Атом құрылысы жөнінідегі көзқарастың дамуы.

Опубликовано Опубликовано в рубрике Атомдық физика

Атом құрылысы жөнінідегі көзқарастың дамуы.

Зат атомдардан тұрады деген идея өте көне ғылымы идея: (біздің дәуірге дейінгі VI-II ғ,Демокрит, Эпикур). Осы идеяға сәйкес заттың ең кіші бөлшегіне-атомға  дейін ғана бөлуге болады. Баолық зат атомдардан және атомаралық қуыстардан тұрады. Ал әр түрлі заттық болуы атомдардың пішіні және мөлшеріне байланысты түсіндірілді.

Бірақ, бұл түсініктер дерексіз, ойдан шығарылғандықтан, ұзақ уақыт бойы қолдау таппай келеді. Тек XVIIIғ. ғана химиктер өз тәжірибе нәтижелерін атом ұғымын пайдаланып түсіндіре бастады. Реакцияға түсетін заттардың массалары арасындағы қатынасты түсіндіру үшін атом ұғымы қажет болды. 1808 ж. ағылшын ғалымы Д. Дальтон атомистикалық теорияны тұжырымдады. Осы теорияға сәйкес заттар жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, өте кішкентай, бөлінбейтін бөлшектер – атомдардан тұрады. Бір элементтің атомдары бірінен – бірі айырғысыз, мысалы, масалары бірдей болады.

Атомдар жөніндегі  осы түсінік ғалымда XIX ғ. аяғына дейін орын алып келді.

XIX ғ. аяғы XXғ. басында ашылған бірқатар құбылыстарды атом күрделі және бөлінеді деген тісініктерге сүйенгенде ғана түсіндіруге мүмкін болды. Катодық сәулелерді зерттеу, бұлардың электрондар ағыны екендігін көрсетті.Электрондардың атомдардан, катодтық қандай заттан екендігіне қарамастан шығарылуы, электрондардың әр түрлі атом құрамында болатындығын көрсетті. 1896 жылы француз ғалымы А.Беккерель радиоактивтілік құбылысын ашты. Осы құбылысты зерттеу нәтижелері атом өзгермейді және бөлінбейді деген түсінікті бүтіндей жоққа шығарды.

Ал, атом тұтас алғанда электрлік бейтарап болатындықтан, оның құрамындағы электрондардың теріс зарядын теңестіретін оң зарядталған бөлшектер де болуға тиіс. Енді атомдағы осы оң және теріс зарядтар қалай таралып, орналасқан деген сұрақ туады.

Бұл сұраққа жауапты 1911жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфорд тәжірибе  жүзінде тапты.

1903жылы ағылшын физигі Дж. Томсон атомның алғашқы физикалық моделін ұсынды. Осы модельге сәйкес атом – оң зарядталған сфера, ал электрондар сфераның әр жеріне, атом тұтас алғанда бейтарап болатындай орналасады.

Бірақ Томсон моделі көптеген күдік туғызды.