Авторы: Гаухар Кунанбаева


 

Тақырыбы: « Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
Мақсаты:
1. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;
3. Дұрыс тамақтана білуге, тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.
Сабақ түрі: сайыс

Сабақтың типі: кіріктірілген
Көрнекілігі: тамақтану туралы сөздер, ережелері, презентация, қызықты тапсырмалар, А3 қағаздар, бояғыш құралдары т. б.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Сайыс кезеңдері
1. «Таныстыру»

2.«Дұрысы мен бұрысын тап»
3. «Пайдалы тағам» үй жұмысы+кластер

  1. «Үстелді жабдықтау»
    5. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
    6. «Ойлан тап» (денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдің жалғасын табу)

І. Кіріспе бөлім.
Мұғалім:
– Балалар, мына слайдтағы жұмбақтың шешімін тауып көріңдерші.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар,
Байлық осы деседі. (денсаулық)
Ендеше бүгінгі сайысымыз денсаулық туралы болмақ. Сайысымыздың тақырыбы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі».

І.  Сайысымыздың бірінші кезеңінде әр топ өздерін таныстырады.

Әр топ өзіне ат таңдап, ұранын ойлап табады: 5 балл
Мұғалім:
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық – денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.
Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін боламыз.
ІІ кезең «Дұрысы мен бұрысын тап».Слайдта дұрыс тамақтану ережелері көрсетіледі, соның ішінен артығын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 балл

1.Қарныңыз ашқан кезде ғана тамақтаныңыз. +
2.Тек отырған күйде тамақтаныңыз. +

3.Тамақты ыстық күйінде қабылдай беріңіз
4. Асықпай әрі тамақты мұқият шайнап жеңіз. +

  1. Тағамды жиі жемеңіз+

6.Шынтақты үстелдің үстіне қойыңыз

  1. Бір рет тамақтану барысында 4 түрлі тағамнан артық жемеңіз. +

8.Сағат кешкі 6-дан кейін тамақ ішкен жөн

9.Салфетканы мойыныңызға орап алыңыз
10.Тағамды аузыңызға толтырып салыңыз.
11.Көңіл-күйіңіз қалыпты болған кезде тамақтаныңыз. +
12.Тамақтану барысында кітап, газет оқыңыз.

  1. Тамақтанудың арасы 4 сағаттан кем болмауы тиіс. +
    14. Тамақтанып бола сала су мен сусын ішпеңіз. +
    ІІІ кезең. Үй жұмысы. «Пайдалы тағам». Әр топтан бір оқушы үйден салат дайындап әкеледі. Онының құрамын 1 қыз, ал пайдасын 1 ұл бала кластер жасап қорғайды. Алдарына қосымша мәліметтер беріледі. Жасалған салатқа-5 балл, қорғағаны үшін- 5 балл

ІV-кезең «Үстелді жабдықтау». Әр топтан бір оқушы шығып ыдыстарды дұрыс қою керек.

V кезең. «Тапқып болсаң, талас жоқ» Экранда бір жемістің не көкеністің сипаттамасы беріледі. Сол сипаттамасына байланысты жасырған жемісті не көкөністі табу керек. Әр топқа 1 тапсырмадан-5 балл

Қияр— асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды, пішіні –  сопақ.Құрамында 95—96% су. Мәдениетке 6000 жыл бұрын енген. Оның Отаны – Үндістанның тропикалық аймағы және Қытай. Тағамға жас піскен көкеніс ретінде, тұздалған түрінде қолданады.

Картоп- түйнекті алқа, ақтүйнек — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. Отаны – Оңтүстік Америка. . Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. түйнегінде 17,5% крахмал болады. Тағамға қуырылған, пісірілген, қайнатылған күйінде қолданады.

Сәбіз-Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Құрамында қант, ақуыз, пектин заттары,минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар.Тамыры-жемтамыр. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл – сары болып келеді. Ең алғаш Ауғанстанда өсірілген. Тағамға шикі, пісірілген, қайнатылған, қуырылған күйінде қолданады. Қыста көбіне құмның ішінде сақтайды.

Қызанақ  — алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Оңтүстік Америкадан таралған. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні домалақ, сопақ, майда, ірі болады . Жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 — 2С-та үсікке шалдығадыЖемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады.

VІ -кезең «Жалғасын тап» деп аталады. Бұл кезеңде денсаулыққа қатысты мақалдардың жалғасын табу.
1.Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.
2.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
3.Өзі тоймастың көзі тоймас.
4.Өле жегенше бөле же.
5.Тәні саудың жаны сау.
6.Көзің ауырса, қолыңды тый.
Ішің ауырса, аузыңды тый.
7.Таспен ұрғанды аспен ұр.
8.Дәнді шашпа, нанды баспа.
9.Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жолда қалады.
10.Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

11.Ат адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.

12.Тоқ адамды ұйқы басады,

Аш адамнан ұйқы қашады.
Әділқазылдардың қорытындысы

Қосымша мәлімет.

%d такие блоггеры, как: