Нильс Бор
1885 – 1962

Данияның ұлы физигi Нильс Бор атомның бiрiншi кванттық теориясын жасап, соңынан кванттық механиканың негiзiн қалауға көп еңбек сiңiрген. Нильс Бор 1908 ж. Копенгаген университетiн бiтiрген соң Кембриджте Дж. Томсонның қолында жұмыс iстедi, ал 1912-1913 ж.ж. Манчестерде Э.Резерфордтың жетекшiлiгiнде болды. 1916 ж. бастап Копенгаген университетiнiң профессоры болып, ал 1920 ж. бастап өзi құрған теориялық физика институтының директоры болып қызмет еттi.

1913 ж. Планктың квант энергиясы туралы идеясы бойынша Резерфордтың атомдық моделiнiң негiзiнде өзiнiң классикалық заңдарға қарама-қайшы келетiн 2 постулатқа негiзделген сутегi атомының теориясын құрды. Бұл атомның бiрiншi кванттық моделi болды. Бор теориясы атом құрылымындағы күрделi сұрақтарды түсiнуге мүмкiндiк бердi.

Атомның кванттық теориясын ашқаны үшiн 1922 ж. Нобель сыйлығына ие болды.

Бор ядролық физиканың дамуына да көптеген ықпалын тигiздi. Ол 1936 ж. құрама ядро теориясын ашты, ядроның тамшы моделiн және атом ядросының бөлiну теориясын құраушылардың бiрi.

Бор Копенгагенде физиктердiң үлкен интернационалдық мектебiн құрды.

Похожие записи

ғалымдар

Вильсон Чарлз Томсон Риз

Вильсон Чарлз Томсон Риз 1869 – 1959 Ағылшын физигi Р.Р.Вильсон 1869 ж. Гленкорседе туылған. 1892 ж. Кембридж университетiн бiтiредi. 1900-1934 ж.ж. Кембридж университетiнде жұмыс iстейдi. Оның жұмыстары молекулалық, атомдық және ядролық физикаға арналған. 1897 ж. Подробнее…

ғалымдар

Менделеев Дмитрий Иванович

Менделеев Дмитрий Иванович 1834 – 1907 Орыс ғалымы, Петербург ҒА-ның мүше-корреспондентi (1876 жылдан) Менделеев Д.И. Тобольскiде туылып (1834ж.), Петербургтегi Бас педагогикалық институтты (1855ж.) тәмамдады. 1855 – 1856 жылдары Одессадағы Ришельевский лицейi жанындағы гимназия мұғалiмi. 1857 Подробнее…

ғалымдар

Джеймс Максвелл

Джеймс Максвелл 1831 – 1879 Джеймс Максвелл 1831 ж. 13 маусым күнi Эдинбургте дүниеге келдi. Джеймстi Эдинбург академиясы атты мектебiне оқуға бередi. Максвелл академияны бiтiрiп Эдинбург Университетiне түседi. 1856 ж. күзiнде Максвелл Абердиндегi Маришаль – Подробнее…

%d такие блоггеры, как: