Электр өрiсiнiң энергиясы. Конденсаторды тiзбектей және параллель жалғау

Опубликовано Опубликовано в рубрике Электр және магнетизм

Зарядталған конденсатор энергиясы мына формуламен анықталады:

 (4.17)

мұнда q – конденсатор орамының заряды, U – орамдар арасындағы потенциалдар айырымы.

Зарядталған конденсатордың энергиясы деп олардың электр өрiсiн жасайтын энергияны айтады.

4.18-сурет

Электр өрiсiнiң энергиясы өрiстiң негiзгi сипаттамасы – кернеулiк арқылы өрнектеледi:

 

 (4.18)

мұнда  – электр тұрақтысы.

Берiлген кернеуде қажеттi сыйымдылықты алу үшiн конденсаторды батареяға жалғайды.

4.19-сурет

Сыйымдылықтары  конденсаторларды параллель жалғағанда (4.19 – сурет) батареяның қорытқы электр сыйымдылығы мына формуламен есептеледi:

 

, (4.19)

бұл жағдайда конденсаторлар орамдары арасындағы потенциалдар айырымы бiрдей.

4.20-сурет

Конденсаторларды тiзбектей жалғағанда (4.20 – сурет) батареяның сыйымдылығы келесi формуламен анықталады:

 

 (4.20)

бұл кезде конденсаторлардың заряды тең. Бұл жағдайда қорытқы сыйымдылық батареяға кiретiн кез-келген конденсатордың ең кiшi сыйымдылығынан кiшi болады.