Түрлі – түсті қағаздардан құрақ құрау

Опубликовано Опубликовано в рубрике Бастауыш

«Абай атындағы орта мектебі» ММ

Дайындаған:   Құлданбай Гүлшат

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:  Оқушыларға бірнеше елдер құрақ құрайтынын түсіндіру;

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды түстерді, пішіндерді есте сақтауға дамыту;

Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер, түрлі – түсті қағаздар, қарындаштар.

Сабақтың жүрісі:  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Жаңа сабақ.

Оқушылар, бүгінгі жаңа сабағымыз түрлі – түсті қағаздардан  құрақ құрау. Құрақты  біздер үйде көрпеше, көрпе, жастықтан көп көреміз. Әртүрлі пішінде, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш болады. Бірнеше елдерде құрақ құрайды екен. Орыстар мозайка деп атайды.

  1. Оқушылар түрлі – түсті қағаздардан бірнеше пішінді алып, ақ қағазға жапсыру керек.
  2. Қолдың ұсақ моторикасы  «Он саусақ»
Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

 

  Сұқ саусақты оңға, солға қозғау
Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

  Бас бармақ пен сұқ саусақты бір – біріне тигізу.

 

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

  Бас бармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақтарды бір-біріне тигізіп, жазу жазғандай қимыл көрсеті.

 

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

  Екі қолдың саусақтарын ашып, жұму.

 

 

 

  1. «Қарап ал да, есіңе сақта» ойыны

Ойын шарты: тақтаға бірнеше суреттер ілінеді. Бір бала тақтаға шығады. Дефектолог бірнеше суреттерді айтады. Бала тақтаға бет бұрып, дефектолог атаған суреттерді ретімен көрсетіп қайталайды.

А) Тақтаға ілінген суреттерді балалар хормен, жеке айтады. Сонан соң балалар көзін жұмады, сол кезде дефектолог суреттерді теріс қаратып қояды. Балалар жабылған суреттерді дұрыс айтуы керек.

  1. Сөзжұмбақ «Құрақ». Суреттердің көмегімен шешу.
  2. Сабақты қорытындылау:
  3. Қандай пішіндерді білесіңдер?
  4. Қандай түстерді білесіңдер?
  5. Сендерге сабақ ұнады ма?
  6. Бағалау.

Бүгін сабаққа бәрің жақсы қатыстыңдар.