Сызықтық функция және оның графигі

Опубликовано Опубликовано в рубрике Пәндер / Предметы

Сабақ :  № 163  Сыныбы : 6 «а»   Пәні :  Математика

Өткізілетін  уақыты : 08.04. 2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі

Сабақтың мақсаты: Оқушылар графикпен  берілген  функционалдық тәуелділікті түсіне білу

Білімділік:

Сызықтық функцияның анықтамасы және графигімен  таныстыру,  сызықтық  функцияға қатысты есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық:

Теориялық білімдерін практикада оптимальды қолдана алуы, ойлау, оқу дағдыларын жетілдіру,танымдық қабілеттерін арттыру

Тәрбиелік:

Математикалық іскерлікке, мәдениеттілікке,өз бетінше еңбектенуге баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: Түсіндіру, практикалық

І.1). Сабаққа қажетті құралдарын түгендеп, дұрыс отыруларына назар аудару.
2) Сабаққа дайындығын тексеру;
II. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап.
ІІІ. Өткен сабақты қайталау:
: 1. Тура пропорционалдық функциясы қандай формуламен беріледі? Мысал келтіріңдер.
2. у=kx функциясының графигі қандай сызық?
3. y=l функциясы қалай аталады?
– Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты: ” Білім ” әлемінде ” Жағалау” бар, сол жағалауды құтқарып, білім алуымыз керек.
Балалар бізге бір тапсырма келді. Соны оқып, тапсырманы орындайық.
Біз бір – бірімізге көмектесе отырып, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз!
Ендеше балалар көңіл – күйіміз қалай екен? Тамаша әлде жақсы немесе жабырқау ма?
• Жорық қағазын көріп алайық.

IV.  Жаңа сабақты    қайталау

ІІІ. Біліктілік кезеңі. Функция у=3x – 4 формуласымен берілген х=- 2 болғандағы функция мәні неге тең?
у(- 2)=3*(- 2)- 4=- 10
Мына өрнектерді өз бағандарына жаз: 1 3 2
у=kx+2 функциясының графигі А(1; 4) нүктесі арқылы өтеді. k – ның мәнін табыңдар.
у=3x+n функциясының графигі А(1; 4) нүктесі арқылы өтеді. n – ның мәнін табыңдар
у=kx – 6 функциясының графигі А(1;- 3) нүктесі арқылы өтеді. k – ның мәнін табыңдар

  1. Дамыту кезеңі. Есептер шығару:    № 1344

1) |3,5|-13/8>2/3+|-1,2| 2)|4 2/5|÷|-2 1/5|<|-18,3|•0,2
4,4:2,2<3,66
4) |-42,45|÷|28,3|+35/9<|-72,6|•|-1/2|-28,4
3) 103,8-|9 3/5|•|-6,5|113/15
103,8-62,4<108,55
11/2+35/9<36,3-28,4
51/18<7,9

VІ.Қорытындылау

«Функция –математиканың маңызды ұғымдарының бірі».Функция сөзі латынның functio сөзінен шыққан,қазақша орындау,атқару дегенді білдіреді. Функция терминін математикаға 1694 жылы тұңғыш енгізген неміс физигі, математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц

Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады?

y = kx + l функциясының графигі қалай салынады?    Функция

1.Функцияның берілу тәсілдерінің бірі

2.Тәуелсіз айнымалы

3.Тәуелді айнымалының мәні қай осьте?

4.Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын әрпі?

  1. Тәуелсіз айнымалының мәні қай осьте?

6.Координаталық жазықтықтағы нүктелер жиыны

  1. Тәуелсіз айнымалынының бір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін  тәуелділік?

VІІ. Өз бетімен жұмыс  №  1345

f(x)kx+3.5                           f(-5)=8.5                                       f(0.3)=6.2

f(8)=19.5                              -5k=8.5-3.5                                 0.3k=6.2-3.5

8k=19.5-3.5                         -5k=5                                            0.3k=2.7

8k=16                                    k=-1                                               k=9

K=2

 

VІІІ. Үйге тапсырма беру:  № 1354.бет.154

Бағалау: