Физикадан оқушылармен өз бетінше іcтелетін жұмыстары

Опубликовано Опубликовано в рубрике Физиканы оқыту әдістемесі

(downloadскачать/жүктеу) Яндекс диск

(downloadскачать/жүктеу) Google Drive

Үзінді: 

ФИЗИКАДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ІСТЕЛЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ

 

Мақсаты: Физикадан оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыс-тарының түрлерімен таныстырып, оларды ұйымдастыру әдістемесін беру.

 

Жоспары:

1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрі.

2. Физикадан оқушылардың өзіндік жұмыстарының жүйесін құрудың дидактикалық принциптері және оған жетекшілік ету.

3. Физикадан оқу әдебиетімен өзіндік жұмыс жасау.

4. Жоғары сынып оқушыларына өзіндік жұмыстарды ұйым-дастырудың ерекшеліктері.

 

Әдебиеттер:

1. Бугаев А.И. Методика преподавания в средней школе. М.: Просвещение, 1981. Гл. VII. С 235-241.

2. Орехова В.П., Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы 6-7 кл. Алматы: Мектеп, 1978. ХІ-тарау. 138-150 бб.

3. Усова А.В., Вологодская З.А. Самостоятельная работа учащихся по физике в средней школе. М.: Просвещение, 1981. Ч. 1. С. 4-71.

4. Родина Н.А., Гутник Е.М. и др. Самостоятельная работа учащихся по физике в 7-8 классах средней школы / Под ред. Н.А-Родиной. М.: Просвещение, 1991. С. 3-6.

5. Құдайқұлов М.А., Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан,1998. VІ-тарау. 57-58 бб.

 

 

1. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының түрі

Оқушылардың өзіндік жұмысы деп біз арнаулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардың мұғалімнің тікелей қатысуынсыз,  бірақ оның тапсыруымен, бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын түсінеміз. Өзіндік жұмыс мұғалімнің ұсынған

тапсырмаларының неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестірумен, нәтижелерінің таңдауына байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді.

Физиканы оқыту үрдісінде өзіндік жұмыстардың әр түрін қолдану арқылы оқушылар өздері білім, ебдейлік және дағдыны қалыптастырады. Оқу барысында қодданылатын өзіндік жұмыстардың – барлығын нышандарына байланысты жіктеуге болады:

– дидактикалық мақсаты бойынша;

– оқушылардьщ оқу әрекеттері бойынша;

– оқушылардың шығармашылық элементтері бойынша;

– жұмысты өздігінен орындай алу дәрежесі бойынша және т.б.

Өзіндік жұмыстардың барлық түрлерін дидактикалық мақсаты бойынша бес топқа бөлеміз:

1. Жаңа білімді меңгеру және өз бетінше білім алу ебдейлігін қалыптастыру.

2. Алған білімдерін тереңдету және нақтылау.

3. Жаттығу және практикалық есептерді шығару кезінде алған білімді қолдана алу ебдейлігін қалыптастыру.

4. Практикалық сипаттағы ебдейлік пен дағдыны қалыптастыру.

5. Күрделенген жағдайларға білімді қолдану ебдейлігін және шығармашылық қабілетін дамыту.

Бір дидактакалық мәселені шешу әр түрлі жолмен іске асады, сондықтан әрбір топта өзіндік жұмыстардың бірнеше түрлері кездеседі. Өзіндік жұмыстардың бұл түрлері бір-бірімсн тығыз байланысты, өйткені әр түрлі дидактикалық мәселелерді шешуде бір ғана жұмыс қолданылмауы мүмкін. Мысалы; эксперименттік және практикалық жұмыстар арқылы тек іскерлік пен дағды қалыптаспайды, сонымен қатар жаңа ұғымдар меңгеріледі және алған білімдерін қолдану ебдейлігі қалыптасады.

Жұмысты негізгі дидактикалық мақсаты бойынша жіктеу кезіндегі оның мазмұнын қарастырайық:

1) Жаңа білімді меңгеру және өз бетінше білім алу ебдейлігін қалыптастыру оқулықпен немесе үлестірімділік материалдармен жұмыс, бақылаулар мен тәжірибелерді, сонымен бірге жаттығу-есеп сипатындағы жұмыстарды орындау негізінде іске асады (формуланы талдау және оны талдау кезінде шамалардың негізгі өлшем бірліктері мен туынды өлшем бірліктерінің арасындағы қатынасты және де шамалар арасындағы функционалды тәуелділіктің түрін анықтау, т.с.с.).

2) Алған білімдерін тереңдету және нақтылау мынандай арнаулы жаттығулар көмегімен орындалады: ұғымның нышандарын нақтылау, олардың шектеулі, елеулі қасиеттерін елеусіз қасиеттерінен ажырату; зерттелетін құбылыстар мен денелердің қасиеттерін салыстыру және теңестіру т.б.

3) Меңгерілген білімді практикада қолдану ебдейлігін қалыптастыру әр түрлі есептерді (сапалық есептеу, графиктік, есеп-суреттер) немесе жалпы түрдегі есептерді шығару, техникалық және жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау арқылы (құралдың бұзылу себептерін тауып, оны жөндеу және де оның құрылысына өзгерістер енгізіп, жаңа қүрылысын жасап шығару) эксперименттік жұмыстар көмегімен жүзеге асырылады.

4) Төмендегі әр түрлі жұмыстар практикалық сипаттагы ебдейлік пен дағдыны қалыптастырады: есептер шығару, практикалық сипаттағы зертханалық жұмыстар, өлшеу құралдарының шкалаларын оқып білу (құрал шкаласының бөлік құнын, белгіленуін, төмеңгі және жоғарғы өлшеу шегін анықтау), шамаларды тікелей өлшеу және оларды жанама жолмен анықтау, электр тізбектері мен құралдарының сызбасын оқу және сызу, дайын бөлшектерден, үлгілерден құралды жинақтау, оның шкаласын градуирлеу және т.б.

5) Шығармашылық сипаттағы ебдейлік пен дағды шығарма, реферат, баяндама жазу кезінде; үлгілеу және құрастыру бойынша тапсырмалар орындау барысында, зертгеу элементтерімен жұмыс істеу; есеп шығарудың жаңа тәсілдерін, тәжірибелердің жаңа нұсқасын іздеуде және оның қою әдісін жеке дайындау арқылы қалыптасады.

Өзіндік жұмыстарды оның негізгі түрі мен оқушылардың іс-әрекеті бойынша классификациялау:

1) оқулықпен және қосымша (анықтамалық оқу құралдары мен ғылыми-көпшілік) әдебиеттермен жұмыс;

2) экспериментгік және практикалық жұмыс;

3) аналитикалық есептеу;

4) графиктік;

5) жобалау-конструкторлық;

6) жүйелеу және жіктеу бойынша жұмыстар;

7) білімді құбылыс және дененің қасиеттерін болжауда және түсіндіруде қолдану.

Бұл жіктеуде шығармашылық сипаттағы жұмыстар жеке топқа бөлінбейді, себебі олар экспериментгік, графиктік және аналитикалық есептеу жұмыстарының қатарына кіреді.

Физикадағы өзіндік жұмыстардың түрлері 1-кестеде келтірілген, мұнда олар негізгі дидактикалық мақсаттары бойынша топтастырылған.

Физиканы оқыту барысында өзіндік жұмыстардың 30-дан астам түрін ұйымдастыруға болатыны 3-кестеден көрініп түр. Алайда практикада олардьң барлығы қолданыла бермейді. Көбінесе сабақтарда есептер шығарылады, бақылаулар мен тәжірибелер орындалады. Сонымен қатар сирек жағдайларда жаңа материалды меңгеруде оқулықпен өзіндік жұмыс істеу, жасау және үлгілеу бойынша жұмыстар және тәжірибелерді жобалау қолданылады. Ал зерттелетін нысаналарды жіктеу бойынша тапсырмалар өте сирек беріледі.

Ә және Б топтарындағы жұмыстардың бір-бірімен тығыз байланыста екенін ескеру керек, себебі білімді практикада қолдану ебдейлік пен дағдыларды игеру арқылы іске асады. Мұны мынандай мысалда оңай көрсетуге болады: физикалық есептерді шығару білімді нақтылау мен тереңдету, оны бекіту және практикада қолдану ебдегейлігін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады. Бір тұтас үрдістің бұл үш жағын бөліп қарастыру мүмкін емес. Оларды тек теория жүзінде ғана бөлуге, абстракциялауга болады. Бұл сонымен қатар бақылау және эксперимент сияқты жұмыс түрлеріне де тән. Оларды орындау барысында оқушылар өздерінде бар білімді нақтылайды, жаңа білім алады және алдында алынған практикалық сипаттагы ебдейліктерін дамытады (мысалы, өлшеу ебдейліктері, әр түрлі құралдармен жұмыс жасау икемдіктері). өз кезегінде, кейбір практикалық жұмыстар көмегімен жаңа білімдер қосып алуға (мысалы, физикалық шамаларды өлшеудің жаңа әдістері туралы), алған білімдерін бекітуге, сондай-ақ бүрын алған білімдерін мұғалім берген танымдық есептерді шешуге қолдануға болады.

Шығармашылық сипаттағы (В тобы) жұмыстарды да жеке топқа
бөлу шартты түрде болып табылады, шығармашылық элементі басқа топтағы жұмыстарға жатқызылуы мүмкін.

Бұл көзқарас бойынша алғанда 3-кестеде көрсетілгендей өзіндік жұмыстарды төрт топқа бөлу шартты түрде. Соның өзінде де ол бізге қажет болып табылады, себебі әр түрлі дидакгикалық мәселелерді шешу тұрғысынан қарағанда өзіндік жұмыстардың жүйесін нақты бағалауға мүмкіндік береді.

3-кесте

Физикадағы өзіндік жұмыстардың түрлері мен топтары

Жұмыстар тобы Р/с№ Әрекет түрі
Тобы Аталуы
1 Оқулықпен жұмыс: жаңа материалды
оқу, суреттермен, кестелермен жұмыс.
2 Бақылаулар.
3 Тәжірибелер.
А 4 Үлестірімділік материалдармен  жүмыс.
Жаңа білімді игеру және ор 5 Сызбалар мен үлгілер арқылы
түрлі әдебиеттермен дербес құралдардың жұмыс істеу принципі
жұмыс істей алу ебдейлігін мен құрылымын зерттеу.
қалыптастыруға мақсат- 6 Физикалық шамалардың функционал-
талған жұмыстар дық тәуелділігін көрсететін формула-
ларды қорыту.
7 Формулаларды талдау және олардағы
физикалық шамалардың тәуелділік
сипаты жөнінде қорытындылар жасау.
8 Қосымша әдебиеттермен жұмыс.
1 Есептер шығару:
а) “абстрактілі” мазмұнды есептеу
есептері;
Білімді дамыту (нақтылау ә) нндірістік-техникалық мазмүнды
және   тереңдету),    оны есептеу есептері;
практикада қолдану ебдей- б) сапалық;
Ә лігін қалыптастыру негізгі и) графиктік;
мақсаты болып табылатын г) эксперименттік.
жұмыстар Формулалардың дүрыстығын долелдеу.
2 Эксперимент:
3 а) зақцардың дүрыстыгын тексеру;
о) қүбылыстарарасьиідағы байланысты
тағайындау;
б) шамалар арасындағы мөлшерлік
байланысты тағайындау;
в) заттардың физикалық қасиеттерін
зерттеу;
г) физикалық шамаларды анықтау.
4 Құбылыс жүретін шарттарды нақтылау
мақсатындағы бақылау.
5 Жаңа зандарға мысалдар келтіру.
6 Жаңа физикалық заңдар мен формула-
ларды қолдануға есептер қүрастыру.
7 Мынандай    жіктеулер    бойынша
тапсырмаларды орындау:
а) құралдар, машиналар, кондырғылар,
электр тізбегінің сызбалары, т.с.с.;

оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарды орындауға берік ебдейліктері мен дағдылары қалыптасады.

Өзіндік жұмыстардың түрлерін тандауда, олардың мазмұны мен көлемін анықтауда, бүкіл оқыту үрдісіндегідей дидактиканың негізгі принциптеріне сүйенген жөн. Бұл жұмыста қажеттілік және жүйелік принципі, теорияның практикамен байланыстылық принципі, қиындықтың біртіндеп өсу принципі, сонымен қатар оқушыларға ерекше мән бере қарау принциптері маңызды мәнге ие болады.

Осы принциптерді өзіндік жұмыстарда басшылыққа алудың мынандай ерекшеліктері бар:

1. Өзіндік жұмыс белгілі бір мақсатқа арналуы тиіс, әрі бүл жұмыстың мақсаты нақты тұжырымдалуы қажет. Мұндағы мұғалімнің міндеті – оқушылар тапсырманы қызығып әрі жақсы етіп орындауға ұмтылатындай етіп құру. Оқушылар өздерінің не істеу керектігін, жұмыс нәтижесінің қалай тексерілетіндігін білуі тиіс. Бұл оқушылардың жұмысының белгілі бір мақсатты, мағыналы және тиянақты орындалуына әкеледі. Егер осы талаптар ескерілмесе, онда оқушылардың жұмыс мақсатын дұрыс түсінбей басқаша орындауына немесе жұмыс барысында оны түсіну үшін мұғалімнен бірнеше рет сұрауы мүмкін. Мұның бәрі уақытты дұрыс пайдаланбауға және оқушылардың, өздерінің жұмыс істеу деңгейінің төмеңдеуіне әкеледі.

2. Өзіндік жұмыс.оқушылардың оны өздігінен және ынталы түрде орындайтындай болуы керек. Алайда мынаны естен шығармаған жөн: оқытудың әр кезеңінде ұсынылатын әр жұмыстың мазмұны мен көлемі оқушылардың деңгейіне сай және оқушылар жұмысты орындауға теориялық, практикалық жағынан дайын болуы тиіс.

3. Алғашқы кезеңде оқушылар өзіндік жұмыстың қарапайым дағдыларын қалыптастырады (тізбектерді құру және сызбаларды орындау, қарапайым өлшеулерді жүргізу, жеңіл есептерді шығару т.с.с.). Өзіндік жұмыс алдында мұғалім жұмыстың орындалу әдістерін тақтаға жазып көрсетіп, нақты түсіндіреді. Мұғалімнің көрсеткеніндей оқушылардың жұмысты өздігінен орындауы, оған еліктеу сипатында болады. Ол оқушылардың жұмысты өздігігінен орындауын жетілдірмей, алайда одан да күрделірек икемдіктер мен дағдыларды қалыптастыруда, әр түрлі есептерді шешуде осы әдістерді пайдалануы, олардың өз әдістерін ойлап табуына ықпал етеді.

4. Өзіндік жүмыста дайын жолмен шешілетін тапсырмалар емес, керісіңше әр жаңа жағдайға алған білімдерін қолданатындай тапсырмалар беріледі. Тек сонда ғана өзіндік жүмыс оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Өкінішке орай, оқушыларды өзіндік жұмыста көп жағдайда дағдыларын қалыптастыру мен бекіту үшін жаттығулармен шектейді. Мысалы, мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде көрсеткен тәжірибені қайталауды немесе демонстрациялық столда жиналғандай электр тізбегін қайта қүрастыруды, тақтада шығарылып көрсетілген есепке басқа мәндерін қойып қайта шығаруды т.с.с. үсынады. Мұндай жаттығу жұмыстары әрине қажет. Алайда, егер мұғалім бүкіл өзіндік жұмысты мұндай жаттығуларға айналдырса, оқушылар өздігінен ойлауға және білімдерін практикада пайдалана білуге дағдыланбайды. Мұндай жаттығуларды мүлдем ескермей, бірден қиын, әрі шығармашылық сипаттағы өзіндік жұмыстар дайындау да дұрыс емес. Себебі, қарапайым икемділіктер мен дағдыларсыз күрделілерін меңгеру мүмкін емес.

5. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде әр оқушы білім, икемділік және дағдыны меңгеру үшін әр түрлі уақыт керектігі ескерілуі қажет. Мұны әр оқушыға жекелей тапсырмалар дайындау арқылы іс жүзіне асыруға болады. Жалпы сыныптың және жеке оқушылардың жұмысты орындау барысын қадағалай отырып, мұғалім берілген тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға қиынырақ тапсырмалар береді. Кейбір оқушыларға жаттығу есептерін өте аз мөлшерде беріп, ал басқаларына мұндай жаттығулардың әр түрінен беруге болады. Сонда олар жаңа ережені немесе жаңа занды есептер шығаруға қолдануды меңгереді. Мұнда тым асығыстыққа, сонымен қатар тым “жай басарлыққа” жол берілмеуі қажет.

6.Өзіндік жұмыста берілетін тапсырмалар оқушылардың қызығушылықтарын тудыруы керек. Ұсынылатын есептің мазмұны өзгеше әрі ерекше, практикалық мәні бар әдіс-тәсілдерді меңгеретін тапсырмалар арқылы іске асырылады. Оқушылар әрдайым заттар мен құбылыстарды “зерттейтін”, физикалық шамаларды өлшеудің жаңа әдістерін “ашатын” өзіндік жұмыстарға қызығады.

7. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын оқу үрдісіне жоспарлы және жүйелі түрде енгізу керек. Сонда ғана оқушылардың берік іскерліктері мен дағдылары қалыптасады. Бұл жұмыстың нәтижелі болуы пән мұғалімдеріне байланысты.

8. Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзіндік жұмыстар арқылы қалыптасатын білім, іскерліктері және дағдылары мен мұғалімнің материалды баяндауы шебер ұштастырылуы керек. Себебі, егер де өзіндік жүмысқа көп көңіл бөлінсе, онда бағдарламадағы материалды оқып-үйрену екпінін баяулатуы мүмкін.

9. Оқушылардьщ әр түрлі өзіндік жұмыстарды орындау кезінде жетекшілік роль мұғалімде болуы тиіс. Мұғалім өзіндік жұмыстардың жүйелілігін, олардың оқу үрдісіне жоспарлы түрде енуін ойластырады. Ол әрбір өзіндік жұмыстың мақсатын, мазмұнын және көлемін, сабақтағы орнын, әр түрлі өзіндік жүмыстарды үйрету әдістерін анықтайды. Ол оқушыларды өзін-өзі бағалау әдістеріне үйретеді және жұмыстың сапалы орындалуын бақылайды, оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеп, оны өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында ескереді.

Жоғарыдан айтылғандардан мұғалімнің пән бойынша өзіндік жұмысын ұйымдастырғанда, оның педагогикалық және теориялық, практикалық дайындығының жоғары болуын қажет етеді.

 

3. Физикадан оқу әдебиетімен өзіндік жұмыс жасау

 

Оқушылардың алдында сұрақтарды, дәл мәселелерді қою оқулықпен жұмыс істеуге бағытталған сипат береді. Бұл олардың қойылған сұраққа жауап іздеуіне, оны табу үшін мәтінге терең үңілуіне итереді. Оқулықпен жұмыс істеу кезіндегі оқушыларға дұрыс ұйымдастырылып берілген сұрақтардың жүйесі, оларды талдау, іріктеу, салыстыру сияқты ойлау операцияларын қалыптастырады. Олардың негізінде жалпы мен ерекшені ажыратуға үйретеді.

Алайда оқушылардың әдебиетпен өзіндік жүмыс істей алу дағдысын қалыптастыру үшін осындай әрекеттермен ғана шектеліп қою жеткіліксіз. Бүл жағдайда оқушылар кітаптан тек жеке сүрақтарды табуды ғана үйренеді, оларда оқылған мәтіннен негізгі ойды бөліп алу ебдейлігі қалыптаспайды. Олар өздігінен білім алуға қажетгі деңгейге көтеріле алмайды.

Төменде жоғарғы сынып оқушыларының физика курсында құбылыстарды, зандарды және теорияларды оқу кезіндегі жұмыс істеген жоспарлары келтірілген. Олар жалпыланған сипаттағы жоспарлар деп аталады, себебі кез келген құбылыстарды, заңдарды және теорияларды оқуға жарамды.

Құбылыс жөнінде не білу керек?

1. Құбылыстаң сыртқы қасиеттері.

2. Құбылыс өтетін жағдайлар.

3. Зертханалық жағдайларда құбылысты қалай бақылауға болады?

4. Қүбылыстың мәні, өту механизмі (қазіргі кездегі ғылыми теориялар негізінде құбылысты түсіндіру).

5. Басқа құбылыстармен байланысы.

6. Құбылыстың сандық сипаттамасы (құбылысты сипаттайтын шамалар, шамалар арасыңдағы байланыс, бұл байланысты өрнектейтін формулалар).

7. Құбылыстың практикада ескерілуі және қолданылуы.

8. Құбылыстың зиянды әсерлерін ескеру.

Ұғым (шама) жөнінде не білу керек?

1. Берілген ұғым (шама) денелердің қандай қасиетін немесе құбылысты сипаттайды.

2. Ұғымның (шаманың) жеке жағдайлардағы мәні.

3. Шаманың белгіленуі.

4. Өлшеу әдісі.

5. Өлшем бірлігі (БХБ) жүйесіңде:

6. Өлшеу құралы.

7. Берілген шаманың басқа шамалармен байланысы.

8. Өзгеру аралығы.

9. Қолданылу шегі.

10. Шаманың анықтамасы.

Тәжірибе жонінде не білу керек?

1. Тәжірибеиің мақсаты.

2. Тәжірибенің схемасы.

3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.

4. Тәжірибе жасау.

5. Қорытындысы.

Заң жөнінде не білу керек?

1. Заң қандай құбылыстар (үрдістер) немесе шамалар жөнінде

байланысты өрнектейді?

2. Заңның тұжырымдамасы.

3. Заңның математикалық өрнектелуі.

4. Заңның дұрыстығын көрсететін тәжірибелер.

5. Заңның практикада ескерілуі және қолданылуы.

6. Заңның қолданылу шекарасы.

Құрал-жабдықтар, механизмдер, машиналар жөнінде не білу керек.

1. Құрылғының қызметі.

2. Жұмыс істеу принципі (қандай құбылысқа немесе заңдьлыққа

негізделген).

3 Құрылғының негізгі элементтері және схемасы.

4. Қолданылуы және жүмыс істеу ережелері.

Нысана жөнінде не білу керек?

1. Нысананың жалпы сипаттамасы.

2. Қандай басқа нысаналарға кіреді?

3. Қандай нысаналардан тұрады.

4. Пайда болу шарттары.

5. Нысананың физикалық қасиеттері.

6. Сапалық сипаттамалары.

7. Үлгісі (Моделі).

8. Нысананы сипаттайтын негізгі теңдеулер.

9. Оның мүмкін күйлері.

10. Онымен өтетін құбылыстар.

11. Практикада қолданылуы.

Теория жонінде не білу керек?

1. Теорияның қалыптасуына негіз болған фактілер.

2. Теорияның негізгі ұғымдары.

3. Теорияның негізгі жағдайлары (теорияның ядросы).

4. Теорияның математикалық аппараты, оның негізгі теңдеулері.

5. Теорияның негізгі жағдайларын растайтын тәжірибелік фактілер.

6. Осы теориямен түсіндірілетін құбылыстар.

7. Теория түсіндіретін құбылыстар мен денелердің қасиеттері.

8. Теорияның қолданылу шекарасы

Осы жоспармен оқушылардың өзіндік жүмысын ұйымдастыруға, мысалы молекулалық физика курсындағы температура ұғымына қолдану үлгісін қарастырайық.

 

Физикалық шама «Температура»

1.Қандай нысананы немесе құбылысты сипаттайды? Термодинамикалық жүйедегі жылулық тепе- теңдік күйді, дәлірек айтқанда нөлдік деп қабылданған күйден ауытқу дәрежесін көрсетеді.
2.Шаманың жеке жағдайлардағы мәні Қайнау температурасы, балқу температурасы, кризистік температура.
3.Белгіленуі Т
4.Өлшеу әдісі Бірден (эталонмен салыстыру)
5.Өлшем бірлігі (БХБЖ жүйсінде) Кельвин (К)
6.Өлшеу құралы Термометр, термопара
7.Оның басқа шамалармен байланысы
8.Өзгеру аралығы
9.Қолданылу шегі Саны көп бөлшектерден тұратын жүйе үшін қолданылады
10.Шама анықтамасы Температура макроскопиялық жүйенің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайды және нольдік деп таңдап алынған күйден ауытқу дәрежесін көрсетеді.

Жалпыланған сипаттағы жоспарлар оқушыларға дайын күйінде берілмейді, олар мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде қалыптастарылады. Кейбір жеке пәндер үшін жалпыланған сипаттағы жоспар ерекшеленіп құрылуы мүмкін, бірақ негізгі, түйінді кездері барлық жараталыстану пәндері үшін ортақ болып қала береді.

Жалпыланған сипатгағы жоспарларды пайдалану оқушылардың өздерінің әдебиеттен жұмыс жасай алуларын, негізгі мәселені бөліп алуларын қалыптастырады. Мұның бәрі оқушылардың алатын білімдеріне оң әсерін тигізеді. Олардың алған білімдері тереңірек болады. Бүл жағдайда мәтінмен жұмыс істеу шығармашылық сипатқа ие болады. Оқушы мәтінді оқыған кезде одан негізгі құрылымдылық элементтерді бөліп алуға ұмтылады, олардың әрқайсысына қатысты ақпаратты тауып талдайды. Алынған ақпаратты осылайша өңдеу, оқылған мәтін бойынша қойылатын сұрақтарға жауаптың дәл, қысқа, әрі терең мағыналы болуын қалыптастырады.

Жалпыланған сипаттағы жоспарларды пайдалану, тек негізгі ойды бөліп алу ебдейлігін ғана қалыптастырып қоймайды. Олар кез келген пән бойынша ұғымдардың (“материя түрлері”,” денелердің қасиеттері”, “құбылыстар”, “физикалық шамалар”), заңдардың және теориялардың негізгі топтарын игеруге бағдарлаушы болады.

Әрине, әдебиетпен жұмыс істей алу ебдейлігін қалыптастыруда оқушылардың жалпыланған сипаттағы жоспарларды құруын және онымен жұмыс істеуімен шектеліп қоймайтыны түсінікті. Кітаппен жұмыс ісгеудің басқа да “элементар” ебдейліктері қажет болады. Оларға мыналарды жатқызады: мәтінді мұқият оқу; мұғалім қойған немесе параграф соңындағы сүрақтарға жауапты іздеу; суретгерді түсіну; графикгерді талдау; кестелермен жүмыс істеу; кітаптың мазмұнымен, алфавитгік және атгарға байланысты көрсеткіштермен жұмыс істеу. Мұндай ебдейліктерді қалыптастыру әдістемесі педагогикалық басылымдарда келтірілген. Осы “элементар” ебдейліктерді игерген кезде ғана, оқушылардың жалпыланған жоспарларды құрып, оны кітаппен жұмыс істеуге қолданғанда жақсы нәтижеге жетуге болады. Мектеп оқушыларын физикадан оқу әдебиеті және қосымша әдебиетпен өзіндік жұмыс жасаудың ұтымды әдістеріне үйретуді, мәтіннен ең бастыларын бөліп ала білуді бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Осы кезендердің міндеті мен мәнін қарастырайық.

1-кезеңде оқушылардың икемділігін пән бойынша оқулықпен жұмыс істеу, атап айтқанда тақырыпты беріліп оқи білу, онан мұғалімнің немесе параграфтың соңындағы сұрақтарға жауаптарын табу. Кесте мен графиктерден қажетті мәліметтерді ала білу. Оқушыларға бұл кезеңде оңай тақырып ұсынылады. Осы материалдарды меңгеру сапасын тексеруге арналған бақылау сұрақтары беріледі. Бақылау сұрақтары оқулыкпен өзіндік жұмысты жүргізудің алдында ұсынылады (мысалы, құбылыстардың басты белгілері). Бақылау сұрақтарының тақырыппен жұмыс істеудің алдында қойылуы, оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Олардың басты негізгілерін ажырата білуді бағдарлайды. Материалды берік меңгеруіне ықпал жасайды.

2-кезеңде күрделірек міндет қойылады. Оқушыларды өз бетінше ұсынған тақырыптан ең бастыларын жалпылама жоспар бойынша бірнеше текстен бөліп алуын үйрету. Белгілі бір жүйемен орналасқан және берілген текстегі негізгісі не екенін көрсететін жалпылама сипаттағы жоспарлар, сұрақтар жиынтығы болып табылады. Бұл жоспар бойынша оқушы оқылған материал жайында өз әңгімесін құруына болады.

3-кезеңде оқушылардан мәтіннің түрін, ондағы негізгі мәселелердің ауқымын және мәтінге сәйкес жауап құру жоспарын өздері анықтай білуін іске асырады. Бұл кезеңнің аяғында оқушыларды өз ойлары мен ұсыныстарын іркілмей анық айтуға машықтайды, Олардың жауаптары, білімдерін ауызша тексеру формасына жұмсалатын уақытты едәуір азайтады.

4-кезеңде бір тақырып емес, бір немесе бірнеше тараудағы мәселелерді қамтитын тақырыптармен жүмыс істеуді қалыгтастарады.

5-кезеңде оқушылар баяндамалар мен рефераттар жазуға, конференциялар мен семинарларға қатысуға әдебиеттермен жұмыс істеуі жатады.

6-кезеңде оқушылардың шығармашылық жүмысы, өз білімдерін тереңдетіп физикадан олимпиядаға қатысу үшін ғылыми журналдармен, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау кезінде қалыптасады.

Жоғарғы сыныптарда (10-11) жалпыланған жоспарлармен жұмыс істеу кезінде күрделірек ебдейліктерді қалыптастырады: әр түрлі мәлімет көздерінен алынған бір сұрақ төңірегіндегі ақпараттарды салыстыру, олар бойынша өз көзқарастарын айту, каталогпен жұмыс істеу, қызығатын сұрақтар бойынша библиография құру, т.с.с. Оқу конференцияларына, семинарларға жәпе факультативтік сабақтарға баяндамалар дайындаудың, реферат жазудың кезінде оқу әдебиеттерімен жұмыс істеу ебдейліктері мсн дағдыны жақсы меңгереді. Әсіресе, бұл ебдейліктерді қалыптастыруда жалпыланған немесе кешендік (пәнаралық) семинарлардың ролі зор, мысалы, физика мен биологиядан, физика мен қоғамтанудан т.б.

 

4. Жоғарғы сынып оқушыларына өзіндік жұмыстарды

ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

Жоғарғы сынып оқушыларына әр пән бойынша берілетін өзіндік жұмыстардың өз ерекшеліктері бар. Оқушылар жұмысты ойдағыдай және нәтижелі орындауы үшін пән мұғалімдері өзіндік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін білуі тиіс.

Пән бойынша жоғарғы сынып оқушыларына өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда келесі фактілерді ескеру керек:

1. 7-8 сынып оқушыларының практикалық және тану ебдейліктерін бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым жоғары деңгейде қүру. Бүл оқушыларға өз бетімен орындауга берілген тапсырмалардың

күрделі болуын қажет етеді.

2. Жоғарғы сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психикалық және ойлау қарекеттерінің ескерілуі. Бұл ерекшеліктер мыналардан тұрады:

– жалпы теориялық дайындығы төменгі деңгейдегі жоғарғы сынъш оқушыларының өзіндік жүмысқа белсенді қатысу үрдісі 7-8 сылып оқушыларына қарағанда анағүрлым баяу өтеді;

– жаттығу жұмыстарының бір түрінен екіншісіне кірісу үрдісінің уақыты төменгі сынып оқушыларымен салыстырғанда едәуір жәй өтеді, мысалы, мүғалімнің түсіндіргенін тыңдаудан, оқулықпен өзіндік жүмыс орындауға немесе кіташен дербес жүмыс істеуден, әңгімелесуге қатысуы;

– жаттығу түрлерін көп мөлшерде қолданғанда жұмыстың бір түрінен екіншісіне өтуі баяу болғандықтан, сабақта тез жалығу пайда болып өз жұмысына қанағаттанбайды;

– бірақ олар пән бойынша үйде өз бетімен анағүрлым тиімді, көңіл аударып және мұғалім ұсынған әдебиеттермен ынталы жұмыс істеуі, сонымен қатар берілген есептердің шешімін табуы мүмкін;

– жоғарғы сыныптағы көптеген оқушылардың сын көзқарастары жақсы дамығандықтан, қарастырылған мәселелерді толық талдауға және туындаған күмәндарын тексеруге ұмтылады. Бұрынғы қалыптасқан білімдерімен, көзқарастарымен үйлеспейтін түсініксіздікті « есте сақтау» үшін, «сену» үшін қабылдамайды. Олар өз пікірлерін ашық айтып (әрине, егер мүғалім бұған мән беріп, аңғарып отырса), мұғалімнен өздерін ойландыратын сұрақтың жауабын алуға тырысады. Осы мақсатта ұстазы ұсынған кітаптар мен мақалаларды, теледидар, радио және де басқа ақпарат көздерін пайдаланады.

Физика пәні бойынша жоғарғы сыныптар үшін өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында мына фактілерді де ескеру керек:

– физикадағы оқу материалының күрделілігінің кенеттен өсуі;

– ондағы физикалық теория мен математикалық амалдарды қолданудың артуы;

– әдіснамалық сипаттағы жалпылау мен қорытындылаудың маңызының артуын.

Оныншы сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырғанда тағы бір ерекшелікке көңіл аударылуы тиіс. Бұл ерекшелік сыныпқа басқа да тоғыз жылдық мектептерден келген түлектердің математикалық дайындық деңгейі және білім қорының әр түрлілігіне байланысгы. Сондықтан оқушылардың әр түрлі өзіндік жұмысты орындау дайындығының деңгейі де бірдей болмайды. Кейбір тоғызыншы сыныптағылар оқулықпен дербес жұмыс істемеген, өз бетімен есептер шығармаған (бақылау жұмыстарында берілген есептерден басқа). Ал кейбір оқушылар мұғалім өз бетімен орындауға ұсынған тапсырмалардың барлық түрімен еркін жұмыс істейді.

Келтірілген фактілер жоғарғы сынып оқушыларында өзіндік жұмысты басқаруда сабақтың қай формада, қандай ауқымда ұйымдастарылуын, тексеру әдісін және тағы басқаларын анықтайды.       Біріншіден,    10-11 сыныптарда 7-9 сыныптарда қолданылған жұмыс түрлерімен қатар өзіндік жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылады. Мысалы, баяндама және реферат тезистерін жазу, мәтіннен үзінді жазуды орындау, белгілі бір сұраққа әр түрлі көзқарастарды салыстыра отырып талдауды жүзеге асыру үшін бірнеше әдебиет көздерімен жұмыс істеу; курс бөлімдері мен әр түрлі тақырыптарды немесе түрлі курстарды оқу барысында алған білімдерін жалпылауға, жүйелеуге берілетін тапсырмаларды орындау (мысалы, зат және өріс туралы, физика, химия, биологияны оқытуда алған білімдерін қолданып жалпылау және жүйелеу; физика және математика сабақтарында қалыптасатын    “шамалардың функционалдық тәуелділік” түсінігінің жалпылануы.

10-11 сыныптағы физика курсында теорияның ролі күшейеді, осыған орай оқушыларды теориялық ойлау қабілеттерінің дамуына және ебдейліктерінің қалыптасуына көп көңіл аударылады. Жалпы теориядан дедуктивтік әдістің көмегімен ойша пайымдаудан теория салдарының қорытындысы тұжырымдалады.

Екіншіден, оқушылар жаңа білім алу үрдісінде пайдаланатын оқыту әдістері мен тәсілдері тиімді, әрі орынды болуы тиіс, яғни ең аз уақытты шығындап көзделген мақсатқа (қажетті ақпарат көлемін игеруге, минимум білім және дағдыны меңгеріп алуға) жетуге алып келеді. Мұндай талаптарды, икемдіктерді жүзеге асыратан оқытудың жалпылау және жүйелеу әдісі.

Үшіншіден, жоғарыда көрсетілген мәселелер жоғарғы сыныпта қолданылатын оқыту сабақтарының түрлеріне ықпалын тигізеді. Жалпы білім алуда, өз бетімен білім алу және оны практикада қолдану ебдейліктерін қалыптастыру, тұжырымдау және алған білімін жалпылап жүйеге келтіру, қорытынды жасаудан соң жоғарғы сыныптағыларға семинар, физикалық практикум, жалпылау әдістері мен факулътативтік курстар сияқты оқыту сабақтарының түрлерін қолдану қажет. Бұлар бір жағынан оқушыларда бар өзіндік жүмыс ебдейліктері мен дағдыларына зор талап қояды, екінші жағынан осы ебдейліктер мен дағдылардың дамуына мүмкіндік туғызады.

Пән бойынша оқыту үрдісін ұйымдастырғанда мектептегі жоғарғы сынып оқушыларынъщ өзіндік жұмыстарында жоғарыда көрсетілген ерекшелікгерін ескеру қажет.

 

Фызика пәнінен 10-11 сыныптардың өзіндік, жұмыстарын

ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

10-сыныпқа әр мектептен келген оқушылардың білім қоры әр түрлі болатынын ескеріп, бірінші сабақ барысында-ақ өзіндік жұмыстың түрлерін ұйымдастыру арқылы олардың пән бойынша білім деңгейін, оқулықпен дербес жұмыс істеу дағдыларын қалай пайдаланатыныл, өз бетімен есеп шығара біле ме, құралдармен жұмыс істей ала ма және тағы басқаларды анықтауы қажет. Бұл жұмыстаң әр түрін ұйымдастырғанда оқушылардың дайындық деңгейін ескеруге мүмкіндік береді. Бұған қоса сауалнама әдісімен оқушылардың пәнге және оның белгілі бір бөлімдеріне деген қызығушылықтарын зерттеп білу керек, сонымен бірге олар ғылыми-көпшілік және техникалық әдебиеттерді оқитындықтарын (нені және қалай оқитынын) анықтау қажет. Осыларды біле отырып, мұғалім оқушылардың сыныптан тыс оқуларын тез басшылыққа алуға, оларды қызықтаратын сұрақтар бойынша әдебиетгер ұсынуға, барлық оқушыларды ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқуға жұмылдыруға мүмкіндік алады.

Оқу жылының басында оқу әдебиеттерімен дербес жұмыс істеу дағдыларын жетілдіретін тапсырмаларды жүйелі түрде енгізу керек. Сыныпта және үйде өз бетімен орындауға берілетін материал көлемін біртіндеп арттырып отырған дұрыс және қиынырақ сұрақтарды мұғалім өзі баяндауы керек (қатты денелердегі, сұйықтардағы және газдардағы молекулалардың қозғалысының ерекшелігін, молекуладағы атомдардың байланыстарының түрлерін, ішкі энергия туралы түсінік және т.б.).

Нақты сабақта өзіндік жұмыстың алдын-ала қарастырылған білімнің барлық көлемін толық, әрі дұрыс меңгеруін қамтамасыз ету үшін фронтальдық эксперименттің және оқулықпен өзіндік жұмыс қорытындылары сол уақытта тексерілуі тиіс.

Сонымен бірге, жеке сұрақтарды оқушылар үйде оқулық көмегімен талқылауы мүмкін. Қиын теориялық талдауларды, демонстрациялық тәжірибелер мен зертханалық жұмыстарды қоюды қажет етпейтін материалдарды үйге өзіндік жұмыс ретінде қалдыру керек. Бұдан басқа оқулықта материал қаншалықты толық баяндалғанына және осы сұрақтар бойынша оқушыларга қолайлы қосымша әдебиеттер бар ма, осыларға көңіл аударылуы тиіс. Негізінен бұл сұрақтар жаңалықтың ашылу тарихына, техникада қодданылатын денелердің қасиеттеріне, құбылыстар мен заңдарға байланысты.

Үйге берілген барлық өзіндік жұмыс көлемі орта мектепте жалпы білім беру ережесі бекіткен мөлшерден артып кетпеуі керек. Жоғарғы сыныптарға пән бойынша берілген үй тапсырмасын орындайтын уақыты 45 минуттан аспағаны жөн.

Реферат жазу оқушылардың қызығушылықтарын оятатыны белгілі. Ең жақсы жұмыстарды сабақта немесе оқу конференцияларында тыңдау пайдалы. Оқушылар рефераттың бір бөлігін мұғалімге жазбаша түрде әкеліп тапсыруға, ал екінші жартасын физикалық үйірмеде немесе қысқаша баяндама түрінде төменгі сынып оқушыларының алдында оқуға болады. Мұның үлкен тәрбиелік мәні бар. Осылардың барлығы әдебиетпен өзіндік жұмыс істеу дағдыларының дамуына ғана мүмкіндік туғызбайды, сонымен қатар оқушылардың физика және техника туралы ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қызыға оқуға, білімдерін кеңейтуге және үздіксіз тереңдету қажеттігіне тәрбиелейді.

Барлық оқушыларға өзіндік жұмыстардың жалпы түрімен қатар жеке тапсырмаларды үнемі беру қажет. Мұндай жұмыстарды ұйымдастыру кезінде мұғалімге дидактикалық материалдар көп көмек тигізуі мүмкін.

Оқушылардың алған білімдерін жалпылайтын және жүйеге түсіретін, мұғалімнің өзі дайындаған дидактикалық карточкалар ерекше орын алады. Олардың есеп шығару бойынша өзіндік жұмыстарында карточкаларды қолдану әр оқушымен жеке-жеке жұмыс істеуді ұйымдастаруға айтарлықтай мүмкіндік береді.

10-11 сыныптарда оқу конференциялары мен семинарларын өткізуге көбірек көңіл бөлінеді. Мысалы, 10-сыныпта келесі тақырыптар бойынша конференциялар өткізіледі:

1) “Соққы құбылысының техникада қолданылуы “.

2) “Металдардың беріктігін жоғарылатудың қазіргі тәсілі”.

3) “Жылу қозғалтқыштарының ПӘК жоғарылату жолдары”.

4) “Жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттері”.

Оқу конференциялары мен семинарларын өткізудің мақсаты әр пәнді оқу барысында алған білімдерін жүйелеу және жалпылау болып табылады.