулығын сақтау үшін индивидуалдық, топтық, әріптестік жүйелер қолданылады. Мысалы, «негативтік қарым – қатынас » жағдайында өзін қорғаудың психологиялық әдістері; дара және топтық психотерапия; кезеңдік медициналық қаралулар және дәрілік көмек көрсету; санаторияларға, демалыс үйлеріне, пансионаттарға жолдамалар беру; денешынықтырумен айналысу;

Білімділік жекелеген қасиеттерге бөлінеді;

  1. Маманның білімі мен шеберлігінің істеген істеріне сәйкес келуі;
  2. Маманның алдында тұрған міндеттерді орындауда, маманның міндеттері мен құқықтарының жекелігі;
  3. Маманның нақты іс жасап, дұрыс қорытындыларды шығаруға шеберлігі;
  4. Маман білімділігі практикалық іс – әрекеттегі негізгі біліммен қамсыздандырылады.

Кәсібилік – үнемі жоғарыда тұратын, еңбек пен қорытындының жоғары сапасын қамсыздандыратын білім мен шеберлік.

Қазіргі кезде әлеуметтік жұмыс маманыдарын дайындау басты мәселе болып табылады. Өйткені қоғамда әлеуметтік көмекті, қамсыздандаруды, қызмет көрсетуді қажет ететін нұқсан жандар көбеюде. Ал әлеуметтік жұмыс мамандарының объектілері сол нұқсан жандар болып табылады.

Әлеуметтік қызметкерлерлер келесі мамандарға бөлінеді:

А. Орындайтын қызметтеріне байланысты: практикалық әлеуметтік қызметкер, бақылаушы, администратор (әкімші), кеңесші, зеттеуші.

Б. Әлеуметтік жұмыс саласына байланысты: отбасы, балаларға көмек көрсету, денсаулық саласы, жүйкесі тозған адамдар (душевнобольные), мамандық салалардағы әлеуметтік жұмыс, қарыт адамдар, білім беру саласы, тұзету мекемелер.

В. Адамдардың контингенті бойынша: жас, ұлттық, жыңыстық ерекшеліктер.

Г. Клиенттердің проблемаларына байланысты: алкоголизм, балалармен қатынастың нашарлауы, отбасылық конфликтер, психикалық және физикалық аурулар, қанғыбастық, қоғамнан жектелу, бөліну, балалардың мектепке бармауы (отсев из школы), балалардың үйден қашып кетуы, т.б.

Э.Зееру бойынша кәсіби тұлғалық қасиет негізгі бес стадиядан тұрады:

  1. Оптация – тұлғалық және кәсіби көзқарас қалыптастыру, жеке психологиялық ерекшеліктеріне байланысты маман ретінде танысу.
  2. Кәсіби даярлық – кәсіби білім, шеберлік, дағды, кәсіби міндеттер мен жағдайды шешуде теориялық және практикалық тәжірбиені жүйелі және кәсіби бағдарда қалыптастыру.
  3. Кәсіби бейімделу – маманға кірігу, жаңа әлеуметтік рөлді игеру, өзін-өзі кәсіби анықтау, тұлғалық және кәсіби сапаны қалоыптастыру., тәжірбиені өзіндік орындауда кәсіби деңгейге жеткізу.
  4. Профессионализация – кәсіби позицияны қалыптастыру,
  5. Кәсіби шеберлік – кәсіби әрекетті өз бетінше пайдалану, толық жүзеге асыру.

Әлеуметтік қызметкерлердің негізгі мамандық иегерлері болып табылатын,  педагог – психолог, филолог, валеолог, әлеуметтік аниматор, белгілі бір топ адамдарымен (мүгедектермен, аурулармен) жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер; мекемелердегі ( мектепте, өндіріс саласында, әскери ортада) жұмыс атқаратын әлеуметтік қызметкерлер.

Әлеуметтік жұмыс барысында әлеуметтік қызметкер бір адамға немесе отбасындағы көмекті қажет ететін жандарға көмек беріп, оларды әлеуметтік жағдайларына қолдау көрсетіп, өмірге өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектеседі.

 

Әлеуметтік жұмыстағы маңызды бір кезең – адамдар үшін, біздер барлық мәселені шешпеуіміз қажет, олар өздерін қанағаттандыратын жолды тауып алуы тиіс. Адамдарды еріксіз көндірмеу керек. Адамдарға билік жүргізбей көмектесу керек. Олар үшін барлығын шешпеуіміз тиіс. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде әлеуметтік қызметкерлердің он рөлін айқындап беріп отыр.

  • қиыншылықты басынан кешірген, мәселелері бар адамдар тобын айқындау;
  • жиналған ақпаратты бағалау мен бір жүйеге келтіру;
  • клиенттер туралы алынған мәліметтерді талдау және топтау;
  • олардың мәселесін шешетін мекемелер, ұйымдар табу;
  • адамдар арсындағы жанжал кезінде сарапшы болу, олардың бірге жұмыс жасауына, уағдаластықты шешуге көмек көрсету;
  • адамдардың қорғаушысы болуға, олардың құқығы үшін күресуге, заңға өзгертулер енгізуе;
  • адамдарға білім беру үшін мұғалімдік қызмет атқару, оларға психологиялық қолдау көрсету;
  • басқа да әлеуметтік қызметкерлерге көмек көрсетіп, кеңесші болу;
  • әлеуметтік жұмысты құру;
  • басқару, қабылданған басқару шешімдерін жүзеге асыру;

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Медведева Н.О. Этика социальной работы. М., 2010.
  2. Социальная работа: теория и практика: Учеб. пособие / Отв. ред. д.и.н., проф. Е.А.Холостова, д.и.н., проф. А.С. Сорвина. – М: ИНФРА – М, 2009. – 427 с.
  3. Теория социальной работы: Учебник / Под. ред. проф. Е.И Холостовой. – М: Юристъ, 2010 – 334 с.
  4. Основы социальной работы: Учебник / Отв. ред. П.Д.Павленок. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: ИНФРА – М, 2012. – 395 с.
  5. Тетерский С.В., Введение в социальную работу: Учебное пособие. – М.: Академический Проект, 2011. – 496 с.

Похожие записи

Әлеуметтану

Әлеуметтік жұмыстың мұраттары мен моральдық құндылықтары

  Әлеуметтік жұмыскер іс-әрекетінін негізгі категориялары: адалдық, мейірімділік, борыш, қайырымдылық, жауапкершілік, т.б. Әлеуметтік жұмыс кәсіп ретінде. Қайырымдылық туралы түсінік. Әлеуметтік жұмыскердін кәсіби кодексі. Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын моральдық талаптар. Әлеуметтік жұмыскердің адамгершілік мәдениетін қалыптастыру құралдары мен Подробнее…

Әлеуметтану

Әлеуметтік жұмысты қалыптастыру кезендердің дамуы

  Жоғары құндылықтар туралы мораль теориялары. Сократ пен Платон этикасының құндылықтары. Аристотель этикасының құндылықтар жүйесі. Эпикур этикасының құндылықтары. Утилитаризм құндылықтары. Кант этикасындағы құндылықтар.   Адамгершілік тәрбиенің күретамыры – мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді баланың жас Подробнее…

%d такие блоггеры, как: