ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және

 сыртқы саяси жағдайы

І. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.

ІІ. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі.

 

І. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі.

  1.  Жоңғар хандығының құрылуы: 1635 жылы Батыс Моңғолия
  2. Жоңғар хандығының жоғарғы билеушісінің лауазымы: Қонтайшы
  3.  ХҮІІ ғасырдың ортасында жоңғар мемлекетінің күш- қуатын арттырған қонтайшы: Батыр (1635-1653жж.)
  4.   Батыр қонтайшының  тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында шайқастар өткен жылдар:

1635, 1643 (Орбұлақ), 1652ж.

  1.  1653 жылы Батыр қонтайшы қайтыс болып, таққа отырған: Қалдан-Бошоқты(1671-1697жж.)
  2.  ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: Жоңғар
  3.  ХҮІІ ғасырдың 80 жылдары жоңғар әскерлері жетті: Сарысу өзеніне дейін
  4.  Қазақ жеріне  жойқын жорықтар  ұйымдастырған Жоңғарияның мақсатыҚазақ елінің тәуелсіздігін жойып, жерін өзіне қарату.
  5.  1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: Қарақұм

*    Осы кеңестің шешіміне сай жоңғарларға қарсы біріккен халық жасағы құрылды.

*    Бас қолбасшы болып сайланған Бөгенбай батыр

  1.   Қазақ жасақтарының  жоңғарларға тойтарыс берген жылдары: 1711-1713жж.
  2.  1715 жылы күзінде Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып.

*   ол хандықты әлсіретіп алды. Келесі басқарушылардың  бағытының бірдей болмауынан(Кіші Жүзде Әбілқайыр, орта жүзді Сәмеке, Ұлы Жүзді Жолбарыс басқарған кезде.) үш жүздің бірлігі әлсіреді.

  1.  Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл: 1718ж
  2.  1718 жылы Аягөз өзенінің бойында қазақ қолына басшылық еткен: Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы, Жауғашар (Шақантай)
  3.  1718 жылы Аягөз маңындағы  қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңілу себебі:_ Қазақ сұлтандары (Қайып хан, Әбілқайыр) соғыс қимылдарын бірігіп жүргізбеді.
  4.  Аягөз маңындағы шайқастан кейін, 1718 жылы жоңғар әскерлері  екінші рет жеңіске жетті:

Арыстың жағасында

*    Қазақ мемлекетінің ахуалын қиындатқан тек жоңғар шабуылдары ғана емес. Солтүстік-батыстан  башқұрттар, солтүстіктен Сібір қазақтары, оңтүстіктен Қоқан, Хиуа, мемлекеттері қазақтардың қиын жағдайын пайдаланып қалуға тырысты.

  1.  Қазақ даласын әйгілі «Ақ мешін» жұтты шарпқан жыл: 1723 ж.
  2.  1723 жылы Жоңғарияның барлық күш- қуатын қазақ еліне жұмсауға мүмкіндік алуының себебі:

Қытай императоры Кансидің өлімі

  1.  Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан баса көктеп кірген жыл: 1723жылы.
  2.   1723 жылы қазақ жеріне басып кірген 70 мың жоңғар әскеріне басшылық еткен: Шона- Доба

*    Ол 70 мың әскерін жеті шепке бөліп, олардың бір мезгілде шапшаң да қаймықпай шабуылға шығуына жарлық береді.

  1.   «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары: 1723-1727жж.
  2.  Қазақ халқының қасіреті болған  «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»: ХҮІІІ 20 жылдары
  3.   Жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулаы ойысқан өңір: Самарқан

*    Ұлы жүздің көпшілік рулары мен Орта жүздің бірқатар рулары ауа көшті: Ходжент

  1.   Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы: 1724-«1725»жж.
  2.  Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән: «Елім-ай»
  3.  Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу
  4.  Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры: Қанжығалы Бөгенбай(Шапырашты Наурызбай, Малайсары)
  5.  Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр: Қабанбай батыр (Ерасыл)
  6.  1726 (1728) жылы қазақ жасақтары жоңғар әскеріне күйрете соққан берген жер: Бұланты

*  Қазақтардың жоңғар әскерін  жеңген Бұланты өзенінің жағасы кейіннен аталды: «Қалмақ қырылған» (Қарасиыр)

  1.  1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған» (Қарасиыр)
  2. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік- батысы азат етілді
  3. Бұланты шайқасынан кейін қазақ жүздерінің өкілдері жауға қарсы күресті күшейту жөнінде шешім қабылдаған жер (Қазақстанның оңтүстігіндегі тау): Ордабасы
  4. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша  жоңғарларға қарсы күресе қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған: Әбілқайыр хан.
  5.  Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегінде қазақ жасақтарының жиналуының себебі: Жетісуды азат етуге жақын еді.
  6.  Топонимикалық мәліметтер бойынша қазақ жасақтары Ордабасы тауында ұйымдастырылды:

Жүздердің бөлінуімен

  1.  Аңырақай түбінде барлық жасақтарға  қолбасышылық жасаған: Әбілқайыр хан.
  2.  Балқаш көлінің маңында  Аңырақай жерінде (қалмақтардың аңырауы, боздауы) жоңғарларға  күйрете соққы берген жыл: 1729ж. (1730ж.)

*    Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді.

  1.  Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарларды толығымен талқандауға  кесірін тигізген жағдай:

_ Болат ханның өлімінен кейінгі аға хандыққа талас

  1.  Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары:

Сәмеке (Орта жүз) және Әбілқайыр (Кіші жүз)

 

 

ІІ. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі.

*   Орыс мемлекеті орта- азиялық хандықтармен сауда- экономикалық және дипломатиялық қатынастарын кеңейткеннен кейін, ХҮІ ғасырдың соңы – ХҮІІ ғасырдың басында Қазақстанға қызығушылығы артты.

  1.   Орал аймағын игергісі келген, көршілермен қауіпсіздік байланысты  сақтауға тырысқан Мәскеу үкіметі, Қазақстанмен шекарада қорғаныс бекіністерін салуға кірісті.
  2.  1585 жылы негізі қаланған қалашық: Обск

*   1586- Түмен,  1587- Тобыл, 1594- Тара, 1604- Томск

  1.   «Шашыранды алтын құм» туралы көптеген аңыздар тараған қала: Еркет
  2.  1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің жоғары ағысында патша өкіметі тұрғызған бекіністер: Омбы, Жәміш(1716), Колбасинск, Железинск(1717)_
  3.  1718 жылы Жоғарғы Ертіс бойында салынған бекініс: Семей

*   1720 жылы- Өскемен, Павлодар.

  1.   1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:

Қазақ жерін біртіндеп жаулап алу

  1.  1716 жылы қазақ ханы Сібір губернаторы М.П.Гагаринге елші жіберіп, қалмақтарға қарсы күресте  көмек көрсетуін өтінген.
  2.  ХҮІІІ ғасырдың басында Ресейдің қазақ- жоңғар тартысына араласа алмауының себебі:

Ресей Швециямен соғысып жатты.

  1.  1717 жылы І Петрге мәңгілік бейбітшілік пен келісімде болуға ұсыныс грамотасын жіберген хан: Қайып
  2.   ХҮІІІ ғ. бірінші жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: Әбілқайыр
  3.   Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары: 1680-1748 жж.
  4.  Әбілқайыр ханның Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып бар күшті жоңғарларға қарсы жұмылдыру.

*    Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, Қазақстандағы өз қарсыластарын сағын сындыру.

*    1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы Ресеймен әскери одақ құруды жүктеді.

  1.  Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген  елшілер: Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы.
  2.   Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна
  3.   Әбілқайыр ханның кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы  ұсыныспен жіберген елшілері Анна Иоанновна қабыл алды: 1731 жылы 19 ақпан
  4.   Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы
  5.  Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігімен  басқарып келген сыртқы істердің тілмашы, қабілетті елші : А.И.Тевкелев.
  6.  1731 жылы қазан айында Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29.

*    Кіші жүз «ақсүйектерінің» өзара қырқысын шебер пайдаланған патша үкіметі әкімшілік және саяси шаралармен Қазақстанның батыс аудандарын отрлауды жеделдетті

  1.  1734 жылы орыс үкіметі тарапынан жабдықталған «қырғыз- қайсақ» экспедициясын басқарған Сенаттың бас хатшысы: И.И.Кириллов.

*    Экспедицияның басты мақсаты: Ор бойында бекініс тұрғызу, табиғат байлықтарын  игеру, Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейті. Сырдария бойында қала тұрғызып, біртіндеп өзен флотилиясын ұйымдастыру

  1.   1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде Ор өзені бойында салынған бекініс: Ор
  2.   Башқұрттардың көтерілісін басуға  патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды: 1735-1737
  3.  1735 жылы Башқұртстанда  болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды  жазалау кезінде Қазақстанға  қашқан башқұрттардың саны: 50 000
  4.  1738 жылы тамыз айында Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы: В.И.Татищев

*    Патша үкіметі қазақтарды өз шеңгелінде мейлінше ұстауға тырысу себебі:_ Башқұрттардың екінші көтерілісі

  1.  Орта жүздің билеушілері Абылай сұлтан мен Әбілмәмбет хан Ресейге ант берді: 1740 жылы

*    Олардың мақсаты Ресеймен жақындасып. Орта жүзге қарсы жоңғар шабуылдарын әлсірету.

  1.  1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген: Иран (Парсы әміршісі Нәдір шах)
  2.  өзінің зардабы жағынан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кем түспейтін Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің шапқыншылықтары болған жылдар: 1741-1742жж.
  3.  1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенатының қабылдаған Жарлығы: Қазақтарды және шекаралық өңірлердегі  бекіністерді қорғау туралы
  4.  1742 жылы қыркүйектің  2- сінде  Қалдан-Серенге хат жолдап, Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысымды тоқтатуда талап еткен орынбор комиссиясының төрағасы: И.И.Неплюев.
  5.  Орынбор қаласының негізі салынды: 1743жылы.

* И.И.Неплюев 1735 жылы негңзң қаланған  Орск қалашығын  жаңа жерге көшірді.

  1.  1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған: Қайып сұлтан
  2.  1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен кейін Әбілқайырдың Хиуа өңіріндегі  әсерін әлсіреткен жағдай: Қайып сұлтанның(Батырдың ұлы) Хиуа тағына отыру.
  3.  Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: Барақ.

 

 

ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.

І.     ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Кіші жүздегі жағдай

ІІ.   Жоңғарияның құлауы

ІІІ. Қазақ- орыс қатынастары

ІҮ. Абылай хан.

 

І.ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Кіші жүздегі жағдай

  1.    ХҮІІІ ғасырда Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтірген жыл: 1748ж.
  2.   Әбілқайыр ханның басты тірегі болған ру:___________________________________
  3.  Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін Кіші жүзде екі хандық құрылды:
  4.   Кіші жүздің солтүстік –батысында- Нұралы хан
  5.    Кіші жүздің оңтүстік –шығысында – Батыр сұлтан
  6.   1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны: 50 000
  7.     Қазақ феодалдарына үндеу таратып, башқұрттарды талан- таражға салуға рұқсат берген Орынбор губенаторы: Неплюев

 

ІІ. Жоңғарияның құлауы

  1.   Қалмақтардың билеушісі көрнекті қолбасы Қалдан-Серен қайтыс болған жыл: 1745 жылы күз
  2.  Елизавета Петровна үкіметі арнайы шешіммен бұрыңғы ауқатты Демидовтар әулетінің қолында болған Алтайдағы тау- кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялаған жыл: 1747 жылы

*     1755 жылы Жоңғарияда таққа таласушылардың бірі  Әмірсананы Цин императоры Цянь- Лун пайдаланып Жоңғарияны жаулап алды. 1755 жылы 19 шілдеде император жарлығына сай бұрыңғы  жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің  меншігі деп жарияланды.

  1.  ХҮІІІ ғасыдың ортасында Жоңғарияда билікке таласып, Цинь империясына қарсы шаққан Абылай мен Әбілпайызға арқа сүйеуге тырысқан: Әмірсана
  2.  Жоңғария дербес ел ретінде тарихи сахнадан шықты: 1758 жылы

10. Бұрыңғы жоңғар жерінде 1761 жылы құрылған империялық әкімшілік бірлестігі: Шыңжаң (Жаңа шекара)

 

 

 

ІІІ. Қазақ- орыс қатынастары

11. ХҮІІІ ғасырдың 40-50 жылдары үш әскери бекініс шептері оналасқан өңір: Солтүстік-Шығыс Қазақстан

12. ХҮІІІ ғасырдың 50 жылдары Өскемен бекінісінен Кузнецк шебіне дейін созылған, 723 верста болатын әскери шеп: Колыван шебі.

*  Сібір редутынан Омбыға дейін созылған, ұзындығы 1684 верста болатын шеп: Горькая шебі

*   Омбы бекінісінен Кіші Нарын  бекінісіне  дейін созылған, ұзындығы 1684 верста болатын әскери шеп: Ертіс шебі

13. Жаңа Есіл шебіндегі ең ірі бекініс: Петропавл (1752 жылы)

14.  1745- 1759 жылдары қазақ даласы арқылы орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны:

1 млн сом

15. ХҮІІІ ғасырдың  екінші жарысында  қазақ- орыс саудасының белгілі орталықтары: Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма.

16. 1761 жылы негіз қаланған бекініс: Бұқтырма

  1. қазақ- орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі:_ ХҮІІІ ғасырдың 60 жылдары.

*    Шығыс Қазақстандағы бекіністер біртіндеп  әскери сипатын жоғалтып, сауда орталықтарына айнала бастады. Әсіресе Жоңғария құлағаннан кейін.

  1. 1766 жылы Бұхар саудагерлерінің  өтінішімен Әбілмәмбет ханның ІІ Екатеринаға хат жолдау себебі:_ Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға.
  2. ХҮІІІ ғасырларда көшпенділердің күнделікті қажеттерін қамтамасыз ететін басты орыс тауарлары: Күнделікті тұрмыста қолданылатын тауарлар: шойын, темір, қазан, шелек, шұға, барқыт, қалайы, хант, нан.
  3. Патша үкіметі шетелдік көпестерге  Ресей құрамындағы қазақ жерлерінде сатуға, айырбастауға тыйым салды Ресейдің өзінде жергілікті мөлшерде шығарылатын
  4. Тек қана Орта Азия көпестері келетін сауда орталығы емес,  сонымен қатар Екатеринбург, Түмен, Тара, Курск т.б. қалалардан келетін көпестердің ірі сауда –саттық орталығына айналған:

Қызылжар (Петропавл)

  1. 1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі  Кіші жүз қазақтарына алғаш рет шек қойды: Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюына

*    1757 жылғы желтоқсанның аяғында Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуге тыйым салынды.

  1.  Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді отарлаулауда пайдаланды: Кіші жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан арасындағы қайшылықты.

*    1757- 1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған  П.И.Рычков мен А.И.Тевкелев қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Орынсыз екенін түсініп, аманат алу арқылы өтуге рұқсат берді.

  1. Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың  санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды : Қылмыскерлерді, жерсіз шаруаларды, Доннан, Башқұрт жерінен казактарды
  2. Патша үкіметі Ертістің оң жағасындағы Ресей  бекіністерін алғашында 10 шақырым, кейіннен 50 шақырымға дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салды.
  3. 1799 жылы қараша айында Орта жүз қазақтарына (45 000 отбасы) Ертістің оң жағасына қайтадан қоныс аударуға рұқсат еткен император: І Павел.

 

ІҮ. Абылай хан.

  1.  Абылай хан өмір сүрген жылдары: 1711- 1781 жж.
  2. Абылай ханның шын аты: Әбілмансұр
  3. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: Сабалақ.
  4. Абылай ханның атасының есімі: Абылай
  5. Абылай ханның атасы «Қанішер» Абылай билік құрған қала: Түркістан
  6. Сабалақ атанған Абылай келіп қосылған әкесімен ағайындас болған Орта Жүздің ханы :

Әбілмәмбет _

  1.    Абылай жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қатыса бастады: 15 жасынан
  2. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет  пен Абылай сұлтан Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындаған жыл: 1740 жылы тамыз
  3. 1741-1743 жылдары Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарлардың
  4. Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына дәмелілердің бірі: Әмірсана
  5. Қытай қолбасшылары  Фу Дэ, Чжао Хой бастаған әскердің Қазақстанға басып кірді: 1757 жылы маусым
  6. Қытайлар (Цин үкіметі) мол қолмен қазақ шекарасына басып кірді: Абылай тұсында
  7. Цин әскерлерінің Қазақстанға  мол қолмен басып кіру себебі:_ Абылайдың Әмірсананы ұстап беруден бас тартқаны үшін.

*    Цин әулетіндегі әскери- саяси тартыстың қазақ елі үшін қауіптілігін түсінген Абылай хан, Әбілмәмбет, Әбілпайыз ақылдаса келе, Қытаймен арадағы кикілінді келіссөзбен шешуге бел байлайды. Сөйтіп ХҮІІІ ғасырдың 20-30 жылдарында жоңғарлар басып алған шекаралық аймақтағы жерлер дипломатиялық жолмен қайтарып алынды.

  1. Абылайдың Қытай билігін мойындаған  жылдары: 1757- 1760жж.

*    Абылайдың аманат ретінде жіберген баласы:_______________________________________

  1. ХҮІІІ ғасырдың 70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп, салық төлеуге мәжбүр еткен қала: Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ.
  2. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет  қайтыс болған жыл: 1771жылы
  3. 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша хан тағына отыруға тиісті мұрагер: Әбілпайыз.
  4. Үш жүздің өкілдері Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады: 1771 жылы
  5.  ІІ Екатерина Абылай ханды: 1778 жылы 24 мамыр Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы грамотаға қол қойды
  6. Абылай тұсында билігіне енгізілген өзгеріс: қазы- билерге шектеу қойды
  7.  «Жеті жарғы» заңдарына хан билігіне шектеулерді Абылай: Мойындамады

*     Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне  шек қойды.

*     Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауна сүйеніп, Абылай ойлаған жоспарын іске асырды.

*     Қазақстанның шұрайлы, құнарлы жерлерді Абылай ханның атынан бақылаған: Төлеңгіттер

48    . Абылайдың қыстақтары орналасты: Петропавл, Көкшетау, Ертіс өңірі, Ой, Ақтөбе

  1. Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы: Егін шаруашылығы
  2. Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір: Ертіс, Есіл, Көкшетау, Тарбағатай.
  3. Абылай ханның 1761 жылы ағаштанүй тұрғызу үшін бінеше ұста 200-300 пұт астық  жіберуді сұрап хат жазды: ІІ Екатерина
  4. Абылайдың өте бір ұнатқан ақын: Тәтіқара
  5. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам: Бұқар жырау
  6. Абылай хан жерленген қала: Түркістан (Қожа Ахмет Йассауи)
  7. Абылайдың бас мирасқоры: Уәли

56,    Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан: Абылай

  1. ХҮІІІ ғасырда қазақ жерлерін қалпына келтіріп, билік жүргізген хан: Абылай

 

ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТ- АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР

І. Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

ІІ. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі.

 

 

Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

 

  1. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы болған жылдар: 1773-1775 жж.
  2. 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақ шаруаларының қатысуына түрткі болған жағдай: Жер мәселесі
  3. Патша үкіметі Жайық өзені бойында қазақтарға мал жаюға тыйым салды: 1742 жылы қазан.

*     Осы үкімді негізге алған Жайық казак әскері және әскери шеп бекіністерінің комендаттары Жайық қаласы мен орыс- казак шаруалары қоныс тепкен өңірлерге қазақтарды жібермеген.

  1. 1756 жылы императрица Елизавета Петровна қазақтарға Жайықтың сол жағасына мал жаюға рұқсат берді: Қазақтардың башқұрт көтерілісін  жаншуға көмектескені үшін.
  2. Қазақ сұлтандары мен патша үкіметі арасындағы жерге байланысты қайшылықтарды өршітіп отырған Орынбор казак әскері құрылды: ХҮІІІ ғ. екінші жартысында
  3.     Патша үкіметінің  қазақтардың Жайықтың оң жағасына  көшіп- қонуға тыйым салған үкімі шықты: 1756 жылы
  4. Жайық пен Еділ өзендері бойындағы қазақтар мен қалмақтарdың арақатынасы күрделенді:

1770 жылға дейін

  1. Емельян Пугачев соғысына ат салысқан қазақ жүздері: Кіші жүз және Орта жүз

 

Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы.

  1. Кіші жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуы бөлінеді: 3 кезеңге

І. 1- кезең- 1773 ж.қыркүйек-1774ж. наурыз- Пугачев үндеулері Кіші жүзде жиі тарап, қазақтардың көтеріліске стихиялық бағытта тарала бастауы.

ІІ. 2- кезең- 1774ж.наурыз-қарашаның соңы- қазақтардың көтерілсіке қатысуының кең етек алуы.

ІІІ. 3- кезең- 1775ж.қыркүйек- 1776 ж.ақпан- қозғалыстың біртіндеп басыла бастауы.

  1.  Емелеьян Пугачев соғысына қатысқан Кіші жүздің ақсүйектері:___________________________

*     1773 жылдың қыркүйек айының 20- сында Пугачев Нұралы ханға арнайы үндеу жолдады.

*     Жер мен суды, астық пен тұзды, өзен мен шөпті беруге аямаймын деп уәде берді.

  1.  1773 жылғы қараша айының 17- сінен 18- іне қараған түнінде Усиха өзені маңында Пугачевқа жолыққан Нұралы ханның сенімді өкілі: Зәбір молда
  2.  Нұралы ханның соғысқа қатысушыларға көмек беруге асықпауына себепші болған: Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сәтсіздігі
  3. Пугачевті ашық қолдап, оған көмек ретінде топ жіберген Кіші жүз сұлтаны: Досалы сұлтан

*     Сұлтан қарулы топқа бас етіп өзінің ұлы Сейдалыны жөнелтті.

  1. Пугачев соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар:_ Жайық бекінісін қоршауға, Кулагин бекінісін алуға.
  2. Пугачев  бастаған шаруалар соғысында осы бекіністі алуда басты күш қазақтардан құралған топ болды: Кулагин
  3. Пугачев бастаған шаруалар соғысында Орынборды қоршауға қатысқан қазақтардың саны. 200-ге жуық

*     Шаруалар соғысының біртіндеп бәсендеуі, қазақ даласына жазалау отрядтарының жақындауы би- сұлтандардың опасыздығын тездетті.

17.      Пугачев қимылынан үрейленген Нұралы хан:_ және інісі Айшуақ сұлтан Жайық бойындағы бекіністерге көшіп барды.

  1.  Пугачев көтерілісі кезінде патша үкіметінің алдында екі ұшты қимылын жуып-шаюға тырысқан Нұралы ақталды: Қазақтардың өзіне бағынбай кетуімен

 

Орта жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы

  1. Орта жүз қазақтарының ашындырып, шаруалар соғысына қатыстырған: жер мәселесіндегі отарлау саясаты.
  2. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуы бөлінеді: 3 кезеңге

І кезең- 1773ж.қыркүйек -1774ж.сәуір- Пугачев  шабармандарының  Орта жүзді  кезіп, ауылдарды көтеріліске белсене қатысуға шақыруы.

  1.  Пугачев өкілдері жеткізген үндеумен танысқан соң, өзіне жақын старшындармен келісіп, соғысты қолдауға шешім қабылдаған белгілі би:_ Дәуітбай.
  2. Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылға қазан айында Орта жүз қазақтары топталып бекіністерге шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі: Пресногорьковск
  3. 1774 жылдың жазында Орта жүз қазақтары топтасқан бекініс: Звериноголовск
  4.     Пугачев соғысы кезінжде жазалаушы топтармен ашық қақтығыспай, қыр көрсетумен  шектелген Торғай өзенінің төменгі бойнда шоғырланған шаруаларға басышлық еткен старшындар:

Құдайменді мен Тайыр.

  1. Пугачев көтерілісі кезінде Ертіс өзенінің жоғарғы ағысындағы бекіністердің қорғаныс қабілетін арттырған Сібір губернаторы: Чичерин
  2. 1774-1775 жылдары Пугачев көтерілісі кезінде үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскер саны: 3 500 адам

*    1775 ж соңы- бекіністердегі қызметке  қосымша 626 адам алынды.

*     1774 жылдың күзінде қазақтар патшаның тұрақты әскерінің қысымымен Сырдария бойына ауып кетіп, Бұхар хандығына дейін жетті.

  1. Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы: . А.В.Суворов
  2. Пугачев көтерілісі кезіндегі көтерілістің кесек басшыларының бірі, байбақты руынан шыққан:

Сырым Датұлы.

  1. 1775 жылы Жайық бойындағы шаруалар соғысы біртіндеп әлсірей бастаса, керісінше, қазақ жеріндегі қозғалыс жалғасты: Отарлау саясатына қарсы.

*     1776 жылы сәуір айында генерал Н.А.Рейнсдроп үкіметке жолдаған арнайы хатында «тыныштық» орнағандығын хабарлады.

*     1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысына қазақтардың белсене қатысуы- орыс- қазақ байланысындағы маңызды оқиға.

 

 

 

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жылдардағы көтерілісі.

 

*    ХҮІІІ ғасырдың 70- 80 жылдарының  басында Кіші жүзде екі хан арасындағы күрес жаңа тарихи жағдайда да бәсеңдемеді. Кіші жүздің көп бөлігі  Нұралы ханды, бір бөлігі Батыр сұлтанды қолдады.

  1. ХҮІІІ ғасырдың 70- жылдары Нралы хан бағытының әлсірегенін көрсеткен оқиға: 1773-1775 жж шаруалар соғысына жаппай қатысуы.
  2. Орынбор губерниясы таратылды(құрылды):1744ж.(Неплюев кезінде)

*     Кіші жүздің көпшілік бөлігі  Сібір және Уфа басқарамасына бағындырылды.

  1.  Қазақтардың Жайықтың сол жағасына өтуін бақыау үшін құрылған ұйым: Орал шекаралық басқармасы.
  2.  Сырым Датұлы старшын болған кіші жүз руы: Байбақты.
  3. Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырым Датұлының балалары қайтыс болған жыл: 1778
  4. Сырым Датұлының Орал казак әскерлерімен алғашқы қақтығысы болды:  1783 жылы күз.
  5. 1784 жылы көктемде Сырым Датұлының казактардың тұтқынынан босаттыраған: Нұралы хан.
  6. Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды: 1784 жылдың маусым айынан

*     Көтерілісшілердің негізгі күші Төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегіне топтасты.

  1.  Сырым Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған өңірі: Еділ мен Арал теңізі- Кіші жүз
  2.  Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының  көтерілісі болған жылдар: 1783-1797жж.
  3. Сырым Датұлы басшылығымен болған кіші жүздегі көтеріліс созылды: 14 жылға
  4.  Сырым Датұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар.

*     1784 жылдың қарашасында Сағыз өзенінде Сырым Датұлының басты күштері топтасқанда, оған қарсылық ретінде Нұралы хан: Орал казак әскерлері орналасқан бекіністерге жақындап, ығысты.

  1. 1785 жылы генерал- майор Смирновтың әскері көтерілісті басуға жіберілді: 17 ақпан.
  2. 1785 жылы 17 ақпанда көтерілісті  басуға аттандырылған Смирнов тобының мақсатына жете алмауына кедергі болған: ақпанның бораны.
  3. 1785 жылдың көктемінде Сахарная бекінісін алу кезінде майор Назаровтың қолына тұтқынға түскен сұлтан: Айшуақ сұлтан
  4. 1785 жылы ұрыс даласында қаза болған Айшуақ сұлтанның баласы: Атақ.
  5.  1785 жылдың жазында кіші жүз старшындарының  съезінде қабылданған шешім: Нұралы ханды тақтан тайдыру.
  6. 1785 жылғы съезде Нұралы ханды тағынан тайдыру туралы шешімді қолдаған Кіші жүз руларының саны: 20- ға жуық.
  7. 1786 жылы Нұралы хан жер аударылды: Уфаға.
  8. Кіші жүзде хандық билікті жойып, оны отарлауды жүзеге асыру туралы реформасының жобасын дайындаған: Отто Игельстром.
  9. Игельстромның жобасы бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билік берілді: Шекаралық сотқа.

*     Шекаралық сот птша шенеуніктерінен және жергілікті топ өкілдерінен құралуы көзделді.

  1. Кіші жүздегі Игельстромның жобасы бойынша Шекаралық сот тікелей бағындырылды: Генерал- губернаторлығына.
  2. Сырым Датұлының көздегені Кіші жүздегі жоғарғы әкімшілік басқаруды беру: билерге.
  3. Орынборда шекаралық комиссия құрылды: 1786 жылы.
  4.  «Қырғыз- қайсақ» қарақшыларын Жем(Ембі) өзеніне дейін ығыстыруға берген әскери коллегияның президенті: Потемкин
  5. Сырым бастаған көтерілісшілерді  талқандау үшін Орал казак әскерінің старшындары Колпаков пен Пономарев бастаған топ жорыққа шықты: 1787 жылы наурыз.
  6. Нұралы хан қайтыс болды: 1790 жылы.
  7. 1791 жылы Орск қаласы маңайында Кіші жүздің ханы болып сайланған: Ералы.
  8. Сырымды табанды күресте қолдаған Айшуақ сұлтанның баласы: Жантөре.
  9. Сырым Датұлының көтеріліске Орта жүзбен шекаралас аймқатардағы қазақтарды  тарту туралы ойын іске асыртпаған: Патша үкіметінің  Жем, Ойыл, бойында да біртіндеп бекіністер тұрғыза бастауы.
  10. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін, 1795 жылы Кіші жүзде хан болып сайланған: Нұралы ұлдарының бірі- Есім.
  11. Сырым Датұлы көтерілісі кезінде  халықтың жағдайын нашарлатқан қысқы жұт болды: 1796-1797 жж.
  12. 1797 жылдың наурыз айының 17- сінде Сырым Датұлы тобы тұтқиылдан шабуыл жасады: хан сарайына
  13. 1797 жылы наурыз аййының 17- інде Сырым Датұлы тарапынан өлтірілген кіші жүз ханы: Есім хан.
  14. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы: Есім хан.
  15. Игельстром Кіші жүздегі басқаруды беруді көздеді: хан кеңесіне.
  16. Патша үкіметінің Сырымды өзіне жақындату үшін: Хан кеңесін құрды.

*Хан кеңесі төрт адамнан тұрды, оған Нұралы ханның бірде- бір ұрпағы қатысқан жоқ.

*67.    Патша үкіметінің Игельстромның реформасын тоқтатып , хандық билікті қалпына келтірілуіне себебші болған оқиға: Хандық кеңесте Сырым ықпалының өсуінен қатты сескенген

  1. 1797 жылдың күзінде барон Игельстромның  ұсынысына сай патша үкіметі Кіші жүздің ханы етіп бекіткен сұлтан:Айшуақ.
  2. 1797 жылы Сырым Датұлын өкшелей құдалаған Кіші жүздің сұлтаны: Қаратай сұлтан.
  3. Белгісіз себептермен Сырым Датұлы қайтыс болды: 1802жылы.
  4. ХҮІІІ ғасырда Башқұрт көтерілісінен кейінгі Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық сипаттағы қозғалыс: Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.
  5. Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілістің нәтижесі: Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді.

 

 

            ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.

І.Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

ІІ: Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы.

 

І.    Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

 

  1. Наполеон орнатқан континенттік блокада қысымын әлсіретуде маңызы зор болған жағадй: Қазақтрадың мал және мал шаруашылығы шикізаттарын Орынбор өлкесіндегі орталықтарына өткізіп отыруы.
  2. 1804- 1815 жылдары атты әскер үшін Бөкей ордасынан сатып алынған жылқы саны: 48 мың

* Кіші жүз қазақтарынан сатып алынған жылқы саны: 1 мыңнан астам

  1. 1812 жылғңы Отан соғысы кезінде қарсаңында Орынбор губерниясында құрылған кавалериялық полктің  саны: 40

*     Оның ішінде 28 башқұрт, 5 орынборлық, 2 тептяр, және т.б.

  1.  Наполеон армиясымен соғыста ерекше рөл атқарған әскер: атты әскер.
  2.  1812 жылы шілденің 6- ы күні Ресей мемлекетіне қауіп төніпкле жатқаны туралы манифест- үндеуі мен Орынбор губернаторының соғыс басталғандағы туралы хабары қазақ ауылдарына жетті: Қазан –қараша айларында.
  3. 1812 жылғы Отан соғысында қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын: Байсақал Тілекұлы
  4. 1812 жылғы Отан соғысында тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына жинаған ақша көлемі: 22 мың сом
  5. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде Елтон тұз өндірушілердің батыс майданға жөнелткен тұз мөлшері: 1 млн пұт.

10. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтар қатысқан құрама: Башқұрт полкі.

11. 1812 жылы Ерті шебінің полктері қатысқанқанды шайқас: Бородино түбіндегі

12. 1812жылы  Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін күміс медальмен марапатталған қазақ жауынгері: Майлыбайұлы.

13. 1812жылы Бородино  шайқасындағы ерлігі үшін көгілдір ленталы медальмен марапатталған 1- тептяр полкінің старшыны: Қарынбай Зындағұлұлы

*     1812 жылғы 27 шілдеде Малаево Болото және Левия деревнялары түбіндегі ұрыстарда айрықша көзге  түскен қазақтар: Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы.

*     Оларға хорунжий (орыс атты әскеріндегі алғашқы офицерлік шен)  атағы берілді.

*    1812 жылғы Отан соғысы кезінде Романово деген жерде болған шайқаста ерлікпен шайқасқан атты әсер жауынгерлері: Боранбай Шауашбайұлы, Ықсан Әубәкірұлы.

  1.  Вязма түбіндегі ұрыста ерлік көрсеткені үшін 1- тептяр полкінің жасауылды Сағит Хамитұлына берілген орден: 3 дәрежелі Қасиетті Анна ордені.
  2.  1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін «Георгий» орденінің кавалері: Нарынбай Жанжігітұлы.
  3. 1812 жылғы Отан соғысында Башқұрт полкі құрамында  шайқасқан қазақ: Ә.Байбатырұлы.
  4. 1812 жылы отан соғысына, 1853 жылы Орынбор губернаторы Перовскийдің қоқандықтармен қарсы жорығына, Ақмешіті алуға қатысқан: Әмен Байбатырұлы
  5. 1812 жылғы Отан соғысында  башқұрт полкі құрамында Әмен Байбатырұлы: жауынгер ақын.
  6.  Башқұрт полкі құрамында Веймар, Вагнау, Майндағы Франкфурт (Глогау және Лейпциг) қалалары түбінде болған ұрыстарға қатысқан қазақ жауынгерлері: Жанжігітұлы мен Байбатырұлы.
  7. 1812 жылғы Отан соғысында   басты оқиғаларына қатысқан, шоқынған қазақ: Яков Беляков.

*     1830 жылы орынбор өлкесінің билеушісі Эссенге жазған өтінішінде өзінің ұлты қазақ екенін, орыс әскеріне өз еркімен кіргенін, көп жылдар оағн адал қызмет атап көрсетіп, денсаулық жағдайына байланысты әскер қатарынаен босатуды, туған аулына қайтуды өтінген.

  1. 1837 жылы Александр княздің қабылдауында болған, 1812жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер: Нарынбай Жанжігітұлы.

 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАНДЫҚ БИЛІКТІҢ ЖОЙЫЛУЫ

 

  • Хандық биліктің жойылуының алғышарттары.

 

22.       Қазақстанның бірінші жартысындағы Қазақстан эономикасындағы ірі өзгеріс: Қазақстанның шаруашылық, саяси және қоғамдық дамуындағы (Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңалалары.)

*    Ертіс, Жайық өзендері, Каспий теңізі, Зайсан көлі маңайындағы қазақтар балық аулауды тұрақты кәсіпке айналдырды. Қазақстанның батыс, солтүстік- шығыс аудандарындағы тұзды көлдерінен  тұз өндіру және оны сату жолға қойыла бастады.

23.    Қазақстанда бірнеше кен орындары ашылып, су және жел диірмендері, ұста дүкені, кең және май, былғары зауыттары іске қосылған кезең: ХІХ ғ. орта шенінде.

*     Оларда жылына 70 мыңнан астам сомның тауары өндірілді.

24.    Ауылдағы әлеуметтік жіктелудің барысында кедейленген, жалдамалы еңбекпен күн көрген топтар: Жатақтар.

25.    Тау- кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей орыс- қазақ еңбекшілері аталды: жатақ.

26.     Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша: Көпестерге өздерін қорғайтын қарұлы топ ұстауына рұқсат берді.

27.     ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде тұңғыш ресми жәрмеңке ашылған өңір: Ішкі Орда

28.     1855 жылы екі қалалық жәрмеңке ашылған қала: Семей

29.     ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда осы қалаға тең келетін елді мекен болмады: Петропавл.

 

• «Сібір қазақтары туралы Жарғы»

30.    1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүздің тағына отырғызылған: Уәли

31.     Орта жүзде Уәли ханға  қосарлап екінші хан етіп тағайындалған: Бөкей

32.    1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін патша үкіметінің Орта жүзде басқару жүйесін өзгерту туралы шешімі: Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібі.

33.     «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қабылданды : 1822жылы.

34.    1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы: Сперанский.

35.     «Сібір қазақтары туралы Жарғының» дайындалуына белсене қатысқан болашақ желтоқсаншы: Батеньков

  1.     1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысының» басты мақсаты: Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.
  2.     1822 жылғы ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал- губернаторлық (Омбы, Тобыл, Тура): Батыс- Сібір.

38.    Батыс Сібір генерал- губернаторлығының орталығы Тобыл, ал 1839 жылдан бастап: Омбы.

*     «Жарғы» бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, Оңтүстігі Шу өгеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге бөлінді.

*     Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді.

39. 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша Орта жүзде құрылған әкімшілік жүйесі: ауыл, болыс, округ.

*     Ауыл- 50- 70 шаңырақтан.

*     Болыс– 10- 12 ауылдан

*     Округ– 15 -20 болыстан тұрды.

40.    1822 жылғы Ереже бойынша округтерді басқарған- аға сұлтан

*     Аға сұлтанды сайлаған- тек сұлтандар

*     Аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: дворян

*     Аға сұлтандар сайланды: 3 жылға

41.     «Сібір қазақтары туралы Жарғы» бойынша болыстарды билеген: сұлтандар

*     Болыстық билік берілу жүйесі: мұрагерлік.

*     Болыс сұлтандары Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша теңелді: 12 класқа жататын шенеуніктерге 42. Ауылдарды басқарған: старшындар.

*     Ауыл старшындары сайланды: 3 жылға

*     Старшындар құқықтары жөнінен теңестірілді: Ресейдегі селолық старосталарына

43    . «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» бойынша сот істері 3- ке(үшке) бөлінді: қылмыстық істер, Талап ету, Болыстық басқармаға шағым айту.

  1.  1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказдарда.

*     Кейін Сібір қазақтарын билеу шекаралық басқармаға жүктелді.Ал Шекаралық басқарма Батыс Сібір генерал- губернаторлығына бағынды. Шекаралық басқарманың төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын.

  1. 1822 жылғы «Жарғы»  бойынша қазақ даласында сатуға тыйым салынған зат:
  2. 1822 жылғы «Жарғы»  бойынша шетелдермен келіссөз жүргізуге құқығы берілді: шекаралық басқармаға.

*    Жалпы алғанда, 1822 жылғы «Жарғы» Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуында терең із қалдырды.

 

•Кіші жүздегі реформа

  1. Хандық билікті қолында сақтауда талпынғанадарының бірі кіші жүз сұлтаны: Арынғазы Әбілғазыұлы
  2.  «Орынбор қазақтары туралы Жарғы» авторы: Эссен.

*   Жарғы 1822 жылы дайындалды. Бірақ жарғы бұлжылы бекітілмеді. Жарғы бойынша Кіші жүз жеріне 3 (үш) хан тағайындау жоспаланды, бірақ ол іске аспады.

  1.  «Орынбор қазақтары туралы Жарғысы» қабылданды: 1824 жылы
  2. Кіші жүзде хандық билік жойылды: 1824 жылы
  3.  Кіші жүздің соңғы ханы: Шерғазы

*       1824 жылы Орынбор губренаторы Кіші жүз ханы Шерғазыны Орынборға шақырып, Шекаралық комиссияға лауазымды шенеуніктікқызметке тағайындады.

*      1824 жылғы «Орынбор қазақтары туралы Жарғысына» сәйкес:

*     Кіші жүз 3- ке бөлінді. Әр бөлігінің басында аға сұлтан (сұлтан- правитель) отырды.

*     Кіші жүз территориясында 54 арақашқтық жасалды.

  1. 1824 жылғы Жарғы бойынша Кіші жүздегі лауазымды қызметтерді тағайындаған: Орынбор губернаторы.
  2. 1801 жылы құрылған Бөкей ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін.

 

 

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҰЛТ- АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР

І. 1837- 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс

ІІ. 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі.

 

І. 1837- 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс

 

  1.  ХІХ ғасырдың 20- жылдарынақарай Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірінің бір жағында билік еткен: Қоқан бектері.
  2.  ХІХ ғасырдың 20- 30 жылдарында Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған: Хиуа
  3. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліске себепші болған: қазақтардың атам заманыннан қоныстанған жерінен ығыстыруылуы (Патша үкіметі Жаңа Елек өзені бойында шептер сала бастады)
  4.  Патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылық білдірп қырық мың шаңырақ жақтастарымен Көкшетау бойынан Қоқан хандығының шекарасына қарай көшіп кеткен: Қасым.
  5. Кенесары Қасымұлының өмір сүрген жылдары: 1802-1847 жылдары
  6. Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен: әкесі Қасым.
  7. Кенесарының атасы. Абылай хан.
  8. Кенесарының туған ағасы Саржанды өлтіруге бұйрық берген: Қоқан ханы.
  9.  Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар: 1837- 1847 жж.
  10. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.
  11. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қамтыды: Үш жүзді.
  12. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісінің басты қозғаушы күші: қазақ шаруалары.
  13.    Патша үкіметінің сот- жазалау мекемелерінің жинаған мәліметтеріне қарағанда, К.Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны: 80

*     Көтерілісшілердің саны кейбір жағдайда жетті: 20 мыңға

  1.  Сұлтан Кенесары басқарған   көтеріліске 80 сұлтан мен байлар қатысқан аймақтар мен аудандар: Құсмұрын, Көкшету, Ақмола, Қарқаралы, Баянауыл округтері
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты: Патша өкіметінің қазақтарды  отарлауын  тежеу.
  3.  Кенесары  әскерінің жеке отрядын басқарған Амангелді Имановтың атасы: Иман батыр.

*     Кенесарының серігі, інісі, көтеріліске қатысушылардың бірі:

  1. Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезінде Ресей императоры: І Николай

*     Кенесары патша үкіметіне алғаш рет қарулы қарсылық білдірді: 1837 жылы қараша айында Петропавлдан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі қазақтарының тобына шабуыл жасады.

  1.  1838 жылы мамыр айында Кенесары сарбаздары: Ақмола бекінісін өртеп жіберді.
  2. Кенесары көтерілісі Кіші жүзге тарала бастады: 1838 жылы күз
  3. 1838 жылы Кенесары көтерілісіне өз жақтастарымен келіп қосылған Кіші жүздің белді биі, батыр: Жоламан Тіленшіұлы.
  4. 1841 жылы Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзге аспау себебі: Сарбаздар арасында жұқпалы ауру тарады.

23. 1841 жылы Кенесары көтерілісшілері  басып алған коқан әскерлері орналасқан бекіністер: Жаңақорған, Созақ, Ақмешіт.

  1. Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған: Қоқан ханы.
  2. 1843 жылы І Николай патша келісімін беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберді: Старшина Лебедевті.
  3. 1844 жылы шілде айының 20- сынан 21- іне қараған түнде болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны: 44
  4. Патша үкіметінің  старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі: Кенесарымен күрестегі дәрменсіздігі.

*     Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр еткен жағдай: 1844 жылғы күрестегі нәтижелері көтерілісшілердің рухын көтерді, Кенесары туы астына жаң қазақ ауылдарының тездеп шоғырлануы.

  1. 1838 жылы желтоқсан айында Ақбұлақ округтік приказы төңірегінде Батыс Сібір генерал губернаторы Горчаковқа және І Николай патшаға арналған хаттарды тапсыруға жіберген Кенесарының бес өкілі: Тұтқынға алынып, жазаға тартылды.
  2. 1844 жылдың аяғында Кенесарымен келіссөз жүргізген  Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі, би: Баймұханбет Жаманшин.
  3. 1845 жылы Кенесарының аулына келген патша елшілері: Долгов, Герн
  4.  Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі: 1844 ж екі жақ  бір- бірінің талаптарын мойындата алмады. (Жазалаушы отрядтардың бассыздығын жою, алым-салық жинау сияқты Кенесары талаптарының орындалмауы.)
  5. Кенесарыны Орта жүздің аумағынан ығыстыру үшін патша үкіметі:  бекіністер тұрғыза бастады.
  6. 1945 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды: Ұлы жүзге (оңтүстікке)

*     Кенесарының Сарыарқадан Ұлы жүзге бет алуының бір себебі: Қоқан езгісіндегі қазақ руларын дербестік алуына көмек көрсетіп, өзіне тірек жасау.

  1. Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ: Бұхара мен Қоқан
  2. Кенесарының жағдайын қиындатқан: Бұхара мен Қоқан хандықтарының көтеріліске қарсы күресу жөніндегі келісімдері.
  3. Кенесарыны және оның қоқан бектеріне қарсы күресін барынша қолдаған батырлар: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы, Байзақ датқа, Медеу би.

38    . Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға: Кенесарының өзіне ермеген аылдарды ойрандауы

  1.  Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы.
  2.  Кенесары көтерілісінің отаршылдық езгіге қарсы бастапқы сипатын өзгерткен:
  3.  Кенесары қырғыздарының қолынан қаза тапты: 1847 жылы Майтөбе деген жерде
  4. 1847 жылы хандық билікті қолына алды:1841 жылы

43.     Кенесары құрған хандық сипаты жағынан: феодалдық

  1. Кенесары құрған хандық кеңестің Әбілқайыр хан кезіндегі ақсақалдар кеңесінен өзгешелігі: биліктің тізгіні Кенеасарының өз қолында болды.
  2. Хандық билікті қолына алған  Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: хандық сотты.
  3. Опасыздық жасағандарға қолданылған жаза: өлім жазасы.
  4. Кенесары Қасымұлының шаруашылық саласында көңіл бөлді: егіншілік.

 

 

ІІ. 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі.

 

  1. Бөкей Ордасы құрылған жыл: 1801 жылы
  2. Бөкей Ордасының территориясы: Еділ мен Жайықтың аралығы.
  3.  ХІХ ғасырдағы Кіші жүздің алып жатқан жері: 850 мың шақырым.
  4. 1801 жылы 11наурызда  Жайық пен Еділдің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп- қонуына рұқсат берген император: І Павел
  5. патша үкіметінің Кіші жүз руларынандағы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсендеткен шешімі: Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру.
  6.   Бөкей Ордасының патша үкіметінің қаржысна хан сарайын салған жер: Жасқұста.
  7. Бөкей Ордасында «Хандық кеңес» ұйымдастырылды: 1827 жылы.
  8. Бөкей Ордасында 1827 жылы құрылған «Хандық кеңестің» құрамына кірген билер саны: 12
  9. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай: Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожаның Каспий өңіріндегі руларға билеуші болып тағайындалуы.
  10. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болды: 1836- 1838ж
  11.  Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісі болған кезең: ХІХ ғ І жартысы
  12.  Бөкей Ордасындағы ұлт- азаттық көтеріліс созылды:
  13.  1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтеріліс: 3 кезеңге бөлінеді.
  14. 1836-1838 жылдардағы Ішкі Ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші: Қазақ шаруалары
  15.  Бөкей ордасында болған көтерілістің мақсат айқын көрінді:
  16. Бөкей хан Исатай Тайманұлы беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындады: 1812жылы

*     1814 жылы Орынбор Шекаралық Комиссиясы старшындыққа бекітті.

  1.  Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы старшын болған ру: беріш.
  2. Орынбор генерал- губернаторының көрсетуі бойынша Исатайдың жала жабылып сотқа тартылған жылдары: 1817- 1823
  3. 1837 жылы қазан айының 15- інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы: Балқы би (Балқы Құдайбергенұлы.)
  4. Жәңгір хан Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды:1836ж 17-наурыз
  5. 1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастған көтерілісшілер саны: 2 000
  6.  700 казак әскерінен, 400- ден астам хан- сұлтан жасақтарынан құралған жазалаушылар Исатай қолына қарсы тұрды: Геке, подполковник Меркулов
  7. Патша үкіметінің Исатайды ұстап тірідей әкелген адамға берілетін сыйы: 1 000 сом

*     Батырың басын алғанға 500 сом тігілсе де, Ордада бірде- бір қазақ губернатордың ұсынысын қабылдамады.

  1.  Исатай Тайманұлы Жаманқала бекінісін жақын жерде жазалушылардың тобын бұзып, жайықтан шығысқа қарай өтіп үлгерді: 1837 жылдың 13- жлтоқсанында
  2.  Патша үкіметінің Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездеткен жағдай: Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.
  3.  Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің жеңілген жер: Ақбұлақ
  4.  Исатай Тайманұлы қаза тапты: Ақбұлақ деген жерде

*     1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.

  1.  1836- 1838 жылдардағы көтеріліс кезінде көтерілісшілерден тартып алынған малы:  Тастөбе түбіндегі ұрыс үшін полковник шенін алған Гекенің нұсқауымен сұлтндар мен көтерілісшілердің қуғындауға қатысқан Жәңгіргежақын феодалдар арасында таратылды.
  2. Махамбет Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы.
  3.  1836- 1838 жылдардағы исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару берілді: Гекеге
  4. Исатай көтерілісінен кейін Ішкі Ордадағы 1842 жылғы антифеодалдық бағыт алған шаруалар көтерілісін басқарды: Лаубай Мантайұлы және Аббас Қошайұлы
  5.  Сотник Бородин және Ішкі Ордадағы  сұлтандары  Аббас пен Лаубайды тұтқынға алып, орал қаласында әскери сотқа берді: 1844 жылдың күз
  6. Бөкей Ордасындағы 1842- 1844 жылдарындағы көтерілістің басшыларының бірі Лаубай Мантайұлы түрмеде қайтыс болды: 1847 жылы

*     Аббас Қошайұлы сот үкімімен Лифляндия инженер корпусының қарамағына қара жұмысқа айдалды.

 

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 50- ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ШАРУАЛАРЫНЫҢ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ

 

І. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен Есет Көтібарұлы көтерілістері.

ІІ. 1858 жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі.

 

 

І. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен Есет Көтібарұлы көтерілістері.

 

  1. ХІХ ғасырдың 50- жылдарындағы Сыр бойындағы қазақ шаруаларының азаттық күресінің басшысы: Жанқожа Нұрмұхаммедұлы.
  2.  Жақожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болған:  Хиуа ханының ұлы Мұхаммед рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Куандария аударында көптеген қамал тұрғызуы.
  3. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл: 1843
  4. Жанқожаның қолы Қуандария бойындағы талқандалған  бекіністі қалпына келтіруге жіберілген екі мыңдай хиуалықты жеңді: 1845 жылы
  5.  Райым бекінісі салынған жыл: 1847 жылы
  6. Райым бекінісінің  қазіргі атауы: Қазалы.

*     1856- 1857 жж. Төменгі Сыр бойы қазақтарының көтерілісіне себеп болған жағдай: патша үкіметінің қамал тұрғызу үшін салықтың көбеюі

  1. 1856- 1857 жылдары Жанқожа батыр бастаған көтерілістің ошағы: Жаңақала.

*     1856 жылы Жанқожа  батырдың туы астына 1 500 адам, 1857 жылы 5 000 адамға дейін жетті.

  1.  Жанқожа батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды: 1856 ж
  2.  Патша үкіметі Жанқожабатыр мен Есет Көтібарұлының күштерін біріктірмеу үшін: генерал- майор Фитингов басқарған ірі топты қарсы жіберді.

*     1857  жылды 9 ақпанда Жанқожа батыр мен генерал-майор Фитингов әскері арасындағы шешуші шайқас болған жер:Арал маңы

  1. ХІХ ғасырдың Жанқожа көтерілісі жаншылды: 1860 жылы.
  2. ХІХ ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауына көтерілісіті бастаған: Есет Көтібарұлы
  3. орынбор губерниясының әкімшілігі Есет Көтібарұлын ұстауды жүктеді: билеуші сұлтан Арыстан Жантөринге.
  4. 1855 жылы 8 шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш: Жантөрин
  5. ХІХ ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі: Орынборға барып патша билігін мойындады.

 

 

ІІ. 1858 жылғы қазақ шаруаларының көтерілісі.

  1. ХІХ ғасырдың 50- жылдары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу тәуелді болды: Қоқан хандығына

16     ХІХ ғасырдың 50- жылдары Ташкент билеушісі Мырза Ахмет енгізген қосымша салық жиналды: қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерге

  1. 1858 жылдың наурыз айында Қоқан езгісіне қарсы ең  ірі көтеріліс болды: Әулиеата
  2. Көтерілістің негізгі қозғаушы үші: қазақ және қырғыз шаруалары
  3. Көтерілістің қамтыған аумағы: Шымкенттен Мерке мен Пішпекке дейін
  4. 1858 жылы қырғыз- қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне  соққы берген жер: Әулиеата
  5. Көтерілісті басуға жіберілген әскери топтардың бірін бақарған Кенесарының ұлы:  Тайшық
  6. 1858 жылғы халық қозғалысының тегеурінен сескенген қазақ феодалдарды: Қоқан билеушілермен ымыраға келді.
  7. Қазақ феодалдары Қоқан ханы Худиярмен жасаған ымыра: Ішінара жеңілдіктерге келісім берді.

*       Мырза Ахмет орнына Ташкент билеушісі Худияр ханның інісі Мұрат- аталық келді.

  1. Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда1858 жылыболған көтерілісті басты: қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы.
  2. 1858 жылғы қазақ шаруаларының Қоқан езгісіне азаттық күресінің тарихи маңызы: Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады. (Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруінің алғышарты пісіп-жетілді.)

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН -РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ОТАРЫ

І.Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.

ІІ. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

 

І.Ұлы жүздің Ресейге қосылуы.

 

  1.     осы едің жасырын қолдауына сүйенген Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізінің жағалауынан Жетісуға дейін шабуыл жасады: Ағылшын.
  2. Хиуа ханы Мұхаммед- Рахымның он мыңдық әскерімен қазақтарға жойқын шабуылы болған жыл: 1820 жылы
  3. Хиуа ханы Мұхаммед- Рахым қаңыратып кетке қазақ ауылдарының саны: 2 000
  4. 1821 жылы Орта Азия хандықтарының  озбырлығына қарсы Ұлы жүздегі көтерілісін басқарған: Тентектөре батыр.
  5. 1821 жылы Тентектөре бастаған  қозғалыстың сипаты: Азаттық

31    . 1821 жылы Тентектөре бастаған  қозғалыстағы көтерілісшілер саны: 10 мың.

  1.  ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын  билігінде ұстаған хандық: Қоқан хандығы
  2. ХІХ ғасырдың ортасында (ХІХ ғасырдың 20- 30 жылдары) болған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы  көтерілістер бағытталды: Қоқан үстемдігіне қарсы
  3. 1817 жылы Сүйік сұлтан Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлемдемесі: өзінің қарамағындағы рулардың Ресейдің құрамында болуын қалайтындығын
  4. Ресей бодандығын  1817 жылы бірінші болып қабылдаған 66 мың қазағы бар Ұлы жүздің руы: Жалайыр.
  5. 1825 жылы жаңа әкімшілік билікті мойындап, өзі жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы (50 мың адамы бар болыс): Үйсін.
  6. Ресейдің сыртқы істер министрлігі жанындағы «Азия комитетінің» құрылған  уақыты: ХІХ ғ. 20-30 жылдары.

*     Патша үкіметі Қазақсанда саяси бағыттағы бірқатар әскери шараларды іске асырды: ХІХ ғ. 20-30 жылдары.

  1.  ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары Хиуа мен қоқан хандары: Қазақстанның оңтүстігі мен қырғыз жерінің Ресей иелігіне өтуін қолдамады, оған барынша кедергі жасауға тырысты.
  2.  Қапал бекінісі салынды: 1847
  3.  Ұлы жүзді басқаратын ресейлік пристав тағайындалған жыл: 1848 жыл.
  4. 1848 жылы Ұлы жүзге тағайындалған ресейлік билік: пристав
  5.  ХІХ ғасырдың ортасында Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай алдымен көз тіккен аймақтар: Қытай мен Қоқанға іргелес Жетісу мен Іле өңірі.

*     Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын біраз уақытқа  дейін билігінде ұстады: қоқан

  1.  Ұлы жүздегіҚоқан хандығының тірегі болған Қаскелең өзені бойындағы бекініс: таушүбек.
  2. Орыс әскерлеріне Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілген: 1851 ж 7 шілде.
  3.  1853 жылы Ресейдің қол астына қараған бекініс: Ақмешіт.
  4. Сырдария мен Сібір әскери шептерін ұштастыру туралы ұсыныс жасаған Батыс Сібір генерал- губернаторы: Г.Гасфорт
  5. 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекінісін  тұрғызды: Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышальский.
  6.  Верный бекінісінің негізі қаланды: 1854 жылы

*       1854 жылдың көктемінде құрылған бекініс: Верный

  1.  Верный бекінісінің  неізін қалаған отрядты басқарған: М.Д.Перемышальский
  2. Верный бекінісі  салынған жердің ежелгі атауы: Алматы.

*     Верный кейін Іле қонысы деп аталды.

  1.  Ұлы жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл: 1855жылы.
  2.  Ресейден Верныйға қоныс аударушылар  арасында аталған облыстан шыққандар басым болды: Воронеж
  3. Татар слабодкасы маңайында Верныйдағы тұңғыш су диірмені салынды: 1857 жылы.
  4. 1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп: сыра зауыты
  5. ХІХ ғасырдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы: Ш.Уәлиханов.

*     Верный бекінісі ХІХ ғасырдың 50 жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресей қол астына қарауын тездетті.

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

 

  • Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы кезінде Ресейдің күшін қоқандықтар  өзбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы лап, қошемет көрсеткен: қазақтар
  1.  1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүсті шекарасына тұрғызылған бекініс:  Кәстек

*     Орыс әскерінің Шу аңғары арқылы қоқан бекіністеріне қарай ілгерілеуі осы жерден басталды.

  1.  Орыс әскерлері 1860 жылы 26 тамызда басып алған қоқандықтардың бекінісі: Тоқмақ

*     Қыркүйекте  бес күндік қоршаудан кейін құлаған қоқанның Жетісудағы тіректерінің бірі: Пішпек

  1.  Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы: екіге бөлініп, екі жақта да соғысты.
  2.  Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті: Орыс әскеріне қарсы.
  3. Жетісудің Ресейге қосылуының аяқталуы кезеңіндегі Алатау округінің билеушісі: Колпаковский
  4. 1860 жылы орыс әскерлері мен Қоқан әскерінің арасында үш күндік шайқас болған жер: Ұзынағаш түбінде.
  5. Ұзынағаш жеріндегі орыс әскерлерінің Қоқан әскерін женген шайқас болған уақыт: 1860 жылдың қазан айының 19- 21 күндері

*   1860 жылғы Ұзынағаш шайқасынлағы екі жақтың шығыны: орыс: қаза- 2, жараланды- 32;  қоқандықтар- 400 ден астамы қаза болды.

  1. 1860 жылғы зынағаш шайқасының тарихи маңызы: Жетісудің қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті
  2. 1863 жылы Ресейдің құрамына енген бестаңбалы руының саны: 5 000

*     Қоңырат руының саны: 4 000

66. ХІХ ғасырдың 50- 60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің бәсекелесі: Англия.

  1.  Ресей үкіметінің Әулиеата, Түркістан, Мерке бекіністерін басып ады: 1864 жылы.

* 22 қыркүйекте М.Черняев мен подполковник Лерхенің әскери топтары басып алған бекініс: Шымкент (1864 ж басып алды)

  1. Орыс әскерлеріне қарсы Хиуа, Бұхар хандықтарымен одақ жасауға тырысқан Қоқан билеушісі: Әлімқұл.
  2.  Орта Азиядғы ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерінің басып алған жылы: 1865 жылы
  3.  1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы: Бұхар

*     Бұхар хандығының иеліктері Түркістан генерал- губернаорлығына құрамына кірді.

  1.  1866 жылы Бұхар хандығының солтүстігіндегі  қазақтар өзбектермен қатар билігін мойындады: Ресей билігін
  2. 1868 жылы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер бағындырылды: Түркістан генерал- губернаторлығына.
  3. Хиуа хандығы орыс әскерлеріне жеңілді: 1873 жылы
  4. Қазақстаның Ресейге қосылу процессі созылды: 150 жылға
  5.     1864 жылы Ресей үкіметінің Қоқан хандығына қарсы жіберген әскері басып алған бекініс. Түркістан

 

 

 

 

 

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҚОҒАМЫНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ.

І. 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы  реформалар.

ІІ. ХІХ ғасырдың 60- 70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық  күресі

ІІІ. Қазақстанның экономикалық дамуы.

ІҮ. Қазақ –қытай сауда қатынастары.

Ү. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси- әлеуметтік дамуы.

ҮІ. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару.

 

І. 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы  реформалар.

 

Реформаны дайындау

  1. ХІХ  ғасырдың 60 жылдарында қазақтардың басқаружүйесін өзгерту үшін құрылған комиссия басшысы: статс- хатшы Бутков
  2. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков басқарған комиссия ұсынған жоба бойынша қазақ даласын бөлу көзделді: екі облысқа.

*     Батыс облыстың орталығы- Торғай

*     Шығыс облыстың орталығы- Сергиополь (н/е Қарқаралы)

3    . А.П.Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына Орынбор генерал- губернаторы болып Н.А.Крыжановский тағайындалды: 1865 жылы

*     Жаңа губернатор И.И.Бутков комиссиясының пікірлері мен ұсыныстары қабылдамады.

  1. 1865 жылы Қазақ өлкесін басқару жүейсін өзгертуүшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған Ішкі Істер министрлігі  кеңесінің мүшесі: Гирс
  2. Қазақ даласын басқаружөніндегі  «Ереженің» жобасын дайындайтын «Дала комиссиясы» құрылды: ХІХ ғ 60 жылдары.

*     «Дала комиссиясының» құрамындағылар:  бас штабтан- полковник Ф.К.Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский, Батыс Сібір генерал- губернаторлығынан  капитан А.П.Проценко.

  1. 1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған: өлкені зерттеп білу мәселелері.
  2.  ХІХ ғасырдың 60 жылдары әкімшілк басқару жүйесінде өз пікірлерін ұсынған қазақтың ғалымы: Ш.Уәлиханов

8.    ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уәлиханов айтқан пікір: халықтың өзін- өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті.

  1. ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ережені» бекітті: 1867 жылы 11 шілде.
  2. ІІ Александр патша «Орынбор және Батыс генерал –губернаторлығына Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті: 1868 ж 21 қазан.
  3. 1867-1868 жылдардағы реформа тұстас келді: Ресейде басыбайлылық құқығының жойылуымен және бірқатар буржуазиялық реформалардың қабылдануымен.

 

Реформаның мазмұны, мәні.

12. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша бүкіл қазақ жері әкімшілік жағынан бөлінді: 3 генерал- губернаторлығына

13. 1867- 1868 жылдардағы реформаға дейін қазақ даласы бөлінді:

14. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша құрылған генерал- губернаторлықтар: Орынбор, Түркістан, Батыс Сібір

І. Орынбор генерал– губернаторлығына қараған облыстар: Торғай мен Орынбор

ІІ.Батыс- Сібір генерал– губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей.

ІІІ. Түркістан генерал губернаторлығына кірген облыстар: Жетісу, Сырдария.

15. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша 1872 жылдан бастап Бөкей хандығының жері қараған әкімшілік аймақ: Астрахан губерниясына

16. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің  басқаруына, кейіннен енгізілді: Закаспий облысына

17. 1867- 1868 жылдардағы реформа  генерал- губернатордың қолында шоғырланған билік: әскери және азаматтық.

18. 1867- 1868 жылдардағы «Ереженің» басты қағидасы(түйінді жері): әскери және азаматтық биліктің бір қолында шоғырлануы.

19. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді: Түркістан генерал губернаторлығына

*- 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал губернаторлығына дипломатиялық келіссөздер рұқсат етілген елдер: Қытай мен Иран

20. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша облысты басқарған: генерал- губернатор

* Сонымен қатар, сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындалған (наказной) атаманы болып есептеледі.

21. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернатор жанындағы облыстық басқармалар үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру.

22. 1867- 1868 жылдардағы реформа облыстық басқарма істерін қадағалаған: Вице губернатор

23. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны: уезд.

24. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Ақмола облысына енгнен уездер: Көкшетау, Омбы, Петропавл.

* Семей облысы: Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы (кейіннен Павлодар, Өскемен)

* Сырдария облысы: Қазалы, перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Жизақ.

*Жетісу облысы: Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ.

* Торғай облысы: Елек, Қостанай,  Ырғыз, Торғай

*Батыс Қазақстан (Орал): Орал, Атырау, Қалмықов, Жем(Темір).

25. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындаған: генерал- губернатор.

* Уезд бастықтарына көмекші екі кісінің жергілікті халық өкілдерінен алынды.

26. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша уездер аймақтық принципке негізделіп бөлінген әкімшілік буыны: болыстарға

27. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша әр облыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны: 100- 200 шаңырақ.

28. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілген: Шыңғыс тұқымдары, сұлтандар.

  1. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстанда отырықшы  елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария

* 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысының отырықшы елді мекендерінің басқару билігі берілді: Ақсақалдарға.

30. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиындарына сайланды: 3 жылға.

*1867- 1868 жылдардағы реформалар әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралына айналған, ашық таптық сипаты бар сот мекемелері.

31. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны: билер мен қазылар соты

32. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекіткен: әскери- губернатор.

33. 1867- 1868 жылдардағы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған облыс: Сырдария

34. 1867- 1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысында сақталған сот: қазылар

35. 1867- 1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары: қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жариялануы.

36. 1867- 1868 жылдардағы реформаларды өз шығармаларында сыңға алған қатарлы ойшылдар: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин

 

ІІ. ХІХ ғасырдың 60- 70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық  күресі

 

1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер.

  1. ХІХ ғасырдың екінші жартысында «Уақытша Ерже» бойынша енгізілген міндетті салық: Шаңырақ салығы.
  2.  ХІХ ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері өсірілді: 1 сомнан 3 сомға
  3. 1867-1868 жылдардағы «Ережелердің» көшпенділер үшін ең басты ауыртпалығы: Жерді  патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялануы, аумақтық негізде пайдалану.
  4. 1868 жылдың  желтоқсан- 1869 жылдың қазан аралығындағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар: Орал, Торғай.
  5. 1868-1869  жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысын басқарғандар:Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар.

*     1868-1869  жылдары Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістің басшылары: Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар.

  1. 1869 жылы мамырдың 6- ы күні фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскеріне көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасаған жер: Жамансай көлі маңында.
  2. 1868- 1869 жылдары Орал және Торғай облыстарындағы халық қозғалысының тағы бір сипаты: антифеодалдық.
  3. 1869 жылдың наурыз ,маусым аларында көтерілісшілердің феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдардың  саны: 41
  4. 1869 жылы наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында феодалдық топтарға қарсы шабуылға қатысқан көтерілісшілер саны: 3 000
  5. 1869 жылы Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға аттанған генерал- губернатор: Веревкин

 

Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс.

  1. 1867 -1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай  руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері: 160 мың сом.

48. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліске түрткі болған: патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп- қонып жүрген аймақтарға  жақындауы болды.

49. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.

50. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:Жазалаушылар талқандалып, Рукин атылып өлді.

51. 1870 жылы Бозащы түбегінде болған жазалаушылар мен көтерілісшілер арасындағы шайқастың нәтижесі: бүкіл Маңғыстаудағы азаттық қозғалыс шарпыды.

* 1870 жылы 5 сәуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады.

52. 1870 жылы мамыр айында Маңғыстаудағы көтерілісті басуүшін қосымша әскери құрама әкелінді: Кавказдан

53. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу кезінде көтерілісшілер жайында «бұларды келістіріп жазалау керек» деп нұсқау берген министр:Милютин

54. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқан кезінде жазалаушылардан ығысып Хиуа хандығына өтіп кеткендер саны: 3000-ға жуық шаңырақ

55. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жеңілу себебі. Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархалдық құбылыстың күшін жоймауы.

56. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі. Көтеріліске қазақ жалдама жұмысшыларының қатысуы

  1. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі басылғаннан кейін соғыс шығыны ретінде адайлықтар өкіметке: 90 мың қой өткізуге міндеттелді

* Кавказ әкімшілігінің  талабымен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сомқосымша салық жиналды.

 

ІІІ. Қазақстанның экономикалық дамуы.

Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудару

*1861 жылдың 19 ақпанындағы «Ереже» бойынша бірде- бір аграрлық мәселе аяғына дейін шеше алмады. Осындай жағдайда Ресей үкіметі орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудара бастады.

* Біріншіден, ішкі губерниялардың әлеуметтік толқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін.

* Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.

58. Ресейдің орталық аудандарының шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталған уақыт: ХІХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында.

59. «Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасаған: Г.А. Колпаковский- Жетісу генерал- губернаторы

60. Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің ұсынысына сай «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: 1868 жылы

61. 1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ережесіне сай жан басына берілген жер көлемі: 30 десятина

62. 1868 жылы қабылданған «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже өз күшін сақтады: 1883 жылға дейін

63. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруларға берілген жеңілдік:  салықтар мен міндеткірліктен 3 жылға босатылды.

64.1883 жылдан бастап жаңадан қоныс аударушылардың жан басына берілген жер мөлшері: 10 десятина

-* 1889 жылы 13 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрыңы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» жөнінде жаңа заң қабылданды.

65. 1891 жылғы «Уақытша ереже» бойынша жан басына шаққанда 15 десятина жер берілді: облыстар мен губернияларды бұрын қоныстанған шаруаларға.

66. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған аймақ: Жетісу өлкесі

67. ХІХ ғасырда қоныстандыру саясаты түгелге жуық қамтыған облыс: Сырдария

  1. 1884- 1892 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде орыс, украин шаруалары құрған қоныстар саны: 37.

* 1855 -1893 жылдары Ақмола облысы қазақтарынан 250 мыңнан астам десятина жер тартып алынып, 24 село ұйымдастырылды.

69. ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтар арасында отырықшылықтың кең таралуына себепші болған: 1) капитализм дамуы, 2) орыс, украин шаруаларын қоныстандыру.

 

Капитализмнің дамуы. Сауда және қала.

70 . Қазақ даласында капиталистік қатынастардың дами бастаған мерзім: ХІХ ғ.ортасы.

71. ХІХ ғасырда ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгермеген тобына жататын: қазақ жатақтары.

* ХІХ ғасырдың 70- 80 жылдарынан бастап кедейленген қазақтар күнкөріс көзін табу мақсатымен тау –кен орындарына, ірілі- ұсақы кәсіпорындарға тартыла бастады.

72. ХІХ ғасырда Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері ашылған қалалар: Орал (1876ж), Петропавл(1881ж), Семей (1887 ж), Омбыда(1895ж), Верный (1912ж)* шаруашылық мен мәдениет ошақтарында

43. ХХ ғасырдың басында филиалдары саны жағынан Қазақстанның шаруашылық өміріне белгілі орын алған банк: «Орыстың сауда өнеркәсіп банкі»

74. Қазақ- орыс сауда байланыстарын дамтыуда ерекше орын алған: Жәрмеңкелер.

  1. 1832 жылы қазақ жерінде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Бөкей (Ішкі) ордасында.

76. ХІХ ғасырдың 80  жылдары Шығыс Қазақстандағы ірілі- ұсақты қалалық, далалық жәрмеңкелер саны: 70- тен астам.

77. ХІХ ғасырдағы Қазақстан аудандарындағы жәрмеңкенің басты дамыған өңірі. Ақмола облысы

* Оллыстағы ірі жәрмеңкелер: Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновка (Еленецкая), Петровка (Атбасар станциясы)

78. 1848 жылы қарқар уезінде ірі жәрмеңке ашылған өңір: Талды Қоянды

* Қарқара уезіндегі жәрмеңке аталды: көпес Варнав Ботовтың есімімен

79. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның Ресеймен саудасындағы негізгі тауар: мал.

  1. ХІХ ғасырдың аяғына қарай бір саудагердің қазақтарды алдап, «қасиетті от» деп сатқан заты; сіріңке

* Кейіннен басып алған көпестердің біреуі қатып қалған тас кәмпитті қазақтарға «Мұхаммедтің тұзы» деп сатқан.

81. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде пайда болған қалалар саны: 19.

82. Ресейде тұңғыш халық санағы өткізілді: 1897 жылы

83. 1897 жылғы халық санағы бойынша көп қоныстанған ірі қалалар: Орал, Верный.

84. ХІХ ғасрдың  соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы: тау- кен өнеркәсібі.

* ХІХ ғ.соңында аталған салада 19 мыңдай жұмысшы болса, ол 1902 жылға қарай 30 мыңға жуық болды.

85. Ұлттық құрамы жағынан қара жұмысщылардың басым бөлігі: қазақтар.

 

 

ІҮ. Қазақ –қытай сауда қатынастары

 

1.ХІХ ғасырдың басында ресейлік көпестердің қытайлықтармен сауда айналымын кеңейтуге кедергі жасаған: Пекин сарайының басқа елдермен оқшаулану саясатын өзгертпеуі.

2. 1805- 1806 жылдары Ресей үкіметі сауда байланысын реттеу үшін Головкиннің елшілігін аттандырды: Пекинге

3. Ю.А.Головкин бастаған елшілік Пекинге жіберілмей, қайтып оралуға мәжбүр болды: Ургадан (Улан Батор)

4. ХІХ ғасырдың басында Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстың орталығына айналған Қазақстан қалалары: Семей, Бұқтырма.

5. Орта жүздің бура- найман руының белді сұлтаны Құдаймендінің Петербургке ұлы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты: Ертістің оң жағындағы Жәміш бекінісінен Шыңжаңға сауда керуендерін аттандыруға ресми рұқсат беру.

6. ХІХ ғасырдың басында қытай көпестерінің жиі сауда жасайтын орталықтырың бірі: Бұқтырма

* 1811 жылы Ресей үкіметінің шекаралық ауданға ерекше өкілдікпен жіберілген тілмашы Н.Г.Путимцевке жүктелген міндет: Қытайлықтардың Бұқтырма туралы саудасының мүмкіндіктерін анықтау.

* 1809  жылы Бұқтырманы басып өтіп, Шәуешек қаласында тауарларын сатып оралған көпес: Нерпин

* 1812 жылы құны бір милион сомға жуық тауарын Құлжа базарларында тиімді сатып, пайдамен оралған Ташкент көпестері: Мирқұрбан Ниязов және Ахмадий Аширов

7. ХІХ ғасырыдың басында Қытайға баратын саудагерлерді қорғау мақсатында үкімет қабылдаған шешімі: қарулы казактарды бөлді(қарулы топ ұстауға рұқсат берді)

8. 1824 жылы  Құлжа мен Қытайдың қалаларында сауда- саттық жүргізіп, Қазақстан арқылы Цин империясына сауда жүргізудің пайдалығына жергілікті басқарушылардың көзін жеткізуге тырысқан Ташкент көпесі: Муминов.

9. ХІХ ғасырдың басында Ресейдің Шыңжаң базар- жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары: өнеркісіптік бұйымдар, матаның кейбір түрлері

10. ХІх ғасырыдың бірініші жартысында Ресей үкіметі осы елмен Қазақстан арқылы байланыс орнатуға мән берді: Цин империясының.

11. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үкіметінің Тибетпен Қазақстан арқылы байланыс орнату бастамасын іске асыруға тырысқан: генерал- лейтенант Глазенап

12. Ресей бодандығынағы бірде- бір адам аяғы баспаған «үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: Семен Мадатов

13. Кашмирде болып, Ресейде кеңтаралған 25 кашмир шәлісін тұңғыш рет Қазақстанға жеткізген грузин көпесі: Семен Мадатов.

*Қазақ бұйымдарын Тибетке сатып, көрген- білгендерін Сібір шекаралық комиссиясына қызықты хабарын әкелген, Семейден Қашқарға тікелей апаратын жаңа жолды ұсынған ауған көпесі: Мехти Рафаил

14. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім:ХІХ ғ.30 жылдары.

15. Салық төлеуден қашып, шекаралық өңірдегі белгіленген керуен жолдарынан ауытқыған көпестерге қоланылған жаза: көпестердің бұйымдары ресейлік заңдар негізінде тәркіленді.

16. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей мен Қытай арасындағы сауданың дамуына кедергі болған жағдай: мемлекетаралық шарттың жоқтығы.

*Шекаралық өңірде арнайы жәрмеңкелердің болмауы

17. 1851 жылға дейін Ресеймен Цин империясы арасындағы сауда- экономикалық байланыстары осы қала арқылы жүзеге  асырылды: Кяхта

18. Ресей мен Қытай үкіметінің арасында Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы 25 шілде.

*   Құлжа келісімінен кейінгі бернеше жылдың ішінде Қазақстан арқылы іске асырылатын орыс- қытай саудасы төрт есеге ұлғайды.

19. 1855 жылы Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі: Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті тұрғындардың талан таражға салуы.

  1. Шәуешек қайшылығынан кейін Ресей көпестерінің  саудасы осы қаламен шектелді: Құлжа.

21. Қазақстан арқылы дамыған  орыс- қытай сауда байланыстарының  құлдырау кезеңі: ХІХ ғ. 60 жылдарының ІІ жартысында

22. Қырғыз елі мен Жетісу бойын Цин империясы мен Ресейдің иелігі  ретінде ресми түрде таныды: 1864 жылы Шәуешек хаттамасы

23. 1881 жылдың 12 ақпандағы Ресей мен Қытай арасында қол қойылған келісім: Петербург

24. Ресей мен Қытайдың Қазақстан  арқылы сауда байланысына кең жол ашқан келісім: Петербург шарты.

25. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Шыңжаң қалаларынан Қазақстанға шығарылатын  басты тауар: Қытай шайы.

26. 1881 жылғы Петербург шартына сай орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықтарұқсат берілді: шайды баж салығынсыз сатуға рұқсат берілді.(бір фунт үшін 43-55тиын)

27. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс- қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға: Іле өзенінің  алабын сауда қарым- қатынасына шығуы. (*ашылуы)

28. 1882 жылы Англиядағы  кеме алдырып, Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпес: Вали Ахун Юлдашев

29. 1882 жылыГ.А.Колпаковскийдің қолдауымен Англиядан ірі су кемесін  сатып алған инженер: Поклевский.

30. 1883 жылы мамыр айының 4- інде Вали Ахун Юлдашевтің астық тиеген кемесі жеткен Қытай  қаласы: Сүйдін

31. Орыс- қытай қарым- қатынасында,ы белді оқиғалардың бірі Іле су жолы ашылды: 1881 жылы

32. ХІХ ғасырдағы Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі: Сүйдін.

33. Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда көзге түскен жәрмеңке: Қарқара

34. 1890 жылы маусым айыднда Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін құрыған сауда округі: Семей

35. Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерген Сібір темір жолы іске қосылды: 1894 жылы 30 тамыз.

 

 

Ү. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстанның саяси- әлеуметтік дамуы.

 

1886-1891 жылғы «Ережелер»

36. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қабылданған «Ержелерді» заңдастыру созылды: 20 жылға

37. ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қабылданған «Ержелерді»  заңдастырудың жиырма жылдан артық уақытқа созылу себебі: қазақ шаруалары көтерілістің салдарынан

38. 1886 жылы маусым айының 2- күні бекітілген Ереже:  «Түркістан өлкесі басқару және онда жер салық өзгерістерін енгізу»

39. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесінің басқару орталығы: Ташкент

40. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесіне енген облыстар: Сырдария, Ферғана, Самарқан.

41. 1886 жылғы Ереже бойынша Ферғана облысына енгізілген уезд саны: 5

* Сырдария облысына енген уезд саны: 4

* Самарқан облысына енген уезд саны: Әмудария бөлімі+ 5

42. 1891 жылғы 25 наурызда қабылданған Ереже бойынша құрылған: Ақмола облысы, Торғай облысы, төрт уезд

43. 1891 жылы 25 наурызда қабылданған Ережеге сай Дала генерал- губернаторлығына кірген облыстар: Ақмола, Семей, Жетісу.

44. 1891 жылғы «Ережеге» сай Дала генерал- губернаторлығына кірген үш облыстың орталығы болған қала: Омбы

45. 1891 жылғы Ереже бойынша Жетісу облысына кірген уездер саны:

*Семей, Ақмола облыстарына енген уезд саны: 4

* Торғай, Орал облыстарына енген уезд саны: 4

* Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары осы өңірлердегі үкімет тағайындаған: казак әскерінің атаманы болып есептелді.

46. 1886-1891 жылғы «Ереже» бойынша сайланған болыс басқарушылары мен ауыл сатаршындарын бекіткен: әскери губернатор.

47. 1886-1891 жылғы «Ережеге» сай мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны: «халық соты.»

48. 1886-1891 жылғы «Ержеге» сай уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны: «Соттардың төтенше съезі»

* Соттардың төтенше съезі тек  әскери губернатордың рұқсаты бойынша шақырылатын.

49. 1886 жылғы Ерже бойынша облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғайтын сот: Бітістіруші сот

 

Жұмысшы қозғалысының басталуы.

50. ХІХ ғасырдың екінші жартысында өндіріс орындарында жұмыс істеген қазақтардың  үлесі: 60-70пайыз.

51. ХІХ ғасырдың екінші жартысында алтын өнеркәсібіндегі әйелдердің үлесі: 1-4 пайыз

52. 1873 жылы Қазақстан кен орындарын жұмыс істейтін әйелдердің үлесі: 12 пайыз

53 1893 жылы Қазақстан  кен орындарында жұмыс істейтін әйелдердің үлесі: 17,8 пайыз

54. Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдалана бастады: ХІХ ғасырдың 90 жылдары

55. ХІХ ғасырдың 90 жылдарындағы кен орындағы 16 жасқа дейінгі балалардың үлесі: 14 пайыз

56. ХІХ ғасырдың аяғында жұмысшылардың Қазақстан жағдайындағы таптық қарсыластарының бірі: өндіріс орындарын тастап кетуі.

57. ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза: 3 айға абақтыға қамалды

*  қашқын жұмысшыларды ұстап бергендер тіпті арнайы сыйлық алатын

58. Қазақстанда қолданылған таптық қарсылықтың бір түрі: ереуіл

59. 1849 жылы жұмысшылардың алғашқы бас көтеруі өткен жер: Көкшетау.

60. Өскемен кен өндірісінде ереуіл өкен жыл: 1888

61. 1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі: жалақысы артты

62. Өскемен уезінің  Владимирск алтын кенішіндегі ереуіл ұйымдасқан түрде өтті: 1891 жылы

*   Ереуілге басшылық еткен Қазақстандағы алғашқы жергілікті халықтан шыққан жұмысшы өкілдері: И.Жағалтайұлы, У.Жанғазин, У. Төлегенұлы

63. 1893, 1895 және 1899 жылдары ереуілге шыққан: Батыс Сібір темір жол торабының жұмысшылары, Омбы темір жолшылары.

54. ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: өндіріс орындарының ұсақығы, жұмысшылар санының аздығы, олардың арасында билік пен өзара түсінушіліктің жетіспеуі.

 

ҮІ. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару.

 

65. 1862-1877 жылдардағы ұйғыр мен дүнген халықтарының азаттық күресібағытталған әулет: Маньчжур- Цин

66. 1864 жылы Шыңжаңдағы көтеріліс барысында Қашғарияда құрылған мұсылман (ұйғыр) мемлкеті: Жетішар

* Іле өлкесінде құрылған:Дүнген хандығы шығар

67. Жетішар мемлекетінің негізін қалаған қоқан әскери басшысы: Якуб.

68. Патша (орыс) әскерінің Іле өлкесіне енгізілуі:1871

69. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы: Шыңжаң (Жаңа шекара)

70. ХІХ ғасырдағы ұйғырлар мен дүнгендердің Жетіуға қоныс аударуының себебі: Ұйғыр, дүнгендерге Цинь үкіметінің қысым көрсетуі.

*  1881 жылғы Петербург шарты бойынша Іле өлкесінің тұрғындарына қатысты айтылды: Қытай немесе Орыс бодандығына кіру

71. 1881 жылдың күзінен -1884 жылға дейін Шыңжаңдағы ұйғырлар мен дүнгендердің басты қоныс тепкен өлкесі: Жетісу

72. 1881-1884жылдары Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар саны: 45 мың

73. 1881- 1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны: 5 мың

74. ХІХ  ғасырдың аяғында Алматы облысында ұйымдастырылған ұйғыр болысының саны: 6

75. Верный уезінің Жаркент болысындағы ауқатты ұйғыр көпесі: Вали Ахун юлдашев

76. ХІХ ғасырдың соңында қоныс аударғн әрбір дүнгенге берілген жер көлемі: 3 десятина

77. Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы: «Он екі мұқам»

78. 1905 жылы Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі «Он екі мұқам» басылып шыққан қала: Қазан

79. Ұйғыр халқының тамаша музыка өнері, ән мен биі жөнінде ой пікірлерін ортаға салған ғалым- саяхатшылар: Ш.Уәлианов, Роьорвский, Пржевальский.

 

 

ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті

І. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

ІІ. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті

ІІІ. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті

 

І. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

 

Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі.

1.ХҮІІІ ғасырда Батыс Қазақстан аумағын игеруде ғылыми жағынан маңызды болған алғашқы ірі экспедицияға басшылық еткен: Князь Александр Бекович Черкасский

*  Экспедиция саяси қатынас тұрғысынан әлсіз аяқталып, Хиуаны бағындыруға аттанған әскери бөлім түгелге жуық қырылды.

2. І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша «Азияға жол іздеу» талабымен құрылған әскери экспедиция: Подполковник И.Д.Бухгольцтің экспеициясы

3. «Жоңғария картасын» жасаған орыс экспедициясы құрамында болған тұиқындағы швед офицері: И.Г.Ренат

*  ХІХ ғасырдың 80- жылдары Жоңғария картасын алғаш рет орыс география қоғамы жазбаларында жариялаған: В.В.Веселовский

  1. Сібір тарихын зерттеген еңбегі үшін Сібір тарихының атасы атанған: Миллер

* «Сібір тарихы» атты еңбегінде әсіресе Орта жүз туралы жазғаны бүгінгі күнге дейін мәнін жоғалтқан емес.

5. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдері мен көптеген қиыншылықтарын көрсеткен орыс ғалымы:  П.И.Рычков

6. Өлкенің этнографиясы туралы  ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған: Рычков

7, Қазақстан тарихының топографиясы туралы   сирек кездесетін мәліметтер қалдырған және Әбілқайыр ханның сол кезде әлі де жақсы сақталған бейітін суреттеп жазған: Рычков

*Оның 1771 жылы «Қырғыз –қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар» атты еңбегінде , алғаш рет Еділ қалмақтарының қазақ  даласы арқылы Қытайға қашуы туралы құнды мәліметтер бар.

8. Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген  бағалы деректер қалдырған: К.Миллер

9. «Россия мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» атты еңбегінде халықтың жағдайын, орналсуын, әскери бекіністердің салынуын, олардың өздеріне тән белгілерін дәл суреттеген неміс саяхатшысы, натуралист: Паллас.

 

Қазақ әдебиеті

10. ХҮІІІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті  өкілдерінің бірі: Ақтамберді (                )

11. Абылайдың керемет  қасиеттерін жырлап Орта жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы танымал ақын: Тәтіқара.

12. Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын ХҮІІІ ғасыда өмір сүрген белгілі жырау: Тәтіқара

13. Бұқар жыраумен замандас Қанжығалы қарт Бөгенбай жоқтау және оның өлімін Абылайға естірту сияқты жырлары бар атақты жырау: Үмбетей

14. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ  әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі, Абылай ханның кеңесішісі болған жырау:  Бұқар жырау (1668- 1781жж.)

15. «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, ХҮІІІ ғасырдың суырып салма ақындарының бірі: Жанақ ақын(1770-1856)

16. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі, қазірге дейін сақталған поэма: «Қозы Көрпеш- Баян сұлу»

* Атақты ақын Орынбаймен айтысқан:

 

ІІ. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті

 

Ағарту ісінің жағдайы

*Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік- экономикалық даму барысында әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының кеңеюіне, жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениетінің жаңа бағыт аулына да барынша әсер етті.

17. ХІХ ғасырдың бас кезінде медреселерде оқытылған тіл: араб

18. ХІХ ғасырдың баында мектептерде оқытылған діни білмдер: «Шариғат ұл Иман», «Әптиек»

19. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата- аналар балаларын жіберді: Бұхар, Самарқан, Хиуа, Ташкент.

20. Қазақ жерінде тілмаштар  дайындайтын «Азиялық училище»ашылған жыл: 1789 жылы

* Моңғол, маньчжур, қытай, парсы және басқа да Азия қалықтары тілін оқып- үйренген мектеп түлектері- алғашқы сауатты мамандар болып шықты.

21. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда ашылаған әскери училищелерде даярланған мамандар: шенеуніктер.

22. 1813 жылы Омбыда ашылған әскери училище 1837 жылы: Сібір кадет корпусы болып өзгертілді

23. 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училище 1844 жылы: Неплюев кадет корпусына болып қайта құрылды

24. 1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала: Орынбор

25. 1831 жылы қыркүйек айының 18- і күні орысша білім беретін училище ашылған қала: Семей

26. 1836 жылы жанында қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала: Өскемен

27. 1841 жылы татарша- орысша білім беретін мектеп ашылған хандық: Бөкей ордасы(Ішкі орда)

28. 1841 жылы татарша- орысша білім беретін мектептерді ұйымдастырушы: Жәңгір хан.

29. ХІХ ғасырда теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп ашылған қала: Атырау

30. Орынборда шекаралық комиссияның жанынан қазақтарға орысша білім беретін бірнеше мектептер ашылған мерзім: 1850 жылы

 

Қазақстандағы саяси жер аударылғандар

*Декабристер көтерілісінің жеңілуі азатық қозғалыс өкілдерінің Ресей империясына қараған шеткі аймақар өкілімен танысуына себепші болды. Декабристер ісі бойынша жауапқа тартылған 579 адамның 108 –і Сібірге, соның ішінде Ертіс бойындағы бекіністерге, Орынбор шебіне айдалды.

31. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында декабристерден «Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім»,- деп жазған декабрист: М.И.Муравьев- Апостол

32. Қазақстанға жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені, Мәскеу университетінің түлегі, этикалық- саяси ғалымдар магистрі: С.Семенов

* Немістің атақты саяхатшы- ғалымдары Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, қазақ елін, жерін аралады, тұрлықты халықтың өмірімен танысты.

33. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысқан, «Кіші жүз руларының картасын» жасаған декабрист: Вольховский

34. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Каспий теңізінің  солтүстік- шығыс жағалауларын зертетеуге арналған экспедицияға қатысқан: Карелин

35. 1848-1849 жылдары Арал теңізіне жасалаған экспедицияны басқарған: Бутаков.

36.1867 жылы Мәскеуде жарық көрген «Батыс Сібірді Сипаттау» атты еңбегінің авторы, қазақ халөы тарихымен айналысқан зерттеуші: И.Завалишин

37. «Іле бекінісіне бару» деген очеркінде қазақ жері, оның шексіз даласы,байлығы туралы тамаша пікірлер айтқан: Коровков

38. 1849 жылы М.Петрашевский ісі бойынша тұтқындалып, «Белинскийдің идеясын» таратқаны  үшін Сібірге жер аударылған, кейін солдат болып Семейге ауыстырылған: Достоевский

* Жазушының өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлуінің  көрінісі: Археологиялық ескеткіштер жинаумен айналысуы.

39. А.Бутаковтың  басшылығымен ұйымдастырылған Арал экспедициясында өлкенің тарихи- геограяилық бейнесін, көшпелі қазақтардың ауыр жағдайын  суреттеген, белгілі шығыстанушы: Макшеев.

40. 1831 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусы жанынан ашылған мұражай арналған: осы өлкенің тұрмысын, тарихын сипаттауға

41. Қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізген: Петрашевшілдер

 

 

Орыс ғалымдары мен жазушыларының Қазақстанды зерттей  бастауы

42. В.И.Дальдің Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын  сипаттаған шығармасы: «Бикей мен Мәулен»

43. В.И.Дальдің  осы  көтеріліс  басшыларына жаңашырлық білдірді: И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы

* В.И.Даль 1833-1841 жылдары Орынбор әскери губернаторының жанында арнайы тапсырмаларды орындайтын шенеунік қызметін атқарған

44. Қазақ жерінде болған А.С.Пушкин шығармашылығыа арқау болған көтеріліс: Пугачев

45. А.С.Пушкиннің Орынборда (Қазақстанда) болған жылдары: 1833

46. А.С.Пушкиннің Орынбор қаласында жинаға тарихи материалдары негізінде жазылған еңбегі: «Пугачев бүлігінің тарихы»

47. А.С.Пушкиннің Оралда қағазға түсірген поэмасы: «Қозы Көрпеш –Баян сұлу»

48. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында көшпелі қазақ халқының әдет- ғұрыптары мен салт- дәстүрін зерттеген белгілі орыс ғалымы:

49. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан жайлы құнды еңбектер жазған орыс ғалымы: Левшин

 

Қазақ әдебиеті.

50. Махамбет Өтемісұлынің өмір сүрген жылдары: 1802- 1846 жж.

51. 1824- 1829 жылдары М.Өтемісұлы тұрған қала: Орынбор

*Жәңгірхан Махамбетті өз ұлы Зұлқарнайынның тәрбиешісі ретінде қосып алуға жіберген.

52. Махамбеттің шаруалар толқынына қатысқаны үшін Қалмықов бекінісінде қамауда отырған жылы: 1829жылы

53. Халық мүддесіне мейлінше берілген Махамбет өлеңдеріндегі Махамбет өлендеріндегі негізгі тақырып: еңбекшілер өмірі, билеуші таптың озбырлығы

*Махамбеттің Бөкей ордасы билеушілеріне өшпенділігін ашық білдірген өлеңі: «Баймағамбет сұлтанға»

54. ХІХ ғасырдың бірініші жартысында шығармашлығында суырып салма өнерді одан әрі дамытқан ақын: Шернияз Жарылғасыұлы

55. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Шернияз Жарылғасыұлының әдебиет саласына қосқан үлкен жаңалығы: суырыпсалмалық өнерін одан әрі  жетілдірді.

* Шернияз Жарылғасыұлы (1807-1867жж.) 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліске қатысты

56. Жастай екі көзінен айырылып, ақындық өнері күнкөріс болған ақын: Шөже Қаржаубайұлы

57. Әйгілі «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» жырының ең көркем нұсқасын таратқан эпик ақын: Шөже

58. Шөже Қаржаубайұлының суырыпсалма өнерін  жоғары бағалаған: Ш.Уәлиханов

59. 1822- 1895 жылдары өмір сүрген халық ақыны: Сүйінбай Аронұлы

60. Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер: Қаракәстек

 

ІІІ. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті

 

Орыс демократиялық мәдениеті

1.Орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі: ХІХ ғ.екінші жартысы

2. Дүние жүзінде белгілі ғалым, «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» атты еңбектерінің авторы: Семенов- Тяньшанский

* ХІХ ғасырдың екінші жартысында Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, өлкені жан- жақты зерттеді.

3. ХІХ ғасырдың аяғында Іле алқабын, Жетісуді зерттеп, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыс зерттеушісі, академик: Радлов

4. «Орынбор ведомствасындағы қырғыз даласы» еңбегінде Кіші Жүз тарихын жан- жақты сипаттаған көрнекті зерттеуші: Мейер.

5. «Сібір қырғыздарының облысы» атты еңбектің авторы: Красовский.

6. «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты еңбектің авторы, қазақ жерінің Ресей құрамына қослыу дәуірін біршама толық зерттеген: Добромыслов.

7. ХІХ ғасырда қазақ халқы тақырыбы шығармашылығында белгілі орын алған украин халқының ұлы ақыны: Т.Г.Шевченко

8. Украин халқының ұлы ақыны Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған жылдары: 1847- 1857 жылдары

9. Т.Г.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі: «Менің ойларым»

* Т.Г.Шевченконың тұрмыстың шындық жақтарын бейнелеген суреттері «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ», «Байғұстар»

10. Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қойған орыс географиялық қоғамының Орынбор, омбы, Семейдегі бөлімдері ашылған жыл: 1845 ж

11. Қазақ пен орыс халқының өнегенлі өкілдері достығының тамаша бір көрінісі: Абай мен Михаэлистің қарым- қатынасы

 

Шоқан Уәлиханов

12. Шоқан Уәлихановтың өмір сүрген жылдары: 1835- 1865 жж.

13. Шоқан Уәлихановтың шын есімі: Мұхаммед Қанапия

14. Шоқан Уәлихановтың ата- тегі: Сырымбет

15. Шоқан Уәлихановтың туған жері: Құсмұрын.

16. Шоқан Уәлихановтың атамекені Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір: Сырымбет

17. Шоқаның сана- сезімінің ерте оянуына ықпал еткен: әжесі Айғаным

18. Шоқан Уәлихановтың  оқыған Омбы қаласындағы оқу орны: 1847 ж Сібір кадет корпусы

*   Декабрист Завалишиннің бағасы бойынша, бұл оқу орны- «ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы»

19. Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусында білім алға жалдары: 1847- 1853

20. Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусын бітірген кездегі жасы: 18

21. 1853 жылы Сібір кадет корпусын бітірген Шоқанның әскери шені: Корнет

22. Шоқанмен саяхаттардың кейбір маршруттарында бірге болған көрнекті ғалым, географ:  Семенов- Тяньшанский

23. Шоқан Уәлихановтың Құлжаға барған жылдары: 1856ж

* Шоқан Қытаймен екі ел арасындағы сауда байланысын жақсартуға үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізді.

24. Шоқан Уәлиханов қағазға түсірген эпикалық шығарма: Манас

25. 1856 жылы Шоқан Уәлихановтың топографиялық және картографиялық деректерде сипаттаған өлі: Ыстықкөл

* Шоқан Уәлиханов орыс географиялық  қоғамының толық мүшесі болып сайланды: 22 жасында (1857ж)

26. Шоқанды әлемге әйгілі еткен сапары: Қашқарияға сапары

27.Шоқанды әлемге әйгілі еткен еңбегі: Қашқарияға сапар

28. Шоқанның Петербргте болған жылдары: 1859-1861 ж.

29. Шоқанның досы, аса көрнекті орыс жазушысы: Ф.М.Достаевский

30. 1864 жылы Шоқан Уәлихановтың генерал Черняевтің әскери экспедициясы  құрамында басыпа алуға  қатысқан бекініс: Әулиеата

31. Әулиеата бекінісіндегі алудағы генерал Черняевтің әділетсіздігіне налыған Шоқан Уәлихановтың Верныйға қайтқан жылы: 1864 жылы маусым айы

32. Ш.Уәлихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы «Русский инвалид» газетінде ақырғы еңбегі жарияланған жыл: 1865 ж

33. Шоқан Уәлиханов қайтыс болған жер: Алтын Емел (Көшек тоғаны дерле, албан руының аға сұлтаны Тезектің аулында)

 

Қазақстандағы халық ағарту ісі.

34. Түркістан статистикалық комитеті құрылғн жыл: 1868 жыл.

35.Семей облыстық статистикалық комитеті шылған жыл: 1878 жыл

36. 1878 жылы ашылға Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшесінің бірі: Абай Құнанбайұлы

37. 1883  жылы қоғамдық кітапхана ашылған облыс: Семей

* Алғашында кітап қоры 260 томнан тұрды.

* ХІХ ғасырдың екінші жартысында ақысыз пайдаланылатын қоғамдық кітапаналар ашылған қалалар: Торғай, Орынбор.

38. 1861 жылы орыс- қазақ мектебі ашылған қала: Троицк

39. 1867-1868 жылғы Уақытша ережеге сай ағарту ісін дамыту үшін қазақтарға берілген құқық: өз еріктерімен қаржы жинауға.

* Мұсылман дін өкілдері ауылдарда мешіт жанына мектептер ашу үшін уездік басқармадан ерекше рұқсат алуы қажет болды.

40. Исламдық метептерге шек қоюға бағытталған Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары» бекітілді: 1867 жылы.

41. 1883 жылы тұңғыш қазақ мұғалімдік мектеп ашылған қала. Орск.

42. Ресей империясындағы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет үкімет шешімінде бекітілді: 1870 ж 26 наурыз

* Ержеге сай мешіттердің жанында ашылған мектептерде орыс тілін оқыту міндеті деп табылды.

43. ХІХ ғасырда «Ереже» бойынша оқу орнына қабылданатын оқушылар жасы. 16-ға дейін.

44. «Ереже» бойынша Қазақстанда медреселердің оқу жылы: Мамырда басталып тамызда аяқталған.

45. ХІХ ғасырда медресені бітіргендер өзі білімдерін жалғастырды: Бұхара мен Ташкенттегі медреселерде

46. 1888 жылғы мағлұмат бойынша Түркістан өлкесіндегі медреселер саны. 206 медресе.

* 3 660 мектеп, 4000 мұғалім, 49 мыңдай оқушы.

47. ХІХ ғасырда Сырдария және Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылды: Түркістан генерал-губернаторлығына

*  Орал мен Торғай облыстарындағы оқу орындары бағындырылды: Орынбор оқу округіне.

* Семей мен Ақмола облыстарындағы оқу орындары қарады: Батыс Сібір округіне

48. 1896 жылы Торғай облысынан Ресейдің әр түрлі оқу орындарында білім алған қазақ студенттерінің саны: 50- ге жуық

49. 1897 жылғы қазақ халқының арасында сауатты қазақтардың үлесі. 10%.

*Кеңес заманында отарлық кезінде қазақтардың сауаттылығы екі пайыздан аспады деген жалған қорытынды көрсетілген.

51. ХІХ ғасырда Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп. Білімді ұстаздардың жетіспеуі.

52. Петропавл қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландырумен жұмыс істеді: 1910 жылға дейін

 

Ыбырай Алтынсарыұлы

1.Ыбырай Алынсариннің өмір сүрген жылдары. 1841-1889 жылдар.

2. . Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог. Ыбырай Алтынсарин

3. Әкесінен айрылған Ыбырай Алтынсарин қамқорлығында болды: Атасы Балқожа бидің

4. Ыбырай Алтынсарыұлы Орынбор шекаралық комисиясы  жанындағы мектепті алтынмедальмен бітірген: 1857 жылы

* Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В.В.Григорьевпен жақындасты

5. Ыбырай Алтынсарыұлы  Орынбор бекінісінде қазақ мектебін ашты: 1864 жылы

6. 1879 жылы Ыбырай Алтынсарин мектеп инспекторы болып тағайындалған облыс. Торғайоблысы.

7. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ұйымдастырған қала. Ырғыз.

* Ыбырай Алтынсарин- қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы.

8. Ыбырай Алтынсаринның орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған негізгі еңбегі. «Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық». («Қырғыз хрестоматиясы»)

*   Ыбырай Алтынсарыұлы  бұл оқу құралдары құрастырылған: орыс алфавиті негізінде

*   Ыбырай Алтынсарыұлы ның педагогикалық көзқарасына әсерін тигізген Сібірде,Орта Азияда және Қазақстанда қозғалыстың рухтандырушы: Ильминский.

9. Ыбырай Алтынсарыұлы  «Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесіарқылы уағыздаған шаруашылық түрі: егіншілік

 

Абай Құнанбайұлы.

10. Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары. 1845-1904 жылдар.

  1. Абай Құнанбайұлының дүниеге келген жері: Семей облысының Шыңғыстау өңірінде

12. Абайдың шың есімі: Ибраһим

* Абайдың шыққан руы: тобықты.

13. Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінде алатын орны. Жазба әдебиетінің негізін салушы

14. Абайдың Семейде оқыған оқу орны. Ахмет Риза медресесі

15. Құнанбайдың Абайды Семейдегі оқу орнын аяқтатпай елге алып кетуінің себебі. Ел билеу ісіне тартқысы келді

16. Абайдың ұлы Әбдрахманның Петербургте бітірген оқу орны. Артиллерия училищесі

17. Абайдың нақыл сөздері берілген шығармасы: «Қара сөздері»

* Абайдың өсиетке толы шығармасы. «Ғақлиялар».

18.Абай  Құнанбайұлы(*Құнанбай) тоғыз жыл басқарған болыс. Шыңғыс болысы.

*Білімді де талантты Әбдірахманның (1895 жылы), одан кейінгі сүйікті баласы Мағауияның (1904ж) құрт ауруынан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақынның өзі қайтыс болды.

 

Қазақ халқының өнері және музыка мәдениеті.

  1. . «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы. В.Верещагин.

20. Суреші Н.Хлудовтың шығармалары: «Көш», «Мал айдау», «Отынға бару»

21. 1896 жылы жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдардың көрмесі өткен қала. Петропавл

22. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған қазақ қолөнер бұйымдары. Зергерлік өнер заттары, ұлттық киімдер.

23. 1872 жылы қазақ музыка аспаптары көрмеге қойылған қала. Мәскеу.

* ХІХ ғасырдың екінші жартысы – көрнекті халық сазгерлері мен классикалық сипатта қалыптаса бастаған музыка өнерінің негізі қаланған кез.

24. ХІХ ғасырда өмір сүрген  Шертпе күй негізін салушылардың бірі, күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы.

25. Тәттімбет Қазанғапұлының халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелерді сынауға арналған күйі. «Бестөре».

26. 1855 жылы Петербургке барып, күміс медальға ие болған күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы.

27. ХІХ ғасырдағы аса көрнекті күйші, сазгер, аспаптық музыканың (күйдің) классигі: Құрманғазы Сарғыбайұлы

28. Құрманғазы Сарғыбайұлының өмір сүрген жылдары: 1818- 1889жж.

29. Құрманғазы Сағырбайұлы дүниеге келді: Бөкей ордасында.(Жиделі деген жерде)

30. Құрманғазы Сағырбайұлының алғашқы ұстазы. Ханбазар.

31. Құрманғазы Сағырбайұлының шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған күйі. «Кішкентай».

32. Құрманғазы Сағырбайұлының туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайтын күйі. «Сарыарқа».

33. Құрманғазы Сағырбайұлының би күйі. «Балбырауын». «Қызыл қайың»

34. Құрманғазы Сағырбайұлының бізге дейін жеткен күйлерінің саны: 60- тан астам

 

35. Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы, күйші. Дәулеткерей Шығайұлы

36. Дәулеткерей Шығайұлының өмір сүрген жылдары: 1820- 1887 жж.

* Дәулеткерей ақсүйектер тобынан шықты.

37. Дәулеткерей Шығайұлының көзқарасын қалыптастырула ықпал етті: 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтеріліс.

38. Дәулеткерейдің орыс музыкасындағы әскери марштар әсерімен шығарған күйлері: «Ващенко», «Қос ішек», «Топан», «Қоңыр»

39. 1834- 1897 жылдары өмір сүрген атақты сазгер, әнші ақын: Біржан Қожағұлұлы

40. Біржанның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер етті: 1865 ж Абаймен

Кездесуі

41. Біржанның алғашқы әндерінің бірі: «Біржан сал»

42. Біржанның ыза-кекке толы, сол заманның азулы өкілдерін түйреуге бағытталған өлеңі. «Жанбота».

* Біржанның бізге жеткен әндерінің саны: 40- қа жуық.

* Біржанның Сарамен айтысы- Біржанның суырып салма ақындық талантын елге танытты

43. Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» өлеңіне ән шығарған сазгер. Жаяу Мұса

* өзі шығарған 70- ке жуық әннің барлығының сөздерінөзі жазған

44. Жаяу Мұса Байжанұлының әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына әсер етті: Декабристер мен петрашевшілер.

45. 1860 жылыЖаяу Мұса Шорман балаларының жаласымен: Тобылға жер аударылды

* Екі жылдан кейін өз еркімен әскерге алынды. Генерал Черняев отрядның құрамында Шымкент, Әулиеата жорықтарына қатысты. Генералдың қазақ- өзбектерге озбырлығына шыдамай, еліне қашады.

46. 1843-1913 жылдары өмір сүрген ақын, сазгер, дарынды күйші. Ақан сері Қорамсаұлы

47. Ақан серінің әндері. «Маңмаңкер», «Сырымбет», «Балқадиша».

48. 1843- 1916 жылдары өмсір сүрген күйші, сазгер, қазақтыңкөне аспабы қылқобызда ойнаудың асқан шебері: Ықылас Дүкенұлы.

49. Ықылас Дүкенұлының тәкаппар патша шенеуніктері мен менменсіген байларды кекейтін күйі. «Жарым патша».

*Ықыластың Дүкенұлының баласы Жүсіпбек оның «Қорқыт» сияқты  туындыларын кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізді.

* ХІХ ғасырдағы үздік сазгер сыбызғышы:

 

Ресей азаттық қозғалысысының өкілдері Қазақстанда.

50. 1863-1864 жылдардағы Польшадағы ұлт-азаттық қатысқандардың ішінен жер аударылғандардың бірқатары жіберілген өлке. Сібір.

51. Польша азатық күресінің 60-жылдарда Қазақстанда болған өкілдері ішінен ерекше көзге түскені: С.С.Гросс.

52. Польшадан Қазақстанға жер аударылған Густав Зелинскийдің поэмасы. «Қырғыз» («Қазақ»).

* Польша азаттық күресінің Семей жерінде болған белгілі өкілі: С.С: Гросс

* С.Гросс Семей облыстық статистикалық комитеті арқылы «Қырғыздардың заң әдет- ғұрыптары үшін материалдар» деген тақырыпта құнды зерттеу дайындады.

53. ХІХ ғасырдың 40 жылдары Абайдың әкесі Құнанбаймен жүзбе- жүз кездескен поляк: Адольф Янушкевич

54. Польша азаттық күресінің өкілі Адам Бяловский Семей облысында айналысты: Өскемен уезінің геологиялық картасын жасаумен.

55. ХІХ ғасырдың соңында Ресейден саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған өңірі. Шығыс және Орталық Қазақстан.

56. . Қазақстанда өлкені зерттеуде ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер құрылды: ХІХ ғасырдың 80-жылдарында.

* Халықшыларды Қазақстанға жер аудару «ұйқыда жатқан» өлкеніңқоғамдық өмірін бірқатар жандандырды.

57. 1884 жылы саяси жер аударылғандардың ұсынысы бойынша Семей облыстық сатистикалық комитетіне мүше болып сайланған: Абай Құнанбайұлы

58. Абайдың 1900 жылы статистикалық комитеттің басылымында жарияланған «Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы жазбалар» еңбегінде көтерген мәселе. Семей облысы қазақтарының рулық құрамын анықтау.

59. Қазақстандағы тұңғыш өлкелік  баспасөздің қалыптасуына қол ұшын берген: саяси жер аударылғандар.

* Жергілікті баспа ісін алға бастыруда талмай еңбек еткен: Зобнин, Зенков, Коншин

60. 1898 жылы алғашқы томы жарық көрген «Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер» атты еңбектің негізін құрастыруға қажетті деректердің жинап, мәтінін жазуға белсее қатысқан белгілі қазақ ғалымы: Әлихан Бөкейханов.

61. Қазақстанда зерттеу үшін құрылған экпедицияны басқарған статист әрі азатты қозғалысының өкілі: Ф.А.Щербин

62. Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген: Е.П.Михаэлис.

63. Батыс- Сібір генерал- губернаторының  тапсырмасымен сай Зайсан көлінің өңірін, Ертіс бойын зерттеп, карта дайындаған оқымысты: Михаэлис

 

ІІІ. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті

 

  1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ кітаптары басылып шыққан қала: Қазан

65. Абай Құнанбайұлының шығармалара жинағының ресми баспадан шыққан жылы: 1909жылы

66. «Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Адасқан өмір» өлендерінің авторы: С.Торайғыров

67. С.Торайғыровтың өмір шындығын, халық тағдырын сипаттауда маңызын жоғалтпаған тамаша туындысы: «Қамар Сұлу»

* «Шұғаның белгісі»- Бейімбет Майлин

* «Қалың мал»- Спандияр Көбеев

68. Қазақ тілі мен әдебиетін дамытуда шығарамашылық мұрасы ерекше орын алған тұлға: Ахмет Байтұрсынұлы

69. 1911 жылы Орынборда басылған Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдер және аударма, мысалдар жинағы. «Маса».

70. «Қазақ» газеті шығып тұрған мерзім: 1913-1917 жж. (аптасына 1 рет)

71. 1913-1917 жылдар аралығында «Қазақ» апталық газетінің редакторы болған:  А.Байтұрсынұлы.

72. КСРО дәуірінде ұлтшыл буржуазияшыл басылым ретінде сипатталып келген басылым: «Қазақ » газеті

73. ХХ ғасырдың басында ағарту идеяларын уағыздаған басылым. «Айқап» журналы.

74. ХХ ғасырдың басында демократияшыл, ағартушылық, гуманистік бағыттағы ақын, тарихшы, философ ретінде  танылған: Ш.Құдайбердіұлы.

75. Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған, аса дарынды шәкірті: Ш.Құдайбердіұлы

76. Ш.Құдайбердіұлының ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан кітабы:

«Мұсылмандық шарты».

77. ХХ ғасырдың басында жарыққа шыққан Ш.Құдайбердіұлының шығармасы: «Еңлік- Кебек»

78. Ш.Құдайбердіұлының ғашықтық жыры: «Қалқаман- Мамыр»

79. Ауыз әдебиетінің суырып салма ақыны: Жамбыл Жабаев

80. Халық дастандарын ел арасында уағыздауға, жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытуға үлкен үлес қосқан қазақ халқының ұлы ақыны. Нұрпейіс Байғанин.

81. ХХ ғасырдың басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала. Музыка мәдениеті.

82. ХХ ғасырдың басында қазақтың бұлбұлы атанған әнші. Майра Шамсутдинова.

83.ХХ ғасырдың басындағы  «Майдақоңыр» әнінің авторы. Естай.

84. ХХ ғасырдың басындағы  «Гәкку» әнінің авторы. Үкілі Ыбырай

85. «Көңіл ашар» күйінің авторы: Дина

86. 1906 жылы патша үкіметінің  қабылдаған оқу- ағарту ісіндегі ережелерінің Қазақстанға әсері: ұлттық аймақтарда орыс- қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасаса, керісінше, діни мектепке және медреселерге әр қилы кедергілер жасады.

 

 

ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

І. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстаның әлеуметтік- экономикалық дамуы

ІІ. Қазақстан Ресейдегі 1905- 1907 жылдардағы революцияның кезінде

ІІІ. Қазақстан саяст реакция және Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында

 

І. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстаның әлеуметтік- экономикалық дамуы

 

1. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда негізінен дамыған өндіріс: Кен өндірісі.

2. ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы: Жаңа шойын жол тораптарын іске қосуға күш салды

3. ХХ ғасырдың басында Ресей әкімшілігі Орта Азияны экономикалық орталықпен байланыстыру мақсатында салған шойын жол: Орынбор- Ташкент

4. Ұзындығы 1656 шақырым Орынбор- Ташкент темір жолы пайдалануға берілді: 1906 ж қаңтар

5. 1902-1904 жылдары Орынбор- Ташкент шойын жолында жұмысқа тартылғандардың саны: 30 мың

6. 1905-1907 жылдардағы революция қарсаңындағы 300-400 жұмысшы шоғырланған ірі өнеркәсіп орны. Успен кеніші.(Қарағанды көмір шахтасы, Риддер түсті металлургия өнеркәсібі, Спасск мыс қорыту)

7. 1905-1907 жылдардағы революцияға алғышарт мәселелердің бірі: патша өкіметінің аграрлық саясаты

8. ХХ ғасырдың басында қоныстану қоры айналасты:

9. 1853 -1 905 жылдар арасында қазақтардан тартып алынып, қоныс аударған шаруаларға бөлініп берілген жер көлемі: 4 млн десятина

10. 1906-1907 жылдар арасында қазақтардан тартып алынған жер көлемі: 17 млн десятина

11. ХХ ғасырдың басында 15 десятинаға дейін жері барлар жатқызылды: Ауқатты орта шаруаға.

12. ХХ ғасырдың басында егістік жері 15 десятинадан асқандар жатқызылды: Кулакқа.

* 1 десятина егістік бар- батырақ, 4 десятинаға дейін- өте кедей шаруа. 5-8 десятина- кедей, 10 десятинаға дейін- шамалы орта шаруа.

13. ХХ ғасырдың басында Жетісу өңіріндегі орыс шаруаларының арасындағы кулактардың үлесі:

25 %

 

 

ІІ. Қазақстан Ресейдегі 1905- 1907 жылдардағы революцияның кезінде

 

  1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы патша үкіметінің ұлттық езуі  мен қанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптастырған оқиға:

15. 1902 жылы тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылған қала: Орынбор

* М.В.Фрунзенің, В.В. Құйбышевтің революциялық қызметі Қазақстанда жалғасты.

16. Отарлық ұлт аудандарының  «сілкініп оянуына» әсер еткен оқиға: 1905 ж.Санкт –Петербургте өткен «Қанды жексенбі» 9 қаңтар

17. 1905 жылы Қарқаралыда өткен халықтың бірлігін қуаттайтын саяси ереуілге белсене қатысқан ақын: М.Дұлатұлы

18. 1905 жылы 17 қазандағы патша манифесіне қазақтың ұлттық- демократиялық зиялы қауым өкілдерінің көзқарасы: әшекереледі.

  1. Батыс Сібір әкімшілігін  қатты сескендірген Омбыдағы саяси бой көрсету өтті: Қазан айының 25-інде

20. 1905 жылы қазан айында орыс және қазақ жұмысшыларының интернационалдық сипат алған саяси демонсрациясы (бірлескен қарсылығының көрінісі) болған қала: Перовск

21. 1905 жылы Семей облысы губернаторының Қарқаралыдан әскери күш шақыруға себеп болған оқиға:  пошта- телеграф жұмысшыларының ереуілі.

22. 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдерген әскери гарнизон орналасқан қала: Жаркент

* 1905 жылғы 6-7 қарашада- Верныйдағы Батыс Сібір батальоны

23. 1905- 1907 жылдардағы буржуазиялық- демократиялық револбюция кезіндегі қазақ- орыс еңбекшілердің біріккен интернационалдық ірі бой көрсетуі болған жер: Успен (Нілді) кеніші.

24. 1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым: «Капиталға қарсы орыс- қырғыз одағы»

25. 1905 жылы 2 желтоқсанда Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы ұйымының атауы: «Орыс –қырғыз одағы»

* Оралдағы жұмысшылыар қозғалысына қатысып, пролетарлық сынап өткен, Успен кенішіндегі ереуілді ұйымдастырушылардың бірі: П.Топорин

26. ХХ ғасырдың басындағы өлкедегі  революциялық оқиғалардың ішінен ерекше көзге түскен интернационалдық бой көрсету: Успен кенішіндегі

27. 1906 жылы қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсеткен Семей облысындағы уезд: Қарқаралы

* Жетісу облысының Жаркент уезінде, Сырдария облысының Әулиеата мен Шымкент уездерінде

28. Ішкі істер министрі Дурнов қазақ өлкесіндегі қарсылықтарды жаншуға арнайы тапсырма берді:1906 жылы 10 қаңтар

29. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасында ІІ Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған: Ш.Қосшығұлов

30. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес «түземдік» халық арасында ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған: М.Тынышпайұлы

* Оралдан сайланған: кадет А.Бірімжанұлы

* Семейде сайланған: Х.Д. Нұрекенұлы (ауқатты топтан шыққан)

31. «Түземдік халық » арасынан Патшалық Ресейдің Думасына мүше болған қазақтар: Тынышпайұлы, Қосшығұлов

32. Семей облысынан Мемлекеттік Думаға сайланған, кейіннен сайлаушылар мүддесінен ауытқып кеткен тұлға («Семипалатинский листок» газетінің редакторы): Коншин.

* Ақмола облысынан – большевик Виноградов, Торғай  облысынан – Космодемьянской, Жетісу облысынан– М.Гаврилов

 

ІІІ. Қазақстан саяси реакция және Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында

 

33. 1906 жылғы және 1910 жылы Столыпиннің үкіметі қабылдаған аграрлық саясат бағытталды: ререволюцияны тұншықтаруға

* Қоныстанушылар арасынан жер саясатын тереңдету үшін кула топтары арқылы тірек алуды ойластырды.

34. 1917 жылғы Қазан революциясы қарсаңында жергілікті халық тартып алған жер көлемі: 45 млн десятина

35. 1914 жылы Қазақстанда қоныстанған әр тілдес халықтар саны көтерілді: 211 есе

36. 1914 жылы Қазақстанда қоныстанған әр тілдес халықтардың санының 211 есеге көтерілуінің себебі:  Ресейден қоныс аударған шаруалардың есебінен

37. Столыпин аграрлық саясатын нәтижесінде Ақмола облысындағы қазақтардың үлесі: 36,6 %

* Семейде -73 %., Сырдарияда- 62,3 %, Жетісуда-60,5% (80,4), Торғайда- 58,7 (90,6), Оралда – 56,9 (71,3)

* Қазақстанда ереуілдің кең шарпуына әмсер еткен («Туркестанский курьер», «Омский курьер» газеттері хабарлаған) Лена қырғыны

38. «Атбасар мыс кендері» акәионерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі өтті: 1911 ж

39. Жалпыресейлік саяси қозғалыстың құрамдас бөлігі болып табылатын 1912 жылғы 2-6 қазнда болған ереуіл:Байқоңыр көмір өндірісі

40. Табынды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%.-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл:  Доссордағы Орал- Каспий, Ембі (Жем) жұмысшылары

41. ХХғасырдың басында Қазақстанның шикізат көзі ретіндегі маңызын арттырған: Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы

42. 1915 –жылдың маусым айының 25- інде бекіткен ереже: «Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі»

43. 1914- 1916 жылдары Түркістан өлкесінен майдан қажеттілігі үшін жиналып алынды: 2089 мың тонна мақта, 300 мың пұт астық, 70 мың жылқы, 13 мың түйе, 14 мың киіз үй

44. Бірінші дүниежзілік соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі: шаңырақ салығы

45. 1914 жылы қазақтардан жиналатын шаңырақ салығының көлемі:600 мың сом

* 1917 жылға қарай-  1 млн 200 мың сом

46. Бірінші дүниезүзілік соғыс кезіндегі ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындағы жұмыс мерзімінің ұлғаюы: 12- 14 сағат

47. ХХ ғасырдың басында өндіріс орындарында жасөсіпірімдерге (12-14 жастағы балаларға) күніне төленетін еңбек ақысы: 20 тиын

48. Бірінші дүниезүзілік соғыс жылдарында Семей, Ақмола облыстарынан майданға тартылған жұмысшылардың үлесі: 50%

49. Бірінші дүниезүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әскери тұтқындардың алғашқы топтары әкеліне бастады:1914ж тамыз айы

50. Бірінші дүниезүзілік соғыс жылдары Қазақстанға әкелінегн әскери тұтқындардың арасында негізінен басым болған:славян тектес

51. Бірінші дүниезүзілік соғыс жылдары әскери тұтқындар көптеп жіберген өңір: Солтүстік- Шығыс және оңтүстік аудандарына

* Ақмола облысында 14 мың тұтқын ауыл шаруашылығында пайдаланылды

52. 1915 жылы Австро- Венгрия тұтқындарының ереуілі өткен жер: Риддер кең байыту

53. Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылға дейін:  Қарқаралыда мұғалім болады

54. А. Байтұрсынұлының Орынборда болған жылдары:1910- 1917 жылдары

55. Міржақып Дұлатұлының 1915 жылы жарық көрген әдеби- публицистикалық туындысы: «Терме»

* 1910 жылы Қазанда: «Бақытсыз Жамал»

*1909 жылы Уфада, 1911ж.Орынборда: «Оян, қазақ»

* 1913 жылы Орынборда: «Азамат» атты өлеңдер жинағы

 

 

%d такие блоггеры, как: