Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,                                                               

«Бейнеу бөбекжайы»МКҚК

Білім беру саласы : «Денсаулық».                             

Ұйымдасқан оқу іс-әрекеті:  Дене шынықтыру.                 

Тақырыбы:  «Кедергілер»

  Дайындаған Ещанова Айымгүл,     дене тәрбиесі маманы

 

Мақсаты:  Жоғарыға қарай өрмелеуге жаттықтыру.Қол мен аяқтардың қимыл-қозғалысын үйлесімді ету.Түрлі кедергілер арқылы жаттығулар орындау дағдыларын дамыту.                                                                                                    Көрнекіліктер: Әрқайсысына секіртпелер, текшелер, гимнастикалық қабырға,матрацтар, төсеніштер,төрт түліктің және төлдердің бет перделері.                                                                                                                                   

Іс-әрекет кезеңдері Жетекшінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы

 

Бір қатар сапқа тұру.

Зал іші ұйымдасқан оқу іс-әрекетіне қарай безендіріледі.

(Жайлау бейнесінде)

Шатық шеңберін құру.                       -Балалар, бізде бүгін ерекше күн, бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр.

Қонақтармен амандасып алайық.

 

-Жарайсыңдар!

 
Buy NHL 18 Ultimate Team Coins

 

Балалар залға қатармен кіреді. Залға назар аударады.

 

 

Шаттық шеңберге тұрады:

 

Жарқырашы, жарқырашы алтын күн

Көңілдерді шалмасыншы қайғы –мұң.

Алдыменен сәлемдесіп алайық,

Достарменен жаттығуды бастайық.

 

Ұйымдастыру-ізденушілік  

Балалар біздің ата-әжелеріміз қайда тұрады?

Олар жайлауда не бағады?

Олардың төлдері қалай аталады?

 

 

Ендеше қазір біз сиқырдың көмегімен жайлауға барамыз.

 

 

 

 

 

-Міне, балалар, біз жайлауға келдік.

 

Жетекші екі қолына ата мен әже қуыршақтарын киіп төлдердің жанына келеді.

Әже: Әй атасы сен малды өріске айда. Мен төлдерді жайғарайын.

Әже төлдердің жанына келіп оларды сипалап еркелетеді.

 

Қошақанды сипалап

Қошақан-ау қошақан

Неден болдың шошаған?

 

 

Торпақты сипалап,

Торпағым-ау, торпағым,

Неден болдың қорқағым?

 

 

Әжей құлыншақтардың қасына келіп оларды еркелетіп сипалап:

Құлыным-ау құлыным,

Неден сұлу тұлымың?

 

Әже ботақандарға жақындап келіп:

Ботақан – ау ботақан,

Неден болдың момақан?

 

 

 

Жалпы дамыту жаттығулары:

Әжей төлдердің алдына ноқталарды (секіртпе)қояды.

 

1.Төрт бүктелген секіртпенің екі басынан ұстап, қолдарын алға созып отырып, тұру жаттығуын орындау.

2.Төрт бүктелген секіртпені екі басынан ұстап жоғары көтеру, секіртпеге қарау төмен түсіру.

3. Төрт бүктелген секіртпенің екі басынан ұстап алға созу, аяқ сәл алшақ қолдарын шынтақтан бүгіп, оңға солға кеудемен бұрылу.

4. Төрт бүктелген секіртпенің екі басынан ұстап, қолдың негізгі позициясын сақтай отырып, және артқа қарай иіліп тізерлеп тұрамыз. Бастапқы қалыпқа ораламыз.Жаттығулар аяқталған соң Әжей төлдерін жайлауға босатып жібереді.

 

Негізгі бөлім:

а) Екі қолды екі жаққа созып, ағаш түптерінен аттап жүреді.

ә) Гимнастикалық орындықтың үстімен қолдарын желкеде ұстап жүру.

б) Қолдарын жоғары созып шапалақ ұру арқылы жүру.

 

 

 

 

 

Матрацтарда тізерлеп тұрып, оңға солға домалау.

Алға қарай секіру.

 

Әжей:

Төлдерім, сендердің өрістен енелерің келетін уақытта таяп қалды.

Қане, қырдың үстіне шығып, енелеріміз көрінер мекен, қарайықшы!?

Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.

 

 

 

Жетекші осы кезде қонақ болып отырған апайларға түйе, сиыр, қой  бетперделерін кигзеді.

 

Ал, балалар, қазір біз «Жұбыңды тап» ойынын ойнайық. Ойынды екі-үш рет қайталау.

 

Әжей: Өрістен келген малдарын, төлдерін қораға кіргізіп жайлайды.

 

 

 

 

Жайлауда.

Мал бағады.

Қой, түйе, жылқы, сиыр.

Қозы, бота,бұзау, құлын.

 

Балалар өкшелерімен тұрады да, көздерін жұмып, шыр айналады.

Балалар төрт-түлік малдардың (маска киіп) төлдерге айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Қошақан маскасын киген екі бала)

Қадалып шөп ошаған,

Содан болдым шошаған- деп жауап береді.

(Торпақ маскасын киген екі бала)

Қалбаңдаса қалпағың, содан ғана қорқамын-

деп жауап береді.

(Құлындар маскасын киген екі бала):

Сіміріп су тұнығын,

Содан сұлу тұлымым-        деп жауап қайырады.

(Ботақандар маскасын киген екі бала):

Менде өзіңдей балақан,

Момындықты жаратам-

деп жауап қайырады.

 

 

 

Төлдер ноқталарды алып жаттығуға кіріседі.

 

 

 

 

 

 

Жетекшінің көрсетуі бойынша жаттығуларды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төлдер жайлауда аунап, секіріп түрлі кедергілерден өтіп ойнайды.

Ағаш түптерінен аттап жүреді.

 

Денені тік ұстайды көпірлер (гимнастикалық орындық) үстімен әр түрлі қалыпта жүріп өтеді.

 

 

Шөп (матрац)үстінде оңға, солға домалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

(Төлдер) балалар гимнастикалық қабырғаға өрмелеп қолдарын маңдайларына қойып енелерін қарайды.

 

 

 

 

 

Әр төл өз енесін табу керек.

 

 

 

 

Іс – әрекетті  қорытындылау. -Балалар, біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз жақындады. Көздерімізді жұмып, өкшемізге тұрайық.

 

Міне, біз балабақшамызға оралдық.

-Балалар, сендерге ата мен әженің ауылы ұнадыма?

-Ол жақтан не көрдіңдер?

 

 

Қандай жаттығулар жасадық?

Балалар, ата-әжелерің сендерге сыйлық беріп жіберіпті, бірақ ол сыйлықты мен жасырып қойдым.

Қазір ол сыйлықты «Ыстық,суық» ойыны арқылы тауып алайық.

 

 

 

 

 

 

Балалар көздерін жұмып шыр айналады.

 

 

 

Ұнады.

 

Сиыр, қой, түйе, жылқы, қошақан, бота, бұзау, құлын көргендерін айтады.

 

 

Негізгі жаттығуларды айтады.

 

Балалар ойынды ойнап әженің сыйлығын тауып алады.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Төлдерді атай білуі керек, төрт түлікті дыбыстай білуі;

Нені игерді: Ойын шарттарын, тепе-теңдік сақтауды;

Үйренуі керек:Үйретілген дағдыларды,жаттығуларды;

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели