Beeline орталығында

Опубликовано Опубликовано в рубрике Бастауыш

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,   Бейнеу селосы «Бейнеу бөбекжайы»МКҚК

 Кульсумакова Алмахан

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекет түрі:   Тіл дамыту.

Тақырыбы:  «Билайн орталығында»  (сюжетті-рөлді ойын)

Мақсаты: Балаларға рөлдерді өз беттерімен бөлуді және өзіне бөлінген рөл бойынша әрекет етуді үйрету. Ойын барысында әлеуметтік болмысты көрсету, қоғамдық орындардағы мінез құлық ережелерін,

 қызметтестер арасындағы этиканы бекіту, сөйлеу этикетінің дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмысқа кірісуге және сол жұмыс барысында өзіне ұнайтын жағдайларды табуға үйрету, тапсырманың орындалуының сапасын бағалауға үйрету, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.
Атрибуттар: Ұялы телефондар, бланкілер, қызметкерлерге арналған бейджиктер, терминал қызметі,аксессуарлар,слайд т.б

Іс-әрекеттер кезеңдері

          Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

Ұйымдастырушы-қозғаушылық

Психологиялық тренинг:

-Балалар,көңіл-күйлерің қалай? Көңіл-күйлерімізді жүзімізден көрсетейікші.
– Балалар,  бүгінгі күн  ерекше болғалы тұр, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Кәне, бәріміз  келген қонақтармен шаттық шеңберге тұрып,жүрек жылуын сыйлап, сәлемдесіп алайық!

Біздер қазақ баласы,

Сәлем-сөздің анасы.

Біз бақшаға келеміз,

Ойын ойнап,күлеміз,

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.
– Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Ұйымдастырушы-

ізденушілік

Жұмбақ :

Айтқан сөзді сыбырлап, осы жерде,

Естіп алар бір құлақ алыс елде.

(Телефон шырылдайды)

Балалар, ненің даусы шығып жатыр?
– Қандай телефонның даусы ұялы телефон ба, әлде үй телефоны ма?

– Телефон адамға қажет пе?
– Не үшін қажет?

 

-Ендеше, балалар,мен  сендерге осы ұялы телефон туралы  толық таныстырамын.

Мынау ұялы телефон. Мынау телефонның экраны, мынау пернетақта, бұнда сандар мен әріптер жазылған, мынау суретке түсіретін камерасы, телефонның артын ашсақ батареясы бар, оны қуат көзі таусылғанда тоққа қосып, қуат көзін толтырып аламыз, мынау ұялы байланыс картасы. Ұялы байланыс картасының бірнеше түрлері бар. Олар:билайн, актив, kcell,  т. б
Билайн ұялы байланысы өте ыңғайлы, тиімді байланыс. Билайн байланыстарын сататын жерді «Билайн орталығы» деп атаймыз. Онда әртүрлі телефондар, нөмірлер, телефон салғыштар да сатылады.
– Балалар, біздің  ауданымызда да көптеген  ұялы байланыс орталықтары бар.

-Сендер,«Билайн орталығына» барғыларың келе ме?

-Ендеше,сендер телефон туралы білетін тақпақтарыңды айтып беріңдеріңші.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Енді,балалар, «Билайн орталығында» сюжеттік – рөлді ойынын ойнап жіберейік.

Менеджер: Сәлеметсіз бе?! «Билайн орталығына» қош келдіңіздер! Қандай көмек керек?

 

Менеджер: Қандай телефон керек ?

 

 

Менеджер: Қараңыз,бізде ұялы телефонның  бірнеше түрлері бар.

Менеджер: Он мың теңге.

Менеджер: (Телефонды береді) Мынау телефонның төлқұжаты.

 

Менеджер: Бірнеше  түрлері бар,қарап көріңіз.

Менеджер: Бес жүз теңге.

 

 

 

Менеджер: Жақсы, дұрыс, мынау сізге сыйлық «Билайн орталығынан» брелок.

Менеджер: Екінші үстелге барыңыз.

 

Менеджер: Сізге де рахмет, игілігіңізге қолданыңыз!

Менеджер: Сәлеметсіз бе?! Қандай көмек керек?

 

Менеджер: Жақсы, міне қарап таңдаңыз.

Менеджер: Жақсы, нөміріңізді тіркеп алайын, куәлігіңізді беріңіз.
(Куәлік береді)

 Нөмір бес жүз теңге тұрады, ішінде бес жүз бірлігі бар.

Менеджер: Сау болыңыз, келіп тұрыңыз!

 

Тәрбиеші:-Балалар,сендер билайн орталығының қызметтерімен таныс болдыңдар.

-Енді балалар, мен сендерге ақпараттық қызметтер көрсетудің тағы бір түрі- «Терминал қызметі» туралы түсіндірейін.

Терминал қызметкері: Сәлеметсіз бе?!  Қандай көмек керек?                                  

 -Нөміріңізді тересіз, қанша бірлік салайын деп тұрсыз?

Терминал қызметкері: Бес жүз санын тересіз, ақшаңызды мына жерге салыңыз.
Енді тексеріп алыңыз, нөміріңіз дұрыс па?
Терминал қызметкері:Бірліктеріңіз салынды, чегіңізді алыңыз.

 

 

Терминал қызметкері:Сізге де рахмет! Сау болыңыз, келіп тұрыңыз, біз әрқашанда көмек беруге дайынбыз.

«Шеберхана»

Мақсаты: Қызмет көрсетуші  мен тұтынушы  арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру.
Жөндеуші:
Сәлеметсіз бе?! Қандай көмек керек?

 

 

Жөндеуші: Кәне, бірінші тексеріп жіберейін. Күте тұрыңыз, жөндеп берейін. Міне, телефоныңызды жөндеп болдым.

Жөндеуші: Мың теңге

 

Жөндеуші: Сізге де рахмет, сау болыңыз!

 

 

      – Телефон

 

-Телефонның даусы.

  

     

– Ұялы телефон

 

– Ия, өте қажет
– Хабар алуға, хабар беруге, қал жағдай сұрау үшін қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қызыға тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         -Ия.

 

 

Ақкәусар:

Әй,телефон,телефон,

Апам келіп бұраса,

 Кім керегін сұраса,

Тез шақырып келесің,

Айтқанына көнесің.

Алишер:

Әй,телефон,телефон,

Ал мен келіп бұрасам,

Кім керегін сұрасам,

Тыңдамайсың бірінде,

Гуілдейсің мұның не?

  Аружан:

Телефонмын ұялы,

Хабар алдым алыстан.

Үйде отырып білемін,

Хабарын да туыстың.

Гулфайруз:

Мой мобильный телефон,

Во все не тихоня.

Только дело в том что он,

Никогда не звонить.

 

 

 

 

 

Абонент: Сәлеметсіз бе?!

 Мен телефон сатып алайын деп едім.

Абонент:Галакси  телефоны керек еді.

 

Абонент: Мына телефон қанша теңге тұрады?
Абонент: Жақсы, маған мына телефонды беріңізші.

 

Абонент: Телефон салғыштар бар ма?

Абонент: Қанша теңге тұрады?

Абонент: Маған беріңізші, мынау ақшасы, санап алыңыз.

Абонент: Рахмет, енді маған нөмір керек.

Абонент: Жақсы, рахмет, сау болыңыз!

 

Абонент: Сәлеметсіз бе?!

Абонент: Менің телефоныма нөмір керек еді?
Абонент: Менің мына нөмірді алғым келеді.
Нөмір қанша тұрады?

 

 

Абонент: Ақшасын алыңыз.

Абонент: Жақсы, рахмет, сау

болыңыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

Абонент: Сәлематсыз ба,менің телефонымның бірлігі бітіп қалып еді!
Абонент: Бес жүз

 

 

Абонент: дұрыс

 

Абонент: Көп – көп рахмет, сау болыңыз.

 

 

 

 

 

 

Жөндетуші: Сәлеметсіз бе?!
Менің телефоным бұзылып қалып еді, жөндеп бересіз бе?

Жөндетуші: Рахмет, қызметіңіз қанша?

Жөндетуші: Алыңыз, сізге рахмет.

Іс-әрекетті қорытынды лау

– Балалар, біз қандай сюжетті – рөлдік ойын ойнадық?

– Ұнады ма?
– Өте жақсы, балалар! Енді өздерің «Билайн орталығына» барып, сауда жасап, ондағы қызметкерлермен сөйлесе аламыз ба?

Балалар, сендер бүгінгі ойынға өте жақсы қатысып,рөлдеріңді жақсы ойнап шықтыңдар,сендерге көп алғыс айтамын. Ата-аналарыңа,үйлеріңе «Қуанышты хабарлама»таратамын,онда сендерге арналған жақсы тілек сөздер жазылған.Алдымен қонақтармен қоштасайық.

 

 

-«Билайн орталығында» сюжетті – рөлдік ойынын ойнадық.

– Ия, ұнады.

 

 

– Ия

 

 

 

 

 

 

 

Сауболыңыздар,көріскенше күн жақсы болғай!

Күтілетін нәтиже:

 

Білуі керек: Ойындарды бір-бірінен ажырата ;     

 

Болуы керек:  Ойынға деген мүмкіндігі,қызығушылығы;

 

Үйренуі керек:  Ойынға қойылатын талаптарды;