Температура үшiн pV/N = kT түрiндегi формуланы практикада пайдалану пропорционалдық коэффициенттiң k сандық мәнiн бiлудi қажет етедi. Оны табуға болады, егер тәжiрибелерден белгiлi мәлiметтердi пайдаланса. Атап айтқанда, үш ыдыспен жасалған тәжiрибеденV = 0.1м3 көлемдi алатын сутегiнiң бiр молi үшiн, θ= pV/N шамасы температураның T1=273oК мәнiнде мынаған тең θ0 = 3.76·10-21 Дж, ал T2=373oК болғанда –θ100 = 5.14·10-21 Дж. Температураның осы мәндерiндегi айырмасын θkT өрнегiн пайдаланып жазсақ , шығатыны θ100 – θ0 = k(Т2 – Т1) немесе (5.14 –3.76)·10-21 Дж = k·100o К. Бұдан

k = 1.38·10-23Дж/К. (1.18)

Бұл коэффициент Больцман тұрақтысы деп аталады. Ол энергетикалық (Дж) өлшем бiрлiкпен анықталатын θ температураны, өлшем бiрлiгi Кельвинмен анықталатын, Т температурамен байланыстырады.

Молекулалық кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуi p қысым, V көлем және T температура арасында байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi. Бұндай байланысты жазатын өрнек күй теңдеуi деп аталады. Егер газ молекуласы концентрациясының өрнегiн n=N/V=mNA/VM түрiнде алса, онда p=nkT теңдiгiнен мынау шығады:

pV = mkNAT/M. (1.19)

Больцман тұрақтысының k Авогадро санына NA көбейтiндiсiн универсал газ тұрақтысы деп атап, R әрпiмен белгiлейдi:

R = k NA = 8.31·103 Дж/(кмоль·К). (1.20)

Бұл енгiзiлген R тұрақтыны тағы да пайдаланып кез келген массасы m үшiн идеал газ күйiнiң теңдеуiн аламыз:

pV = mRT/M. (1.21)

Бұл МенделеевКлапейронның күй теңдеуi деп аталады. Кейде бұл теңдеу алғашқы формасында қолданылады:

P1V1/T1 = p2V2/T2 = const, (1.22)

мұндағы 1 және 2 индекстерi газдың мүмкiн болатын кез келген екi күйiнiң параметрлерiне сәйкес.

Похожие записи

Молекулалық физика

Кристаллдар

Кристалдық торлардың физикалық қасиеттері. Кристалдық тордың базисіндегі бөлшектердің орналасуы, олардың табиғаты мен өзара әсерінің сипатына тығыз байланысты. Бірақ барлық жағдайда , кеңістік тордың түйіндеріндегі бөлшектер, өзара әсерлесу энергиясы ең кіші мәнге ие болатындай шартта жайғасады. Подробнее…

Молекулалық физика

Молекулалық физика: сұрақтар мен жауаптар

       оттегі үшін  меншікті жылу сыйымдылықтарының қатынасын тап.1,4;   сутегі молекуласының орташа жылдамдығы 2000м/с тең.  оттегі молекуласының массасы сутегі молекуласының массасынан 16 есе үлкен. Оттегі молекуласының жылдамдығы қандай?1000м/с.   (к) Больцман тұрақтысының өлшем бiрлiгi.Дж/К;  10 моль затта қанша молекула бар:6.1024;  Подробнее…

Молекулалық физика

Беттік керілу

Беттік керілу. Механикада сияқты жүйе потенциалдық энергиясы аз күйге талпынады, және потенциалдық энергиясы аз күй біршама тұрақты болып есептелінеді, изотермиялық шарттарында термодинамикада жүйе еркін энергиясы аз күйге талпынады. Сондықтан  сұйықтың беті сығылуға тырысады. Осыған орай, Подробнее…

%d такие блоггеры, как: