Көзіме бір көрінші Ерейментау

Опубликовано Опубликовано в рубрике Пәндер / Предметы


Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, Балалар музыка мектебі МКҚК-ның домбырамен ән айту сыныбының мұғалімі Байдолда Махсат.

Көзіме бір көрінші Ерейментау

Ереймен талайларға-арман жерсің.
Сәбірлі,Қантайлардан қалған жерсің,
Кешегі ер Бөгенбай,Жантайлардың,
Найзасын қанға малып алған жерсің
-деп, Саққұлақ баласы Ералы атамыз жырлағандай Ерейменнің тұнып тұрған табиғатын, жез таңдай- күміс көмей әншілеріміз әнге қосса, одан қалды батыр –палуандарымыз сөзбен суреттеді, әнмен жырлады. Ерейментау жерінен не бір сал-серілер,акындар, жыршы-жыраулар өтті.
Солардың бірі де бірегейі қазақтың дәстүрлі ән мұрасына өз үлесін қосқан,қатал да қатыгез тағдырдың ноқтасына басы сыймай өткен,заманында қазақ даласына атағы кең жайылған ,қазақ иісіне аты танымал болған, атақты қас батырлардың бірі –Иманжүсіп атамыз еді.
Мен жасымда жігіттер топтан астым
Менменсіген талайдың көңлін бастым
Қасыма ерген жігітке олжа салып
Бір түнде сегіз қызды алып қаштым –деген
өлең шумақтарында атамыз өзін сал-серілер қатарынан екенін көрсетсе жатса, мына бір өлең шумақтарында:
Бұл жалғанда мен неге тұрақтайын
Көлге біткен айдында құрақтайын
Қолға түскен дұшпанның талайларын
Бақыртып сабаушы едім лақтайын деп озінің белді палуан,ер-жүрек батыр, ел үшін туған ер екенін айтып кетсе:
Сыртым бүтін болған мен құр денем сау,
Маған десең көз жасым жаңбыр боп жау.
Бүркіт ұстап басыңа бір шығайын,
Көзіме бір көрінші ерейментау.

Бұл жерде ақын атамыз туған жерге деген өзінің сағынышын сөзбен дәріптеп, елге деген өзінің ерекше ойын емірене жырлаған.Атамыз кейінгі ұрпаққа өзінің нар тұлғалы асау тізгінді бағындырар ерекше күшімен қоса,ер азаматтың бойына дүлей күш тудыратын өлең шумақтарын қалдырды.Кейіннен осы Иманжүсіп атамыздың әніне ән қосып жүрген,кәсіп ғой ақындарымыз- әншілеріміз ел ішінде көзге түсіп жатты.Айта кетсек Ереймен елін жырға бөлеп жүрген ақын Сайлау Байбосынов,композитор Барлыбаев Сапар, композитор Осипов Баян,ақын әрі әнші Жылқыбаев Сайлау,әнші композитор Абжиков Медеу елдің туын биікке көтеріп,өнер көшін жалғастыруда.

Еркелеп айлы түнмен сыр сырласқан,
Ызғарлы өкпек желмен, мұң-мұңдасқан.
Тауларың қиыр далаң кең жайлауың,
Сөйлесті жұлдыздармен жымыңдасқан.

Ерейментауым,бақ қонған аулым,
Шаттық,күлкі,той думанмен.
Алыстап кетсем де мен,
Шықпадың көңілімнен,Ерейментауым.