2015 – 2016 оқу жылы
2 «ә»
АШЫҚ САБАҚ ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
Сабақтың тақырыбы:Төрт түліктің кеңесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Төрт түлік туралы білімдерін кеңейте отырып, мал өрісімен, тіршілік табиғатымен, қадір-қасиетімен таныстыру. Төрт түлікті қадірлеуге үйрету;
Дамытушылық:
Төрт түлік туралы жұмбақтар арқылы танымын, ойын, тілін дамыту;
Тәрбиелік:
Еңбекқорлыққа, іскерлікке, әдет-ғұрыпты қастерлеуге тәрбиелеу.
Жаңа білімді игерту
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, Puzzel, постер.
Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік суреттері,тақырыптық суреттер, флепчарт.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: 2 мин
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Партада дұрыс отыру, денені дұрыс тік ұстау дағдыларын жетілдіру.
Топқа бөлу, топ басшысымен таныстыру.
– Әр оқушы стикерді таңдап, 4 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Құлыншақ»
2-топ «Ботақан»
3-топ «Қошақан»
4-топ «Бұзау»
1.Психологиялық дайындық
Өткен материалмен жұмыс: 5 мин
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
-Әр топтан 1 оқушыдан шығып, өлеңді жатқа айтады.
Үй тапсырмасын қорытындылауға ауызша сұрақтар беріледі.
Ст. «Қызығушылықты ояту» Миға шабу
Оқушылар жасырын кілттің ішіндегі сұрақтарға жауап бере отырып, сөз шығарады.
1
2
3
4
5
6
7
8
9

1. Уәде мәтініндегі басты кейіпкер кім? Т
2. Мысал дегеніміз не? Ө
3. Жәнібекке әкесі не сыйлады? Р
4. Үлпек, үлпек, үлпек қар, Т
Үкідейсің үркек қар
Мамық, мамық, мамық қар
Сай-салаға толып қал. Бұл өлең жолдары қай өлеңнен алынған.
5. Қожанасыр деген кім? Т
6.Диалог дегеніміз не? Ү
7.Сырым Датұлы ол кім? Л
8. Бата сөз дегеніміз не? І
9. Бесік жыры дегеніміз не? К
-Балалар біз әр сұраққа жауап бере отырып, қандай сөзді шығардық. Қане кім айтады?
Төрт түлікке нелер жатқызатынымызды білу үшін әр топқа тапсырмалар беріледі.
1-топқа Puzzel әдісі бойыша «Қиылған суреттерді құрастыру»(қой)
2-топқа жұмбақ жасыру;
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады. (Түйе)
3-топқа малдың дыбыстауын табу.(жылқы)
4-топРебус шешу (сиыр) сағат ит шатыр
,,,, , ,,,

Жаңа сабақ.
Түсіндіру 5 мин
Балалар біз мына суреттегі малдарды бир сөзбен қалай атауға болады?
Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Төрт түліктің кеңесі» деп аталады.
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Балалар кеңесу деген сөзді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың пікірлері)
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі
Төрт түлік дегеніміз – олар үй жануарлары. Төрт түлік маладар: жылқы, түйе, сиыр, қой,ешкі. Ешкі мен қой басқа малға қарағанда кіші мал болғандықтан оларды біріктіріп айтуға болады. Үш мал ірі қара малдар (түйе, жылқы, сиыр). Бәрін қосып төрт түлік мал деп атаған. Әрқайсысының өздерінің иелері, аталары бар. Оларды баптап баққан.
Оқулықпен жұмыс: 13 мин
Бір күні өрістен қой ,жылқы,сиыр, түйе төртеуі жиылып отырып кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге, қандай кісіге бітсек, жақсы болар еді?» деген сөзді айтысады мыс.
Оқушыларға проблемалық сетуация туғызу.
Сиырдың қандай арманы бар деп ойлайсыңдар? Топпен ақылдасып, кеңесіп отырып постерге жаздыру.
Сиыр:
-Қалың қорыс нуға бітем,
Қоры үзілген қуға бітем.
Қоры үзілген қуға бітем –Өзім шөп, жем жеймін. Тамақтарың таусылса, азық боламын.
Қой:
-Күнгейлі қара тасқа бітем,
Шаруа қуған басқа бітем.
Қой ыстық тасты жерде жайыла береді. Қойды бақса, көп көбейеді. Қой төрт түлік малдың ішіндегі ең жуасы.
Жылқы:
-Бетегелі белге бітем,
Найза ұстаған ерге бітем.
Жылқы шөптің ең дәмдісін жейді,таза су ішеді. Мінсе көлік болады. Жылқы жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.
Түйе:
-Жалмаң құлақты сорға бітем,
Ел ішіндегі зорға бітем.
Түйе шөл далада өмір сүреді. Түйені малдың тілін білетін еңбекқор адам бағады.Т өрт түліктің ең ірісі. Түйе суға өте төзімді, шыдамды.
Оқушылардың жұмыстары қорғалып, қорғалады.
Сөздікпен жұмыс:
Ну-қалың
Сор – құрғақ жер
Біту-қандай жерге барамын
Оқушыларды рөлдерге бөліп, тауып,жалғастырып оқыту.
Сергіту сәті:
1 мин
Қошақаның қойдың
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?

Ботақаны нардың
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың.
Секең-секең,ей лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ.
Тыным тапсаң болмай ма?
Секірмей-ақ, бір уақ!

Менің аппақ бұзауым,
Үй маңына алысқа.
Болмайды көп ұзауың,
Тыңда мені бұзауым.
Дәптермен жұмыс
5 мин
Шығармашылық жұмыс:
1-топ «Құлыншақ» тобы – «Менің сүйікті төлім» тақырыбында шағын эссе жазу.
2-топ «Ботақан» тобы- түйе сөзіндегі бас әріптерден зат есім құрап жаз.
(Тарақ, үтік,йод,етік)
3-топ «Қошақан» тобы- Қане, бізде ақын болып өзімізді сезініп көрейікші. Сендерге «Ауылды қалай суреттесек болады?» тақырыбында аяқталмаған өлең жолдары беріледі, әрі қарай аяқтап, жазып көрейік. Ақындық қасиеттерімізді көрсетейік.
____________________барамыз,
____________________көреміз.
Асыр салып______________,
Қызықты күн _____________ .
4-топ «Бұзау» тобы – Сиыр сөзінің бас әріптерінен басталатын етістіктерді құрап жаз. ( секірді,итерді, ызаланды,ренжіді)
Қорытындылау, бекіту: 6 мин
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Тапсырма
1-топ «Құлыншақ» – мәтіндегі сөздерден тіркестерді теріп жазу

Берілген сөздер
Мәтіндегі осы сөздердің мәні
1.
2
3
4
Азығы таусылған кедей
Еңбекқор адам
Батыл, өжет адам
Шаруасы жақсы, бай адам
Шаруа қуған басқа бітем
Найза ұстаған ерге бітем
Қоры үзілген қуға бітем
Ел ішіндегі зорға бітем

2-топ «Ботақан» – Қай төрт түлік қандай жерді қалайды екен?

3-топ «Қошақан» – Төрт түлік аттарына сай адам есімдерін жаз.
4-топ «Бұзау» – «Бес жолды өлең» жазу.
Зат есім (Кім? Не?) Сиыр
Етістік (Не істеді?)___________________
Сын есім (қандай?)__________________
Синоним___________________________
Сөйлем___________________________
«Кеңес» деген сөзді қалай түсінеміз?
КЕҢЕС- ақылдасу, кеңесу, талқылау деген мағынаны білдіреді.
-Кеңес деген сөзде неше әріп, неше дыбыс, неше буын бар?
Бағалау 1 мин
Оқушыларды топпен , жеке және өзін-өзі бағалау парағы арқылы бағалау.
Үйге тапсырма беру
1 мин
1-топ «Құлыншақ» – мәнерлеп оқып, келу;
2-топ «Ботақан» – мәнерлеп оқып, төрт түлік туралы мақал-мәтелдер жаттау;
3-топ «Қошақан» – төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін жаз;
4- топ «Қозы» – «Төрт түлік» тақырыбында эссе жазу.

Похожие записи

Қазақ тілі

Казахский язык в семье

B организации и обучении казахского языка в дошкольный период немаловажную роль играет семья. Не придавая значения вопросу “Как и чему обучается ребенок?”, родители не только наносят вред ребенку, но и многое теряют сами. Как утверждают Подробнее…

Әдебиеттік оқу

Тасбақаның шөбі. Ә.Кекілбаев.

Дайындаған: Есенова Ляиля Байтоллақызы. Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы №9 жалпы орта білім беретін мектептің 1 санатты, бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 34жыл.  3(базалық)  деңгей  бойынша сертификатталған  мұғалім. Похожее

%d такие блоггеры, как: