“Көксерек”.М. Әуезов.

Опубликовано Опубликовано в рубрике Ана тілі

Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып пәні  мұғалімі   Ыкласова Тарбияның   4«ә» сыныбына арналған  ана тілі пәнінен қысқа мерзімдік жоспары

                                                

Сабақтың  тақырыбы: Көксерек.                    М.  Әуезов.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды  М.  Әуезов еңбегімен,  шығармашылығымен    таныстыру.  «Көксерек»  әңгімесінің  мазмұны  мен  идеясын  меңгерту.

 

Міндеті :

Б.. Оқушылар М.  Әуезов еңбегімен,  шығармашылығымен    танысады .  «Көксерек»  әңгімесінің  мазмұны  мен  идеясын  меңгереді .

Д..Оқушыларды  сауатты,  мәнерлі,  әсерлі  оқуға  баулу.  Шығармашылықпен  жұмыс  істеуге  ықпал  ету,  ойлау  шеберлігі  мен  сөйлеу  мәдениетін  дамыту

Т.Оқушылардың  өнерге,  білімге  деген  сүйіспеншілігін  арттыру,  тәрбиелеу

 

Оқытудың нәтижелері:

  1. Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.
  2. Берілген тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді
  3. Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы  орындай алады.
  4. Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізеді және талдай алады.
  5. Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.

 

Қамтылатын модульдер:

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл),   3-модуль –бағалау, 4 –модуль-АКТ пайдалану (электрондық оқулық), 7 модуль-көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)

 

Қадамдар:

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Интерактивті тақтамен жұмыс
  3. Топпен жұмыс
  4. Рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. Ұйымдастыру
  2. Оқушының зейінін сабаққа аудару
  3. Топқа бөлу
  4. Мәтінді тарату
  5. Деңгейлік тапсырма

 

Оқушының іс-әрекеті

  1. Психологиялық тренинг.
  2. Топқа бөлінеді
  3. Үй тапсырмасына жауап береді.
  4. Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.
  5. Деңгейлік  тапсырмалар орындайды.

 

 

 

 

Сабақ барысы:

 І.Ұйымдастыру бөлімі.

А) Психологиялық тренинг. « Есімдер әлемі»

.

Ә)Топқа бөліну    Мектептер аттары бойынша бөлінеміз.

І.Үй тапсырмасын тексеруМодуль ОмОЖт.Диалогтік оқыту Сұрақ-жауап алысу

1Балмұздақ мәтінінің  басты кейіпкері кімдер және олар не істеді?

2 Балалар аулада ойнап жүріп не тауып алды?

3Балмұздақтың пайдасы мен зияны қандай?

4 Сіздер ақша тауып алсаңдар не істер едіңдер?

Жаңа сабақтың мағынасын ашуМиға шабуыл

 СТО әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашады.

АКТ қолдану Интерактивті тақтадажабайы аңдар суреті .Соның ішінен М.  Әуезов     қайсы аң туралы повест жазған?Оның аты қандай?Көксерек деп жауап берді.

Жаңа сабақты өздері ашады.

Оқулықпен жұмыс.Оқушылар іштей оқып мәтінмен танысады.

1-тапсырмаӘр топқа тапсырма беріледі.Постер арқылы әр топтың ішінен бір оқушы жауап береді.

1-тапсырма Модуль СТО . Постер қорғау.

1-топ.

Әңгімедегі басты кейіпкер кім және ол қандай бала?

2-топ.

Көксерек туралы ауыл адамдары кандай пікірде болды?

3-топ. 

Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасы не екенінұға алды ма?

4-топ 

М.Әуезов кім?оның қандай шығармаларын білесіңдер?

 

2-тапсырма Модуль СТО (Кластер қорғау

3-тапсырма  бекіту .Модуль  СТО әдісі:

Повесттің кейіпкерлерін тауып,оларды септең.

Әр топтан бір оқушы қорғайдыКөксерек,Құрмаш,нағашысы,төбет.

1-топ.Көксерек

              2-топ Құрмаш

              3-топнағашысы

              4-топ төбет

 

Бағалау . Формативтік(смайликтермен бағалау)

Рефлекция .Табыс ағашын отырғызу.Стикерлерге бүгінгі сабақтардан алған әсерлері туралы жазу.

 

 Үйге тапсырма. «  Көксерек»     тақырыбында  сурет салу,әңгіме жазу .