Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекет түрі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ақылды лақ.

Мақсаты: Мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: Ертегі желісі бейнеленген суреттер. Үй жануарлары түрлері ойыншықтар.

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтың іс – әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер

Төрт түлік жыры

Шөре, шөре шөлдедің бе, лағым.

Сонша неге елеңдейді құлағың?

Қойшы лағым, әлде қарның ашты ма,

Сен жыласаң, менің келер жылағым.

Қимылдар жасайды
                                                        Ұйымдастырушылық, ізденушілік Кіріспе әңгіме.

-Балалар үй жануарларын атаңдар.

Мына жайлаудағы суреттерге қараңдаршы, үй жануарлары төлдерімен жайылып жүр екен, осы үй жануарларының төлдерін айтайықшы.

Мен сендерге өлең жолдарын оқып беремін. Ал сендер қай төл туралы сөз болғанын айтыңдар.

Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.-деп неге айтамыз?

-Ендеше, сендерге үй жануарларының  бірі «Ақылды лақ» туралы ертегі оқып беремін.

«Ақылды лақ» ертегісін мәнерлеп оқып беру.

Сұрақ-жауап арқылы не туралы екенін білу.

-Ертегі қалай аталады?

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Ел көшкенде қандай төлдер қалып қойды?

-Олар не істеді?

Сергіту  сәті.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Секең-секең ей лақ

Жүрмін саған кейіп ақ.

Тыным тапсаң болмай ма,

Секеңдемей кей уақ.

Ботақаны нардың

Жарға неге бардың?

Тілерсегің дірілдеп,

Секіре алмай қалдың.

Түйенің төлі-ботақан

Қойдың төлі-қошақан.

Жылқының төлі-құлыншақ

Сиырдың төлі-бұзаухан.

Лақ.  Ол ешкінің төлі.

Ақылды лақ.

Ұнады.

-лақ, қозы, бұзау.

Дос болды.

Төлдердің қимылын жасайды.

Дәптермен жұмыс:

1. Төлдердің дыбысын келтіреді.

2. Берілген тапсырманы аяқтау.

Тапсырманы орындайды.
Рефлексті коррекциялаушы  түзетушілік                             Қорытындылау:
Балалармен бірге «Ақылды лақ» ертегісін рольдерге бөліп сахналау. Балалардың өнерлеріне ризашылық білдіріп, мадақтау.
Сұрақ-жауап береді.
Балалар қызығушылық танытады.
                           Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегінің мазмұнын.

Игереді: Малдың төлін қалай атау керектігін.

Меңгереді: Көркем әдеби тілде сөйлеуді.

 

«Бейнеу бөбек жайы» МКҚК

 

 

 

 

 

Өткізген: ата-ана; Икасбаева А.

 

Бейнеу  2016

Рубрики: Бастауыш

Похожие записи

Бастауыш

Мeктeпкe дeйінгi бaлaлaрдың aтa – aнaлaрымен ынтымaқтaстық отбacының тәрбиeлeудегі тиiмдi жолдары

Муханбеткалиева Багила Кабдешовна Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші   Мeктeпкe дeйiнгi ұйымдaрдың мaңызды шaрттaрының бiрi – бaлaбaқшa мeн отбacының бaлaлaрғa қоятын тaлaптaрының бiрлiгi. Мeктeпкe дeйiнгi кiшi жac топ бaлaлaрының aтa Подробнее…

Бастауыш

Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үрдісіндегі патриоттық құндылықтар

  Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасының КМҚК басшысы Темирбекова Жанат Акчекеновна   Қай ел, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, Подробнее…

Бастауыш

Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиеленушілердің еңбек тәрбиесі

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасының КМҚК тәрбиешісі Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна   Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі – балаларды әртүрлі істі атқаруға ұмтылдыру, қолөнер шеберлігін меңгерту, икемділігін дамыту арқылы Подробнее…

%d такие блоггеры, как: