Электр және магнетизм

«Электр құбылыстары» тарауын қортындылау сабағы

 «Электр құбылыстары» тарауын қортындылау сабағы Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын үш топқа бөлемін. Әр топтың аты, ұраны, таңбасы бар. Бірінші топ «Кернеу», екінші топ «Тоқ күші», үшінші топ  «Кедергі». Ойын шарты бойынша жарыс тапсырмаларына барлық оқушылар қатысуы тиіс. Ойын ұраны: «Берсең қолыңнан, бермесең өзіңнен» Сабақ мына өлеңмен басталады: Ампер, Вольта, Подробнее…

Электр және магнетизм

Электромагниттiк толқынның қасиеттерi

Электромагниттiк толқындар да басқа толқындар тәрiздi бiртектi емес орталардың аралығында сынады және шағылады. Ал қандай да бiр электр қасиеттерiне ие ортада тараған толқындар осы ортада жұтылады. Сонымен қатар электромагниттiк толқындар көлденең толқындар болып табылады. Электромагниттiк толқындардың бұл қасиеттерiн алдағы уақытта жарық толқындарының мысалында терең оқып зерттейтiн боламыз.

Электр және магнетизм

Радиолокация. Теледидар туралы түсiнiк

Электромагниттiк толқындар бiртектi емес ортада тараған кезде өзiнiң жолындағы кездескен әртүрлi нысандардан шағылады. Әрине, шағылған толқындардың қарқыны түскен толқынның қарқынынан әлдеқайда аз. Дегенмен де, қазiргi заманның құралдары осындай әлсiз сигналдардың өзiн тiркеуге мүмкiндiк бередi. Ал шағылған толқындарды тiркеу арқылы оны шағылдырған нысандардың орнын дәлме-дәл анықтаудың мүмкiндiгi бар. Мiне, осы үрдiстi радиолокация деп Подробнее…

Электр және магнетизм

Радиобайланыс принципi. Амплитудалық модуляция және демодуляция. Детекторлы қабылдағыш

Радиобайланыс жүйесi мына принципке негiзделген: радиотаратқыштағы жасақталған жоғарғы жиiлiктегi электр тербелiсi антенна арқылы өзiн қоршаған кеңiстiкке электромагниттiк толқындар түрiнде тарайды. Одан әрi бұл толқын радиоқабылдағыш антеннасына жетiп, қабылданып, онда керiсiнше сол жиiлiктегi электр тербелiсiне айналдырылады. Осы тұрғыдан қарағанда радиобайланыс орнату аса күрделi мәселе емес тәрiздi көрiнуi мүмкiн. Ол үшiн бар Подробнее…

Электр және магнетизм

А.С.Поповтың радионы ойлап табуы

Электромагниттiк толқындардың көмегiмен алысқа сымсыз хабар жеткiзудiң мүмкiндiгiн алғаш рет 1895 жылы 7 мамырда орыс инженерi А.С.Попов дәлелдеп көрсеттi. Бұл күн бүгiнде радионың туған күнi атап өтіледі. А.С.Попов алғашқыда өзiнiң ойлап тапқан радиоқабылдағышын найзағай ойнаған кезде туындылайтын электромагниттiк толқындарды тiркеу үшiн қолданған. 3.3 – сурет   Радиоқабылдағышты ойлап табумен қатар, 1896 жылы Подробнее…

Электр және магнетизм

Герц тәжiрибесi. Электромагниттiк толқынның таралу жылдамдығы. Диполь

Бойынан айнымалы ток өтiп жатқан өткiзгiштердiiң маңында айнымалы магнит өрiсi туындылайды. Ал айнымалы ток болса, оны тасымалдайтын зарядтардың жылдамдығы өзгерген кезде, яғни олар үдей қозғалған кезде пайда болады. Олай болса, үдей қозғалған зарядтар өзiнiң маңында электромагниттiк толқындар туғызуы тиiс. Нақ осы принциптiң негiзiнде 1887 жылы немiс физигi Г.Герц электромагниттiк толқындарды тәжiрибе жүзiнде Подробнее…

Электр және магнетизм

Электромагниттiк толқын шығару. Ашық тербелмелi контур

Толқындар деп тербелiстiң кеңiстiкте таралу процессiн айтады. Кеңiстiкте қандай тербелiстердiң тарап жатқанына байланысты толқындар әртүрлi, мысалы, механикалық, электромагниттiк т.с.с. болуы мүмкiн. Тербелiстiң бағыты мен толқынның таралу бағытының арасындағы қатынасқа қатысты оларды көлденең толқындар және қума толқындар деп бөледi. Көлденең толқындарда тербелiстiң бағыты толқынның таралу бағытына перпендикуляр болса, қума толқындарда олардың бағыты бiр түзудiң бойында болады. Подробнее…

Электр және магнетизм

Трансформаторлар. Электр энергиясын тасымалдау

Көптеген жағдайда бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В-тық ток көзiне қосқан кезде оның iшiндегi қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1-2 В, ал электронды-сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады. Трансформаторды алғаш рет Подробнее…

Электр және магнетизм

Айнымалы ток тiзбегiндегi резонанс

Айнымалы ток тiзбегiнiң ( 2.8 – сурет ) толық кедергiсi (2.27) өрнегiне сәйкес тек тiзбек элементтерiнiң параметрлерiнен ғана емес, сонымен қатар мәжбiрлеушi кернеудiң өзгеру жиiлiгiнен де тәуелдi. Яғни, жиiлiк өзгерген кезде толық кедергi де өзгередi. Тiзбектегi ток максимальдi болу үшiн, Ом заңына сәйкес, оның толық кедергiсi минимальдi болуы керек. Ал Подробнее…

Электр және магнетизм

Айнымалы ток тiзбегi үшiн Ом заңы

Бiр-бiрiмен тiзбектей жалғанған актив кедергiден, сыйымдылықтан және индуктивтi катушкадан тұратын айнымалы токтың толық тiзбегiн қарастыралық ( 2.8 – сурет ). 2.8 – сурет Егер осы тiзбектiң ұшына жиiлiгi ω, ал амплитудасы Um-ға тең бола отырып гармониялық заңдылықпен өзгеретiн айнымалы кернеуiн берсек, онда бұл тiзбекте   I = Imcos ωt           (2.23) заңдылығымен Подробнее…

Электр және магнетизм

Айнымалы ток тiзбегiндегi индуктивтiлiк

Айнымалы ток тiзбегiндегi L индуктивтi катушканы қарастыралық ( 2.7 – сурет ). 2.7 – сурет Бұл кедергiсi елеместей аз сымнан оралған идеал катушка болсын делiк. Осы катушка арқылы өтетiн ток   i = Imcos ωt                        (2.19) гармониялық заңдылығымен өзгерсе, онда туындылайтын өздiк индукция ЭҚК-i ε s = -Li” = ωLImsin ωt               (2.20) Ал катушканың Подробнее…

Электр және магнетизм

Айнымалы ток тiзбегiндегi сыйымдылық

2.6 – сурет   Айнымалы ток тiзбегiне жалғанған С сыйымдылығын қарастыралық ( 2.6 – сурет ). Конденсатордың астарларына u = Um cos ωt                    (2.15) заңдылығымен өзгеретiн кернеу берiлiп тұрсын делiк. Онда осы тiзбектегi токтың мәнi қалай өзгередi? Оны табу үшiн алдымен зарядтың лездiк мәнiн анықталық. Ол мынаған тең: q = Cu = Подробнее…

Электр және магнетизм

Айнымалы ток тiзбегiндегi актив кедергi. Кернеу мен ток күшiнiң әсерлiк мәнi

Тұрақты ток тiзбегiнiң заңдары айнымалы ток тiзбегi үшiн де орынды болады. Тек бұл жағдайдағы 2.5 – сурет айырмашылық, айнымалы ток тiзбегiнде физикалық шамалар уақыттың өтуiмен байланысты өзгерiп отыратын болғандықтан, бұл заңдар сәйкес шамалардың берiлген уақыт мезетiндегi лездiк мәнi үшiн орындалады.   Айнымалы ток тiзбегiне қосылған R актив кедергiсiн қарастыралық ( Подробнее…

Электр және магнетизм

Ерiксiз электр тербелiстерi. Айнымалы ток. Айнымалы ток генераторы

Ерiксiз электромагниттiк тербелiстер деп сыртқы электр қозғаушы күшiнiң периодты өзгеруiнiң салдарынан болатын тiзбектегi ток күшi мен кернеудiң периодты түрде өзгеруiн айтады. Егер сыртқы мәжбiрлеушi ЭҚК-i гармониялық заңдылықпен өзгеретiн болса, онда тiзбекте туындылайтын ток та осы заңдылықпен өзгередi. Тiзбектегi токтың осындай ерiксiз гармониялық тербелiсi айнымалы ток деп аталады. Оны айнымалы токтың генераторлары арқылы шығарып алуға болады. Подробнее…

Электр және магнетизм

Автотербелiс. Өшпейтiн тербелiстiң транзисторлық генераторы

2.2 – сурет Нақтылы жүйелердегi тербелiстер белгiлi бiр уақыт өткеннен соң өшедi. Тербелiстердiң бұлай өшуi жүйенiң толық энергиясының бiрте-бiрте қайтымсыз түрде жоғалуымен байланысты. Бұл энергия, механикалық жүйелерде тербелiс болып жатқан ортаның кедергiсiнiң, ал электромагниттiк жүйелерде электр тiзбегiнiң кедергiсiнiң салдарынан шығындалады. Тербелiс өшпеу үшiн осы шығындалған энергияның орнын дер кезiнде толтырып Подробнее…


Жаңа білім беру порталы. Мұғалімдер мен студенттер, оқушылар үшін әр түрлі материалдар. Тегін және кез келген уақытта.

Статистика
Яндекс.Метрика

Социальные сети
Блогқа жазылу

Өзіңіздің электронды адресіңізді жазыңыз

Присоединиться к еще 105 подписчикам