Массаның жылдамдықтан тәуелдiлiгi

Опубликовано Опубликовано в рубрике Механика

Егер денеге ұзақ уақыт тұрақты күш әсер ететiн болса, онда классикалық физикадағы Ньютон заңдарына сәйкес оның жылдамдығы шексiз өсуi тиiс. Ал релятивистiк физика тұрғысынан қарағанда жарық жылдамдығы мүмкiн болатын ең үлкен, шектiк жылдамдық. Кез-келген массасы нөлден ерекше болатын дененiң жылдамдығы жарықтың жылдамдығынан үлкен бола алмайды. Бұл қарама-қайшылық классиклық физикадағы қозғалыс теңдеуiне өзгерiс енгiзу қажет екендiгiн көрсетедi. Бiрақ бiр ерекшелiгi сол, қозғалыс теңдеуi релятивистiк жағдайда өзiнiң түрiн өзгертпейдi екен, яғни

Өзгерiс тек импульстiң  өрнегiне кiрiп тұрған массаға ғана қатысты болады. Релятивистiк физикада дене қозғалған кезде масса тұрақты болып қалмайды. Жылдамдық артқан кезде ол да артады. Оның жылдамдықтан тәуелдiлiгiнiң өрнегiн релятивистiк физикадағы импульстiң сақталу заңынан шығарып алуға болады. Бұл тәуелдiлiк мынадай

(5.8)

 

мұндағы m0 дененiң тыныштықтағы массасы. Дененiң жылдамдығы артқан кезде массасының артуы күш қанша ұзақ әсер еткенiмен оның жылдамдығының шексiз өсiп, жарық жылдамдығынан үлкен болып кетуiне мүмкiндiк бермейдi.