текстword

 

 

Сыныпта барлығы 16 оқушы бар. Оның ішінде ұлдар-7, қыздар-9.

Сыныпта көп балалы және жағдайы төмен отбасылар төртеу.  Олар: көп балалылар: Базарбаева Аида,Керімбай Жанира, Мекенбай Балнұр, Райымбек Әділет. Жағдайы төмен отбасы: Тасполатова Аружан.

Сыныптағы барлық оқушылардың қай жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым.

Жалпы  сынып оқушыларының  интелектуалдық  деңгейі, сабаққа қызығушылық деңгейі орташа,  тәртіп жағынан жақсы.    1 оқушы үздік  -Шерімбетова Нұрай.  Екпінділер: Әлентай Нұржігіт, Базарбаева Аида, Керімбай Жанира, Қуатов Сүндет, Мекенбай Балнұр, Райымбек Әділет  болды. Оқу жылының басында сынып белсенділерін сайладық. Сыныптың басшысы: Шерімбетова Нұрай, оқу секторы:Базарбаева Аида, тазалық секторлары: Мекенбай Балнұр, Андасова Ақерке, Тасполатова Аружан, Зейдінова Нұрай, наркопост:Жолдар Бағдат, Молдабай Жанболат, Мыңбаев Еркебұлан, Әлентай Нұржігіт.

І жартыжылдық іс-шара жоспары  жасалынып, бекітілді. Жоспарға сай ашық сабақтар көрсеттік. Атап айтқанда: «1 қыркүйек – Білім күні. Мәңгілік ел:бір ел-бір тағдыр», «Ұстаз-ұлы тұлға», «Қарттарым асыл қазынам», « Тәртіптің тамаша мектебі -отбасы», «Нұрлы жол  -Болашаққа бастар жол», «Ақша және өмірдің мәні», «Ендігі ұрпақ Мәңгілік Қазақтың перзенті», «Өзіңді біл, өзгеге де айта жүр»,«Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде», «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен»,«Табиғат жан саясы»,«Желтоқсан желі» тақырыптарында  тәрбие сағаттары өтілді. Оқушыларға алдын-ала тәрбие сағаттарының тақырыптарын беріп қоямын. Сол тақырыптар бойынша  тәрбие сағаттарына оқушылар да ат салысады.

Жыл басында  «Қамқорлық көрсету-парызың» атты акцияға белсене қатысты.

Қарттар күніне орай өзімізге белгіленген зейнеткерді  құттықтап, хал-жағдайын сұрап, біліп қайттық.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жасөспірімдер арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-ң белгілері, жұқтырудың алдын –алу», «Дұрыс тамақтанудың бала денсаулығына әсері»әңгіме өттік.

Оқушылармен тәрбие сағаттарын өту сәттері

Мектеп испекторының ата-аналар және оқушылармен әңгіме өткізуі Психологпен өткізілген кездесу

 

«Қарттарым аман сау жүрші»,  «Отан – отбасынан басталады», «Шырайлы Шымқалам», 1 желтоқсан ҚР «Тұңғыш Президент күні»,  «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым Желтоқсан» тақырыбында әңгіме жүргіздік. Адамгершілік, имандылық  бағытында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»,  «Ел мақтанышы болу-менің арманым», «Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі» пікір алмасу болды.  Құқықтық тәрбие беру бағытында  «Оқушылардың құқықтары мен міндеттері»,«Мектептің ішкі тәртібі»,Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Бала құқығы туралы», «Қылмыссыз жарқын болашақ» тақырыптарында әңгіме, еңбекке тәрбиелеу бағытында «Еңбек етсең ерінбей», «Табиғаттың тосын жағдайлары», «Өрт – тілсіз жау», «Оттың зияндығы»,  «Жол белгісін білеміз бе?», «Темір жолдан абайлап өт» жол ережелерімен таныстыру т.б тақырыптарда түсіндіру сабақтары өткізілді.

Сынып жиналысында жиі сабақтан қалатын оқушылардың  ата-анасымен жеке жұмыс жүргізіліп,  қысқы демалыста қайда болатындығы, өмір қауіпсіздігі  және  түнгі уақытта  ата-анасыз жүруге болмайтындығы  айтылып, ата-аналардан тілхат алынды, үлгерімі төмен пәндерден қосымша дайындық керек екендігі айтылып, түсіндірілді. Сондықтан, баланың сабақтан  себепсіз қалмауы, оқушыларға  үй жұмысын орындау барысында жалқаулыққа салынбау керектігі айтылды. Әр тоқсан сайын оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктері талқыланады.

І жартыжылдықтағы атқарылған тәрбие жұмысын қанағаттанарлық деп қорытындыланды

more info here

Сынып жетекшісі:  Онгарбаева Парида Оразбековна

математика пәнінің мұғалімі

Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта мектеп

regrow hair protocol

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели