Егер денелер арасындағы арақашықтық олардың өлшемдерiмен салыстырғанда бiрнеше есе артық болса, онда зарядталған денелердiң формасы да, өлшемдерi де олардың өзара әсерлесуiне елеулi әсер етпейдi. Бұндай жағдайда ол денелердi нүктелiк дене ретiнде қарастыруға болады.

4.1-сурет

Тынышталған нүктелiк зарядтар (4.1 – сурет) арасындағы өзара әсерлесу заңы тәжiрибе жүзiнде 1785ж. Шарль Кулон анықтаған және оның есiмiмен аталады.

 

Кулон заңы: Бостықтағы екi қозғалмайтын зарядталған нүктелiк денелердiң өзара әсерлесу күшi F (кулон күшi)  және  зарядтардың модульдерiнiң көбейтiндiсiне тура пропорционал және олардың өзара r арақашықтығының квадратына керi пропорционал.

 (4.1)

Мұнда k – пропорционалдық коэффициентi, сандық мәнi бiрлiк зарядтардың бiрлiк ұзындығына тең арақашықтықта өзара әсерлесу күшiне тең.

k коэффициентiн мынадай түрде жазу қабылданған

мұнда  – электр тұрақтысы, СИ жүйесi бойынша мынаған тең:

Коэффициент k СИ бiрлiгiнде жазылуы бойынша келесi түрде өрнектеледi:

Табиғатта бар ең кiшi заряд – бұл элементар бөлшектер заряды. СИ бiрлiгiнде бұл зарядтың модулi мынаған тең:

Похожие записи

Электр және магнетизм

«Электр құбылыстары» тарауын қортындылау сабағы

 «Электр құбылыстары» тарауын қортындылау сабағы Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын үш топқа бөлемін. Әр топтың аты, ұраны, таңбасы бар. Бірінші топ «Кернеу», екінші топ «Тоқ күші», үшінші топ  «Кедергі». Ойын шарты бойынша жарыс тапсырмаларына барлық Подробнее…

Электр және магнетизм

Электромагниттiк толқынның қасиеттерi

Электромагниттiк толқындар да басқа толқындар тәрiздi бiртектi емес орталардың аралығында сынады және шағылады. Ал қандай да бiр электр қасиеттерiне ие ортада тараған толқындар осы ортада жұтылады. Сонымен қатар электромагниттiк толқындар көлденең толқындар болып табылады. Электромагниттiк Подробнее…

Электр және магнетизм

Радиолокация. Теледидар туралы түсiнiк

Электромагниттiк толқындар бiртектi емес ортада тараған кезде өзiнiң жолындағы кездескен әртүрлi нысандардан шағылады. Әрине, шағылған толқындардың қарқыны түскен толқынның қарқынынан әлдеқайда аз. Дегенмен де, қазiргi заманның құралдары осындай әлсiз сигналдардың өзiн тiркеуге мүмкiндiк бередi. Ал Подробнее…

%d такие блоггеры, как: