Цельсий Андрес

Опубликовано Опубликовано в рубрике ғалымдар

Цельсий Андрес
1701 – 1744

Цельсий (Celsius) Андерс (27.XI.1701–1744).

Швед астрономы, физигi. Ғалымның астрономия, геофизика және физика салалары бойынша көптеген еңбектерi бар. Солтүстiк территориялардың зертеулерiне үлкен үлес қосты, негiзiнде меридианды өлшеу мақсатындағы Лапландық экспедициясына мүше болған. Полярлық аудандардан оралысымен Цельсий Упсалда астрономиялық обсерваторияның ұйымдастырылуы мен құрылысы жайындағы жұмыстарға белсене кiрiседi де 1740 ж. обсераторияның директоры болады. 1742 ж. ол 100 – градустық бағанын (шкала) ұсынады. Онда 0 градус ретiнде қалыпты судың атмосфералық қысым кезiндегi судың қайнау температурасы, ал 100 градус ретiнде мұздың еру температурасы алынған. Шкаланың бiр бөлiгi 1/100 дi құрайды. Бiрақ та бүгiнгi күнде қолданыста жүрген градустық құрал, Халықаралық практикалық температуралық бағаны болып табылады, оның негiзiнде Цельсий және Кельвин принциптерi алынған.