Ойлау әлеміне саяхат.

Опубликовано Опубликовано в рубрике Бастауыш

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,   Бейнеу селосы «Бейнеу бөбекжайы»МКҚК

 Кульсумакова Алмахан

 

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математика.

Мақсаты: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері санату. Сандарды, пішіндерді ажырата білуге үйрету. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, қызықты есептер арқылы математикаға деген қызығушылығын арттыру. Балаларды белсенділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: 1-ден 5-ке дейінгі сандар топтамасы, геометриялық пішіндер, слайд.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, логикалық ойын, көрсету, түсіндіру.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті     Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері:

– Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасайық.  Біздің шаттық шеңберімізге қараңдаршы, қандай керемет! Оның сиқыры бар. (шеңбер бойымен алдын-ала дайындалған түрлі-түсті дөңгелектер қойылған)

Әрқайсыларың өз дөңгелектеріңді алып, артын аударып қарасаңдар сурет табасыңдар. Ал оның сиқыры мынада: артындағы суреттен сендер бір-бірімізбен қалай сәлемдесу керек екенін көресіңдер. Егер алақан бейнеленсе – қолымызды қысып амандасайық, күн болса – жақсы сөз айтып, жүрек бейнеленсе – құшақтасып сәлемдесейік.

 

 

 

-Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-бірімізге қол беріп,

Айтамыз жақсы сөз жөн көріп.

Қалмаймыз текке іркіле,

Сыйлаймыз жылы күлкі де.

 

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы

– Көңіл-күйлерің қалай?

– Жарайсыңдар, балалар көңіл-күйіміз жақсы болса, көңілді отырып оқу іс-әрекетімізді бастайық.

– Балалар, біз математикадан өткен оқу іс-әрекеттерімізде қандай сандармен таныстық?

– 1-ден 5-ке дейін үш тілде санап беріңдерші?

– Жарайсыңдар, балалар сандар туралы кім тақпақ, санамақ айтып береді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

– Енді санамақты кім айтады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, біз бүгінгі ашық оқу іс-әрекеетімізді сайыс түрінде өткіземіз. Олай болса, мен сендерді екі топқа бөлгім келіп отыр.1-топ: «Ай» тобы

2-топ «Күн» тобы

Балалар, мен сендерді «Күнге», «Айға» теңеймін, біреуің күндіз жарқырасаңдар, біреуің түнде жарқырайсыңдар. Әркез жарқырап жүрсін деген ниетпен атадым. Бүгін көптеген тапсырмалар орындаймыз. Әрбір дұрыс жауапқа бір асықтан беріп отырамын. Қай топ көп асық жинаса, сол топ жеңімпаз болады. Ендеше топтарымызды таныстырайық.

1.«Ай» тобының ұраны:

Біз әдепті баламыз,

Оттай болып жанамыз.

Сұрақ қойса ойланып,

Дұрыс жауап табамыз.

 

2.»Күн» тобының ұраны:

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Күндей болып жарқырап,

Бақшамызға барамыз.

– Сендерді ойлау қабілеттеріңді тексеру үшін біз бүгін ойлау әлеміне саяхат жасаймыз. Ол жақта біз көптеген қиындықтармен кездесетін боламыз. Бірақ біз ол қиындықтарды жеңеміз деп ойлаймын. Ал біздер ол жерге немен барамыз? Оны білу үшін біз мына геометриялық пішіндерді құрастырып, сандарды ретімен қояйық.

– Ал, балалар біз не құрастырдық?

(Бұрын құрастырған топқа бір асық беріледі.)

-Балалар, біздің зымыран ұшу үшін қай тетікті басу керек екенін табуымыз керек.Сендерге геометриялық пішіндер берілген. Оң қолымыздың астына қызыл төртбұрышты қоямыз, ал сол қолымыздың астына сары үшбұрышты қоямыз.Бұл пішіндердің айырмашылығы неде?

 

-Балалар, 1-ден 5-ке дейін тура санайық.

– Біз ұштық!  Біз ұшып келеміз, саяхатымыз көңілді болу үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ : «Уақытты бағдарлау»

1. Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті қолды жуамыз.

Анамызға ереміз,

Бақшамызға келеміз.

Бұл қай кез?

 

2. Аспанда күн жарқырап,

Серуенге шықты балалар.

Бірі допты тебеді,

Бірі құммен ойнайды.

Ойнап болып балалар.

Тамақ іше бастайды.

Тамақ ішіп болған соң,

Тәтті ұйқыға батады.

 

3. «Апай, сау болыңыз!» дейміз де,

Бет түзейміз енді үйге.

Бұл қай уақыт, бұл қай кез,

Айта қойшы, ал сен тез.

 

4. Үйлерде шам жанады,

Маңай тастай қараңғы.

Шаршадың ғой күн ұзақ,

Ал ұйықтай ғой, құлыным.

– Міне, балалар біздің ғарыш кемеміз «Ойлау  әлеміне» келіп тоқтады. Қараңдаршы, мына  ғажайып  ағашта әртүрлі шарлар өсіп тұр екен. Бұл шарлардың бізге көптеген тапсырмалкары бар екен.

«Шар үрлеу» тыныс алу жаттығуы.

 

1-тапсырма: «Кім шапшаң?» ойыны.

– Жұдырықта неше саусақ бар?

– Алма үлкен бе, түйме үлкен бе?

– Уақытты немен өлшейді?

– Дөңгелекте неше бұрыш бар?

– Бағдаршамның неше көзі бар?

– Аспанда неше жұлдыз бар?

– Адамда қанша көз бар?

– Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе?

– Балықта неше аяқ бар?

– Қоянда неше құлақ бар?

 

2-тапсырма: Суретпен жұмыс.

«Ай» тобына:

– Үйректің қанша балапаны бар?

– Қай маймылдың бананы көп?

«Күн» тобына:

– Көліктерді сана. Қанша автобус, қанша трактор, қанша жеңіл көлік бар?

– Қай пілдің шары көп?

 

3-тапсырма:Логикалық ойын: «Бет орамалдарға лайық жамауларды табу»

Мақсаты: геомериялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.

Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.

 

4- тапсырма.

«Ай» тобына: Әрбір суретті өзіне ұқсас фигурамен біріктір.

«Күн» тобына:

Цифрларды суреттің санына сәйкес сызықпен қос.

Сергіту сәті: «Иілеміз оңға бір…»

 

5- тапсырма:  Жұмбақ есептер

1. Дүкеннен анам төртбұрышты 2 доп алып келді, оның біреуін досыма бердім. Менде неше доп қалды?

2. Қайың ағашында бес алма болды, біраз уақыт өткен соң үш алма түсіп қалды. Неше алма қалды?

3. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қай бұтаның арасына тығылады?

4. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Мирас бір стакан шиені жеп қойды, неше стакан қалды?

5. Айгүлдің алдында үш зат тұр: машина, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

6. Жұмулы көзбен нені көруге болады?

7. Үш алманы бақтағы,

Кірпі алып жинады.

Ең әдемі біреуін,

Ақ тиінге сыйлады.

Ыдыстағы алманың,

Санап көрші қалғанын.

8. Үш алма сал табаққа,

Біреуін бер Талапқа,                         Біреуін бер Таңатқа,

Біреуін бер Қанатқа

Бірі қалсын табақта.

Ұшқыр болса қиялың,

Орындайсың заматта.

9. Топ басшыларына тапсырма: «Пішіндерді сана» логикалық ойыны.

Шарты: Суреттегі жасырынып тұрған пішіндердің санын айтып, цифрмен белгілейді.

– Балалар, барлық тапсырмаларды орындап болдық, енді балабақшамызға оралайық. Ол үшін оң қолымызбен жасыл дөңгелекті басып тұрып, 5 санынан бастап кері санаймыз.

– Біз ұштық!

-Мінеки балабақшамызға да келіп қалдық.

– Жарайсыңдар, балалар! Біз қайда бардық?

– Немен бардық?

-Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

– Енді сендердің жинаған асықтарыңды санап, жеңімпазды анықтаймыз. Балаларды мадақтап, әр топты мақтау қағазымен марапаттайды.

Сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендерге көп рахмет айтамын. Орнымыздан тұрып, қонақтармен қоштасайық.

 

-Жақсы

 

 

 

 

-1-ден 5-ке дейінгі сандармен

-1,2,3,4,5

-раз,два,три,четыре,пять

– уан,тю,сри,фо,файф

Ақниет:

Мені білгің келсе,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрамын.

 

Рүстем:

Бірден кейін тұрамын,

Сандар іші тұрағым.

Бірге бірді қосқанда

Иіліп мен шығамын.

 

 

Нұржан:

Екіден соң әрқашан,

Үш саны боп қаламын.

Қос мүйізі майысқан,

Ұлттық ою саламын.

 

Хадиша:

Достар мені, «төрт» дейді,

Беске бірім жетпейді.

Бірақ үшке – ағамын,

Жақсысымын бағаның.

 

Адай:

Әр қолда саусақ бес-бестен,

Шықпас тегін ол естен.

Біліп санның шамасын,

Мысал ойлап табасың.

 

Гүлбағым:

Бір дегенім – бота,

Өркештері жоқ па?!

Екі дегенім – ешкі,

Лақтары тоқ па?

Үш дегенім – үкі,

Талға қонып отыр.

Төрт дегенім – тауық,

Жерден тары шоқыр.

Бес дегенім – бұзау,

Қарасаңшң, қыз-ау!

Сол бұзаудың мақсаты –

Үйден алысқа ұзау.

 

Іңкәр:

Бір дегенім – бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сандар жазылған пішіндерді ретімен қояды.

– Зымыран құрастырдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

– Үшбұрыштың үш бұрышы бар, төртбұрыштың төрт бұрышы бар.

– 1,2,3,4,5

 

 

 

 

 

 

 

 

-Таңертең

 

 

 

 

 

 

 

 

–  Түс

 

 

 

 

– Кеш

 

 

 

 

– Түн

 

 

 

 

 

 

Тыныс алу жаттығуын орындайды.

 

– Бес саусақ

– Алма үлкен

– Сағатпен

– Бұрыш болмайды

– Үш көзі бар.

– Көп

– Екі

– Қоян

– Аяқ жоқ

– Екі құлақ

 

 

 

– Бес балапаны бар.

-Оң жақтағы

 

-Екі автобус, бір трактор, екі жеңіл көлік бар.

– Сол жақтағы

 

Ойынға қызығушылық танытады.

 

 

 

 

 

 

Орамалға лайық жамауды тауып орнына қояды.

 

 

 

 

Тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

 

Қимылдармен жасайды.

 

 

-Төртбұрышты доп болмайды

 

 

– Қайың ағашында алма өспейді.

 

 

– Жаңбыр жауғанда қоян болмайды.

-Үш стакан қалды.

 

 

– Машинаны қуыршақтан кейін қояды.

 

-Түс

 

 

 

 

 

– Екі алма қалды.

 

 

 

 

 

 

– Қанатқа табағымен бере сал.

 

-Ойынға белсене қатысады.

 

 

 

 

 

 

– 5,4,3,2,1

 

 

-Ойлау әлеміне саяхат жасадық.

 

 

-Зымыранмен.

-Иә

Балалар қуанышты көңіл күйде болады.

 

 

 

 

 

– Сау болыңыздар!

 

Күтілетін нәтиже:

 

Білуі керек :   1-ден 5-ке дейін тура және кері санауды;

Нені игерді :   Ауызша есеп шығаруға дағдыланады;

Нені білді :     Санамақтар айтуды, логикалық есептерді, математикалық жұмбақтарды

шешуді;