Тақырыбы: «Мен чемпионмын»

Мақсаты: Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру;

Міндеттері:

1.Оқушыларды ұйымшылдыққа,достыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

2.Оқушыларды жылдамдыққа,шапшаңдыққа үйрету

3.Білім,білік дағдыларын кеңейту;

Түрі: топтық жарыс

Әдісі: ойын-сайыс

Өтетін орны: спортзал

Өтетін сыныбы:  7-8 сыныптар

Құрал-жабдығы: доп,кедергілер,секірткіш,ысқырық,шығыршық,қап және т.б

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Жарысымыздың қорытындысын шығарып,әділ бағалап отыратын әділқазылар алқасымен таныстыру.

2.Ортаға топтар шығады.Мұғалімнің командасы бойынша сапқа тұрғызылады.Мемлекеттік Әнұран орындалады.

ІІ.Жарыстың шарты.

1.Сәлемдесу.(ұраны,топ аты)

2.Эстафеталық ойындар

3.Қорытындылау

  1. «Туннельден өтіп, матрацтан айналып кіші допты лақтыру»

Топ ойыншылары төрешінің белгісі бойынша туннельден өтіп, матрацтан айналып, себетке кіші допты лақтырып, шығыршықпен айнала отырып кері қайту.Екінші ойыншыға береді.Бірінші келген команда жеңіске жетеді.

  1. «Секіртпемен секіру»

Топ мүшелерінің қыздары түгелдей төрешінің белгісі бойынша, уақытпен  секіртпемен секіреді.Ойын ережесін бұзған топ қайтадан бастайды. Ойынды бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

  1. «Арқан тарту»

Төрешінің белгісі бойынша топтың ер балалары түгелдей арқан тартуға шығады. Белгіленген жерге дейін топ мүшелерін түгелдей арқанмен тартуы тиіс.

 

  1. «Белдеспек»

Топ капитандары бір-бірін шеңбер ішінен ығыстырып шығару қажет.

  1. «Сергіту сәті»

7,8 сынып оқушыларының қыз балалары спорттық би билейді.

  1. «Шығыршықтардан секіріп, үстелден айналып, қаппен секіру»

Төрешінің белгісі арқылы шығыршықтардан секіре отырып,матрацта айналма жасап және үстелді айналып,қаппен секіріп қайтады. Қапты шешіп келесі ойыншыға береді.Бірінші аяқтаған топ жеңімпаз болады.

  1. «Қаппен секіріп,жинауыштан допты алып, себетке лақтыру және кері қайту»

Топ мүшелері қаппен секіріп, жинауыштан допты алып, себетке лақтыруы тиіс.Содан соң допты жинауышқа салып, қаппен секіріп кері қайтады.Бірінші болып аяқтаған топ жеңімпаз болады.

  1. «Хоккей таяғымен допты алып жүру»

Төрешінің белгісі арқылы топ мүшелері хоккей таяқшасымен кедергілер арасынан допты алып жүріп мәреге жетуі тиіс.Бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді.

  1. «Капитандар сайысы»

Төрешінің белгісі бойынша топ капитандары  шеңбер ішінде бір-бірін арқанмен тарта отырып,белгіленген жердегі жалаушаны алу қажет.Жалаушаны бірінші болып алған топ басшысы жеңіске жетеді.

 

ІІІ.Қорытындылау.

Командалар сап түзеп қатарға тұрады.

Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.

Ұпай санын есептеп,жарысқа қатысқан командаларды марапаттау.

%d такие блоггеры, как:
Перейти к верхней панели