(downloadскачать/жүктеу) Google Drive

(downloadскачать/жүктеу) Yandex disk

 

Мақсаты: Негізгі мектептегі «Физика және астрономия» бағдарламаы, физика курсының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері, физиканы оқыту әдіснемесінің өзгешелігін қарастыру.

 

Жоспары:  

  1. Негізгі мектептің «Физика және астрономия» бағдарламасы.
  2. Базалық курсты оқытудың мақсаты
  3. Негізгі мектептің физика курсының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері.
  4. Негзігі мектепте физиканы оқыту әдістемесінің өзгешелігі.

 

Әдебиеттер:

1.Методика преподавания курса «Физика и астрономия» в 7-9 классах общеобразовательных учреждений/Под ред. А.А.Пинского, И.Г.Кирилловой. М.:Просвещение, 2011. С.3-11.

2.Гладышева Н.Г., Нурминский И.И. Методика преподавания физики в 8-9 классах общеобразовательных учреждений. М.: Просвещение, 2011. С.3-20.

3.Теория и методика обучения физике в школе частные вопросы/Под ред. С.Е.Каменецкого. Общеобразавательных учреждений. М.:Академия, 2000. Ч. 5. С.324-334.

4.Бағдарламалар «Физика және астрономия». Алматы, 2000. 3-10 бб.

5. Перышкин А.В., Гутник Е.М., Акитай Б.Е. Физика 9 сынып. Алматы: Дрофа –Кітап, 2004.3-4 бб.

 

Студенттердің өзіндік жұмысына тапсырма: «Қысым», «Жылу құбылыстары», «Электр және магнит құбылыстары», «Жарық құбылыстары» тақырыптарын оқыту әдістемесінің біреуіне реферат жазып келу.

 

 

  • Негізгі мектептің «Физика және астрономия» бағдарламасы.

 

Қазақстанда бірнеше жылдар бойы мектептің білім беру жүйесінде өзгерістер жүріп жатыр. Соның ішінде оқыту үрдісін демократияландыру, гуманитарлық потенциалды, ізгілендіру және саралап оқыту әдістері кеңшен қолданылуда. Жүргізіліп жатқан реформа негізіндегі үздіксіз білім беру принципі білім берудің әрбір кезеңіне ерекше көңіл бөліп, әрі олардың арасындағы сабақтастықты іске асыру талап етіледі. Осыған байланысты жаратылыстану ғылымының мазмұны мен құрылымына түбегейлі өзгерістер енгізудің керектігі, соның ішінде негізгі пәндер физика және астрономия да бар.

Физиканы оқыіудың бірінші сатасы толығьшен өзгерді. Ондаған жылдар бойы физика курсын жоғарғы сыныптарда оқытудың алғашқы дайындық бөлімі ретіңце оқытылып келген бірінші сатъшың бағдарламасының қүрылымы және мазмүны өзгертілді. Жаңа бағдарламада екінші сашда жоғарғы сыныптарда физиканы саралап оқыту негізінде мазмүны мен қүрылымы қайтадан қарастырылды. Мүнда негізгі мектептен кейін оқушьшардың таңдауына байланысты физика пәнінің бағдарламасы жаратылыстану және гуманитарлық бағытга немесе кәсіптік мамандықтарға, арнаулы орта білім беретін оқу орындарына, сыртгай оқуға, әр пәнді тереңірек оқытуға тәуелді өзгереді.

Осы жағдайларға байланысты негізгі (базалық) мектептегі білім берудің ролі артады, себебі ары қарай жалпы білім беретін мектепте немесе арнаулы мамавдар дайындайтын оқу орындарывда оқуларын жалғастыруцы тавдауға қызығушыяығын ояту міндетгері түр. Осының барлығы физика пәніне де тән.

Қазіргі кезде оқу пәндерін интеграциялау идеясы кеңінен қоддануда, себебі оқушыларда айналамыздағы қоршаған әлем туралы жалпы ғылыми көзқарас қалыптастыру керек. Физика және астрономияны біріктіріп оқыту осыған мүмкіндік туғызады.

Тоғыз жылдық негізгі мектептегі “Физика және астрономия” курсының негізгі идеясы:

деңгейлеп саралап оқыту тешологиясыы қодцану (әр оқушыны оның қаблеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, оқытуды оқушының әртүрлі топтарының ерекшелігіне бейімдеу, ыңғайлау);

– физика және астрономия курстарын интеграциялау (физиканың негізгі үғымдарыи, завдылықтарын және теориялық қағидаларын, ал астрономияның әлем туралы негізгі мәліметтерін, әлемнің қүрылысы мен даму кезевдерін қамтиды);

– ғылыми таным әдістерін оқып үйрену (мүнда оқушылар бақылау, эксперимент, болжау, теориялық зертгеу әдістерін оқып үйрену);

– ғылыми таным әдісін қолданьш білім алу (оқушылар қарастырып отырған құбылыстар мен нысаналарды зерттеу арқылы олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көре білуі және жалпы заңдылықтарды таба білуі, алған білімдерін есептер шығаруда, күнделікті өмірде қолдануы, бақыланған құбылыс пен өлшеулердің дәлдігін, қателерін есептей білуі жатады);

– оқушылардың жас (12-15 жас) ерекшеліктерін ескеру (ғылыми түсінік алуға дейінгі көзқарастарының деңгейлерін, жаратылыстану-математика ғылымдарынан алған білімдерін ескеру).

Ұсынылып отырған “Физика және астрономия 7-9” бағдарламасында мына мәселелерге көңіл бөлінген:

– базалық білім мазмұны физика курсының мазмұндық-әдістемелік желісі, логикалық құрылымы, пәнге байланысты мәселелер және пән аралық байланыстар жүйесі ескерілген, ғылыми-әдістемелік тұжырымдар негізінде құрылған);

– бағдарламада физика курсының тұрақты компоненті айқындалған, яғни базалық білім жүйесіне қажетті болатын және жалпы білім беретін орта оқу орындарын бітірушілер тегіс меңгеруге тиіс мәселелер ғана қамтылған;

– оқу материалдары мазмұндық-әдістемелік бағыттар, тақырыптық бөлімдер, тараулар және нақты пункттер бойынша бөлінген;

– барлық оқушылар меңгеруге тиіс оқу материалының стандартгы деңгейі, яғни қандай да тақырыптарға байланысты мәселелерді оқу негізінде қалыптасатын білім, біліктілік, дағдыларға қойылатын талаптардың минимал және мүмкін деңгейлері берілген.

“Физика және астрономия 7-9” курсының бағдарламасы әр сыныпқа сәйкес 2+2+2 апталық сағат санына есептелінген. Курстың негізгі мазмұны: қоршаған әлемнің жалпы сипаттамасы, әлемнің, заттың құрылысы, табиғаттың әр түрлі құбылыстары, сондай-ақ негізгі физикалық және астрономиялық ұғымдар, физиканың кейбір практикалық қолданулары туралы мәліметгер құрайды.

Ұсынылып отырған курстың ерекшелігі қамтылып отырған сандық заңдылықтардың барлығының заңның мағынасы мен құбылыстың мәнін түсінуге мүмкіндік беретіндей көлемде берілуі жатады. Бұл физикалық процестерді және олардың табиғатта білінуі мен техникада қолданылуын сапалы түрде қарастыру кезінде оқушылардың зейінін аударуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың жас ерекшелігі физика және астрономияның базалық курсының жалпы құрылымы адам мен Әлемді, адамды

Әлемнің бөлшегі ретінде, адамды Әлемді зерттеуші ретінде жалпы суреттеуден бастап, адамның атом, ядро, зат табиғатына енуіне дейін көрсетуге мүмкіндік береді.

Оқу материалы бағдарламада келесі ретпен орналасады:

7-сыныпта оқушылар зат құрылысымен, денелер қозғалысымен танысады, бұл білімдер физика курсының барлық басқа бөлімдерін оқу кезінде пайдаланылады. Механикалық құбылыстар (қозғалыс) жайлы білім табиғат құбылыстарын түсіндіру кезінде басынан аяғына дейін қолданылады. Зат құрылысымен танысу сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндіруде пайдаланылады. Жұмыс, қуат, механикалық энергия ұғымдары жай механизмдер мысалында қарастырылады, механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті енгізіліп, энергияның сақталу заңы оқытылады. Күйенте мен біліктерге байланысты күш моменті, денелердің тепе-тендік шарттары енгізілген.

8-сынып физика курсының негізгі мазмұнын жылулық, электр, электр-магниттік және жарық құбылыстары құрайды.

9-сынып физика курсының материалдары негізінен денелелердің өзара әсерлесуін, тербелістер мен толқындарды, атом және атом ядросын, аспан сферасы және аспан координаталарын оқуға арналады.

Негізгі мектептің физика курсы мазмұнының өне бойында оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеумен тығыз байланысты қоршаған ортаны қорғау проблемалары, экологиялық проблемалардың пайда болу себептері, адамның табиғатқа және техникаға қатынасына байланысты мәселелер қамтылып көрсетілген.

Оқушылардың білімдері мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар іргелі физикалық теориялар құрылымына сәйкес жүйеленген.

 

 

  • Базалық курсты оқытудың мақсаты

 

 

Оқушылардың бірқатары үшін жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған физика аяқталған курс болып табылады. Мұнда 7-9 сынып оқушылары тусіне алатындай физиканың ең негізгі мәселелері түгелдей қамтылған. Осы курсты оқыту мақсаттарын қарастырайық.

Негізгі мектептің физика курсы оқушылардың барлығының жас ерекшеліктерін және олардың басқа пәндерден дайындығын ескеріп, физиканың негізгі мәселелерін береді.

Қазіргі кездегі демократиялық қоғамның орта мектептің алдына қойған білім беру, дамытушылық және тәрбиелеу мақсатына сәйкес басқа пәндермен қатар 7 сыныптағы физика жаңа пән болып еніп, осы мақсатқа жетудің бір басқышы болып саналады.

Негізгі мектептің физика курсында оқушылар қазіргі кездегі әлемнің физикалық бейнесін түсінуге қажетті білім алады. Материяның түрі, формасы және құрылымы, қозғалысы туралы, табиғаттың дамуы және таным үрдісінің дамуын қарастырады.Сондықтан да бұл курс негізгі (базалық) курс болып табылады. Олар физика ғылымы сезім мүшелерімізбен көріп білуге болатын заттарды, сезіп білуге болмайтын электр және магнит өрістерін және микронысаналар – молекула, атом, элементар бөлшектер, механикалық, жылулық, электрлік, жарықтық және кванттық құбылыстарды, материялдық нысаналардың өзара әсерлесуінен, олардың күйлерінің өзгеруін оқытатынын біледі. Оқушылар табиғаттың іргелі зандары — энергияның, импульстің сақталу заңдарымен танысады.

Оқушылар көптеген физикалық нысаналар мен құбылыстардъщ қасиеттерін жалпы сапалық және кейбіреулерін сандық түрде физикалық шамалар арқылы сипатталатынын біледі. Олар оқып үйренеді: дененің массасын, заттың тығыздығын, ауырлық жәие үйкеліс күштерін, архимед күшін, дененің кинетикалық, потенциалдық және ішкі энергиясын, ток күшін, электрлік кернеуді, кедергіні, жылу мөлшерін және т.б.; бізді айнала қоршаған әлемде нысаналар мен құбылыстар бір-бірімен күрделі және алуан түрлі байланыста болатынын біледі.

Осы байланыстарды оқымыстылар зерттеп, талқылап зандылықтар түрде (мысалы, Паскаль заңы, Ныотон заңы, тізбек бөлігі үшін Ом заңы, Джоуль-Ленц заңы, жарықтың шағылу заңы) немесе формула

түрде өрнектелетінін:

,        және т.б. біледі.

Сондай-ақ негізгі мектептің оқушылары физикалық құбылыстарды оқып үйрену негізінде ашылған завдарды пайдаланып, керегіне қажетті адамдар жасаған нақты техникалық құрылғылардың құрылымымен танысады. Олар: су құбыры, сорғылар, гидро-электрстанцияларды, гидравликалық машиналар, жылу қозғалтқыштары, атом элеқтрстанциялары және т.б. су, ауа көліктерінің дамуы, оны жетілдіру бағыттарымен танысады, электр қыздырғыш құрал-жабдықтардың қолдануымен және қазіргі кездегі электр энергиясын үнемдеу осы проблеманың шешілуі, ядролық процестер және оларға байланысты барлық жағдайларды оқып үйренеді.

Негізгі мектептің физика курсы физиканың, астрономияның, техниканың дамуындағы Еуропа, Ресей, Азия ғалымдарының еңбектерін қарастырады.

Оқушылар ғылыми таным әдістерін (үлгілеу, идеалдау, ойша эксперимент, бақылау және т.б) меңгереді. Міне, базалық курстың негізгі білім беру мақсаты осындай.

Курстың дамытушышқ мақсаты білім беру мақсатымен бірге
қалыптасатын ебдейліктер (ойдың және практикалық) арқылы
анықталады. Оларға:

1) қарастырылып отырған қүбылысты кунделікті өмірде байқау
(циффузия, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі, дененің балқуы,
қыздыру, электрлену және т.б). Бұл ебдейлік өзіне бақылау, нақты
жағдайларды талдау, ерекше белгілерін көрсете білу, бақыланып
отырған нәрсені теориялық білімдерімен салыстыру;[

2) қарастырылып отырған жағдайдағы құбылыстың немесе нысананың байқалған қасиеттерін алған білімдерін қолданып түсіндіру. Нақты жағдайды үлгілеу және индуктивтік, дедуктивтік негізде логикалық түрде және салыстыра отырып түсіндіру;

3) жаңа құбылыстың және нысананың қасиеттерін теориялық талдау нәтижесінде не болатынын айта алу (мысалы, газ қысымының оның температурасы мен көлеміне байланысты өзгеруін, сұйық ішіндегі дененің орналасуын және т.б.) және осы айтығандарды экспериментте тексеру (құрал-жабдықтарды таңдау, тәжірибені жүргізу жоспарын жасай алу және т.б.). Ол үшін дедукциялық ойлай алу қажет;

4) нақгы жағдайда физикалық шамалардың мәндерін есептей білу;

5) графиктерді салу және оқи білу, электр тізбегін салу және тізбекті пайдаланып жинау, күш векторын график түрінде кескіндей білу;

6) өлшеуіш мензурканы, динамометрді, таразыны, барометр-анероидты, амперметрді, вольтметрді, линзаны және тағы басқа физикалық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалана білу.

Сондай-ақ негізгі мектепте жалпы: оқулықпен, анықтағыш оқу құралымен жұмыс істеу, мұғалімнің айтқанын түсініп талдау, дәптерлеріне жазу, сызу ебдейліктерін қалыптастыру жалғасады.

Сонымен, негізгі мектепте оқушылардың, яғни олардың еңбек қызметінде және физиканы оқып үйренуде қолданылатын бірқатар ойлау операциялары қалыптасады.

Негізгі мектептің тәрбиелік мақсаты оқушыларда ғылыми көзқарастың негізінің қалыптасуы, идеялық сенімділікті тәрбиелеу, ізгілікті, патриоттық және интернационалдық мінез-құлықтың қалыптасуы, физика ғылымын танып-білуге қызығушылықты дамыту, сондай-ақ оқушыларға мамандық таңдауға көмектесу болып табылады.

 

 

  • Негізгі мектептің физика курсының қүрылымы мен мазмүнының ерекшеліктері

 

 

Физика курсының базалық құрылымы негізінен дәстүрлі: оқып үйренілетін құбылыс материя қозғалысының формасының қиындауына байланысты (механикадан бастап және жылулықтан электрмагаиттікке, жарық және кванттық) орналасқан. Тек “Электр құбылыстары” тақырыбында ғана осы заңдылық орындалмайды. Мұнда алдымен электр заряды қарастырылып, электрон ұғымы енгізіліп, ары қарай зат құрылысын оқып үйренуге мүмкіндік туады. Оқушылар зат бір-бірімен әсерлесіп, бей-берекет қозғалыста болатын молекулалардан тұратынын біледі. Молекула-кинетикалық теорияны қатты денелердің, сұйық және газдардың қасиеттерін түсіндіруде, газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымын, сұйық және газдардағы қысымының берілуін, сұйықтың еркін беттік керілу қабаты болатынын, ал газдарда ондай қабаттың жоқтығын, Жердің ауа қабатының болу себебін, жылу өткізгіштікті, заттың агрегаттық күйлерін және т.б. түсіндіреді. Мұнда атом, ион, электрон ұғымдарын пайдаланып электрондық газ ұғымы енгізілді. Электрондықтеория арқылы денелердің электрленуін, электрленген денеден электрленбеген денеге зарядтаң ауысуын, металдардағы және басқа ортадағы электр тоғын және т.б. түсіндіріледі. Сонымен негізгі мектепте физикалық теорияның элементтерін енгізу арқылы барлық тақырыптар тұтастай біріктіріледі.

Базалық курста физикалық теория элементтерін қолдану, оқушылардың теориялық ойлауын қалыптастарады және логикалық түрде дедуктивтік ойлауға үйретеді. Базалық курста Ньютон заңдарын, үдеу және импульс ұғымдары енгізіледі, импульстің және механикалық энергияның сақталу  зандары қарастырылады. Сондай-ақ атомдық және ядролық физика, ядролық энергетика және астрономияның сұрақтары қосылды.

Негізгі мектептің физика курсының мазмұны дидактикалық принциптерді, балалардың жас ерекшеліктерін, өмірден көрген, алған білімдерін ескере отырып таңдап алынуы керек. Қазақстанда шығып жатқан төл оқулықтарымыз қазіргі кезде осы талаптарды толық қанағаттаңдырмай отыр. Сондықтан да Ресейде шыққан оқулықтарды өз бағдарламаларымызға икемдеп, өзгерістер енгізіп, бірігіп шығарған оқулықтар қолданылуда. Мысалға, А.В.Перышкиннің «Физика-7» «Физика-8», «Физика-9» оқулықтары Қазақстан Реепубликасын жалпы білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқулықтың жеке тараулары мен параграфтарына өзгерістер және астрономияның тақырыптары енгізіліл, “Дрофа-Кітап” баспасынан жарық көрді.  «Физика-7», «Физика-8» оқулығын өндеп жазған Н.Д.Абдуллина мен Ғ.М.Ерғалиева, «Физика-9» Б.Е.Акитайдьщ авторлығъімен жарық көрді.

Оқушылар механикалық құбылыстарды, дененің бірқалып қозғалысын ғана емес, бірқалыпты үдемелі қозғалысты қарастырады. Оларды осы қозғалыстардың жолын, уақытын, жылдамдығын және үдеуін табуға үйретеді. Оқушылар дененің алатын үдеуін есептей білгеннен кейін, енді Ньютон завдарын оқып үйренуге мүмкіндік алады.

Жылу құбылыстарын оқып үйренгенде басты назар денелердің жылу өткізгіштігіне, оқушылар күнделікті өмірден көріп жүріп заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі, балқу, қатаю, булану, қайнау конденсациялану құбылыстарына аударылады.

Электрлік құбылыстарда денелердің электрленуі, металдардағы электр тоғы, өткізгіштерді электр тоғының қыздыруы, оқушылар тұрақты магнит өрісімен және тұрақты магниттермен, тоғы өткізгіштің магнит өрісіне әсерімен таныстырады.

Жарық құбылыстары енді тереңірек қарастырылады, жарықтың ортада түзу сызықпен таралуы, шағылу, сыну құбылыстарымен қатар енді иитерференция құбылысы сапалық түрде оқып үйреніледі. ,

Физикалық шамалардың бірқатарына анықтамасы беріліп|
формуласы келиріледі: ;   ;   және т.б. физикалық мағынасы тек сипатгау арқылы беріледі.

Күштерді қосу тек бір түзудің бойында орналасқан кезде ғана қодданылады.

Молекула-кинетикалық және электроңдық теорияны енгізгенде, мұқият таңдалып, тек экспериментте дәлелденген материалдар ғана алынады. Затащ молекулалық құрылысын қарастырғанда, газдың, сұйықтаң және қатты дененің көлемінің сыртқы күштердің әсерінен қыздыру және суыту, диффузия кезінде газдың және сұйықтың араласуы, газдың ыдыс қабырғасына қысым түсіруі тәжірибелерінің негізінде қалыптастырылады. Сондай-ақ молекула-кинетикалық теорияның тұжырымдалуына себепші болған броундық қозғалыс тәжірибесі де көрсетіледі. Негізгі мектепте ЭЕМ-да үлгіленген броундық қозғалысты компьютердің көмегімен көрсету арқылы оқушыларға, броундық қозғалыс туралы толық мәлімет беруге болады.

Сондай-ақ ЭЕМ-да үдгіленген электронның зарядын анықтайтан  А.Ф. Иоффе және А.Милликеннің, атомның құрылысы мен құрамын анықтайтын Э.Резерфордтың тәжірибелерінде көрсетуге болады.

Молекула ұғымы химия пәнінде оқытылады. Оқушыларға осы қиын ұғымды, енді оны түсінуге пәнаралық байланысты да ескере отырып берілсе, енді оңай түсіндіруге болады.

Сонымен, осы курстың материалдары оқу жылдарына бөлініп, оқушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп, оқу бағдарламасы жасалынып, оған сәйкес оқулықтар жазылды.

 

 

  • Негізгі мектепте физиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктері

 

 

Негізгі мектепте физиканы оқыту әдістемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. 12-15 жастағы балалардың абстрактілі ойлау қабілеті нашар болғандықтан, барлық оқып уйретілетін құбылыстар тәжірибелік деңгейде болуы қажет. Олар нақты жағдайға байланысты құбылысты бақылай отырып, болжау жасап, оны тәжірибе жасап тексеру арқылы қабылдайды. Сондықтан да физикалық оқу эксперименті (демонстрациялық, фронталь, практикалық, зертханалық жұмыстар, үй тәжірибелері) оқытудың негізгі әдісі болып табылады. Мұнда мүғалім демонстрациялық эксперимент оқушылардың сезім мүшелеріне әсер етіп, олардың көңіл-күйлерін көтеріп, танып білуге құштарлығы артатанын ескеруі керек. Сондықтан да жасалынатын тәжірибе айқын және сенімді ғана емес, сыртқы түрі де әдемі, тартымды болғаны дұрыс. Көрсетілінетін тәжірибенің демонстрациялық мазмүны терең, логикалық түрде аяқталған, жасалуы қарапайым болуы тиіс.

Бірақта тәжірибе арқылы алған білім тек ойлаудың индуктивтік әдісін ғана дамытады, бұл жоғарғы сыныптарда физикалық теорияны оқып-үйренуде жеткіліксіз. Теорияда көптеген тәжірибелерді түсіндіреді, сондай-ақ жеке мәселелерді қарастарып, одан қорытынды шығару үшін дедуктивтік ойлау әдісі қолданылады. Сондықтан да мұғалімнің негізгі мектепте оқушылардың дедуктивтік ойлау қабілетін дамытуы негізгі міндеттің бірі болып саналады. Негізгі мектепке физикалық теорияның элементтерін енгізу қажетті шарт болып табылады.

Мұғалімнің оқушыларға физикалық құбылысын теориялық турде талқылай білуін, одан шығатын салдарды дұрыс түсіну әдісін тауып, қолдана білуі маңызды. Дедуктивтік әдіспен ойлау негізінде шығарылған қорытынды экспериментте тексерілінетінін естен шығармаған жөн.

Қазіргі кезде сабаққа қойылатын басты талаптың бірі оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру. Онсыз білім алуға, оны бекітуге және жаңа дағдыларды меңгерген саналы жеке адамды тәрбиелей алмаймыз.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мына ережелерді орындау қажет.

1. Жұмыстың мақсатын тұжырымдау, осыдан не шығады, біз не алуымыз керек. Дұрыс түжырымдалған мақсатқа мысалы:

– осы тәжірибені жасау үшін эксперименттік қондырғыны жинауға қандай құрал-жабдықтар керек екенін табыңдар;

– берілген тізбектегі кернеуді өзгерткенде тізбектегі ток күші қалай өзгеретінін тағайындаңдар.

2. Жұмыстың мақсатын тұжырымдамас бұрын, мұғалім өзіне, осыдан оқушылар не түсінуі керектігін анық, нақты турде анықтайды, Өзіндік жұмыс оқулықтан, кинофильмнен немесе басқа да білімнің қайнар көздерінен оқушы белгілі ақпараттар: шамаларды, заңдарды түсіну, физикалық шамалар арасындағы тәуелділікті анықтау, ойлау әдістерін меңгеру, жалпы және жеке танымдық әдістер, зерделік және практикалық іс-әрекетгер алатынына бағытталуы керек.

Сабақты өткізу үшін таңдап алынған оқу әдістері мен тәсілдерін таңдаған кезде осы жастағы балалардың тым қозғалғыш, жарыса сөйлеуге құмар, өз ойларын қысылмай ашық айтатынын естен шығармаған жөн. Сондықтан да сабақты көбінесе ізденуге байланысты әңгімелесу әдісін қодданып өткізуге болады. Есептер шығаруда топтық жұмыс істеу тәсілін қолданған қолайлы. Мұнда жарыс, конференция, ойын сабақтарын, көбінесе сапалық және эксперименттік, суретпен берілген есептерді шығартқан дұрыс.

Сонымен, оқыту әдісінің негізінде физикалық эксперимент, үлгілер, ЭЕМ-да үлгіленген тәжірибелер, пәнаралық байланысты, әсіресе математикадан алған білімдерін ескеріп, әріүрлі плакат, сурет, кестелерді қолданып, зертханалық жұмыстар жасату жатыр. Осының барлығы негізгі мектепте физиканы оқыту әдісінің базасы болып табылады.

%d такие блоггеры, как: