Людвиг Эдуард Больцман

Опубликовано Опубликовано в рубрике ғалымдар

Людвиг Эдуард Больцман
1844 – 1906

Людвиг Эдуард Больцман 1844 жылы 20 қаңтарда Вена қаласында дүниеге келдi. Оның әкесi Имперск қаржы министiрлiгiнде жұмыс iстеген. 1863 жылы Больцман Вена Университетiне түсiп, математика және физика пәндерiн оқиды. Людвигтiң алғашқы еңбегi электродинамикаһға арналған. 1866 жылы «Термодинамиканың екiншi бастамасындағы механиканың ролi» – еңбегiнде, ол температураның газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясына сәйкес екендiгiн көрсеттi. 1866 жылдың күзiнде, докторлық дәрежесiн алуынан 2 ай бұрын, Больцман Физика Институтына профессор – асситент ретiнде қабылданады. 1869 жылы Граценың Университетiнде математикалық физика саласында профессор болып сайланады.

Венада Больцман өзiнiң «Сыртқы әсерлердiң әсерi кезiндегi серпiмдiлiк теориясы» (1867жылы) – еңбегiнде ол сызықты тұтқыр серпiмдiлiк теориясын тұжырымдады. 1876 жылы Больцман Грацедағы Физикалық Университетiнiң директоры қызметiн иеленіп, 14 жыл бойы қызмет атқарады.

1877 жылы « Физика жайлы Вена мәлiметтерiнде» Больцманның энтропия мен термодинамикалық күйдiң ықтималдылығының байланысы жайлы танымал мақаласы жарық көрдi. Бұл мақалада ғалым, термодинамикалық күй энтропиясы осы күйдiң ықтималдылығына пропорционал және күй ықтималдылықтары молекулалардың таралу күйiне сәйкес келетiн сандық характеристикаларының арасындағы қатынас арқылы есептелiнетiндiгiн көрсеттi.

Әлем жолында Больцманның үйретуiнiң шыңы «аш- теорема» деп аталады. Бұл «аш -теоремада» Больцман : «жылудың өлуi өтiрiк, заман ақыры болмайды. Әлем болды және де бар болады, себебi ол атомдар мен молекулардан тұрады және термодинамиканың екiншi басталуын нақтылы атомдар мен молекулаларға қолдану керек» деп кеткен. Больцман бұл «абсурдты» өмiрiнiң соңына дейiн дұрыс деп есептеген.

1896 жылы Больцман «Физикалық ғылымдарда атомистиканың болмай қалмауы» атты еңбегi жарық көрдi.

1890 жылы Больцман Мюнхен Университетiнiң теоретикалық физика кафедрасының иеленуi жөнiндегi ұсынысты қабылдайды.

1902 жылдың күзiнде Больцман Мюнхен Венаға оралады. Қай жерде қай Университетте болмасын ол материалистикалық физика, атомистика үшiн титықтыратын тартыс талас жүргiздi.

1906 жылдың 5 қыркүйегiнде Людвиг Эдуард Больцман қайтыс болды.